Ашық тәрбие сағаты "Дара туған ұлы тұлға Дінмұхаммед Қонаев" 6 "ә" сынып

#1 слайд
Дара туған ұлы тұлға
Дінмұхаммед Қонаев
6 «ә» сынып жетекшісі:Әзіханов Ардақ Талғатұлы
Жамбыл облысы.Талас ауданы.Тамды ауылы
Қойгелді атындағы орта мектеп
1 слайд
Дара туған ұлы тұлға Дінмұхаммед Қонаев 6 «ә» сынып жетекшісі:Әзіханов Ардақ Талғатұлы Жамбыл облысы.Талас ауданы.Тамды ауылы Қойгелді атындағы орта мектеп
#2 слайд
Сабақтың мақсаты
Д.А.Қонаевтың өміріне оқушыларға мағұлмат
беру.Қонаев атамыз туралы ой пікірлерін
арттыру.Д.А.Қонаев туралы жан-жақты
түсінік қалыптастыру,кемеңгер тұлғаның
қоғамға және мемлекетке сіңірген
еңбегі,экономика мен саясаттағы
реформаларына талдау жасау арқылы
білімдерін толықтыру.Ұлы тұлғаның халқына
сіңірген еңбегін,ерлігін насихаттай
отырып,оқушыларды
имандылыққа,адамгершілікке,Отансүйгіштік
ке тәрбиелеу
2 слайд
Сабақтың мақсаты Д.А.Қонаевтың өміріне оқушыларға мағұлмат беру.Қонаев атамыз туралы ой пікірлерін арттыру.Д.А.Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру,кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі,экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін,ерлігін насихаттай отырып,оқушыларды имандылыққа,адамгершілікке,Отансүйгіштік ке тәрбиелеу
#3 слайд
Түрі:Танымдық сабақ
Әдісі:Сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі :Интербелсенді
тақта,нақыл
сөздері,суреттері,слайдтар,видеороликтер
мен кітаптар.
3 слайд
Түрі:Танымдық сабақ Әдісі:Сұрақ-жауап Сабақтың көрнекілігі :Интербелсенді тақта,нақыл сөздері,суреттері,слайдтар,видеороликтер мен кітаптар.
#4 слайд
Ұйымдастыру кезеңі: Қазақстан Республикасының мемлекетік
әнұраны орындалады.
Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар.
Бүгінгі біздің 6 «ә» сынып оқушылары дайындаған «Дара туған ұлы
тұлға Дінмұхаммед Қонаев» атты ашық тәрбие сағатымызға қош
келдіңіздер!!!
Д.А.Қонаев атамызға келер болсақ,ол кісі тек қана елін,халқын
ойлаған дара тұлға деп айтуымызға болады. Димаш атамыздың
адамдарға жасаған жақсылығы,адамгершілігі өмір бойы
ұмытылмайды.Ол кісі өте қарапайым,кез-келген адам алдына кіріп
барса қарсы алып қабылдай беретін болған. Ол кісінің
қарапайымдылығын оның елмен қарым-қатынасынан,жасаған
жақсылығынан көруге болады. Көмек сұрап барған кісіні бос
қайтармай,қол ұшын созған адам.Биыл Дінмұхаммед атамыз 107 жасқа
толып отыр. Осы сабағымызды бастамас бұрын Д.А.Қонаев атамыз
туралы бейнероликке назар аударайық.YouTube сайытына сілтеме
https://www.youtube.com/watch?v=v-GcbxOto5k
4 слайд
Ұйымдастыру кезеңі: Қазақстан Республикасының мемлекетік әнұраны орындалады. Мұғалімнің сөзі: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің 6 «ә» сынып оқушылары дайындаған «Дара туған ұлы тұлға Дінмұхаммед Қонаев» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!!! Д.А.Қонаев атамызға келер болсақ,ол кісі тек қана елін,халқын ойлаған дара тұлға деп айтуымызға болады. Димаш атамыздың адамдарға жасаған жақсылығы,адамгершілігі өмір бойы ұмытылмайды.Ол кісі өте қарапайым,кез-келген адам алдына кіріп барса қарсы алып қабылдай беретін болған. Ол кісінің қарапайымдылығын оның елмен қарым-қатынасынан,жасаған жақсылығынан көруге болады. Көмек сұрап барған кісіні бос қайтармай,қол ұшын созған адам.Биыл Дінмұхаммед атамыз 107 жасқа толып отыр. Осы сабағымызды бастамас бұрын Д.А.Қонаев атамыз туралы бейнероликке назар аударайық.YouTube сайытына сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=v-GcbxOto5k
#5 слайд
1-жүргізуші: Әмзехан Дамир
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда бұрынғы Верный,
қазіргі Алматы қаласында дүниеге келген. Д. А. Қонаев бастауыш білімді
бүгінде Абдуллиндер көшесінде орналасқан Н.Г. Чернышевский атындағы
№19 мектептте білім алған. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы - Алматы
облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып
істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы -
Зәуре Баирқызы үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы –
Алматыдағы №14 орта мектепті бітірген.
