Аяз би ертегісі қмж

#1 слайд
Сабақтың тақырыбы:
Мұхтар Шаханов «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі
Сәкен Жүнісов «Заманай мен Аманай» повесі
Сабақтың мақсаты: М.Шахановтың
және С.Жүнісовтің шығармаларымен
танысу.
1 слайд
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі Сәкен Жүнісов «Заманай мен Аманай» повесі Сабақтың мақсаты: М.Шахановтың және С.Жүнісовтің шығармаларымен танысу.
#2 слайд
Туған күні 2 шілде 1942 (77 жас)
Туған жері Қасқасу
селосы, Төле би ауданы , Түркістан облысы
Азаматтығы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы →
Қазақстан
Ұлты қазақ
Мансабы жазушы ,
депутат , драматург, ақын
Бағыты Социалистік реализм
Шығармалардың тілі
2 слайд
Туған күні 2 шілде 1942 (77 жас) Туған жері Қасқасу селосы, Төле би ауданы , Түркістан облысы Азаматтығы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы → Қазақстан Ұлты қазақ Мансабы жазушы , депутат , драматург, ақын Бағыты Социалистік реализм Шығармалардың тілі
#3 слайд
"Тарихын тұр санаңа өткел тастап,
өз тілінде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап,
Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер.
Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер.
Қатеңді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік.
Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық,
Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық.
Өз тіліңді жерсінбеудің, Өз анаңды менсінбеудің,
Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық?
Ол — рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық"
" Өйткені қай елде болса да, ана тілін сыйламау —
туған анасының жүрегіне тебумен бірдей".Мұхтар Шахановтың поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры, халқының тағдыры.
Ақынның:
— деген тұжырымдамасын 20-ға тарта елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдаған.
М.Шахановтың сөзімен айтсақ:
3 слайд
"Тарихын тұр санаңа өткел тастап, өз тілінде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап, Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер. Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер. Қатеңді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік. Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық, Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық. Өз тіліңді жерсінбеудің, Өз анаңды менсінбеудің, Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық? Ол — рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық" " Өйткені қай елде болса да, ана тілін сыйламау — туған анасының жүрегіне тебумен бірдей".Мұхтар Шахановтың поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры, халқының тағдыры. Ақынның: — деген тұжырымдамасын 20-ға тарта елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдаған. М.Шахановтың сөзімен айтсақ:
#4 слайд
Ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның бояуларын халықтық
жырдан іздейтін М.Шаханов туған елмен ару атамекеннің қасиетін сағым
көмкерген даланың құдіретті күшін, бабаларының өшпес рухымен,
қайтпас ерлігін, адалдықты ту еткен, асқақ жандардың ару махаббаты
мен адал достығын жырлайды. Ойымызды аша түсу үшін «Ғашықтық
ғаламаты» балладасының кіріспесінде келтірілген төмендегі
түсініктемені келтіруімізге болады.
Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын 72 – ге келіп,
тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып жан досы Нұрлыбекті іздепті.
Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын
сындырып алғанына қарамастан арбаға жанбастай жатып досына
жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған сұқ
саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт мына
жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше
қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын… Ұлы сезімін
кішкене жүзігіне сыйдырған қайран Қорланым –ай» – деп ағыл – тегіл
жылапты .
4 слайд
Ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның бояуларын халықтық жырдан іздейтін М.Шаханов туған елмен ару атамекеннің қасиетін сағым көмкерген даланың құдіретті күшін, бабаларының өшпес рухымен, қайтпас ерлігін, адалдықты ту еткен, асқақ жандардың ару махаббаты мен адал достығын жырлайды. Ойымызды аша түсу үшін «Ғашықтық ғаламаты» балладасының кіріспесінде келтірілген төмендегі түсініктемені келтіруімізге болады. Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын 72 – ге келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып жан досы Нұрлыбекті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан арбаға жанбастай жатып досына жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын… Ұлы сезімін кішкене жүзігіне сыйдырған қайран Қорланым –ай» – деп ағыл – тегіл жылапты .
#5 слайд
Ақын «Ғашықтық ғаламаты» балладасында Естайдың мына бір
сөзін әсерлі келтіреді:
Тұзағына іліндірді мені өлім,
Тулағанмен амал нешік, көнемін,
… Десе – дағы ел дәстүрі ерге сын,
Қарттарға ескерт
Қарсыласа көрмесін
Қорланымның көзі болған жүзікті
Өтінемін,
Өзіммен бір жерлесін!…
Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік
Жарық беріп жатсын маған көрде де, – деп өзінің соңғы үмітін досына
аманат етіп айтады. Естайдың бұл тілегін Мұхтар ақын «Ғашық болып
өлу қандай мәртебе» — деп, деген жаңа тұжырымға келеді.
5 слайд
Ақын «Ғашықтық ғаламаты» балладасында Естайдың мына бір сөзін әсерлі келтіреді: Тұзағына іліндірді мені өлім, Тулағанмен амал нешік, көнемін, … Десе – дағы ел дәстүрі ерге сын, Қарттарға ескерт Қарсыласа көрмесін Қорланымның көзі болған жүзікті Өтінемін, Өзіммен бір жерлесін!… Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік Жарық беріп жатсын маған көрде де, – деп өзінің соңғы үмітін досына аманат етіп айтады. Естайдың бұл тілегін Мұхтар ақын «Ғашық болып өлу қандай мәртебе» — деп, деген жаңа тұжырымға келеді.
#6 слайд
Естайдың бұл әрекетін естіген Қорлан:
Егер олай етпесе,
Естай Естай бола ма?!
Естай Естай бола ма?!
Онсыздағы жаны сұлу балаңа
Сұлу өлім сыйлапсың–ау, жер–ана, — деп, ақ жаулығы
ай нұрымен желкілдеп еңкілдейді. Қорланның Естайға
деген аппақ та, тұнық сезіміне таң қалған Мұхтар
«Нағыз ғашық қарттылығына көне ме?» деген байлам
жасайды.
6 слайд
Естайдың бұл әрекетін естіген Қорлан: Егер олай етпесе, Естай Естай бола ма?! Естай Естай бола ма?! Онсыздағы жаны сұлу балаңа Сұлу өлім сыйлапсың–ау, жер–ана, — деп, ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп еңкілдейді. Қорланның Естайға деген аппақ та, тұнық сезіміне таң қалған Мұхтар «Нағыз ғашық қарттылығына көне ме?» деген байлам жасайды.
#7 слайд
Ақын Естайдың Қорланға деген кіршіксіз махаббатын жырлай отырып, ғашықтық деген сезімнің
ғаламат күшін паш етеді. Естайдың өлімін биік өлім деп бағалайды. М.Шаханов ғашықтық дегенде
көрсеқызарлық, арзанқұмарлықты айтып отырған жоқ, тіршіліктің тірегі, ұлы сезім – мөлдір махаббатты
үлгі етеді. Ойын сабақтай келе:
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады.
Ғашық жыры – тіршіліктің көкейтесті өлеңі
Ешбір геометриямен
Өлшенбейтін көлемі.
Бұл сезімнің ұшан – теңіз адамзатқа берері
Ғашық болу келсе кімнің қолынан
Әлем соған сенеді.
Құлай сүю – ерлікпен тең себебі!
Апатай – ау,
Онда неге итереміз ғашықтарды қақпанға?
Көңілің күні жоқтардан
Табанының бүрі жоқтардан
Жұрт онсыз да зардап шегіп жатқанда.
7 слайд
Ақын Естайдың Қорланға деген кіршіксіз махаббатын жырлай отырып, ғашықтық деген сезімнің ғаламат күшін паш етеді. Естайдың өлімін биік өлім деп бағалайды. М.Шаханов ғашықтық дегенде көрсеқызарлық, арзанқұмарлықты айтып отырған жоқ, тіршіліктің тірегі, ұлы сезім – мөлдір махаббатты үлгі етеді. Ойын сабақтай келе: Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы, Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады. Ғашық жыры – тіршіліктің көкейтесті өлеңі Ешбір геометриямен Өлшенбейтін көлемі. Бұл сезімнің ұшан – теңіз адамзатқа берері Ғашық болу келсе кімнің қолынан Әлем соған сенеді. Құлай сүю – ерлікпен тең себебі! Апатай – ау, Онда неге итереміз ғашықтарды қақпанға? Көңілің күні жоқтардан Табанының бүрі жоқтардан Жұрт онсыз да зардап шегіп жатқанда.
#8 слайд
Белгілі қазақ жазушысы Сәкен Жүнісов жан-жақты,
парасатты, өнердің әрбір саласынан өзін танытқан тұлға. Асқан
таланты үшін қазақ зиялылары оны Сәкен сері деп атаған. Ол
домбыра, пианино аспаптарында ойнап, ән айтқан. Сонымен қоса
ол қазақша күрес сайыстарына қатысқан. Шығармашылығын
өлең жазудан бастап, прозамен жалғастырып, 117 пьеса жазған.
Кейін романдар да шықты.
8 слайд
Белгілі қазақ жазушысы Сәкен Жүнісов жан-жақты, парасатты, өнердің әрбір саласынан өзін танытқан тұлға. Асқан таланты үшін қазақ зиялылары оны Сәкен сері деп атаған. Ол домбыра, пианино аспаптарында ойнап, ән айтқан. Сонымен қоса ол қазақша күрес сайыстарына қатысқан. Шығармашылығын өлең жазудан бастап, прозамен жалғастырып, 117 пьеса жазған. Кейін романдар да шықты.
#9 слайд
«Заманай мен Аманай» – қазақ прозасының үлкен
табыстарының бірі Сәкен Жүнісовтің повесі. [1]
Оның қазақ прозасындағы орны ерекше. Сәкен
Жүнісовтің повесінде ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы
халық ахуалы, тіршілігі көрініс береді. Ұжымдастыру
уақытында жат мекен, өзге қонысқа қоныстанған
қазақтардың сұрықсыз өмірі, күйбең тірлігінен сыр
беретін повес романға арқау болар ауыр жүкті
арқалаған.
9 слайд
«Заманай мен Аманай» – қазақ прозасының үлкен табыстарының бірі Сәкен Жүнісовтің повесі. [1] Оның қазақ прозасындағы орны ерекше. Сәкен Жүнісовтің повесінде ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы халық ахуалы, тіршілігі көрініс береді. Ұжымдастыру уақытында жат мекен, өзге қонысқа қоныстанған қазақтардың сұрықсыз өмірі, күйбең тірлігінен сыр беретін повес романға арқау болар ауыр жүкті арқалаған.
#10 слайд
Десе де, жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта
соғар, сағынышыңды басар темірқазығың — туған жер атты ұлы ұғым біреу.
Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана айдарыңнан жел еспек. Өйткені
өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес.
Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманай» повесінде туған жерге деген
перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілік керемет суреттелген.
Повестің бізге берер тәрбиесі, тағылымы көп.
Жат жерде жүрген қазақтың елін, жерін сағынып, көксеуі Отанға деген нағыз
махаббатын көрсетеді. Өзге топырақта күн кешіп, өзге судан ішіп, өзге ауамен
тыныстаса да, жүрегі темірқазық туған жері үшін соғып, кіндік қаны тамған
өлкені бір сәтке болсын естен шығара алмауы оқырманның тұла бойын нәзік
сезімге толтырып, ұлтын, жерін сүюге үндейді. Повестің өскелең ұрпаққа
берері мол. Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелейтін повесть қазақ
прозасындағы шоқтығы биік туынды болып қала бермек.
10 слайд
Десе де, жер шарының қай ендігі, экватордың қай белдеуінде жүрсең де, қайта соғар, сағынышыңды басар темірқазығың — туған жер атты ұлы ұғым біреу. Сонымен рухани байланысыңды үзбесең ғана айдарыңнан жел еспек. Өйткені өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмақ емес. Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманай» повесінде туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілік керемет суреттелген. Повестің бізге берер тәрбиесі, тағылымы көп. Жат жерде жүрген қазақтың елін, жерін сағынып, көксеуі Отанға деген нағыз махаббатын көрсетеді. Өзге топырақта күн кешіп, өзге судан ішіп, өзге ауамен тыныстаса да, жүрегі темірқазық туған жері үшін соғып, кіндік қаны тамған өлкені бір сәтке болсын естен шығара алмауы оқырманның тұла бойын нәзік сезімге толтырып, ұлтын, жерін сүюге үндейді. Повестің өскелең ұрпаққа берері мол. Отанын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелейтін повесть қазақ прозасындағы шоқтығы биік туынды болып қала бермек.
#11 слайд
Тест тапсырмаларын орындаңыз
1. М.Шахановтың туған жері:
А.Маңғыстау обл
Б. Қарағанды обл
С.Түркістан обл
2. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінің негізгі тақырыбы:
А.Туған жер
Б.Ғашықтық
С. Сағыныш
3. Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманай» повесінде … керемет суреттелген.
А. Кітапқа деген сүйіспеншілік
Б. Жастардың бір-біріне деген ғашықтық сезімі
С. Туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілік
4. Асқан таланты үшін қазақ зиялылары Сәкенді …. деп атаған.
А. Ақан сері
Б.Сәкен сері
С. Сәкен
5. Сәкен …
А. Ән айтқан
Б. Би өнеріне қатысқан
С. Қазақша күрес сайыстарына қатысқан
11 слайд
Тест тапсырмаларын орындаңыз 1. М.Шахановтың туған жері: А.Маңғыстау обл Б. Қарағанды обл С.Түркістан обл 2. «Ғашықтық ғаламаты» өлеңінің негізгі тақырыбы: А.Туған жер Б.Ғашықтық С. Сағыныш 3. Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманай» повесінде … керемет суреттелген. А. Кітапқа деген сүйіспеншілік Б. Жастардың бір-біріне деген ғашықтық сезімі С. Туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілік 4. Асқан таланты үшін қазақ зиялылары Сәкенді …. деп атаған. А. Ақан сері Б.Сәкен сері С. Сәкен 5. Сәкен … А. Ән айтқан Б. Би өнеріне қатысқан С. Қазақша күрес сайыстарына қатысқан
#12 слайд
•
"Аманай мен Заманай" романы (1987) бойынша "Заманай" атты
көркем фильмі түсірілді.
12 слайд
• "Аманай мен Заманай" романы (1987) бойынша "Заманай" атты көркем фильмі түсірілді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген