Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

Ашық сабақ. "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры (үзінді)

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Абай атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ 8 «А» СЫНЫБЫ ИСКАКОВА МАҚПАЛ ДУЙСЕНБАЕВНА

#1 слайд

1 слайд

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры (үзінді) Сабақтың тақырыбы:

#2 слайд
«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры (үзінді) Сабақтың тақырыбы:

2 слайд

«Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры (үзінді) Сабақтың тақырыбы:

Оқу мақсаттары:  8.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау;  8.1.4.1 орта көлемді про

#3 слайд
Оқу мақсаттары:  8.1.2.1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау;  8.1.4.1 орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау

3 слайд

Өткен сабаққа шолу 1. «Лиро-эпостық жыр» деп қандай жырды айтамыз? 2. Лиро-эпостық жырдың эпостық жырдан қандай айырмашылығы бар

#4 слайд
Өткен сабаққа шолу 1. «Лиро-эпостық жыр» деп қандай жырды айтамыз? 2. Лиро-эпостық жырдың эпостық жырдан қандай айырмашылығы бар? 3. Қандай лиро-эпостық жырларды білесің? 4. Қай жыр бойынша көркем фильм түсірілген?

4 слайд

1. Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық жырлар — оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылған лир

#5 слайд
1. Лиро-эпостық жырлар немесе ғашықтық жырлар — оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылған лирикалық әрі эпикалық шығарма. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. 2. Эпос деп оқиғасы ел, халық өмірінен алынған, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен эпикалық жыр–дастандарды айтсақ, лиро-эпостық деп екі жастың махаббатына құрылған лирикалық шығарманы айтамыз. 3. Қазақ әдебиетінің лиро-эпостық жырлары - "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу", "Қыз Жібек", "Айман- Шолпан"; "Күлше қыз", "Құл мен қыз", "Мақпал қыз", "Есім – Зылиха". 4. «Қыз Жібек» жыры бойынша - 1970 жылы толық метражды, екі бөлімнен құралған көркем фильмді «Қазақфильм»» студиясы түсірген.

5 слайд

«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының зерттелуі: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың оры

#6 слайд
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының зерттелуі: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ. Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов «Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері» жинағының 3-томына еңгізді (1870).

6 слайд

Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жү

#7 слайд
Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды . Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.

7 слайд

Шығарманың негізгі кейіпкерлері Қозы — бастапқы кейіпкер. Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне бері

#8 слайд
Шығарманың негізгі кейіпкерлері Қозы — бастапқы кейіпкер. Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді. Баян — ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі. Қодар — Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі. Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер. Сарыбай — Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам. Қарабай — бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң, ойлайтыны тек бас пайдасы, есіл-дерті тоқсан мың жылқысы. «Қарабай» деген есімі оны толық мінездеп, әрі бағалап тұр : қарау, пасық, арам жан деген мағыналарды береді. Қарабайдың мінез-құлқы, пиғылы, іс-әрекеті мұны толық дәлелдейді. Айбас — жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі.Қозы Көрпеш ержеткенде Баян сұлудың бірінші рет барып көргені Қозының ағасы Айбас.

8 слайд

Қозы Көрпеш пен Баян сұлу – XII-XIV ғасырлардан бас тап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро

#9 слайд
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу – XII-XIV ғасырлардан бас тап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро- эпостық жыры. Бірақ қос ғашықтың ізі тек жырда ғана қалмаған. Көненің көзіндей болып келе жатқан мазар да бар. Мазар Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таң сық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жерде, Аягөз өзенінің бойында орналасқан. Жалпы биіктігі – 12 метрге жуық. Табаны төрт бұрышты таған түрінде жасалған мазардың жоғары жағы сүйірленіп, күмбезделіп өрілген. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Есігі күншығысқа қарап тұр.

9 слайд

Құдалар ……… …… .. …… ……… …… .. …… .1-тапсырма « Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырындағы кейіпкерлер картасын жаса

#10 слайд

10 слайд

Құдалар Қарабай Сарыбай Баян Қозы Қодар Айбас

#11 слайд
Құдалар Қарабай Сарыбай Баян Қозы Қодар Айбас

11 слайд

Құдалар Қарабай Сарыбай Баян Қозы Қодар Айбас

2-тапсырма …Екі бай ат үстінде құрды кеңес Тұрмаған, айтқан сөзде адам емес. «Құда болсақ, жарасар даңқымызға, Бай едік табымызд

#12 слайд
2-тапсырма …Екі бай ат үстінде құрды кеңес Тұрмаған, айтқан сөзде адам емес. «Құда болсақ, жарасар даңқымызға, Бай едік табымызда құлақ теңдес. Екеуі де егер де ұл боп туса, Дос болсын қияметтік хақын жемес. Біреуі ұл, біреуі қыз болса егер, Құда болсақ,лайықсыз ешкім демес. Құдалық ниетімізге жетерміз», - деп, Екі бай осы сөзбен тарқап кетті. Талқылау сұрақтары  Жырдан алынған үзіндіде не туралы айтылады?  Қозы мен Баянның махаббатына кім кедергі келтіреді?  Қодар не істейді?  «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры қандай жырға жатады?

12 слайд

1. Жырдан келтірілген үзіндіде екі байдың құдаласуы туралы сөз болады. 2. Қозы мен Баянның махаббатына Қодар кедергі келтіре

#13 слайд
1. Жырдан келтірілген үзіндіде екі байдың құдаласуы туралы сөз болады. 2. Қозы мен Баянның махаббатына Қодар кедергі келтіреді. 3. Қодар Қозыны өлтіреді. 4. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры лиро-эпостық жырға жатады.

13 слайд

Файл форматы:
pptx
15.02.2021
968
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12