1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед
Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді.
Енді назарларыңызды Дінмұхаммед Қонаевтың видеоролик арқылы
мұражайын қарайық.YouTube сайытына сілтеме https://
www.youtube.com/watch?v=jsBfX2ucAyA
2-жүргізуші: Сейітхан Жібек
Сенің орның биіктерде, тереңде,
Сыймайсың сен сырлы әнге, өлеңге.
Өмір бақи әлпештеген қазақты
Сендей бекзат қайта айналып келер ме.
5 слайд
1-жүргізуші: Әмзехан Дамир Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда бұрынғы Верный, қазіргі Алматы қаласында дүниеге келген. Д. А. Қонаев бастауыш білімді бүгінде Абдуллиндер көшесінде орналасқан Н.Г. Чернышевский атындағы №19 мектептте білім алған. Әкесі Меңліахмет Жұмабайұлы - Алматы облысында ауылшаруашылық, сауда мекемелерінде жұмыскер болып істеген. Қазақ, орыс тілдерінде жаза, оқи білетін сауатты болған. Анасы - Зәуре Баирқызы үй шаруасында бала тәрбиесімен айналысқан. 1930 жылы – Алматыдағы №14 орта мектепті бітірген. 1931-1936 жылдары - Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудің Түсті металл институтына оқуға жібереді. Енді назарларыңызды Дінмұхаммед Қонаевтың видеоролик арқылы мұражайын қарайық.YouTube сайытына сілтеме https:// www.youtube.com/watch?v=jsBfX2ucAyA 2-жүргізуші: Сейітхан Жібек Сенің орның биіктерде, тереңде, Сыймайсың сен сырлы әнге, өлеңге. Өмір бақи әлпештеген қазақты Сендей бекзат қайта айналып келер ме.
#6 слайд
1-жүргізуші: Әмзехан Дамир
Алатаудай қабырғалы ұлығым,
Пайғамбардай ғұмыр кештің, тұнығым.
Тіршіліктің жүрегінде қалыпты,
Қаратаудай мұқалмайтын сынығың.
1-жүргізуші: Сейітхан Жібек
Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек,
Елің барда мәңгі бақи еленбек.
Ел үшін атырам деп жарық таңды,
Сіңірді жан аямай ол көп еңбек - деп Дінмұхаммед
Қонаевтың атқарған игі істері мен еңбек жолдарын
айту үшін оқушыларға сөз кезегін берейік.
6 слайд
1-жүргізуші: Әмзехан Дамир Алатаудай қабырғалы ұлығым, Пайғамбардай ғұмыр кештің, тұнығым. Тіршіліктің жүрегінде қалыпты, Қаратаудай мұқалмайтын сынығың. 1-жүргізуші: Сейітхан Жібек Өшпейді ғой, өлмейді ғой ұлы еңбек, Елің барда мәңгі бақи еленбек. Ел үшін атырам деп жарық таңды, Сіңірді жан аямай ол көп еңбек - деп Дінмұхаммед Қонаевтың атқарған игі істері мен еңбек жолдарын айту үшін оқушыларға сөз кезегін берейік.
#7 слайд
1-оқушы.Қысатай Азамат
1936 жылы - Институтты
ойдағыдай бітіріп, тау-кен
инженері мамандығын алған
Дінмұхаммед Қонаев 1937-
1939 жылдары Балқаш мыс
қорыту комбинатының
Қоңырат руднигіне жұмысқа
орналасады. Ол бұрғылау
станогында машинист, мастер,
ауысымдық инженер, цех
бастығы, бас инженер, рудник
директоры болып жұмыс
істеді.
7 слайд
1-оқушы.Қысатай Азамат 1936 жылы - Институтты ойдағыдай бітіріп, тау-кен инженері мамандығын алған Дінмұхаммед Қонаев 1937- 1939 жылдары Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасады. Ол бұрғылау станогында машинист, мастер, ауысымдық инженер, цех бастығы, бас инженер, рудник директоры болып жұмыс істеді.
#8 слайд
2-оқушы. Арыстанбек Шұғыла
1939 жылы – Екінші дүниежүзілік
соғысының қиын күндерінде
тылдағы жұмысты ұйымдастыруда
іскерлігімен көзге түсіп,
“Алтайполиметалл” комбинаты бас
инженерінің орынбасары, Риддер
руднигінің және КСРО қорғасын-
мырыш өнеркәсібінің ең ірі
кәсіпорындарының бірі –
Лениногор кен басқармасының
директоры қызметтерін атқарды.
Осы жылы Дінмұхаммед Қонаев
КОКП мүшелігіне қабылданды. Осы
жылы Дінмұхаммед Қонаевтың
Зухра Шәріпқызымен үйлену тойы
болып өтті.
8 слайд
2-оқушы. Арыстанбек Шұғыла 1939 жылы – Екінші дүниежүзілік соғысының қиын күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, “Алтайполиметалл” комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын- мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды. Осы жылы Дінмұхаммед Қонаев КОКП мүшелігіне қабылданды. Осы жылы Дінмұхаммед Қонаевтың Зухра Шәріпқызымен үйлену тойы болып өтті.
#9 слайд
3-оқушы.Тәттібай Асылай
1942 жылдың сәуір айында отыз
жасында- Қазақ КСР Министрлер
Кеңесінің төрағасының орынбасары
болып қызмет етті. Осында жүргенде
Қазақстан ғалымдары оған зор сенім
артты.
1952 жылдың сәуір айында Д. А. Қонаев
Қазақстан Ғылым академиясының
президенті болып сайланды. Оның
басшылығымен институттардың
ғылыми қызметін жақсарту, оларды
кадрлармен нығайту, Қазақстанның
өндірістік күш қуатын дамытудың
кешенді проблемаларын шешуге
арналған кесек кесек қызметтер
атқарылды.
9 слайд
3-оқушы.Тәттібай Асылай 1942 жылдың сәуір айында отыз жасында- Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім артты. 1952 жылдың сәуір айында Д. А. Қонаев Қазақстан Ғылым академиясының президенті болып сайланды. Оның басшылығымен институттардың ғылыми қызметін жақсарту, оларды кадрлармен нығайту, Қазақстанның өндірістік күш қуатын дамытудың кешенді проблемаларын шешуге арналған кесек кесек қызметтер атқарылды.
#10 слайд
4-оқушы.Сейдалы Нұрислам
1955-1965 жылдары - Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің төрағасы
болды.
1960-1986 жылдары – Қазақстан
Компартиясы Орталық
Комитетінің Бірінші хатшысы
қызметін атқарды.
1986 жылы 16 желтоқсанда Д. А.
Қонаевтың зейнетке шығуына
байланысты Бірінші хатшы
қызметінен босату туралы
шешім қабылданды.
