Дулат Бабатайұлы "О, Ақтан жас, Ақтан жас" өлеңі
Дулат Бабатайұлы "О, Ақтан жас, Ақтан жас" өлеңі

#1 слайд
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ. «О, АҚТАН
ЖАС, АҚТАН ЖАС» ӨЛЕҢІ
1 слайд
ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ. «О, АҚТАН ЖАС, АҚТАН ЖАС» ӨЛЕҢІ
#2 слайд
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз
ауданы Сандықтас қонысы — 1874) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде
көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде
жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген
жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген.
Орта жүз құрамындағы найман тайпасының Қаракерей сыбан руынан
шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне
ауызша және қолжазба түрінде таралған. Жинаққа ақынның сол
кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен
жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес
дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “ XV ІІІ — X І X ғасырлардағы қазақ
ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының
баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды”
(Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965)
жинағында басылып шықты.
2 слайд
Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның заманы туралы толғаулары енген. Орта жүз құрамындағы найман тайпасының Қаракерей сыбан руынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “ XV ІІІ — X І X ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты.
#3 слайд
“ Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-
нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап
баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы
“Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-
жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы
отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді
менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б.
жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”,
“Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел
билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін
“ Сауыр жерден айрылып,
Қазақ елі жұқарды...,
Орыстың көрсе ұлығын,
Қыздан дағы қылықты...,
Майырдың алса бұйрығын,
Борбайға қысып құйрығын,
Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына
айналдырған.
3 слайд
“ Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5- нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең- жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “ Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған.
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
Ақын халықтың бірлігін нығайтып, елдің даңқын арттыруды
жырлайды. Ол өзінің үмітін жастарға артады. Ол қазақ ішінен жас
батыр шығып, бытыраған елдің басын қосып, тәуелсіз елдікті
орнатуға тиіс деп біледі. Ақынның бұл ойын біз «О, Ақтан жас, Ақтан
жас» өлеңінен көреміз. Ақын Ақтан деген бір жетім бала туралы ол ер
жетіп, сауыт киіп, қашан жауды қуар екен деп армандайды.
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
5 слайд
Ақын халықтың бірлігін нығайтып, елдің даңқын арттыруды жырлайды. Ол өзінің үмітін жастарға артады. Ол қазақ ішінен жас батыр шығып, бытыраған елдің басын қосып, тәуелсіз елдікті орнатуға тиіс деп біледі. Ақынның бұл ойын біз «О, Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінен көреміз. Ақын Ақтан деген бір жетім бала туралы ол ер жетіп, сауыт киіп, қашан жауды қуар екен деп армандайды. О, Ақтан жас, Ақтан жас, Сенде жетер ме екенсің? Жетімдіктің белінен Асып өтер ме екенсің? Бадана көз, тоғыз тор Сауыт киер ме екенсің? Білтеліні тұтатып, Түтінін үзбей оқ атып, Жау қашырар ма екенсің?
#6 слайд
Ақынның ойынша жігіттің даңқын шығарып, оны
дегеніне жеткізетін бір ғана жол бар. Ол – ел мақсаты
үшін жан аямай күресу жолы. Бұрынғы батырлар
дәстүрін берік ұстап, сыртқы жауларға қарсы қол
бастау.
Ел тілегін тілеген,
Ер азбайды батадан.
Еліменен ер жатып,
Емендей өсіп толады.
Ерлікке ұмтылса, жетім Ақтынның да кейін қатарға
қосылатыны, жетілетіні күмәнсіз дейді ол.
6 слайд
Ақынның ойынша жігіттің даңқын шығарып, оны дегеніне жеткізетін бір ғана жол бар. Ол – ел мақсаты үшін жан аямай күресу жолы. Бұрынғы батырлар дәстүрін берік ұстап, сыртқы жауларға қарсы қол бастау. Ел тілегін тілеген, Ер азбайды батадан. Еліменен ер жатып, Емендей өсіп толады. Ерлікке ұмтылса, жетім Ақтынның да кейін қатарға қосылатыны, жетілетіні күмәнсіз дейді ол.
#7 слайд
Ту ұстап тұлпар жаратпай,
Алдыңнан топ таратпай,
Елді аузына қаратпай,
Жай отындай оқ атпай,
Анадан тудым дегенмен,
Бастамаса ел ұлан ба? –
деп Дулат тұлпар мініп, ту ұстап, ел
тәуелсіздігі үшін аттануға үндейді.
7 слайд
Ту ұстап тұлпар жаратпай, Алдыңнан топ таратпай, Елді аузына қаратпай, Жай отындай оқ атпай, Анадан тудым дегенмен, Бастамаса ел ұлан ба? – деп Дулат тұлпар мініп, ту ұстап, ел тәуелсіздігі үшін аттануға үндейді.
#8 слайд
Ақтанға айтқан ақылын ақын өршіл үмітпен
аяқтап, оның болашағына үлкен сенім артады. Ел –
жұртты осындай жас батыр төңірегінде топталуға,
бөденеше беталды жортып, бытырап, азып тозбауға
үндейді.
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің.
8 слайд
Ақтанға айтқан ақылын ақын өршіл үмітпен аяқтап, оның болашағына үлкен сенім артады. Ел – жұртты осындай жас батыр төңірегінде топталуға, бөденеше беталды жортып, бытырап, азып тозбауға үндейді. Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің. Қажыма, Ақтан, қажыма, Жетерсің, әлі жетерсің.
#9 слайд
Риторикалық сұрау – ойды,
сезімді әсерлі жеткізу үшін
жауабы өзінен – өзі айқын
нәрсені әсерлі леппен, сұрау
түрінде айту. Өлеңде
қойылған сұрақтың
жауабын оқырман іштей
біліп отырады. Мысалы:
Балалық өлді, білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе?(Абай) Эпифора(кезекті қайталау)
– өлең тармақтарының
соңында бір сөз тіркесінің
қайталанып келуі. Бұл
қажетті бір ойға, құбылысқа
ерекше назар аударып, сөз
әсерін арттыру үшін
қолданылады. Мысалы:
Оқ жаңбырдай жауған күн,
Оң қанатын теріс жайып,
Лашын қуға төнген күн.
Желпілдеген ала ту
Жайырылып ойға түскен күн...
(Махамбет)Қайталау – сөз
әсерін күшейте
отырып оқырман
назарын ерекше
аударғысы
келген нәрсені не
құбылысты
бірнеше мәрте
қайталап, айтар
ойды ұғымға
мұқият сіңіре
түсу.
9 слайд
Риторикалық сұрау – ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен – өзі айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған сұрақтың жауабын оқырман іштей біліп отырады. Мысалы: Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, көрдің бе? Кәрілікке көндің бе?(Абай) Эпифора(кезекті қайталау) – өлең тармақтарының соңында бір сөз тіркесінің қайталанып келуі. Бұл қажетті бір ойға, құбылысқа ерекше назар аударып, сөз әсерін арттыру үшін қолданылады. Мысалы: Оқ жаңбырдай жауған күн, Оң қанатын теріс жайып, Лашын қуға төнген күн. Желпілдеген ала ту Жайырылып ойға түскен күн... (Махамбет)Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып оқырман назарын ерекше аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды ұғымға мұқият сіңіре түсу.
#10 слайд
Дәптермен жұмыс
Өлеңнің тақырыбы: Халықтың басын біріктіретін
Ақтан жас
Идеясы: Ақтан сияқты ер жігіттердің болуын
армандаған ақынның ақ батасы
Өлеңде кездесетін көркемдеу құралдарын төмендегі
үлгі-сызбаны пайдаланып, мысалдар арқылы
дәлелдейік. Үлгі:
Риторикалық
сұрау Эпифора
10 слайд
Дәптермен жұмыс Өлеңнің тақырыбы: Халықтың басын біріктіретін Ақтан жас Идеясы: Ақтан сияқты ер жігіттердің болуын армандаған ақынның ақ батасы Өлеңде кездесетін көркемдеу құралдарын төмендегі үлгі-сызбаны пайдаланып, мысалдар арқылы дәлелдейік. Үлгі: Риторикалық сұрау Эпифора
шағым қалдыра аласыз













