Материалдар / Ашық сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2020
499
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену. Орындаған: Сеитов Е. 5- сыныптарға

1 слайд
Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену. Орындаған: Сеитов Е. 5- сыныптарға

Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену. Оқу мақсаты: 5.1.1.1 -Денсаулықты нығайтуға бағытталған де

2 слайд
Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік ережесі. Ойын кезінде допты иелену. Оқу мақсаты: 5.1.1.1 -Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене жаттығулары кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтай білу 5.3.4.1- Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру Бағалау критерийі: Білім алушы -Ойында қауіпсіздік ережесін сақтайды -Футбол ойынының техникасын орындау барысында спецификалық қозғалыс әрекеттерін тиімді қолданады -Ойында тәсілдерді жүйелі түрде көрсетеді -Қимыл-қозғалыс арқылы икемділік дағдыларын жетілдіреді Ойлау дағдыларының деңгейі -Білу және түсіну -Қолдану

Тапсырма Білім алушылар футбол ойынындағы ойыншылардың тұрысын, ойыншылардың ауысуын, қақпашының міндетін түсіндіру мақсатында

3 слайд
Тапсырма Білім алушылар футбол ойынындағы ойыншылардың тұрысын, ойыншылардың ауысуын, қақпашының міндетін түсіндіру мақсатында топта жұмыс жасап, презентация дайындаңыздар. Білім алушылар ойын ережесін бір-біріне түсіндіреді және топтар бір-бірінің таныстырылымын тыңдайды. Өздеріңіздің білгендеріңізбен бөлісіңіздер. Бір топ кіші-футбол ережесін, екінші топ үлкен футбол ережесін түсіндіріңіздер. Дескриптор Білім алушы -ойын ережесін толық түсіндіреді;  -топта бірлесіп жұмыс жасайды; -футбол спорттық ойынының қауіпсіздік техникасын сақтайды.

Тапсырма Жұптарға бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрып, допты тоқтатып, түзу тебу, тоқтатпай бірден тебу, оң және сол аяқпен

4 слайд
Тапсырма Жұптарға бөлініп, бір-біріне қарама-қарсы тұрып, допты тоқтатып, түзу тебу, тоқтатпай бірден тебу, оң және сол аяқпен тебу жаттығуларын жасаңыздар. Дескриптор Білім алушы - допты алып жүру түрлерін түсіндіреді; - допты алып жүрудің кем дегенде жеңілдетілген бір түрін көрсетеді; - допты аяқтың ішкі жағымен тебудің әдісін түсіндіріп, көрсетеді.

Футбол — (ағылш. foot — аяқ, ball — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі.

5 слайд
Футбол  — (ағылш.  foot  — аяқ,  ball  — доп) спорттың командалық ойын түрі. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойынның негізгі мақсаты қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе басқа да дене мүшелерімен (қолдан басқа) қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу болып табылады.

Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері: • Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды, бірақ ойыншы әріптесіне белгі беруге бола

6 слайд
Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері: • Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды, бірақ ойыншы әріптесіне белгі беруге болады. • Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншылар мүлтіксіз орындауға тиісті. • Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда, оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады. • Төрешінің берген белгісін естіген сәтте ойынды тоқтату керек. • Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге, шалуға болмайды. • Допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды. • Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды. • Дөрекілік жасау футболшыға жат құбылыс. • Ауа райына қарай ойынға киетін спорт киімдері өзгереді.

7 слайд

Матч сипаттамасы (ережелері) • Халықаралық футбол ассоцияцияның (IFAB) әр түрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін

8 слайд
Матч сипаттамасы (ережелері) • Халықаралық футбол ассоцияцияның (IFAB) әр түрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы, жасөспірімдер үшін, әйелдер үшін, мүмкіншілігі шектелгендер үшін, т.б.) ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар. • Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды. Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. • Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар. • Ойын мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады. • Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі.

Ойын алаңы Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7

9 слайд
Ойын алаңы Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік тіктөртбұрышты алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі.

Футбол добы Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см.

10 слайд
Футбол добы Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см.

Ойын шарттарын бұзу Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал

11 слайд
Ойын шарттарын бұзу Ойын шарттарын бұзушылықты фол деп атайды. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады.

Фол (тәртіпті бұзу) Ең жиі болатын тәртіп бұзулар: • Бәсекелесті аяқпен тебу • Аяқпен қағу • Бәсекелеске секіру • Бәсеке

12 слайд
Фол (тәртіпті бұзу) Ең жиі болатын тәртіп бұзулар: • Бәсекелесті аяқпен тебу • Аяқпен қағу • Бәсекелеске секіру • Бәсекелеске шабуыл жасау • Қолмен итеру • Бәсекелесті ұрып-соғу т.б. Тәртіпсіздік Футболда тәртіпсіздікке: • төбелес шығару • түкіру • балағат сөздер мен қылықтар т.б. жатады

Футбол ойынының әдістері Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы Доппен айла-тәсілдер жасау – футболдың негізгі мән

13 слайд
Футбол ойынының әдістері Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы Доппен айла-тәсілдер жасау – футболдың негізгі мәні. Футболшылар ойнай жүріп допты алып жүруден, тоқтаудан, оны тебуден жарысқан секілді болады. Футболшының алаңда алға қарай жүгіре білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адымдармен жанға қарай ауыса білуі, жақсы секіруі өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алуы қажет.

Допты тебу. Допты тебу – футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты (домалап

14 слайд
Допты тебу. Допты тебу – футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты (домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады.

Допты тоқтату әдісі. Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағ

15 слайд
Допты тоқтату әдісі. Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді. Допты тоқтату кезінде ең бастысы – ол ойыншының кері серпіліп кетпеуі. 

Допты алып жүру әдісі. Допты алма-кезек тебу арқылы алып жүреді.Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымыме

16 слайд
Допты алып жүру әдісі. Допты алма-кезек тебу арқылы алып жүреді.Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. 

Допты тартып алу әдісі. Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу кер

17 слайд
Допты тартып алу әдісі. Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқа да тәсілдерді қолдануға болады.

Қақпашының ойыны. Қақпашы – командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдағы ойыншылардың негізгі тәсілдері мен допты

18 слайд
Қақпашының ойыны. Қақпашы – командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдағы ойыншылардың негізгі тәсілдері мен допты қағып алу, қағып жіберу, ойынға қосу тәсілдерін жақсы білуі керек.

19 слайд