10 слайд
4-оқушы.Сейдалы Нұрислам 1955-1965 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1960-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1986 жылы 16 желтоқсанда Д. А. Қонаевтың зейнетке шығуына байланысты Бірінші хатшы қызметінен босату туралы шешім қабылданды.
#11 слайд
5-оқушы. Мырзахан Нұрай
Дінмұхаммед Ахметұлы ел
басқарған жылдары кең байтақ
қазақ жерінде 68
жұмысшылар кенті мен 43 қала
пайда болды. Оның
ішінде, өнеркәсіп орталығы
болып
саналған Рудный, Екібастұз,
Шевченко (қазіргі Ақтау),
Никольский, Степногорск,
Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқал
ық қалалары салынды.
11 слайд
5-оқушы. Мырзахан Нұрай Дінмұхаммед Ахметұлы ел басқарған жылдары кең байтақ қазақ жерінде 68 жұмысшылар кенті мен 43 қала пайда болды. Оның ішінде, өнеркәсіп орталығы болып саналған Рудный, Екібастұз, Шевченко (қазіргі Ақтау), Никольский, Степногорск, Теміртау, Жаңатас, Кентау, Арқал ық қалалары салынды.
#12 слайд
6-оқушы Байкеңес Даниал
Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік
жасау салаларында өндіріс тиімділігін
арттырып,
Өскемен, Орал, Қарағанды,Петропавл, Ш
ымкент, Алматы қалаларында көлік жасау
зауыттары құрылды. Алматы ауыр
машина жасау зауыты шығарған өнім
әлемнің 40-тан астам мемлекетіне
таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір
мен мұнай кен орындары ашылып,
Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің
ірі орталығына
айналды. Жамбыл мен Шымкент қалалар
ында орналасқан комбинаттар
сары фосфор өндіру бойынша әлемде
бірінші орында болды.
12 слайд
6-оқушы Байкеңес Даниал Д.А.Қонаев металл өңдеу және көлік жасау салаларында өндіріс тиімділігін арттырып, Өскемен, Орал, Қарағанды,Петропавл, Ш ымкент, Алматы қалаларында көлік жасау зауыттары құрылды. Алматы ауыр машина жасау зауыты шығарған өнім әлемнің 40-тан астам мемлекетіне таралды. Қазақ жерінің аумағында көмір мен мұнай кен орындары ашылып, Қазақстан отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды. Жамбыл мен Шымкент қалалар ында орналасқан комбинаттар сары фосфор өндіру бойынша әлемде бірінші орында болды.
#13 слайд
7-оқушы.Сағат Гүлбану
Қазақстан Республикасының Ұлттық
Ғылым Академиясының академигі
Дінмұхаммед Ахметұлы
Қонаев ғылым саласында орасан зор
қызмет етті. 100-ден аса ғылыми
еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз
ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен
өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз
еңбектерінің халық шаруашылығына
тигізер пайдасының зор екендігін іс
жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс
тиімділігін арттырумен қатар, ол жас
ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне
ерекше көңіл бөлді.
13 слайд
7-оқушы.Сағат Гүлбану Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев ғылым саласында орасан зор қызмет етті. 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеген еді. Өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
#14 слайд
8-оқушы.Серікқызы Нұрай
Дінмұхаммед Қонаевтың
марапаттары
1938 жылдың қарашасында
Балқаштың алғашқы мысы
балқытылып, Қонаев өзінің
тұңғыш медалін алды.
8 Ленин ордені
Еңбек Қызыл Ту ордені
Медальдар
Үш мәрте Социалистік Еңбек
Ері (1972, 1976, 1982) атанған.
14 слайд
8-оқушы.Серікқызы Нұрай Дінмұхаммед Қонаевтың марапаттары 1938 жылдың қарашасында Балқаштың алғашқы мысы балқытылып, Қонаев өзінің тұңғыш медалін алды. 8 Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Медальдар Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері (1972, 1976, 1982) атанған.
#15 слайд
9-оқушы. Стақан Айбек
МАҚАЛАЛАРЫ МЕН
КІТАПТАРЫ
1978 жылы – «Кеңестік
Қазақстан», «Таңдамалы сөздері
мен мақалалары» «Менің
уақытым туралы», «Сталиннен
Горбаечевқа дейін»
1992 жылы – «О моём времени»
1994 жылы - «От Сталина до
Горбачёва»
1994 жылы - «Ақиқаттан аттауға
болмайды»
15 слайд
9-оқушы. Стақан Айбек МАҚАЛАЛАРЫ МЕН КІТАПТАРЫ 1978 жылы – «Кеңестік Қазақстан», «Таңдамалы сөздері мен мақалалары» «Менің уақытым туралы», «Сталиннен Горбаечевқа дейін» 1992 жылы – «О моём времени» 1994 жылы - «От Сталина до Горбачёва» 1994 жылы - «Ақиқаттан аттауға болмайды»
#16 слайд
10-оқушы. Шалбай Ұлдана
ҚОНАЕВ ЕСІМІ БЕРІЛГЕН ЖЕРЛЕР
Алматы қаласында ескерткіш – бюст.
Астана және Алматы қалаларында - көшелер.
Үлкен Алматы каналы.
Орал қаласында - шағын аудан.
Тараз қаласында - орталық көше және бюст.
Талдықорғанда - көше, сәулетті кешен және
бір жоғарғы оқу орны.
Алматы қаласында - жекеменшік университет.
Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында -
орталық көше.
1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры
құрылды.
1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың
мұражайы ашылды.
Шымкент қаласында - орталық гүлзәр және сол
гүлзәр бойында мұражай.
16 слайд
10-оқушы. Шалбай Ұлдана ҚОНАЕВ ЕСІМІ БЕРІЛГЕН ЖЕРЛЕР Алматы қаласында ескерткіш – бюст. Астана және Алматы қалаларында - көшелер. Үлкен Алматы каналы. Орал қаласында - шағын аудан. Тараз қаласында - орталық көше және бюст. Талдықорғанда - көше, сәулетті кешен және бір жоғарғы оқу орны. Алматы қаласында - жекеменшік университет. Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында - орталық көше. 1992 жылы Алматыда Халықаралық Қонаев қоры құрылды. 1994 жылы – Алматы қаласында Д.А.Қонаевтың мұражайы ашылды. Шымкент қаласында - орталық гүлзәр және сол гүлзәр бойында мұражай.
#17 слайд
11-оқушыӘмірхан
Үсенәлі
«Дінмұхаммед Қонаев есімі
Қазақстан халқымен бірге
жасары анық ақиқат. Ол кісі
бәрімізге ұстаз болған ұлы
адам».
Нұрсұлтан Назарбаев
17 слайд
11-оқушыӘмірхан Үсенәлі «Дінмұхаммед Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам». Нұрсұлтан Назарбаев
#18 слайд
12-оқушы. Әмірхан
Асанәлі
Димаш атамыздың 81
қару-жарағы болған
екен.Ол кісі қару-жарақ
жинаумен және
аңшылықпен
айналысқан.
18 слайд
12-оқушы. Әмірхан Асанәлі Димаш атамыздың 81 қару-жарағы болған екен.Ол кісі қару-жарақ жинаумен және аңшылықпен айналысқан.
#19 слайд
13-оқушы.Арыстанбек Шұғыла
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев бала кезінде
сыныптас досы, кейінірек белгілі жазушы
болған Дмитрий Снегинмен бірге жиі-жиі
аңға шыққан көрінеді. Ал Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші
хатшысы қызметін атқарған жылдары сол
кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы
Бәйкен Әшімов және оның орынбасары
Сұлтан Жиенбаев, қазақтың көрнекті ақыны
Олжас Сүлейменов, жеке дәрігері Ахат
Мүліковтермен аңға шығып тұрған. Олардың
айтуына қарағанда, Дінмұхаммед Ахметұлы
құралайды көзге атқан мерген болған деседі.
