Материалдар / Ертенгілік жаттығулар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ертенгілік жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертенгілік жаттығулар сағат 8.25 басталады.Балаларға қиын емес жаттығулар көрсетіледі, аяқ жұмыс істеу үшін женіл жүгіру беріледі иікпен жұмыс естеу,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2018
298
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Ре

1 слайд
«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

2018-2019 оқу жылында «Қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын топтарда) Орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын топтарда)» ұй

2 слайд
2018-2019 оқу жылында «Қазақ тілі (орыс тілінде оқытатын топтарда) Орыс тілі (қазақ тілінде оқытатын топтарда)» ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша сағат саны ІІ кіші топта, ортаңғы топта «Жаратылыстану» (0,5 сағ.) сағаттары есебінен, ересектер тобында «Жаратылыстану» (0,5 сағ.), «Аппликация» (0,5 сағ.) ұйымдастырылған оқу қызметтерінің сағаттары есебінен көбейеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ

3 слайд
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАР МЕН ЦИКЛОГРАММАНЫ ҚҰРАСТЫРУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР Астана ,2018

Білім беру процесін құру балалардың жастарына сәйкес жұмыстың түрлері мен әдістеріне негізделуі тиіс. Балалармен ж

4 слайд
Білім беру процесін құру балалардың жастарына сәйкес жұмыстың түрлері мен әдістеріне негізделуі тиіс. Балалармен жұмыстың түрлері мен әдістерін таңдау мектепке дейінгі ұйым әрекеті бағытына, оның жабдықталуына, өңірлік ерекшеліктерге, педагогтің жұмыс тәжірибесіне және шығармашылық әлеуетіне сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру процесінде мынадай әдістер қолданылады: - сөздік (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу және т.б.); -көрнекілік (бақыла

5 слайд
Білім беру процесінде мынадай әдістер қолданылады: - сөздік (әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу және т.б.); -көрнекілік (бақылау, суреттер, иллюстрациялар, ойыншықтар мен заттар қарастыру; мультфильмдер мен спектакльдер қарау); - практикалық (жаттығулар, модельдеу, балабақша ауласынан тыс экскурсиялар, тәжірибе,эксперимент жүргізу); - ойын (қимылды, театрландырылған, сюжетті- рөлдік және т.б.). Кіріктіру ұстанымына сәйкес бір білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметінде бір уақытта басқа білім беру салаларының міндеттері де шешілуі тиіс. Бір өтпелі тақырыптың төңірегінде білім беру процесін құру балалардың дамуына зор мүмкіндіктер береді. Оларда тәжірибе, эксперимент жүргізуге, негізгі дағдылары мен ұғымдық ойлауды дамытуға мүмкіндіктер пайда болады.

ТАБЫСТЫ ЖОСПАРЛАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ШАРТТАР Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды дамыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау: -балал

6 слайд
ТАБЫСТЫ ЖОСПАРЛАУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ШАРТТАР Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды дамыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау: -балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды; - материалдық-техникалық базаның жаңартылған нормативтік құқықтық құжаттар талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуін; - білікті педагогтер және мамандармен қамтамасыз етуді; - тәрбиелік, дамытушы және білім беруші міндеттердің біртұтастығын; - өтпелі тақырыптарға сәйкес білім беру салаларын кіріктіруді; - білім беру мазмұны балаларға артық жүктеме түсіруін болдырмауды; - ересектер тарапынан қолдау, балалардың бір-бірімен мейірімді қарым- қатынасын; - балалардың бойында ұлтжандылық және толеранттылық сезімін, Отанға және туған-туысқандарына сүйіспеншілікті қалыптастыруды; - білім беру процесін әдістемелік қолдауды қамтамасыз етуді; - баланы тәрбиелеу мен дамыту және инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагогтер мен ата-аналарға қолдау көрсетуді қарастырады.

Табысты жоспарлаудың шарттары: 1) жоспарлау кезінде өз жұмысының деңгейін әділ бағалау; 2) жұмыстың белгілі кезеңінде жоспарла

7 слайд
Табысты жоспарлаудың шарттары: 1) жоспарлау кезінде өз жұмысының деңгейін әділ бағалау; 2) жұмыстың белгілі кезеңінде жоспарлаудың мақсаттары мен міндеттерін айқындау; 3) Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын білу; 4) жоспарлау кезеңі жұмыстың нәтижесін көрсетуі; 5) алға қойылған мақсатқа жетуге көмектесетін тиімді әдістер мен құралдарды таңдау.

Перспективалық жоспарды топқа бір жас тобында жұмыс істейтін екі тәрбиеші құрастырады. Бұл шартты орындау балаларғ

8 слайд
Перспективалық жоспарды топқа бір жас тобында жұмыс істейтін екі тәрбиеші құрастырады. Бұл шартты орындау балаларға біріңғай тәсілді, біріңғай талаптарды қолдануды қамтамасыз етеді, жоспар мен бағдарламаны орындауда әрбір тәрбиешінің жауапкершілігін арттырады. Ауысыммен жұмыс істейтін тәрбиешілер бір–бірімен күнделікті байланыста болуы, балаларды бақылау нәтижелері бойынша үнемі пікір алмасулары тиіс: олар бағдарламалық материалдарды қалай игеруде, өзінің міндеттерін қалай орындайды, мәдени мінез-құлық дағдылары қалай қалыптасуда, кіммен ойнайды және т.б мәліметтерді білуі қажет. Осылайша, жоспардың негізгі бөлігін екі тәрбиеші де белгілейді, бөліктерін әрқайсысы жеке белгілейді.Тәрбиеші өзінің тобындағы балаларды жақсы біліп, әрбір баланың даму динамикасын зерделеу керек. Білім беру процесін құрудың тақырыптық ұстанымдары мектепке дейінгі ұйымдардың ерекшеліктерін ескеруге, аймақтық және мәдени компоненттерді енгізуге мүмкіндік береді.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖОСПАРЛАУ ПРОЦЕСІН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР 1. Адам құқығы мен негізгі бостандықтарын қорғау

9 слайд
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖОСПАРЛАУ ПРОЦЕСІН РЕТТЕЙТІН НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР 1. Адам құқығы мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Конвенция. 2. Бала құқығы туралы конвенция. 3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 4. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 5. «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151Заңы. 6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 23- V Заңы. 7. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №306 Заңы. 8. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңы.

9. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақ

10 слайд
9. «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 жарлығы. 10. «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы. 11. «Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы. 12. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары» ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы. 13. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы. 14. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысы. 15. Мектепке дейінгі ұйымдардың локальды актілер жинағы (Жарғы, ұжымдық келісім шарт, ішкі еңбек тәртіп ережелері).

Педагогтарға арналған перспективалық жоспарлау Перспективалық жоспарды өтпелі тақырыптар негізінде оқу жылының әрбір ай

11 слайд
Педагогтарға арналған перспективалық жоспарлау Перспективалық жоспарды өтпелі тақырыптар негізінде оқу жылының әрбір айына тәрбиешілер мен мамандар (қазақ, орыс, шет тілі мұғалімдері, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, логопед, медициналық қызметкер және т.б.) құрастырады, әдіскермен келісіледі және мектепке дейінгі ұйым басшысы бекітеді. Штаттық кестеде педагог - мамандар қарастырылмаған мектепке дейінгі ұйымдарда нақты жас тобына Перспективалық жоспарды әдіскер немесе тәрбиеші құрастырады. Перспективалық жоспарлау балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын игерудің сабақтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.

Педагог өтпелі тақырыптарды таңдағанда аймақтық ерекшеліктерді, балалардың жастарын, мектепке дейінгі ұйымның тақырып

12 слайд
Педагог өтпелі тақырыптарды таңдағанда аймақтық ерекшеліктерді, балалардың жастарын, мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытын немесе тәрбиешінің, педагог-маманның жұмыс тақырыбын ескере отырып, шығармашылық құзыреттілік танытуы тиіс. Ұйымдастырылған оқу қызметі барлық топтарда Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес өткізіледі ( ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығы). Перспективалық жоспар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың білім беру, дамытушылық, тәрбиелік міндеттерін орындауды қарастырады.

Педагог білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында Перспективалық жоспарға сәйкес циклограмма құрастырады. Балала

13 слайд
Педагог білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында Перспективалық жоспарға сәйкес циклограмма құрастырады. Балаларды қабылдау, ұйымдастырылған оқу қызметі, серуен, балалардың үйге қайтуы және т.б. күн тәртібіндегі процестердің орындалуын қамтитын және өтпелі тақырыптарға сәйкес бір аптаға арналған Циклограмма құрастырылады. Циклограмма-бұл балалармен алдағы табысты жұмыстың түрін, мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін таңдау және жұмыс уақытын тиімді пайдалану тәртібі. Циклограмма құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрастырылады. Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар: - ұйымдастырылған оқу қызметтерінің тақырыптары Перспективалық жоспарға сәйкес анықталады; - өтпелі тақырыптың мазмұнына сәйкес бағдарламалық материалды бөлуде жүйелілік пен сабақтастық ұстанымын сақтау; - Үлгілік бағдарлама мазмұнына сәйкес балалардың сапалы және толыққанды дамуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету; - балаларды тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар, әдістер мен тәсілдерді қолдану; - циклограмманың құрылымдық бөлімдерін сапалы жоспарлау үшін заттық- дамытушы ортаны қалыптастыру. Циклограммада өтпелі тақырыптарға сәйкес балалардың жас ерекшеліктері ескеріліп, әрбір күн тәртібі сәттерінің ұзақтығы анықталады.

Күн тәртібі Күн тәртібі сәттерін жоспарлау «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-

14 слайд
Күн тәртібі Күн тәртібі сәттерін жоспарлау «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығына және күн тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады .

Баламен жеке жұмыс. Педагог баланың жеке ерекшеліктерін жақсы білетін болса, бала өзін жайлы сезінеді, оның көңіл

15 слайд
Баламен жеке жұмыс. Педагог баланың жеке ерекшеліктерін жақсы білетін болса, бала өзін жайлы сезінеді, оның көңіл - күйі көтеріледі және белсенділігі артады. Балалармен жеке жұмыс педагогикалық бақылаулардың, балалардың жеке даму мониторингін, дамудың жеке бағдарламасын (ерекше білім алуға қажеттіліктері бар балаларға арналған) ескере отырып, жоспарланады.

Ата-аналармен өзара қарым-қатынас бойынша жұмыс: Апта тақырыбына ата-аналардың белсенді қатысуына оларға толық ақпарат беру ық

16 слайд
Ата-аналармен өзара қарым-қатынас бойынша жұмыс: Апта тақырыбына ата-аналардың белсенді қатысуына оларға толық ақпарат беру ықпал етеді. Ақпараттық бұрышта алдын ала тақырып жазылады, іс-әрекеттің үлгі жоспары, қажет болатын көмек түрі жазылады. Циклограммада күн тәртібі бөлімінде педагог мынадай іс-шараларды жоспарлауы тиіс: -отбасымен танысу бойынша (оқу жылының басында, топқа жаңа балаларды қабылдау кезінде), өзара қарым-қатынастың жекелеген мәселелерін зерделеу, сұраныстарын, мониторингті айқындау (мысалы, қанағаттанарлық); - отбасын педагогикалық ағарту; - білім беру процесіне ата-аналарды тарту бойынша іс-шаралар (фоторепортаждар, мектепке дейінгі ұйым сайтына ақпаратты орналастыружәне т.б.); - білім беру процесінің барысы жайында ата-аналарды хабардар ету; - отбасын психологиялық-педагогикалық қолдауды және балалардың физикалық және психологиялық-әлеуметтік денсаулығын қорғау мен нығайту мәселелерінде ата-аналардың құзыреттілігін арттыруды, салауатты өмір сүру салтына тартуды қамтамасыз ету. Серуен күннің бірінші және екінші жартысында өткізіледі. Серуенде бақылау, ойын, еңбек әрекеттері ұйымдастырылады.

Циклограммаға сәйкес күн балаларды қабылдаудан басталады, педагог ата- аналармен бала туралы, оның физикалық және психоло

17 слайд
Циклограммаға сәйкес күн балаларды қабылдаудан басталады, педагог ата- аналармен бала туралы, оның физикалық және психологиялық жағдайы туралы әңгімелеседі. Балалар денсаулығын нығайту және сергек көңіл-күй тудыру мақсатында таңертеңгі гимнастика өткізіледі. Таңғы астың алдында балалар қолдарын жуады, орындарына отырады. Педагог балалардың дұрыс отыруын, тамақты дұрыс ішуін, тамақтану құралдарын және майлықты қолдануын қадағалайды. Таңғы астан кейін кезекшілер (ортаңғы топтан бастап) үстелдегі ыдыстарды жинауға көмектеседі, содан соң қалған балаларға қосылады. Педагог өтпелі тақырыптарға сәйкес ойындар өткізіп, ұйымдастырылған оқу қызметіне дайындалады, Ұйымдастырылған оқу қызметтері Циклограммада анықталған тақырыптарға сәйкес өткізіледі. Педагог ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу үшін педагог алдын-ала қажетті әдебиеттерді, оқу-әдістемелік кешендерді, суреттерді, ойыншықтарды, аудио-бейне материалдар және т.б. дайындап алуы қажет. Олар өтпелі тақырыпқа сәйкес және білім салаларын кіріктіруді қамтамасыз етуі тиіс.

Ұйымдастырылған оқу қызметтері аяқталған соң балалар серуенге шығады. Әр серуеннің мазмұны өтпелі тақырыптарға сәйк

18 слайд
Ұйымдастырылған оқу қызметтері аяқталған соң балалар серуенге шығады. Әр серуеннің мазмұны өтпелі тақырыптарға сәйкес болуы шарт. Серуенде табиғат құбылыстарын бақылау, еңбек әрекеті, қимылды ойындар және дербес ойын әрекеті ұйымдастырылады.Серуеннен оралған соң балаларды өздігінен шешінуге, киімдерді шкафқа жинауға үйрету қажет. 12 Жуыну біртіндеп, шағын топтармен ұйымдастырылады. Тамақтану кезінде педагог балаларды мәдени-гигиеналық дағдыларға, құралдарды қолдана білуге баулиды. Тамақтанып болған соң қолдарын жуады, киімдерін шешіп, ұйқыға дайындалады. Педагог балалардың тыныш ұйықтауына қолайлы жағдай жасайды.

Ұйқыдан тұрғаннан кейін п...

19 слайд
Ұйқыдан тұрғаннан кейін п...