Еліктеу сөз презентация
Еліктеу сөз презентация

#1 слайд
Еліктеу сөз
Орындаған: Нурбайқызы Жайна
Қб 404- топ студенті
1 слайд
Еліктеу сөз Орындаған: Нурбайқызы Жайна Қб 404- топ студенті
#2 слайд
Еліктеу сөз
Әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін
елестетуден туындаған сөз.
Тұлғасына қарай Құрамына қарай
Негізгі еліктеу
сөз Туынды еліктеу
сөз
Бөлшектенбейтін
түбір еліктеу сөз. - аң, - ең, - ың, -ің, -ң
жұрнағымен
жасалған еліктеу
сөз
Морт, күрс, селк,
тырс ыржың-ыржың,
қисаң Дара еліктеу
сөз Күрделі еліктеу
сөз
Бір ғана түбірден
тұрады. Қос түбірден
жамсалады.
Тарс, күмп,
жымың Тарс - тұрс, қисаң -
қисаң
2 слайд
Еліктеу сөз Әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеуден және олардың бейнесін елестетуден туындаған сөз. Тұлғасына қарай Құрамына қарай Негізгі еліктеу сөз Туынды еліктеу сөз Бөлшектенбейтін түбір еліктеу сөз. - аң, - ең, - ың, -ің, -ң жұрнағымен жасалған еліктеу сөз Морт, күрс, селк, тырс ыржың-ыржың, қисаң Дара еліктеу сөз Күрделі еліктеу сөз Бір ғана түбірден тұрады. Қос түбірден жамсалады. Тарс, күмп, жымың Тарс - тұрс, қисаң - қисаң
#3 слайд
Тілімізде семантикалық ерекшелігі
жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты
жағынан да,фонетика-морфологиялық
құрылымы жағынан да өзге сөз
таптарынан оқшауланып тұратын,соған
сәйкес,өз алдына дербес сөз табы ретінде
қаралатынбір алуан сөздерді еліктеу
сөздер дейміз. Еліктеу сөз табына жататын сөздер
адамды қоршаған табиғат құбылыс-
тарының және айналадағы заттардың
қозғалуынан шыққан дыбыстарға
еліктеуден немесе адамның түрлі
жағдайға байланысты әрекетіне,
қозғалысына қатысты көріністердің,
сонымен бірге желдің гуілі,
жапырақтың сыбдыры, найзағайдың
жарқылдауы, күннің күркіреуі сынды
сөздерді жатқыза аламыз.
Ахмеди Ысқақов қазіргі қазақ тілінде «еліктеу сөздер»
өзгеше бір сөздер тобына жататынын баспа беттерінде
елуінші жылдардың басында жариялаған мақалаларында-ақ
дәлелдейді . Бұған дейін жалпы түркологиядағы сияқты
қазақ тіл білімінде де жеке аталмай басқа сөз таптарының
ішінде аралас беріліп келген еліктеу сөз, осыдан кейін қазақ
тілі грамматикаларына жеке сөз табы ретінде еніп,
алпысыншы жылдардан бастап ғалымдардың назарына
ілінген маңызды ғылыми тақырыпқа айналды.
3 слайд
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да,фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын,соған сәйкес,өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатынбір алуан сөздерді еліктеу сөздер дейміз. Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды қоршаған табиғат құбылыс- тарының және айналадағы заттардың қозғалуынан шыққан дыбыстарға еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің гуілі, жапырақтың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі сынды сөздерді жатқыза аламыз. Ахмеди Ысқақов қазіргі қазақ тілінде «еліктеу сөздер» өзгеше бір сөздер тобына жататынын баспа беттерінде елуінші жылдардың басында жариялаған мақалаларында-ақ дәлелдейді . Бұған дейін жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тіл білімінде де жеке аталмай басқа сөз таптарының ішінде аралас беріліп келген еліктеу сөз, осыдан кейін қазақ тілі грамматикаларына жеке сөз табы ретінде еніп, алпысыншы жылдардан бастап ғалымдардың назарына ілінген маңызды ғылыми тақырыпқа айналды.
#4 слайд
Профессор Ш.Сарыбаев қазақ тілін-дегі еліктеу сөздер дыбыстық
құрамының бес түрін көрсетеді. 1) «Дауыссыз-дауысты» дыбыстардан
құралған үлгі-модель. Бұған «ду, гу, зу» сияқты екі дыбыстан тұратын еліктеу
сөздерді жатқызады; 2) Дыбыстық құрамының қатары «Дауыссыз-дауысты-
дауыссыз» болып үш дыбыстан құралған модельді еліктеулерге «сар, маң,
шыр» т.с. с. үш дыбыстан құралған сөз-дерді келтіреді. 3) «Дауыссыз-
дауысты-дауыссыз-дауыссыз» ретімен құрамы төрт дыбыстан тұратындарына
«былқ, сырт, дұрс» сөздерін жатқызады. 4) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-
дауысты-дауыссыз» дыбыстардан тұратын үлгіге «жалаң, қылаң, сылаң,
ырсың, ербең» т.с.с. құрамы бес дыбыстан құралған еліктеу сөздерді
жатқызады. 5) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз-дауысты-дауыссыз»
үлгісіне негізінен туынды түбір болатын «жалб-аң, қорб-аң, жалт-ың, кірж-
ің» сияқты еліктеу сөздерін келтіреді (1). Бұл модельдер қазақ тіліндегі
еліктеу сөздерінің дыбыстық құрамы мен құрылысында басқа сөз таптарына
ұқсамайтын өзіндік ерекшелік барын айқындай түседі.
4 слайд
Профессор Ш.Сарыбаев қазақ тілін-дегі еліктеу сөздер дыбыстық құрамының бес түрін көрсетеді. 1) «Дауыссыз-дауысты» дыбыстардан құралған үлгі-модель. Бұған «ду, гу, зу» сияқты екі дыбыстан тұратын еліктеу сөздерді жатқызады; 2) Дыбыстық құрамының қатары «Дауыссыз-дауысты- дауыссыз» болып үш дыбыстан құралған модельді еліктеулерге «сар, маң, шыр» т.с. с. үш дыбыстан құралған сөз-дерді келтіреді. 3) «Дауыссыз- дауысты-дауыссыз-дауыссыз» ретімен құрамы төрт дыбыстан тұратындарына «былқ, сырт, дұрс» сөздерін жатқызады. 4) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз- дауысты-дауыссыз» дыбыстардан тұратын үлгіге «жалаң, қылаң, сылаң, ырсың, ербең» т.с.с. құрамы бес дыбыстан құралған еліктеу сөздерді жатқызады. 5) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз-дауысты-дауыссыз» үлгісіне негізінен туынды түбір болатын «жалб-аң, қорб-аң, жалт-ың, кірж- ің» сияқты еліктеу сөздерін келтіреді (1). Бұл модельдер қазақ тіліндегі еліктеу сөздерінің дыбыстық құрамы мен құрылысында басқа сөз таптарына ұқсамайтын өзіндік ерекшелік барын айқындай түседі.
#5 слайд
1. Еліктеуіш (еліктеме) сөздер
дегеніміз – өзіне тән лексика-
семантикалық мағынасы
адамның есту мүшесі құлақ
арқылы дыбысқа еліктеу
ұғымын білдіретін еліктеу
сөздердің бір мағыналық түрі. 2. Бейнелеуіш сөздер -табиғаттағы
құбылыстар мен заттардың және неше
алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-
сипаттары мен әрекет қимылдарын көру
мүшесі-көз арқылы қабылданған бейне-
көріністердің атаулары. Бейнелеуіш
сөздер адамның, не түрлі заттардың
қимыл-әрекетінің бейнелі еліктеу
мағынасын білдіреді. Мысалы,Иіген
емшектері жыбыр-жыбыр тартылады.
Содлан соң жерде үйелеп қалып,
тыпырлап жатқан қозыны көре сала –
« ырр» етіп барып бас салды.
5 слайд
1. Еліктеуіш (еліктеме) сөздер дегеніміз – өзіне тән лексика- семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі. 2. Бейнелеуіш сөздер -табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын- сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі-көз арқылы қабылданған бейне- көріністердің атаулары. Бейнелеуіш сөздер адамның, не түрлі заттардың қимыл-әрекетінің бейнелі еліктеу мағынасын білдіреді. Мысалы,Иіген емшектері жыбыр-жыбыр тартылады. Содлан соң жерде үйелеп қалып, тыпырлап жатқан қозыны көре сала – « ырр» етіп барып бас салды.
#6 слайд
Еліктеу сөздердің фонетикалық сипаты олардың дыбыстық
құрамы, буын жігі, айтылу ырғағы арқылы анықталады.
Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан басқа сөз
таптарындағыдай шашырап жатпай, белгілі бір заңдылыққа
бағынған. Еліктеу сөздердің түбір күйіндегі дені негізінен екі,
үш, төрт дыбыстан құралған бір буынды түбір сөздер болып
келеді де, ал қосарланып келгенде бес-алты дыбысқа дейін
жетеді. Еліктеу сөздердіи дыбыстық құрамындағы
дыбыстардың тіркесуінде белгілі бір қалыптасқан жүйелі
заңдылықтың болуы, олардың басым көпшілігінің негізгі түбір
форма екенін көрсетеді.
6 слайд
Еліктеу сөздердің фонетикалық сипаты олардың дыбыстық құрамы, буын жігі, айтылу ырғағы арқылы анықталады. Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан басқа сөз таптарындағыдай шашырап жатпай, белгілі бір заңдылыққа бағынған. Еліктеу сөздердің түбір күйіндегі дені негізінен екі, үш, төрт дыбыстан құралған бір буынды түбір сөздер болып келеді де, ал қосарланып келгенде бес-алты дыбысқа дейін жетеді. Еліктеу сөздердіи дыбыстық құрамындағы дыбыстардың тіркесуінде белгілі бір қалыптасқан жүйелі заңдылықтың болуы, олардың басым көпшілігінің негізгі түбір форма екенін көрсетеді.
#7 слайд
Назарларыңызға рақмет!
7 слайд
Назарларыңызға рақмет!
шағым қалдыра аласыз













