1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Тәрбие басы – тал бесіктен"

#1 слайд
ДОМБЫРА - КЕҢ ТАРАЛҒАН
ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАП
1 слайд
ДОМБЫРА - КЕҢ ТАРАЛҒАН ҰЛТТЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАП
#2 слайд
Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған,
нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен
аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы
облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр
бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын
Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш
өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап
ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
2 слайд
Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.
#3 слайд
Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып
жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма
төрт пернесі болады. Күй арнайы
құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр,
құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
3 слайд
Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
#4 слайд
Домбыра - сан
ғасырлардан бері сырын
сақтаған, қазақ
даласында кеңінен
танымал аспап.
Дегенмен домбыра әр
аймақта әр түрлі болып
келеді. Солтүстік,
орталық, оңтүстік
аймақтарда домбыра
көлемі шағын, жеті-
тоғыз пернелі болса,
Батыс Қазақстан
аумағында кездесетін
домбыра шанағы жұмыр,
мойны ұзын, он екі, он
төрт пернелі болып
келеді.
4 слайд
Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті- тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді.
#5 слайд
Домбыра аспабының негізгі екі түріне
байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі
«төкпе» мен «шертпе» қағыстары
қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал
төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.
Домбыра шертудің «сұқпа» (сұқ және орта
саусақпен шертіп ойнау), «жап тақымта»
(ішекті бос күйінде қағып, пернені басып
отыру), «іліп-қақпай» (ішекті іліп қағу),
«теріс қақпай» (жоғары-төмен) деп аталатын
түрлері бар.
5 слайд
Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған. Домбыра шертудің «сұқпа» (сұқ және орта саусақпен шертіп ойнау), «жап тақымта» (ішекті бос күйінде қағып, пернені басып отыру), «іліп-қақпай» (ішекті іліп қағу), «теріс қақпай» (жоғары-төмен) деп аталатын түрлері бар.
#6 слайд
Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос
жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра»
деген түрлері бар. Домбыра аспабында халық күйлерін ғана
емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын,
танымал туындыларын орындауға болады.
6 слайд
Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар. Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.
#7 слайд
Домбыра туралы 7 қызықты дерек
Қазақ халқының өте ертеден келе
жатқан ұлттық музыкалық аспабы -
домбыра туралы не білеміз? Ол
қашан пайда болған? Және тағы
басқа қызықты деректерді бүгінгі
топтамамыздан оқи аласыздар.
10 мың домбырашы бір мезетте
орындаған күй
7 слайд
Домбыра туралы 7 қызықты дерек Қазақ халқының өте ертеден келе жатқан ұлттық музыкалық аспабы - домбыра туралы не білеміз? Ол қашан пайда болған? Және тағы басқа қызықты деректерді бүгінгі топтамамыздан оқи аласыздар. 10 мың домбырашы бір мезетте орындаған күй
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
ҚХР, Толы ауданында 2010 жылдың 30 мамыр күні 10450
адам бір мезетте "Кеңес" күйін орындап, Гиннес рекордтар
кітабына кірді. Домбырашыларды дайындауға шамамен екі
жылға жуық уақыт кеткен. Бұл жобаға қарапайым
тұрғындар, тіпті жылқышылар мен егіншілерге дейін ат
салысып, домбырада ойнап үйрену үшін мектептердегі
сабақтар тоқтатылған. Ұйымдастырушылардың «Кеңес»
күйін таңдап алуында да өзіндік сыр бар. Қазақта «күйдің
басы – Кеңес» деген сөз жайден-жай айтылмаса керек.
Ежелден үлкен дауларды билер кеңесі шешіп
отырғандығын білеміз, бұл жиындарға күйшілер де
белсене қатысқан екен. «Кеңес» күйі осындай тарихи
жағдайда өмірге келген.
Әрине, 10 мың адамды жинау үшін ұйымдастыру мүшелері
тынбай еңбек еткен. Жергілікті мектептерден мықты деген
160 домбырашыны таңдап алып, олар жеке-жеке жүздеген
шәкірттер тәрбиелеген. Тіпті, жергілікті телеканалдан 5
минуттық «Домбыра үйренейік» атты бағдарлама жүріп,
онда «Кеңес» күйінің орындалуын көрсетіп отырған. Бір
қызығы, 10450 адамның ішінде 20-ға жуық басқа ұлт
өкілдері де болыпты.
