Баяндама. Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері
Баяндама. Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері

#1 слайд
Жаңартылған бағдарламаның
ерекшеліктері
Дайындаған:
Индер ауданы, Боран Нысанбаев
атындағы орта мектептің
І санатты бастауыш сынып
мұғалімі Суюнгалиева А.Т.
1 слайд
Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері Дайындаған: Индер ауданы, Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің І санатты бастауыш сынып мұғалімі Суюнгалиева А.Т.
#2 слайд
«Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз,
әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай
білетін осы заманғы мұғалімдерсіз
инновациялық экономика құра алмаймыз».
Н.Ә. Назарбаев
2 слайд
«Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз». Н.Ә. Назарбаев
#3 слайд
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне
енген жаңартылған білім беру
бағдарламасы — заман талабына сай
келешек ұрпақтың сұранысын
қанағаттандыратын тың бағдарлама.
Сапалы білім арқасында жарқын
болашаққа қол созуда ұлттық білім берудің
барлық бағыттары бойынша сапаны
жақсарту үшін Қазақстан Республикасы
педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру курстары бағдарламасы
мұғалімдердің шеберлігін жетілдіру мен
дамытуды басты міндет ретінде қойып отыр.
3 слайд
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Сапалы білім арқасында жарқын болашаққа қол созуда ұлттық білім берудің барлық бағыттары бойынша сапаны жақсарту үшін Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасы мұғалімдердің шеберлігін жетілдіру мен дамытуды басты міндет ретінде қойып отыр.
#4 слайд
Курс барысында педагогтар:
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы
орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен
танысты;
тілдерді үйретуге бағытталған пәндік
бағдарламалар мен оқу жоспарлары талдады;
оқушыларды тиімді оқыту арқылы тілді үйрету
дағдыларын меңгеріп, оқытуға бағытталған оқу
мақсаттарын құра алуға бағытталған тренингтерге
қатысты;
жаңа бағалау түрі – критериалды бағалаудың
түрлерімен және қолдану ерекшеліктерімен танысты;
қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен
айқындығын көрсетіп, оқушының оқу жетістіктерін
анықтауға, жеке даму траекториясын жасауға
мүмкіндіктер тудырады.
4 слайд
Курс барысында педагогтар: оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен танысты; тілдерді үйретуге бағытталған пәндік бағдарламалар мен оқу жоспарлары талдады; оқушыларды тиімді оқыту арқылы тілді үйрету дағдыларын меңгеріп, оқытуға бағытталған оқу мақсаттарын құра алуға бағытталған тренингтерге қатысты; жаңа бағалау түрі – критериалды бағалаудың түрлерімен және қолдану ерекшеліктерімен танысты; қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығын көрсетіп, оқушының оқу жетістіктерін анықтауға, жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады.
#5 слайд
Бағдарламада ең маңыздысы: оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастыру.
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-
қатынас тілі және ағылшын тілі – әлемдік
кеңістікті тану тілі.
Жаңартылған оқу бағдарламасындағы әдіс-
тәсілдерді қолдану арқылы сабақ жүргізу –
оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі
олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап
іздеп жан-жақты білім алуына көмектеседі.
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу
бағдарламалары оқушылардың сыныптан сыныпқа өтуі
кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп
отыратын шиыршық, яғни даму қағидаты бойынша
құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген.
Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық
бойымен дамып, өрлей түскені жай ауызекі тілде ғана
ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары
шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі.
5 слайд
Бағдарламада ең маңыздысы: оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастыру. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым- қатынас тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілі. Жаңартылған оқу бағдарламасындағы әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы сабақ жүргізу – оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан-жақты білім алуына көмектеседі. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың сыныптан сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын шиыршық, яғни даму қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Айталық, қарапайымнан күрделіге қарай шиыршық бойымен дамып, өрлей түскені жай ауызекі тілде ғана ойын жеткізуден, күрделі мәтіндер құра білу дағдылары шыңдалып, тілдік құзыреттіліктері шыңдала түседі.
#6 слайд
Жаңа оқу бағдарламаларының
ерекшеліктері:
ақпаратты іздеу, талдау және
интерпретациялау дағдыларын дамыту;
адам, табиғат және қоғам туралы
олардың бастапқы білім қорларын
қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі);
рухани-адамгершілік құндылықтарын
дамыту;
оқудың функционалдық дағдыларын
қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын
нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-
салдарлы байланыстар орнату.
6 слайд
Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшеліктері: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп- салдарлы байланыстар орнату.
#7 слайд
Жаңартылған білім беру мазмұнын
белгілейтін типтік оқу жоспарында
1-4 сыныпқа арналған «Жаратылыстану»,
гуманитарлық-қоғамдық пәндерінің
негіздерін оқытуда «Дүниетану» және
тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс
тілі, ағылшын тілі пәндері)
тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым
дағдыларын үйрету жоспарланған.
7 слайд
Жаңартылған білім беру мазмұнын белгілейтін типтік оқу жоспарында 1-4 сыныпқа арналған «Жаратылыстану», гуманитарлық-қоғамдық пәндерінің негіздерін оқытуда «Дүниетану» және тілдерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланған.
#8 слайд
Білім сапасын анықтау құралдары ретінде оқуға
ынталандыратын және оқушының жеке даму траекториясын
белгілеуге мүмкіндік беретін қалыптастырушы (формативті
бағалау) мен жиынтық (мектепішілік суммативті бағалау)
түрлерімен белгіленді. Стандарттың осы бөліктері өз оқуын өз
бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы
тұлғасын дамытуды көздейді.
Біліктілікті арттыру жүйесінде
мұғалімдердің функционалдық
сауаттылығы – қазіргі білім берудегі
жаңа және нақты жағдайға икемделу
дегенді білдіреді. Оқытылатын барша
курстардың вариативті модульдеріне
смарт құрылғылардың, АКТ
құралдарының көмегімен жеке
әлеуметтік міндеттерін шешу
жолдарын үйрету жолға қойылған.
8 слайд
Білім сапасын анықтау құралдары ретінде оқуға ынталандыратын және оқушының жеке даму траекториясын белгілеуге мүмкіндік беретін қалыптастырушы (формативті бағалау) мен жиынтық (мектепішілік суммативті бағалау) түрлерімен белгіленді. Стандарттың осы бөліктері өз оқуын өз бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды көздейді. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді. Оқытылатын барша курстардың вариативті модульдеріне смарт құрылғылардың, АКТ құралдарының көмегімен жеке әлеуметтік міндеттерін шешу жолдарын үйрету жолға қойылған.
#9 слайд
Өзі оқытатын пәні аясында
мұғалімнің зерттеуші позициясында
болуы тек осы пәнді оқытумен шектеліп
қана қоймай, оның басқа пәндермен
байланысын қарастыруына мүмкіндік
туғызады. Бұл өз алдына мұғалімді білімді
ұсынушы ғана емес, сол білімді бірге
жасап, өзін де оқушы деп тануына әкеледі.
Құрамында мұғалім де, оқушы да бар
осындай ізденуші топ «білім алушылар
қауымдастығына» айналады.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында
функционалдық сауаттылықты
қалыптастырудың кілті осы
қауымдастықтың қолында болмақ.
9 слайд
Өзі оқытатын пәні аясында мұғалімнің зерттеуші позициясында болуы тек осы пәнді оқытумен шектеліп қана қоймай, оның басқа пәндермен байланысын қарастыруына мүмкіндік туғызады. Бұл өз алдына мұғалімді білімді ұсынушы ғана емес, сол білімді бірге жасап, өзін де оқушы деп тануына әкеледі. Құрамында мұғалім де, оқушы да бар осындай ізденуші топ «білім алушылар қауымдастығына» айналады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың кілті осы қауымдастықтың қолында болмақ.
#10 слайд
Жаңартылған білім берудің тағы бір
маңыздылығы – оқушы тұлғасының
үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын
құра отырып, сын тұрғысынан ойлау,
зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе
жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті
қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен,
топта жұмыс жасай білу, функционалды
сауаттылықты, шығармашылықты қолдана
білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін
қажетті оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен
оқу, модельдеу, бағалау жүйесі,
бағалаудың тиімді стратегиялары)
пайдалану.
10 слайд
Жаңартылған білім берудің тағы бір маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) пайдалану.
#11 слайд
«Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың
келсе, сол өзгерісті уақытында жаса»
деген ілімді негізге ала отырып, оқушы
бойындағы қабілетті жетілдіріп,
оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы
істі бастамасы болған
жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
11 слайд
«Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімді негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастамасы болған жаңартылған білім – болашақтың кепілі.
шағым қалдыра аласыз