19 слайд
13-оқушы.Арыстанбек Шұғыла Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев бала кезінде сыныптас досы, кейінірек белгілі жазушы болған Дмитрий Снегинмен бірге жиі-жиі аңға шыққан көрінеді. Ал Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарған жылдары сол кездегі Министрлер Кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімов және оның орынбасары Сұлтан Жиенбаев, қазақтың көрнекті ақыны Олжас Сүлейменов, жеке дәрігері Ахат Мүліковтермен аңға шығып тұрған. Олардың айтуына қарағанда, Дінмұхаммед Ахметұлы құралайды көзге атқан мерген болған деседі.
#20 слайд
14-оқушы.Шағырбай Жұлдыз
Жазушы Ілияс Есенберлин былай деген екен:
"Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына
туады" деген ескі мақал бар. Димаш Ахметұлы болса
туған елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз
үшін айрықша ыстық. Әсіресе ол өмірі қауіп пен
қатерде жүрген адамдарға тіптен алабөтен жакын
сияқты. Оның басты қасиеттері адамсүйгіштігінде,
әділеттілігінде, биік адамгершілігінде, нактылығында,
істі терең білуінде. Оны өзгелерден ерекшелендіріп
түратын қасиет ғажайып даналығы болса керек. Ол өз
ісі арқылы халқының шынайы сүйіспеншілігіне ие
болды, оның аты өзін шексіз құрметтейтін
ұрпақтарының жадында мәңгі қалды«.
20 слайд
14-оқушы.Шағырбай Жұлдыз Жазушы Ілияс Есенберлин былай деген екен: "Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады" деген ескі мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық. Әсіресе ол өмірі қауіп пен қатерде жүрген адамдарға тіптен алабөтен жакын сияқты. Оның басты қасиеттері адамсүйгіштігінде, әділеттілігінде, биік адамгершілігінде, нактылығында, істі терең білуінде. Оны өзгелерден ерекшелендіріп түратын қасиет ғажайып даналығы болса керек. Ол өз ісі арқылы халқының шынайы сүйіспеншілігіне ие болды, оның аты өзін шексіз құрметтейтін ұрпақтарының жадында мәңгі қалды«.
#21 слайд
2-жүргізуші:
Тiрiсiнде биiкке түлеп өрлеген,
Тәнi өлсе де, ұлының жүрегi өлмеген.
Таң нұрына шомылып, күнде азанда,
Таулар бар ма, Димаш боп түрегелмеген.
1-жүргізуші:
Димаш аға! Дидарыңыз жарық күн,
Ұранысыз қазақ деген халықтың.
Саясаттың дауылына сынбаған,
Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың-дей отырып келесі кезекті
жазушылардың Қонаев атамызға арнаған арнауларына
кезек берейік.
21 слайд
2-жүргізуші: Тiрiсiнде биiкке түлеп өрлеген, Тәнi өлсе де, ұлының жүрегi өлмеген. Таң нұрына шомылып, күнде азанда, Таулар бар ма, Димаш боп түрегелмеген. 1-жүргізуші: Димаш аға! Дидарыңыз жарық күн, Ұранысыз қазақ деген халықтың. Саясаттың дауылына сынбаған, Өзіңізсіз бәйтерегі тарихтың-дей отырып келесі кезекті жазушылардың Қонаев атамызға арнаған арнауларына кезек берейік.
#22 слайд
«Тiрiсiнде биiкке түлеп өрлеген,
Тәнi өлсе де, ұлының жүрег i өлмеген.
Таң нұрына шомылып, күнде азанда,
Таулар бар ма, Димаш боп түрегелмеген.
Димаш десем, жанарым нұрға толған,
Сауыт кеудем патша өлең, жырға
толған.
Димаш десем, самғаған көкт i айналып,
Қыран құсым саңқылдап қырға қонған.
Ол кiсiдей менi жұрт түсiнгенде,
Ит жүгiртiп, кiм бассын мысымды елде,
Димаш жайлы жыр жазам, Димаш нұры,
Көкiрегiме сәулесiн түсiргенде»
22 слайд
«Тiрiсiнде биiкке түлеп өрлеген, Тәнi өлсе де, ұлының жүрег i өлмеген. Таң нұрына шомылып, күнде азанда, Таулар бар ма, Димаш боп түрегелмеген. Димаш десем, жанарым нұрға толған, Сауыт кеудем патша өлең, жырға толған. Димаш десем, самғаған көкт i айналып, Қыран құсым саңқылдап қырға қонған. Ол кiсiдей менi жұрт түсiнгенде, Ит жүгiртiп, кiм бассын мысымды елде, Димаш жайлы жыр жазам, Димаш нұры, Көкiрегiме сәулесiн түсiргенде»
#23 слайд
2-жүргізуші:Сейітхан Жібек
-Енді балалар, Қонаев атамыз жайлы кім не біледі екен соған
тоқталып өтейік.
Дінмұхаммед Қонаев биыл қанша жасқа толды? (10 7)
Дінмұхаммед Қонаев қай жылы қай жерде дүниеге келген?
Дінмұхаммед Қонаев ата-анасы кім?
Дінмұхаммед Қонаев қай қалада және қандай Институтта
оқыды? (Мәскеу қаласы, Түсті металл Институты).
Дінмұхаммед Қонаев 1942-1952 жылдары қандай қызмет
атқарды? (Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының
орынбасары әрі Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі
және оның президенті)
1960-1986 жылдары қандай қызмет атқарды? (Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы)
Неше рет Социалистік еңбек ері атанды? (3)
Дінмұхаммед Қонаев тің айналысатын сүйікті ісі қандай? (қару-
жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан).
Дінмұхаммед Қонаев өз пәтерінде қанша жыл өмір сүрген?( 24
жыл)
Қонаевтың әйелінің аты кім болған? (Зухра Шариповна)
23 слайд
2-жүргізуші:Сейітхан Жібек -Енді балалар, Қонаев атамыз жайлы кім не біледі екен соған тоқталып өтейік. Дінмұхаммед Қонаев биыл қанша жасқа толды? (10 7) Дінмұхаммед Қонаев қай жылы қай жерде дүниеге келген? Дінмұхаммед Қонаев ата-анасы кім? Дінмұхаммед Қонаев қай қалада және қандай Институтта оқыды? (Мәскеу қаласы, Түсті металл Институты). Дінмұхаммед Қонаев 1942-1952 жылдары қандай қызмет атқарды? (Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары әрі Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі және оның президенті) 1960-1986 жылдары қандай қызмет атқарды? (Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы) Неше рет Социалистік еңбек ері атанды? (3) Дінмұхаммед Қонаев тің айналысатын сүйікті ісі қандай? (қару- жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан). Дінмұхаммед Қонаев өз пәтерінде қанша жыл өмір сүрген?( 24 жыл) Қонаевтың әйелінің аты кім болған? (Зухра Шариповна)
#24 слайд
2-жүргізуші:Сейітхан Жібек
Рахмет оқушылар. Келесі кезекте Хор
«Атамекен» әні
24 слайд
2-жүргізуші:Сейітхан Жібек Рахмет оқушылар. Келесі кезекте Хор «Атамекен» әні
#25 слайд
1-жүргізуші:Әмзехан Дамир
Осымен 6 «ә» сыныбы
дайындаған қазақтың дара,
біртуар тұлғасы Дінмұхаммед
Қонаев атамызға арналған ашық
тәрбие сағатымыз аяқталды.
25 слайд
1-жүргізуші:Әмзехан Дамир Осымен 6 «ә» сыныбы дайындаған қазақтың дара, біртуар тұлғасы Дінмұхаммед Қонаев атамызға арналған ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
#26 слайд
Назарларыңызға
рахмет
26 слайд
Назарларыңызға рахмет
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген