Бір атаның балалары
Бір атаның балалары

#1 слайд
№ 1 Алматы қазақ
мемлекеттік
гуманитарлық-
педагогтік
колледжі “ Қазақ тілі мен
әдебиеті және
оқыту әдістемесі”
ПЦК
Оқытушы: Кусманова Гульдана Пән : Әдебиетті оқыту әдістемесі
Сабақтың тақырыбы: “Көркем шығарманы оқыту мен
талдау жұмыстары, бағыттары, түрлері”
Мамандық: 0111000 - «Негізгі орта білім беру»
Біліктілік: 0111013 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
1 слайд
№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық- педагогтік колледжі “ Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту әдістемесі” ПЦК Оқытушы: Кусманова Гульдана Пән : Әдебиетті оқыту әдістемесі Сабақтың тақырыбы: “Көркем шығарманы оқыту мен талдау жұмыстары, бағыттары, түрлері” Мамандық: 0111000 - «Негізгі орта білім беру» Біліктілік: 0111013 – «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
#2 слайд
Мақсаты:
1. Сабақ барысында білім алушыларды әлеуметтік
және эмоционалдық тұрғыдан дамыту.
2.Олардың көзқарастарын тыңдап, өз идеяларын айтуға
және қорғауға, сарапшылардың немесе мәтін аясында
шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық
түсініктерін құруды, ынтымақтастық оқу жағдайында
қарым -қатынас жасауды үйрету.
2 слайд
Мақсаты: 1. Сабақ барысында білім алушыларды әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан дамыту. 2.Олардың көзқарастарын тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға, сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды, ынтымақтастық оқу жағдайында қарым -қатынас жасауды үйрету.
#3 слайд
Жоспар:
1. Көркем мәтінді талдау жолдары.
2. Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары.
3. Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау
жолдары
4. Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары
3 слайд
Жоспар: 1. Көркем мәтінді талдау жолдары. 2. Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары. 3. Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары 4. Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары
#4 слайд
Көркем мәтінді талдау жолдары.
Жан-жақты, толық талдау көркем туындыны
тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау
кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан-жақты
талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі
көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас
қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу,
баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге
алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, ол
үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім
көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар,
кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны ашатын мәселелерді
назарға алып отырады.
4 слайд
Көркем мәтінді талдау жолдары. Жан-жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан-жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, ол үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны ашатын мәселелерді назарға алып отырады.
#5 слайд
Талдаудың келесі бір түрі – шолу бағытындағы
талдаулар. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол,
мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу
бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға
немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды.
Көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі,
көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар
көркем мәтінмен емін-еркін жұмыс істей алады.
Сұрыптап талдаулар - бұл талдау көбіне
проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу
айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма
негізіндегі ең басты проблемаларды сұрыптай
отырып, талдауды соны шешуге бағыттайды.
5 слайд
Талдаудың келесі бір түрі – шолу бағытындағы талдаулар. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды. Көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар көркем мәтінмен емін-еркін жұмыс істей алады. Сұрыптап талдаулар - бұл талдау көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма негізіндегі ең басты проблемаларды сұрыптай отырып, талдауды соны шешуге бағыттайды.
#6 слайд
Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу
мен талдау жұмыстары болып табылады. Көркем мәтінді оқыту, оны
талдауға баулу – әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызмет, мақсаты.
Оқу мен талдау – жанды бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі
мәселе. Көркем мәтінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр
оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни әр
баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Бұл жұмыс
төменгі сыныптан, яғни 5 сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы
керек. Мысалы, 5 сыныпта Абайдың «Қыс» өлеңін сыныпта талдап,
оқу алдында оны үйден оқып келу тапсырылады. Лирикалық
шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірі, ойын айту – аса
күрделі мәселе. «Қыс» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынадай көмек-
нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады:
Өлеңді асықпай, әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бірнеше
рет оқысаң, тіпті жақсы.
«Қыс» өлеңіндегі табиғат пен адамдар іс-әрекеті, әсіресе, кедейлер
тірлігін еске сақта.
Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл-күйде болғаныңды айтып беруге
тырыс және көркемсөз оқу шеберлерінің өлеңді нақышына келтіріп
оқу, талдау мәнерлерін басшылыққа ал.
6 слайд
Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмыстары болып табылады. Көркем мәтінді оқыту, оны талдауға баулу – әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызмет, мақсаты. Оқу мен талдау – жанды бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі мәселе. Көркем мәтінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни әр баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Бұл жұмыс төменгі сыныптан, яғни 5 сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Мысалы, 5 сыныпта Абайдың «Қыс» өлеңін сыныпта талдап, оқу алдында оны үйден оқып келу тапсырылады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірі, ойын айту – аса күрделі мәселе. «Қыс» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынадай көмек- нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады: Өлеңді асықпай, әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бірнеше рет оқысаң, тіпті жақсы. «Қыс» өлеңіндегі табиғат пен адамдар іс-әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін еске сақта. Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл-күйде болғаныңды айтып беруге тырыс және көркемсөз оқу шеберлерінің өлеңді нақышына келтіріп оқу, талдау мәнерлерін басшылыққа ал.
#7 слайд
7 слайд
#8 слайд
Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы
арқылы жүргізіледі. Талдауда мұғалім көпшілік балалардың
пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әрі бұл
жұмыста мұғалімнің басшылық – «көсемдік» орны да ерекше.
Оқу баланың тікелей өз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау
мұғалім арқылы, оның ұйымдастыруы, ойластыруы арқылы
іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық
жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді.
Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері,
эмоциясын танып-білу, оларды дамыту мақсаты.
Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық
көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы
ретінде түсінуіне әсер ету.
Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін,
қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс-әрекетін
дамыту. Сондай-ақ ең басты мақсат – көркем туындыны
талдау жолдарын меңгерту, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі,
оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін т.б. бірлікте,
кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.
8 слайд
Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі. Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әрі бұл жұмыста мұғалімнің басшылық – «көсемдік» орны да ерекше. Оқу баланың тікелей өз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы, оның ұйымдастыруы, ойластыруы арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып-білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету. Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс-әрекетін дамыту. Сондай-ақ ең басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін т.б. бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.
#9 слайд
Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары .
Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың
негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауа ерекше назар
аударады.
Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары.
Образдар жүйесіне талдау , талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге
айналған өте көп тараған түрі болып табылады. 5-8 сыныптар оқушылары
көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық талдау жасай алмаса да,
олардың іс-әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды.
Ең бастысы, авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема –
образдық талдауда ерекше назарға алатын проблемалар болып табылады.
Мысалы, “Абай жолы” роман эпопеясындағы Абай бейнесі айрықша
жағымды. Ал, Құнанбай бейнесі арқылы автор 19 ғасырдың екінші
жартысындағы феодалдық қоғамды, оның бас өкілін сомдайды. Бұл образды
жасаудағы автор мақсаты да сол. Құнанбай іс-әрекеттері, оның әр түрлі
қылықтары сол қоғам сипаты дәрежесінде көрсетіледі. Олай болса, талдауда
осы мәселелер еске алынуы керек. Образдық талдау жүйесінде де мұғалім
көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін
(тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық эстетикалық табысын) бірлікте
ала отырып, талдауды басшылыққа алады. Осы ретте видео жазбаларды
көрсету ақылы оқушыларға көмек беруге болады.
9 слайд
Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары . Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауа ерекше назар аударады. Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары. Образдар жүйесіне талдау , талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады. 5-8 сыныптар оқушылары көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық талдау жасай алмаса да, олардың іс-әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды. Ең бастысы, авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема – образдық талдауда ерекше назарға алатын проблемалар болып табылады. Мысалы, “Абай жолы” роман эпопеясындағы Абай бейнесі айрықша жағымды. Ал, Құнанбай бейнесі арқылы автор 19 ғасырдың екінші жартысындағы феодалдық қоғамды, оның бас өкілін сомдайды. Бұл образды жасаудағы автор мақсаты да сол. Құнанбай іс-әрекеттері, оның әр түрлі қылықтары сол қоғам сипаты дәрежесінде көрсетіледі. Олай болса, талдауда осы мәселелер еске алынуы керек. Образдық талдау жүйесінде де мұғалім көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық эстетикалық табысын) бірлікте ала отырып, талдауды басшылыққа алады. Осы ретте видео жазбаларды көрсету ақылы оқушыларға көмек беруге болады.
#10 слайд
10 слайд
#11 слайд
Әдеби шығармаларды проблемалық талдау
жолдары. Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі
тиімділігімен, нәтижелілігімен көпшілік
ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың түрі –
проблемалық талдау. Проблемалық талдау
оқушылардың танымын арттыру, ойлау
белсенділігін жетілдіруде үлкен роль атқарады
және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады,
әрі дамыта оқытудың негізгі бір жолы ретінде де
пайдалы болып келеді.
11 слайд
Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары. Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен көпшілік ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың түрі – проблемалық талдау. Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен роль атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі бір жолы ретінде де пайдалы болып келеді.
#12 слайд
Қазақ әдебиеті пәнінде қолданылатын педагогикалық
әдіс – тәсілдер
Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру
мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды
меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік,
адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген
адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Жаңа әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақ барысында пайдалану
үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас
ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына,
мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Әдіс-
тәсілдер оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен
сыни ойлау көзқарастарын, ненің жақсы-жаман екенін
ажырата отырып баға беруін, танымдық белсенділігін
дамытуға бағытталған.
12 слайд
Қазақ әдебиеті пәнінде қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақ барысында пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Әдіс- тәсілдер оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сыни ойлау көзқарастарын, ненің жақсы-жаман екенін ажырата отырып баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.
#13 слайд
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа
технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан
ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Сын
тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өз бетімен ізденіп, өзін-өзі
реттей отырып диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып,
сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы
азаматтарды тәрбиеленеді.
Оқушылар басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой
електерінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Яғни мұғалімнің де,
оқушының да сыни тұрғыдан ойлау қабілеті арта түсетіні анық.
Берілген тапсырмаларды оқушылар жұптасып, топтасып,
ауызбіршілікпен орындайды. Оқушылар сабақ барысында сұрақтарға
сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беріп, тапсырмаларды
шапшаңдықпен, қызығушылықпен, сыни тұрғыдан ойлана отырып
орындайды.
13 слайд
Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа технологиялардың бірі – оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың өз бетімен ізденіп, өзін-өзі реттей отырып диалогтік қарым-қатынас арқылы білімдерін арттырып, сандық технологияларды пайдалана білетін белсенді, білімді, саналы азаматтарды тәрбиеленеді. Оқушылар басқалардың айтқан пікірлеріне күмәнмен қарап, ой електерінен өткізе білу қабілеті болып саналады. Яғни мұғалімнің де, оқушының да сыни тұрғыдан ойлау қабілеті арта түсетіні анық. Берілген тапсырмаларды оқушылар жұптасып, топтасып, ауызбіршілікпен орындайды. Оқушылар сабақ барысында сұрақтарға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беріп, тапсырмаларды шапшаңдықпен, қызығушылықпен, сыни тұрғыдан ойлана отырып орындайды.
#14 слайд
«Абай жолы» роман эпопеясындағы Абайдың
азаматтық, ақындық өмірі, Абай бейнесінің даму
заңдылығы. Елдік қасиеттер – Құнанбайда.
Шығарманы талдау жұмысы мен білім алушылардың
тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау
мақсатында келесі тапсырма орындалады
14 слайд
«Абай жолы» роман эпопеясындағы Абайдың азаматтық, ақындық өмірі, Абай бейнесінің даму заңдылығы. Елдік қасиеттер – Құнанбайда. Шығарманы талдау жұмысы мен білім алушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтау мақсатында келесі тапсырма орындалады
#15 слайд
« Фишбоун» әдісі арқылы мәтіннің ішінен жазушы қолданған
көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтау.
Орындалу барысы
басы – жазушы стилі
үстіңгі сүйектері- мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдардың түрлерін
жазу,
астыңғы сүйектері – көркемдеуіш сөздерді үзінді арқылы дәлелдеу
құйрығы- шығарма жайлы оқушының ойы.
Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе
тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы
15 слайд
« Фишбоун» әдісі арқылы мәтіннің ішінен жазушы қолданған көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтау. Орындалу барысы басы – жазушы стилі үстіңгі сүйектері- мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдардың түрлерін жазу, астыңғы сүйектері – көркемдеуіш сөздерді үзінді арқылы дәлелдеу құйрығы- шығарма жайлы оқушының ойы. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек. Олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалық сөздерден болуы
#16 слайд
Жаңа сабақты бекіту
«ПОПС формуласы» әдісі
«Менің ойымша, бұл...»
«Себебі, мен оны былай түсіндірер
едім...»
«Оны мен мына мысалдармен
дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай
қорытынды шешімге келдім...»
16 слайд
Жаңа сабақты бекіту «ПОПС формуласы» әдісі «Менің ойымша, бұл...» «Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...» «Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...» «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»
#17 слайд
Үй тапсырмасы: Көркем шығарманы оқыту мен талдау
жұмыстары, бағыттары, түрлері
«Мақала жазу алгоритмі»
Тақырыпқа байланысты қосымша
ақпарат көздерінен материалдар тауып
оқыңыз. Айтылар ойларды
пысықтаңыз. Негізгі мақсатты
анықтаңыз.
Деректерді іздеңіз, жинаңыз.
Деректерге қорытынды
жасаңыз, жоспар (құрылым)
құрыңыз.
Мақаланың қай стильде
жазатындығыңызды анықтаңыз.
Алғашқы нұсқасын жасаңыз
17 слайд
Үй тапсырмасы: Көркем шығарманы оқыту мен талдау жұмыстары, бағыттары, түрлері «Мақала жазу алгоритмі» Тақырыпқа байланысты қосымша ақпарат көздерінен материалдар тауып оқыңыз. Айтылар ойларды пысықтаңыз. Негізгі мақсатты анықтаңыз. Деректерді іздеңіз, жинаңыз. Деректерге қорытынды жасаңыз, жоспар (құрылым) құрыңыз. Мақаланың қай стильде жазатындығыңызды анықтаңыз. Алғашқы нұсқасын жасаңыз
#18 слайд
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі:
1.Қ.Бітібаева. Әдебиет оқыту әдістемесі. «Рауан», 1997ж
2. Мұхтарова. Оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары. А, 1999ж
3. Г.Құраманбаева, Е.Жұматаева. Әдебиет оқыту әдістемесі. А«Атамұра»,
2001ж
4.Қ.Байтанасова, С.Айтуғанова. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.
Астана -«Фолиант», 2008ж
5. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды
бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал. (2016)/ О.И.Можаева,
А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен. – Астана: 42
«Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 46 б.
6.2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім
беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы:
Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім
академиясы, 2019. – 384 б.
7. Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші (ілгеріі) деңгей. 2014ж
ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын
мектептердегі қазақ әдебиетіпәндері бойынша педагогика кадрларының
біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016ж
8.« Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика
кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж
18 слайд
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі: 1.Қ.Бітібаева. Әдебиет оқыту әдістемесі. «Рауан», 1997ж 2. Мұхтарова. Оқушыларды шығармашылыққа баулу жолдары. А, 1999ж 3. Г.Құраманбаева, Е.Жұматаева. Әдебиет оқыту әдістемесі. А«Атамұра», 2001ж 4.Қ.Байтанасова, С.Айтуғанова. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі. Астана -«Фолиант», 2008ж 5. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал. (2016)/ О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциялауымен. – Астана: 42 «Назарбаев Зиякерлік мектептері» ДББҰ, 2016. - 46 б. 6.2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2019. – 384 б. 7. Мұғалімге арналған нұсқаулық Бірінші (ілгеріі) деңгей. 2014ж ҚР орта білім мазмұнын жаңарту еңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ әдебиетіпәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. 2016ж 8.« Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы Тренерге арналған нұсқаулық. 2016ж
шағым қалдыра аласыз













