Ерболат Әбікенұлы Пәтер іздеп жүр едік 1 курс

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ерболат Әбікенұлы Пәтер іздеп жүр едік 1 курс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерболат Әбікенұлының студент кезінде жазған «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі – шағын да болса, әдебиет қауымын елең еткізген шығарманың бірі. Мұнда еліміздегі, әсіресе, жастардың басындағы әлеуметтік мәселелердің маңыздысы – баспана мәселесі сөз болады
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Ерболат Әбікенұлы ”Пәтер іздеп жүр едік” Дайындаған:Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық

#1 слайд
Ерболат Әбікенұлы ”Пәтер іздеп жүр едік” Дайындаған:Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Косымбаева Торгын Орынбасаровна

1 слайд

Ерболат Әбікенұлының студент кезінде жазған «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі – шағын да болса,

#2 слайд
Ерболат Әбікенұлының студент кезінде жазған «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі – шағын да болса, әдебиет қауымын елең еткізген шығарманың бірі. Мұнда еліміздегі, әсіресе, жастардың басындағы әлеуметтік мәселелердің маңыздысы – баспана мәселесі сөз болады. Табанынан тозып, пәтер іздеу машақатын шынайы сипаттайды, Алматы қаласындағы пәтер іздеушілердің ұзақ жыл орны болған «жетім бұрыш» туралы да келтіреді: «Алматыны алты айналып, жетім бұрышты жеті айналғанда өкшем опырылып түсті. Енді маймақ жүріске бастым, аяғым ауырды деп келіншегім отыра кетті».

2 слайд

Жағдайды көзімізге дәл елестету үшін диалогпен береді, құлағымызға пәтер үшін жанталасқан жандардың дауыс

#3 слайд
Жағдайды көзімізге дәл елестету үшін диалогпен береді, құлағымызға пәтер үшін жанталасқан жандардың дауыстары келеді: «Құмырсқаның илеуінше қайнаған жетім бұрыштан бізге лайық пәтер табылмады. Табылмады емес, табылды-ау, әкесінің құнын сұрайды, тіпті делдал саған қарайтын емес, сөйлесу үшін де кезекке тұрады екенсің.

3 слайд

Автор осы шығармасының жазылу тарихы туралы былай дейді: «Студент кезімде барахолкадағы бір достарымның

#4 слайд
Автор осы шығармасының жазылу тарихы туралы былай дейді: «Студент кезімде барахолкадағы бір достарымның жалдамалы пәтеріне бардым. Іші – ит байласа, тұрғысыз. Ішке еніп, тақтайдан құрастырып жасаған, төсексымаққа отыра бергенімде қожайын әйел кіріп, менің келгеніме бола реніш білдірді. Аналар жүз теңге беріп еді, жайына кетті. Дәл сол кез ойыма әлгі әңгіменің сюжеті келді.

4 слайд

Екі-үш күннен соң, өзім тұратын Қазақ ұлттық университетінің жатақханасындағы 17-бөлмемде тыныштықты па

#5 слайд
Екі-үш күннен соң, өзім тұратын Қазақ ұлттық университетінің жатақханасындағы 17-бөлмемде тыныштықты пайдаланып, екі сағатта қағазға түсірдім. Екі жігіттің орнын жас жұбайларға алмастырдым да, бірінші жақпен баяндадым. Елдер «Өз басыңнан өткен бе?» – деп сұрай берген соң, кейінгілерді үшінші жақпен жазуға тырыстым» дейді.

5 слайд

Осындай баспана деп атауға ауыз бармайтын «пәтер сымақта» жас отбасы неше түрлі ит қорлықты көреді, кейіпк

#6 слайд
Осындай баспана деп атауға ауыз бармайтын «пәтер сымақта» жас отбасы неше түрлі ит қорлықты көреді, кейіпкер жігіт қайнағасының алдында масқара болады. «Ел ауылдан туысым келетін болды деп қуанса, мен бұл күндері туысым келетін болды деп қорқатын болдым. Әуел десеңіз, дәл мынандай кезде әкем мен шешемнің келуін де қаламайтын едім. Бұл – менің жалғыз қорқынышым. Қайнағам келсе – қайттім, ойбай, ұят болды-ау! Қайсы төсекке жатқызам деп сары уайымға салындым. Телефонмен сөйлескенде «әдірісін айтқан соң, өзім тауып барамын» деген еді. Бір күні кеште ойламаған жерден жаңбырлатып жетіп келмесі бар ма, лашығымызды көріп, шошып кетті. Есіктен төрге дейін көзі шарасынан шыға жаздап, үрейлене көз жүгіртті».

6 слайд

Жазушы жас жұбайлардың әлеуметтік мәселені шеше алмай, шаңырақтары күйреп жататын себептерінің бірі баспа

#7 слайд
Жазушы жас жұбайлардың әлеуметтік мәселені шеше алмай, шаңырақтары күйреп жататын себептерінің бірі баспана қиындығы екенін де аңғартады. «Мен қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, өмірімде тап болмаған тылсым бір бақытсыздық күй кешудемін. Қайнағам тұнжырап, келіншегім жылап отыр, оған жаным ашыды. Ай мен күндей жарқыраған сұлу келіншек, ешкімнің қолы жетпеген, менің ғана қолым жеткен сұлу келіншек, үріп ауызға салардай аппақ сұлу келіншек көз алдымда жылап отыр. Мен оны жылату үшін алып па едім?! Оның көз жасы менің жүрегіме, жүрегімнің ішіндегі өзекке тамшылап жатқандай» деп жазады.

7 слайд

Осы жайтқа байланысты Әбікенұлының шығармашылығын зерттеп жүрген Әсия Бағдәулетқызы осы мәселенің ауруы т

#8 слайд
Осы жайтқа байланысты Әбікенұлының шығармашылығын зерттеп жүрген Әсия Бағдәулетқызы осы мәселенің ауруы тым тереңде жатқанын айтады: «Пәтер іздеп жүр едік…» бір қарағанда, көп қазақтың басындағы жағдай ғой. Таңғалатын, таңсық ештеңесі жоқ. Бірақ Ерболаттың жазуында сіз тұрмысының қиюы қашқан қазақты ғана көрмейсіз. Сіз сол тұрпайы тұрмыстың азаматтың азамат басын қалай итше тепкілеп, қорлайтынын көресіз» деп пікір айтады.

8 слайд

Шығарма көлемі шағын болғанымен, айтатын ойы салмақты, күрделі: оқырман сезіміне дәл тиер сөздерді, сөйл

#9 слайд
Шығарма көлемі шағын болғанымен, айтатын ойы салмақты, күрделі: оқырман сезіміне дәл тиер сөздерді, сөйлемдерді қолданады. Жазушының тілі – әдебиетке Хемингуэй енгізген «телеграфтық стиль»: айтайын деген ойын қысқа да нұсқа, нақты, шебер жеткізеді.

9 слайд

Файл форматы:
pptx
10.01.2025
410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі