экология пирамидасы

#1 слайд
ТА ҚЫРЫП: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ПИРАМИДАНЫҢ ІШІНДЕ
ЭНЕРГИЯ АЛМАСУ ҚАЛАЙ
ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ? Жаратылыстану 6
сынып
1 слайд
ТА ҚЫРЫП: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПИРАМИДАНЫҢ ІШІНДЕ ЭНЕРГИЯ АЛМАСУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ? Жаратылыстану 6 сынып
#2 слайд
Сабақтың мақсаты:
экологиялық пирамидадағы энергия
мен заттар алмасуын түсіндіруді
үйренесің.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:
экологиялық пирамидада энергия мен
заттар алмасуы қандай тәсілмен
жүзеге асатынын білу қажет.
2 слайд
Сабақтың мақсаты: экологиялық пирамидадағы энергия мен заттар алмасуын түсіндіруді үйренесің. Мақсатқа қол жеткізу үшін: экологиялық пирамидада энергия мен заттар алмасуы қандай тәсілмен жүзеге асатынын білу қажет.
#3 слайд
ОЙЛАНЫП ЖАУАП БЕР
1. СУРЕТТЕГІ РЕТТІЛІКТІ МҰҚИЯТ ҚАРА
(КЕЛЕСІ БЕТТЕ) .
2. СЕН ОНЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРЕСІҢ?
ҚАНДАЙ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАЙ
АЛАСЫҢ?
3.ЕСІҢЕ ТҮСІР, МЫНА ТҮСІНІКТЕР НЕНІ
БІЛДІРЕДІ: «АВТОТРОФТАР»,
«ГЕТЕРОТРОФТАР», «ПРОДУЦЕНТТЕР
(ТҮЗУШІ)», «РЕДУЦЕНТТЕР (ЫДЫРАТУШЫ)».
4. ТІЗБЕКТЕ БЕРІЛГЕНДЕРДІҢ ҚАЙСЫСЫН
ОСЫ АТАЛҒАН ҰҒЫМДАРҒА ЖАТҚЫЗАР
ЕДІҢ?
3 слайд
ОЙЛАНЫП ЖАУАП БЕР 1. СУРЕТТЕГІ РЕТТІЛІКТІ МҰҚИЯТ ҚАРА (КЕЛЕСІ БЕТТЕ) . 2. СЕН ОНЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРЕСІҢ? ҚАНДАЙ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАЙ АЛАСЫҢ? 3.ЕСІҢЕ ТҮСІР, МЫНА ТҮСІНІКТЕР НЕНІ БІЛДІРЕДІ: «АВТОТРОФТАР», «ГЕТЕРОТРОФТАР», «ПРОДУЦЕНТТЕР (ТҮЗУШІ)», «РЕДУЦЕНТТЕР (ЫДЫРАТУШЫ)». 4. ТІЗБЕКТЕ БЕРІЛГЕНДЕРДІҢ ҚАЙСЫСЫН ОСЫ АТАЛҒАН ҰҒЫМДАРҒА ЖАТҚЫЗАР ЕДІҢ?
#4 слайд
Азықтық тізбек
4 слайд
Азықтық тізбек
#5 слайд
Азықтық тізбек – бұл организмдердің
реттілігі, мұнда олардың әрқайсысы
екіншісін қорек етеді немесе ыдыратады.
Азықтық тізбектің әрбір
буынын қоректік деңгей деп атайды.
5 слайд
Азықтық тізбек – бұл организмдердің реттілігі, мұнда олардың әрқайсысы екіншісін қорек етеді немесе ыдыратады. Азықтық тізбектің әрбір буынын қоректік деңгей деп атайды.
#6 слайд
Суретте берілген азықтық тізбекке
мұқият қара. Бұл суретке қарап не
айта аласың?
6 слайд
Суретте берілген азықтық тізбекке мұқият қара. Бұл суретке қарап не айта аласың?
#7 слайд
Бұл тізбекте энергия мен органикалық
заттардың көзі өсімдік болып табылады. Қоян
өсімдіктермен қоректеніп, өзінің тіршілігіне
қажетті мөлшерде органикалық заттар мен
энергия көлемін алады. Өз кезегінде түлкі
қоянды қорек етеді де, өзінің тіршілігіне
қажетті мөлшерде органикалық заттар мен
энергия көлеміне қол жеткізеді. Дәл осылайша
кез келген экологиялық пирамидада
органикалық заттар мен энергия алмасу
жүзеге асырылады.
7 слайд
Бұл тізбекте энергия мен органикалық заттардың көзі өсімдік болып табылады. Қоян өсімдіктермен қоректеніп, өзінің тіршілігіне қажетті мөлшерде органикалық заттар мен энергия көлемін алады. Өз кезегінде түлкі қоянды қорек етеді де, өзінің тіршілігіне қажетті мөлшерде органикалық заттар мен энергия көлеміне қол жеткізеді. Дәл осылайша кез келген экологиялық пирамидада органикалық заттар мен энергия алмасу жүзеге асырылады.
#8 слайд
Экологиялық пирамида
8 слайд
Экологиялық пирамида
#9 слайд
Экологиялық пирамида –
экожүйедегі барлық деңгейдегі
(өсімдік қоректі, жыртқыштар,
жыртқыштармен қоректенетін түрлер)
продуценттер мен консументтер
арасындағы арақатынастың
графикалық бейнеленуі.
9 слайд
Экологиялық пирамида – экожүйедегі барлық деңгейдегі (өсімдік қоректі, жыртқыштар, жыртқыштармен қоректенетін түрлер) продуценттер мен консументтер арасындағы арақатынастың графикалық бейнеленуі.
#10 слайд
Экологиялық пирамиданың негізгі 3
типі бар.
1. Сандық пирамида -
организмдердің жеке сандық
көрсеткішін анықтайды
2. Биомасса пирамидасы - белгілі бір
көлем мен уақыттағы жалпы құрғақ
салмақты анықтайды
3. Энергиялық пирамида - энергия
ағынының қуатын немесе
“өнімділікті” анықтайды.
10 слайд
Экологиялық пирамиданың негізгі 3 типі бар. 1. Сандық пирамида - организмдердің жеке сандық көрсеткішін анықтайды 2. Биомасса пирамидасы - белгілі бір көлем мен уақыттағы жалпы құрғақ салмақты анықтайды 3. Энергиялық пирамида - энергия ағынының қуатын немесе “өнімділікті” анықтайды.
#11 слайд
Экологиялық пирамиданың ішінде энергия
алмасу қалай жүзеге асады?
11 слайд
Экологиялық пирамиданың ішінде энергия алмасу қалай жүзеге асады?
#12 слайд
Орташа алғанда, биомасса мен
онымен байланысты энергияның тек 10%-ы
ғана әрбір қоректік деңгейден келесісіне
өтеді деп есептеледі. Әрбір келесі қоректік
деңгейге жататын организмдердің өнімдері
әрқашанда алдыңғы деңгейдің өнімдерінен
орташа есеппен 10 есеге дейін азырақ
болады.
Мысалы, 1000 кг өсімдіктен орташа
есеппен 100 кг өсімдікқоректі
жануарлар (I реттік консументтер)
биомассасы пайда болады.
Өсімдікқоректілерді азық
ететін етқоректі жануарлар (II ретті
консументтер) осы көлемнен өзінің 10 кг
биомассасын синтездей алады. Ал етқоректі
жануарлармен
қоректенетін жыртқыштар өз
биомассасының тек 1 килограмын ғана
синтездейді.
12 слайд
Орташа алғанда, биомасса мен онымен байланысты энергияның тек 10%-ы ғана әрбір қоректік деңгейден келесісіне өтеді деп есептеледі. Әрбір келесі қоректік деңгейге жататын организмдердің өнімдері әрқашанда алдыңғы деңгейдің өнімдерінен орташа есеппен 10 есеге дейін азырақ болады. Мысалы, 1000 кг өсімдіктен орташа есеппен 100 кг өсімдікқоректі жануарлар (I реттік консументтер) биомассасы пайда болады. Өсімдікқоректілерді азық ететін етқоректі жануарлар (II ретті консументтер) осы көлемнен өзінің 10 кг биомассасын синтездей алады. Ал етқоректі жануарлармен қоректенетін жыртқыштар өз биомассасының тек 1 килограмын ғана синтездейді.
#13 слайд
Өзіңді тексер!
•
Су қоймада салмағы 8 кг болатын шортан
балық өсуі үшін қанша килограмм планктон
қажет? Ол үшін шортан, планктон, торта
балықтан тұратын азықтық тізбек құр.
•
Экологиялық пирамиданың ережесі негізінде
анықта: салмағы 400 кг болатын бір дельфин
Қара теңізде өсіп, тіршілік етуі үшін қанша
планктон (балдырлар мен бактериялар)
қажет?
Азықтық тізбек: планктон → моллюскілер →
ұсақ жыртқыш балық → дельфин.
13 слайд
Өзіңді тексер! • Су қоймада салмағы 8 кг болатын шортан балық өсуі үшін қанша килограмм планктон қажет? Ол үшін шортан, планктон, торта балықтан тұратын азықтық тізбек құр. • Экологиялық пирамиданың ережесі негізінде анықта: салмағы 400 кг болатын бір дельфин Қара теңізде өсіп, тіршілік етуі үшін қанша планктон (балдырлар мен бактериялар) қажет? Азықтық тізбек: планктон → моллюскілер → ұсақ жыртқыш балық → дельфин.
#14 слайд
Кері байланыс
1.Қандай жаңа түсініктермен
таныстыңдар?
2.Бүгінгі алған білімді қайда
қолдана аласыңдар деп
ойлайсыңдар ?
3.Сабақтың мақсатына жеттің
бе ?
14 слайд
Кері байланыс 1.Қандай жаңа түсініктермен таныстыңдар? 2.Бүгінгі алған білімді қайда қолдана аласыңдар деп ойлайсыңдар ? 3.Сабақтың мақсатына жеттің бе ?
#15 слайд
ТАҚЫРЫПТЫҚ БІЛІМІҢДІ
ТЕРЕҢДЕТУ ҮШІН, КЕЛЕСІ
РЕСУРСТЫ ҚАРАУЫНДЫ
ҰСЫНАМЫН.
1.
HTTPS:// WWW.YOUTUBE.COM/ WAT
CH?V=CVDPW5U2EJC
15 слайд
ТАҚЫРЫПТЫҚ БІЛІМІҢДІ ТЕРЕҢДЕТУ ҮШІН, КЕЛЕСІ РЕСУРСТЫ ҚАРАУЫНДЫ ҰСЫНАМЫН. 1. HTTPS:// WWW.YOUTUBE.COM/ WAT CH?V=CVDPW5U2EJC
#16 слайд
РЕФЛЕКСИЯ «ТАБЫС
БАСПАЛДАҒЫ» 1 -
баспалдақ Мен....................БІЛЕМІН.
2 -
баспалдақ Мен....................ТҮСІНБЕ
ДІМ.
3 - баспалдақ Мен...................
ЖАСАЙ АЛАМЫН
16 слайд
РЕФЛЕКСИЯ «ТАБЫС БАСПАЛДАҒЫ» 1 - баспалдақ Мен....................БІЛЕМІН. 2 - баспалдақ Мен....................ТҮСІНБЕ ДІМ. 3 - баспалдақ Мен................... ЖАСАЙ АЛАМЫН
шағым қалдыра аласыз