9 слайд
ҚХР, Толы ауданында 2010 жылдың 30 мамыр күні 10450 адам бір мезетте "Кеңес" күйін орындап, Гиннес рекордтар кітабына кірді. Домбырашыларды дайындауға шамамен екі жылға жуық уақыт кеткен. Бұл жобаға қарапайым тұрғындар, тіпті жылқышылар мен егіншілерге дейін ат салысып, домбырада ойнап үйрену үшін мектептердегі сабақтар тоқтатылған. Ұйымдастырушылардың «Кеңес» күйін таңдап алуында да өзіндік сыр бар. Қазақта «күйдің басы – Кеңес» деген сөз жайден-жай айтылмаса керек. Ежелден үлкен дауларды билер кеңесі шешіп отырғандығын білеміз, бұл жиындарға күйшілер де белсене қатысқан екен. «Кеңес» күйі осындай тарихи жағдайда өмірге келген. Әрине, 10 мың адамды жинау үшін ұйымдастыру мүшелері тынбай еңбек еткен. Жергілікті мектептерден мықты деген 160 домбырашыны таңдап алып, олар жеке-жеке жүздеген шәкірттер тәрбиелеген. Тіпті, жергілікті телеканалдан 5 минуттық «Домбыра үйренейік» атты бағдарлама жүріп, онда «Кеңес» күйінің орындалуын көрсетіп отырған. Бір қызығы, 10450 адамның ішінде 20-ға жуық басқа ұлт өкілдері де болыпты.
#10 слайд
" Алтын "
домбыра
10 слайд
" Алтын " домбыра
#11 слайд
Алтынмен апталып, гауһармен әрленген
домбыраның құны - 50 мың евроны құрайды.
Бұл - кәдесый жасайтын Швецариялық
компанияның өнімі. Оған барлығы 24 каратты
гауһар тасы бар таза алтын пайдаланылған.
Ұзындығы - 100 см, ені 25 см. Домбыра
күнделікті қолдануға арналмаған, оның әуен
ойнап беретін арнайы механизимі бар.
Онда “Үшқоңыр” (Н.Назарбаев,
А.Қоразбаев), ” Желсіз түнде жарық ай”
(Абай) мен “Аққу” (Сүгір) әндері
ойнатылады.
11 слайд
Алтынмен апталып, гауһармен әрленген домбыраның құны - 50 мың евроны құрайды. Бұл - кәдесый жасайтын Швецариялық компанияның өнімі. Оған барлығы 24 каратты гауһар тасы бар таза алтын пайдаланылған. Ұзындығы - 100 см, ені 25 см. Домбыра күнделікті қолдануға арналмаған, оның әуен ойнап беретін арнайы механизимі бар. Онда “Үшқоңыр” (Н.Назарбаев, А.Қоразбаев), ” Желсіз түнде жарық ай” (Абай) мен “Аққу” (Сүгір) әндері ойнатылады.
#12 слайд
Гиннес кітабына
енген ең
кішкентай
домбыра
12 слайд
Гиннес кітабына енген ең кішкентай домбыра
#13 слайд
Болатбек Кәрімханұлы жасаған ең кішкентай
домбыра Гиннес рекордтар кітабына енген. Оның
ұзындығы – 4 см, 5 мм, ал ені – 1 см, 4 мм. Бала
кезінен ағаштан бұйым жасауды жанына серік еткен
шебер алғашында рекордтар кітабына ену үшін ең
алып домбыраны жасау керек деп шешеді. Бірақ,
оған қаржының жоқтығы кедергі болып, ең
кішкентай домбыраға отырған. Сондай-ақ, Болатбек
интернеттен іздеп қазақтың ең кішкентай
домбырасы жасалмағанын көреді. Шамамен бір ай
уақытта дүниеге келген бұйым ағаштан ойылып
жасалған және құлақтары, ішектері, тіпті сыртқабы
да бар.
13 слайд
Болатбек Кәрімханұлы жасаған ең кішкентай домбыра Гиннес рекордтар кітабына енген. Оның ұзындығы – 4 см, 5 мм, ал ені – 1 см, 4 мм. Бала кезінен ағаштан бұйым жасауды жанына серік еткен шебер алғашында рекордтар кітабына ену үшін ең алып домбыраны жасау керек деп шешеді. Бірақ, оған қаржының жоқтығы кедергі болып, ең кішкентай домбыраға отырған. Сондай-ақ, Болатбек интернеттен іздеп қазақтың ең кішкентай домбырасы жасалмағанын көреді. Шамамен бір ай уақытта дүниеге келген бұйым ағаштан ойылып жасалған және құлақтары, ішектері, тіпті сыртқабы да бар.
#14 слайд
Домбыра қашан
пайда болған?
14 слайд
Домбыра қашан пайда болған?
#15 слайд
Ұлтымызбен жасасып келе жатқан төл
аспабымыздың нақты шығу тарихы туралы
ақпараттар жоқтың қасы. Ғалымдар IV
ғасырда Хорезм мен Жамбылда жүргізілген
археологиялық зерттеулерде табылған тасқа
қашалған қос аспаптың суретінен кейін
домбыраны тас дәуірінде пайда болуы мүмкін
деп болжайды. Ал ғалым Кемел Ақышев
болса, б.з.б 4000 жыл бұрын салынған
домбыраның суретін тапқан. Яғни, содан
бергі уақытты есептеп қарағанда
домбыраның кем дегенде 6 мың жылдық
тарихы бар.
15 слайд
Ұлтымызбен жасасып келе жатқан төл аспабымыздың нақты шығу тарихы туралы ақпараттар жоқтың қасы. Ғалымдар IV ғасырда Хорезм мен Жамбылда жүргізілген археологиялық зерттеулерде табылған тасқа қашалған қос аспаптың суретінен кейін домбыраны тас дәуірінде пайда болуы мүмкін деп болжайды. Ал ғалым Кемел Ақышев болса, б.з.б 4000 жыл бұрын салынған домбыраның суретін тапқан. Яғни, содан бергі уақытты есептеп қарағанда домбыраның кем дегенде 6 мың жылдық тарихы бар.
#16 слайд
Домбыра сөзі
қайдан шыққан?
16 слайд
Домбыра сөзі қайдан шыққан?
#17 слайд
Кей деректерде "домбыра" сөзі көне шумерден
аударғанда "кішкене садақ" мағынасында екені
айтылады. Бірақ, бұл қаншалықты нақты дерек?
Ғалымдар не дейді? Ахмет Жұбановтың айтуы
бойынша «домбыра» сөзінің шығу тарихы «қозы
құйрық» сөзімен байланысты «дунбаһ» және
«бурра» деген қос араб сөздерінен дүниеге келген.
Расымен де, бұл музыкалық аспаптың пішіні конус
секілді, яки қозының құйрығы сияқты аяқталады.
Ал К.Жүзбасовтың мәліметінше, домбыра сөзі
музыкалық орындауға тікелей қатысты: дем және
беру сөздерінен тұрады. Тағы бір деректерде
"дом+бұра" сөздерінен шыққан делінеді. «Дом» сөз
қазірге дейін "домығып, ісініп кетіпті" мағынасынта
қолданыста жүр. Ал «бұра» яғни, "күйге келтір"
дегенге саяды.
17 слайд
Кей деректерде "домбыра" сөзі көне шумерден аударғанда "кішкене садақ" мағынасында екені айтылады. Бірақ, бұл қаншалықты нақты дерек? Ғалымдар не дейді? Ахмет Жұбановтың айтуы бойынша «домбыра» сөзінің шығу тарихы «қозы құйрық» сөзімен байланысты «дунбаһ» және «бурра» деген қос араб сөздерінен дүниеге келген. Расымен де, бұл музыкалық аспаптың пішіні конус секілді, яки қозының құйрығы сияқты аяқталады. Ал К.Жүзбасовтың мәліметінше, домбыра сөзі музыкалық орындауға тікелей қатысты: дем және беру сөздерінен тұрады. Тағы бір деректерде "дом+бұра" сөздерінен шыққан делінеді. «Дом» сөз қазірге дейін "домығып, ісініп кетіпті" мағынасынта қолданыста жүр. Ал «бұра» яғни, "күйге келтір" дегенге саяды.
#18 слайд
Өзі күй шертетін
электронды
домбыра
18 слайд
Өзі күй шертетін электронды домбыра
#19 слайд
Ғылымның қарыштап дамуы, домбыраның да өзіне күй
шерткізіп қойды. Осындай электронды домбыраның еліміз
бойынша алғашқы түпнұсқасын Қарағандыдағы
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары дайындап
шыққан. Оны дайындауға бір ғана күн жұмсалса,
бағдарламаны іске асыруға бір жеті кетіпті. Бұл домбыра
әзірге тек «Еркемай» күйін шертіп береді. Болашақта
күрделі деген күйлерді де, домбыраның өзі төгілтіп
орындап беретініне сеніміміз мол.
Айтпақшы, енді домбыраны ұялы телефоныңыздан
тартып, ән шырқауыңызға болады. Үйренгіңіз келсе, тегін
жүктеп алыңыз. Жобаның авторы Нұрлан Қамбар
домбыра үйренуге әрі домбыра жоқ жерде ұялы
телефоннан күй немесе ән тартуға осылай тамаша
мүмкіндік тудырып отыр.
19 слайд
Ғылымның қарыштап дамуы, домбыраның да өзіне күй шерткізіп қойды. Осындай электронды домбыраның еліміз бойынша алғашқы түпнұсқасын Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары дайындап шыққан. Оны дайындауға бір ғана күн жұмсалса, бағдарламаны іске асыруға бір жеті кетіпті. Бұл домбыра әзірге тек «Еркемай» күйін шертіп береді. Болашақта күрделі деген күйлерді де, домбыраның өзі төгілтіп орындап беретініне сеніміміз мол. Айтпақшы, енді домбыраны ұялы телефоныңыздан тартып, ән шырқауыңызға болады. Үйренгіңіз келсе, тегін жүктеп алыңыз. Жобаның авторы Нұрлан Қамбар домбыра үйренуге әрі домбыра жоқ жерде ұялы телефоннан күй немесе ән тартуға осылай тамаша мүмкіндік тудырып отыр.
#20 слайд
Домбыра аспабы
тағы қандай
халықтарда бар?
20 слайд
Домбыра аспабы тағы қандай халықтарда бар?
#21 слайд
Домбыра – топшур, ұйғыр, түркімен
халықтарында – дутар, қырғыздарда – комуз,
әзірбайжандықтарда – гопуз, тәжіктердер –
думрак, өзбектерде – думбыра, думбрак, ал
ноғай мен башқұрттарда – домбыра деген атау
алған. Әрине, олардың құрылыстары да біздің
домбырамен салыстырғанда, айтарлықтай
ерекшеліктері бар. X І V ғасырдағы жазбаларда
көрсетілген орыстың музыкалық аспабы
домраның алғашқы түрі қазақтың
домбырасына өте ұқсас. Олардың аттарының
ұқсастығы және пайда болуы бірдей екендігі де
атап көрсетіледі.
21 слайд
Домбыра – топшур, ұйғыр, түркімен халықтарында – дутар, қырғыздарда – комуз, әзірбайжандықтарда – гопуз, тәжіктердер – думрак, өзбектерде – думбыра, думбрак, ал ноғай мен башқұрттарда – домбыра деген атау алған. Әрине, олардың құрылыстары да біздің домбырамен салыстырғанда, айтарлықтай ерекшеліктері бар. X І V ғасырдағы жазбаларда көрсетілген орыстың музыкалық аспабы домраның алғашқы түрі қазақтың домбырасына өте ұқсас. Олардың аттарының ұқсастығы және пайда болуы бірдей екендігі де атап көрсетіледі.
#22 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!!!
ДАЙЫНДАҒАН: АБДУЛЛА ЕРАСЫЛ 7 «Ә»
СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ: ДЖАНТАЛИЕВА А.Ж.
22 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!!! ДАЙЫНДАҒАН: АБДУЛЛА ЕРАСЫЛ 7 «Ә» СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ: ДЖАНТАЛИЕВА А.Ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген