Дерекқор жүйелері

Тақырып бойынша 13 материал табылды

Дерекқор жүйелері

Материал туралы қысқаша түсінік
"Дерекқор жүйелері" тақырыбына презентация
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Дерекқор жүйелері

#1 слайд
Дерекқор жүйелері

1 слайд

Дерекқор жүйелері

Жоспар: І. Деректор қорының негізгі түсініктері. ІІ. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу

#2 слайд
Жоспар: І. Деректор қорының негізгі түсініктері. ІІ. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері. ІІІ. Кестелер және оларды құру.

2 слайд

Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы деректер қоры (ДҚ) болып табылады. Д

#3 слайд
Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы деректер қоры (ДҚ) болып табылады. ДҚ-берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады. Деркетерді және олардың арасындағы байланыстарды ұйымдастырудың келесі типтері бар иерархиялық тораптық реляциялық Иерархиялық ДҚ-да жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі. Мысалы: Windows бумасындағы файлдар жүйесі, Интернет ресурсындағы каталогтар жиыны.

3 слайд

Тораптық ДҚ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазы

#4 слайд
Тораптық ДҚ- объектілердің арасындағы өзара байланыс түрлері қарастырылады. Егер бұл модельді графикалық түрде бейнелесек – жазықтықта бағыттауыш сызықтармен бейнеленген байланыстар шығады. Мысалы: сілтемемен бай- ланысқан WWW-құжаты. Реляциялық ДҚ – да кесте түрінде дайындалған берілгендер. Ол ең көп тараған берілгендер қоры, кестелер арасындағы байланыстар – жиі пайдаланылатын ең маңызды ұғым. ДҚ-да бағандарды өрістер (поля) деп, ал жолдарды жазба- лар (записи) деп атайды. Кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Өріс- тің негізгі ерекшелігі – бір өріс элементтері бір типті етіп құрылады. Бұл реля- циялық деректер қорының Excel кестелік процессорынан негізгі айырмашылығы. Реляциялық ДҚ құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: dBase, FoxBase, FoxPro, Access және т.б. Оларды реляциялық типтегі деректер қорын басқару жүйелері (ДҚБЖ) деп атайды. Көптеген ДҚ кестелік құрылымда болады. Кестелік құрылымда берілгендердің адрестері жол мен бағананың қиылысуымен анықталады. Кестелерді жобалау кезінде олардың құрылымдарын алдымен қағазда жасаған ыңғайлы. Кестедегі әрбір өріс оның тақырыбына сәйкес болатын жеке мәліметтен тұрады. Әр түрлі кестедегі берілгендерді байланыстыру үшін, әрбір кестедегі әрбір жазбаның өзіндік жеке мәнін бере алатын өріс не өрістер жиынтығы болуы тиіс. Мұндай өріс не өрістер жиынтығын негізгі кілт деп атайды.

4 слайд

MS Access-ті стандартты іске қосу командасы: Пуск→Программы→ MS Access. MS Access программасы жүктелгеннен соң экранда 1-суре

#5 слайд
MS Access-ті стандартты іске қосу командасы: Пуск→Программы→ MS Access. MS Access программасы жүктелгеннен соң экранда 1-суретте көрсетілген сұхбаттық терезе шығады. 1-сурет. Программаны жүктеу кезінде көрінетін терезе. Бұл терезеде MS Access қолданушыға үш нұсқаның бірін таңдауды ұсынады: Жаңа ДҚ-рын құру шебері; Шеберді іске қосу; Бұрыннан  бар ДҚ-рын ашу. ДҚ-рын жаңадан құру қажет болса, тышқан нұсқағышымен Жаңа ДҚ-рын құру жағдайын белгілеп, ОК батырмасын шертеміз. Сол кезде Жаңа ДҚ-ның атын және оның орналасу бумасын көрсетуді сұрайтын сұхбаттық терезе шығады (2-сурет) 2-сурет. Жаңа ДҚ құру терезесі.

5 слайд

Терезеде қажетті бума таңдалып, файл атауы енгізілген соң және файл типі көрсетілген соң Құру (Создать) батырмасы басылу кере

#6 слайд
Терезеде қажетті бума таңдалып, файл атауы енгізілген соң және файл типі көрсетілген соң Құру (Создать) батырмасы басылу керек. Экранда ДҚ терезесі көрінеді (3-сурет). 3-сурет. БҚ  терезесі.

6 слайд

Access программасының 7 объектісі бар: кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос, модуль және беттер. Кесте – жазбалар мен өрістерден

#7 слайд
Access программасының 7 объектісі бар: кесте, сұраныс, форма, есеп, макрос, модуль және беттер. Кесте – жазбалар мен өрістерден тұратын ДҚ-ның негізгі объектісі, кестелерде берілгендер сақталады. Сұраныс – берілгендерді бір немесе бірнеше кестелерден қолданушының анық- таған шарты бойынша іріктеп алуға арналған құрал. Сұраныстар көмегімен бе- рілгендерді зерттейді, іріктейді, таңдайды, өзгертеді, біріктіреді, яғни өңдейді. Қалып (форма) – кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы түрде экранда бейнелейтін және оларды басқаратын құрал. Есеп (отчет) – кестелер мен сұраныстардағы берілгендерді ыңғайлы және көр- некі түрде экран бетіне басып шығару құралы. Есеп парақтары түзілгеннен кейін ондағы мәліметтерді редакциялауға болмайды. Макрос – макрокомандалар жиынтығы. Егер ДҚ-да қандай да бір операциялар жиі орындалатын болса, онда олардың командаларын бір макроста жинап, оған пернелер комбинациясын сәйкестендіруге болады. Модуль – Visual Basic тілінде жазылған ішкі программалар. Егер Access-тің стандартты құралдары қажетті талапты қанағаттандыра алмаса, онда бағдарламалаушы ішкі программалар көмегімен жүйенің мүмкіндігін кеңейте алады. Беттер - әр түрлі типтегі Web-құжатты құруға мүмкіндік береді. Келісілген типтегі Web-құжатты құру үшін HTML тілінің нұсқалары (шаблондары) қолданылады.

7 слайд

ДҚ терезесінің оң жағында үш командалық батырма (2.3- сурет) орналасқан: 1) Ашу – таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте

#8 слайд
ДҚ терезесінің оң жағында үш командалық батырма (2.3- сурет) орналасқан: 1) Ашу – таңдалған объектіні ашады. Егер объект кесте болса, оны көріп шығуға, жаңа жазба қосуға және кесте берілгендерін өзгертуге болады; 2) Конструктор – таңдалған объект құрылымын ашып, оны түзету және оны өзгертуге мүмкіндік береді. Егер объект кесте болса, онда оған жаңа өрістер енгізуге немесе ондағы бар өрістердің қасиеттерін өзгертуге болады. Яғни, бұл режим ДҚ-рын құрастырушылар үшін қажет; 3) Құру – жаңа объектілерді құру үшін керек. MS Access программасында құрылған ДҚ-ның кеңейтілмесі  .mdb болып келеді.

8 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

#9 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

9 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!

Файл форматы:
pptx
08.02.2025
93
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі