Эссе дегеніміз не?
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Оқушының жазу
мәдениетін дамыту:
эссе және оған
қойылатын талаптар
1 слайд
Оқушының жазу мәдениетін дамыту: эссе және оған қойылатын талаптар
2 слайд
Жұмыс мақсаты:
1.Жазылым туралы түсінік беру.
2.Жазылымның бір түрі – эссе туралы түсінік
беру.
3.Эссеге қойылатын талаптармен таныстыру.
4.Эссенің тілдік құрылымымен, синтаксистік
ерекшелігімен таныстыру.
5.Эссені бағалау өлшемімен таныстыру.
6.Тәжірибелік тренингтер арқылы эссе жазу
дағдысын қалыптастыру.
2 слайд
Жұмыс мақсаты: 1.Жазылым туралы түсінік беру. 2.Жазылымның бір түрі – эссе туралы түсінік беру. 3.Эссеге қойылатын талаптармен таныстыру. 4.Эссенің тілдік құрылымымен, синтаксистік ерекшелігімен таныстыру. 5.Эссені бағалау өлшемімен таныстыру. 6.Тәжірибелік тренингтер арқылы эссе жазу дағдысын қалыптастыру.
3 слайд
Жазылым дегеніміз – жазбаша сөйленімнің
өнімді түрі.
3 слайд
Жазылым дегеніміз – жазбаша сөйленімнің өнімді түрі.
4 слайд
Жазылым үшін қажетті
қабілеттер Көру арқылы еске сақтау
Назар аудара білу
Логикалық ойлау
Елестете алу
Болжай алу
4 слайд
Жазылым үшін қажетті қабілеттер Көру арқылы еске сақтау Назар аудара білу Логикалық ойлау Елестете алу Болжай алу
5 слайд
Жазылым үшін
маңызды сұрақтар
Не үшін
жазамын?
Қандай
сөздер мен
фразаларды
таңдаймын?
Қалай
жазамын?
5 слайд
Жазылым үшін маңызды сұрақтар Не үшін жазамын? Қандай сөздер мен фразаларды таңдаймын? Қалай жазамын?
6 слайд
ЖАЗЫЛЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
Синтаксис: Сөйлемдердің құрылымдары,
сөздердің орын тәртібі
Мәтінді ұйымдастыру: Сөйлемдерді абзацты
байланыстыру
Мазмұны: логикалық жағынан тақырыпқа,
мақсатқа сәйкестігі
Жазылым техникасы: графика, орфография,
пунктуация
Жазылым процесі: композиция, жоспарлау
6 слайд
ЖАЗЫЛЫМ ЭЛЕМЕНТТЕРІ Синтаксис: Сөйлемдердің құрылымдары, сөздердің орын тәртібі Мәтінді ұйымдастыру: Сөйлемдерді абзацты байланыстыру Мазмұны: логикалық жағынан тақырыпқа, мақсатқа сәйкестігі Жазылым техникасы: графика, орфография, пунктуация Жазылым процесі: композиция, жоспарлау
7 слайд
ЖАЗЫЛЫМНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Оқырманға өз ойын дұрыс жеткізе білу
Оқырманға әсер ету, оны сендіру, оның
назарын аудару.
Оқырманды қызықтыру, оқырманның
реакциясын тудыру
7 слайд
ЖАЗЫЛЫМНЫҢ МІНДЕТТЕРІ Оқырманға өз ойын дұрыс жеткізе білу Оқырманға әсер ету, оны сендіру, оның назарын аудару. Оқырманды қызықтыру, оқырманның реакциясын тудыру
8 слайд
ЖАЗЫЛЫМ ДЕГЕНІМІЗ –
1.Коммуникативтік әрекет. Неге, кімге, не үшін
жазып жатырмыз, осыны нақты түсіну қажет.
2. Процессуалдық әрекет. Жазылым процесі
көбінесе қалай бастаймыз, не жазамыз, қалай
аяқтаймыз деген сияқты ізденістерден тұрады.
8 слайд
ЖАЗЫЛЫМ ДЕГЕНІМІЗ – 1.Коммуникативтік әрекет. Неге, кімге, не үшін жазып жатырмыз, осыны нақты түсіну қажет. 2. Процессуалдық әрекет. Жазылым процесі көбінесе қалай бастаймыз, не жазамыз, қалай аяқтаймыз деген сияқты ізденістерден тұрады.
9 слайд
Жазу дағдысын қалыптастыру жаттығулары
Толықтыру: Жіберілген сөздерді толтырыңыз.
•Сөйлемдерді аяқтаңыз.
•Сөйлемді бастаңыз.
Трансформация: Азатжолды аяқтаңыз (оның
басы беріледі).
•Мәтіндегі фразаны кеңейтіңіз немесе фразаны
( абзац) қысқартыңыз.
•Сөйлемді басқа синонимдік құрылыммен
ауыстырыңыз.
•Сөйлемнің барлық нұсқасын жазыңыз.
•Бірнеше сөйлемді бір сөйлемге біріктіріңіз.
9 слайд
Жазу дағдысын қалыптастыру жаттығулары Толықтыру: Жіберілген сөздерді толтырыңыз. •Сөйлемдерді аяқтаңыз. •Сөйлемді бастаңыз. Трансформация: Азатжолды аяқтаңыз (оның басы беріледі). •Мәтіндегі фразаны кеңейтіңіз немесе фразаны ( абзац) қысқартыңыз. •Сөйлемді басқа синонимдік құрылыммен ауыстырыңыз. •Сөйлемнің барлық нұсқасын жазыңыз. •Бірнеше сөйлемді бір сөйлемге біріктіріңіз.
10 слайд
Жазу дағдысын қалыптастыру жаттығулары
Толықтыру: Жіберілген сөздерді толтырыңыз.
Қай қоғамда да еңбектің маңызы _____________ .
Еңбек арқылы адамның __________ ,
_______________көрінеді. «Жауынмен жер көгерер,
еңбекпен ер көгерер» деп халық
________________ айтылғандай, бұл қоғамда
еріншектерге ________ жоқ. ____________
еңбегімен көзге түскен ______________ өте көп.
10 слайд
Жазу дағдысын қалыптастыру жаттығулары Толықтыру: Жіберілген сөздерді толтырыңыз. Қай қоғамда да еңбектің маңызы _____________ . Еңбек арқылы адамның __________ , _______________көрінеді. «Жауынмен жер көгерер, еңбекпен ер көгерер» деп халық ________________ айтылғандай, бұл қоғамда еріншектерге ________ жоқ. ____________ еңбегімен көзге түскен ______________ өте көп.
11 слайд
Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Бүгін семинар болса...
Бүгін семинар болады екен....
Бүгін семинар болатынын естіп...
Бүгін семинар болатындықтан...
Бүгін семинар болатынын біле тұра...
Сөйлемді бастаңыз.
... кішкене кешігіп қалдым.
... алайда бұл ұсынысыңыз маған ұнамады.
... бірақ осы мәселені қазір шешіп көрейік.
... себебі интернет ресурстарында бұл ақпарат
жоқтың қасы екен.
11 слайд
Сөйлемдерді аяқтаңыз. Бүгін семинар болса... Бүгін семинар болады екен.... Бүгін семинар болатынын естіп... Бүгін семинар болатындықтан... Бүгін семинар болатынын біле тұра... Сөйлемді бастаңыз. ... кішкене кешігіп қалдым. ... алайда бұл ұсынысыңыз маған ұнамады. ... бірақ осы мәселені қазір шешіп көрейік. ... себебі интернет ресурстарында бұл ақпарат жоқтың қасы екен.
12 слайд
Азатжолды аяқтаңыз ( абзацтың басы
беріледі).
1. Бүгін сәрсенбі. Мен семинарға барамын...
2. Білім саласында жеткен жетістігіміз көп. Дарынды
оқушыларымыз халықаралық олимпиадададан жеңіспен
оралды...
3. Құшағы кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін
бауырына тартты. Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір
сүріп жүрген түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, ынтымағы
басқа мемлекеттерге үлгі…
12 слайд
Азатжолды аяқтаңыз ( абзацтың басы беріледі). 1. Бүгін сәрсенбі. Мен семинарға барамын... 2. Білім саласында жеткен жетістігіміз көп. Дарынды оқушыларымыз халықаралық олимпиадададан жеңіспен оралды... 3. Құшағы кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бауырына тартты. Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір сүріп жүрген түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі, ынтымағы басқа мемлекеттерге үлгі…
13 слайд
Мәтіндегі фразаны кеңейтіңіз немесе фразаны
( азатжолды) қысқартыңыз.
25 жасар бағдарламашы Асқат Мырзабаев аз уақытта
екі миллионнан артық табыс тауыпты. Ол жарты жыл
Ұлыбританияның Barclays банк тобында жұмыс істеген
екен. Жас жігіт тапқан табысын қайырымдылық қорына
аударыпты. Ол үшін басты мақсат ақша табу ғана емес.
Осындай жаңа жобаларға қатысу арқылы жаңа достар
тауып, тәжірибе жинайды.
13 слайд
Мәтіндегі фразаны кеңейтіңіз немесе фразаны ( азатжолды) қысқартыңыз. 25 жасар бағдарламашы Асқат Мырзабаев аз уақытта екі миллионнан артық табыс тауыпты. Ол жарты жыл Ұлыбританияның Barclays банк тобында жұмыс істеген екен. Жас жігіт тапқан табысын қайырымдылық қорына аударыпты. Ол үшін басты мақсат ақша табу ғана емес. Осындай жаңа жобаларға қатысу арқылы жаңа достар тауып, тәжірибе жинайды.
14 слайд
Мәтіндегі диалогті кеңейтіңіз.
Ертеде кедейлерге мейірбан да әділ, бай кісі өмір
сүреді. Бір күні бір сүт сатушы әйел сол кісіге
келеді. Оның түрінен бір қиын жағдайға тап
болғанын байқаған ол әйелден:
- Балам, бұйымтаймен келдің бе? - дейді…
14 слайд
Мәтіндегі диалогті кеңейтіңіз. Ертеде кедейлерге мейірбан да әділ, бай кісі өмір сүреді. Бір күні бір сүт сатушы әйел сол кісіге келеді. Оның түрінен бір қиын жағдайға тап болғанын байқаған ол әйелден: - Балам, бұйымтаймен келдің бе? - дейді…
15 слайд
Сұқбат үшін жауап үлгісін ұсыныңыз.
«Мен сыйға тартқан орамал» әнімен көпшілікке
танылған Роза Әлқожа әншілігімен қатар,
сазгерлігімен де белгілі. Әнді жүрегімен айтатын
Роза редакциямызда қонақ болып, газетімізге
сұхбат берген болатын.
- Бала күндеріңіздің бақытты естеліктері деп нені
айтар едіңіз?
- Әнші болуға түбегейлі шешім қабылдаған кезіңіз
және оған не ықпал етті?
– Сізді бақытқа бөлейтін не нәрсе?
15 слайд
Сұқбат үшін жауап үлгісін ұсыныңыз. «Мен сыйға тартқан орамал» әнімен көпшілікке танылған Роза Әлқожа әншілігімен қатар, сазгерлігімен де белгілі. Әнді жүрегімен айтатын Роза редакциямызда қонақ болып, газетімізге сұхбат берген болатын. - Бала күндеріңіздің бақытты естеліктері деп нені айтар едіңіз? - Әнші болуға түбегейлі шешім қабылдаған кезіңіз және оған не ықпал етті? – Сізді бақытқа бөлейтін не нәрсе?
16 слайд
1.Карточка бойынша мәтін құрау. Әрбір карточкада
мәтіннің бір - бір сөйлемі болады. Оқушылар оны
бірізділікпен құрастыруы керек, жетпегенін қосуы
керек.
2.Мәтіннің соңын жазу, аяқтау. Оқушыларға
мәтіннің басы беріледі және толықтыруға,
аяқтауға тапсырма беріледі.
3. Рөлдік ойындар.
•а) жарнама жасау. Оқушылар мектептегі
секциялардың тиімділігі туралы жарнама жазу
керек.
•б) үйді сипаттау. Оқушылар үйдің, бөлменің
суретіне қарап, оны сипаттайды.
16 слайд
1.Карточка бойынша мәтін құрау. Әрбір карточкада мәтіннің бір - бір сөйлемі болады. Оқушылар оны бірізділікпен құрастыруы керек, жетпегенін қосуы керек. 2.Мәтіннің соңын жазу, аяқтау. Оқушыларға мәтіннің басы беріледі және толықтыруға, аяқтауға тапсырма беріледі. 3. Рөлдік ойындар. •а) жарнама жасау. Оқушылар мектептегі секциялардың тиімділігі туралы жарнама жазу керек. •б) үйді сипаттау. Оқушылар үйдің, бөлменің суретіне қарап, оны сипаттайды.
17 слайд
Жапондар айтатын «Алты қырсық» деген бар екен.
Олар: ақылсыздық, ызақорлық, жеңілтектік,
нәпсіқұмарлық, солқылдақтық, және дүниеқоңыздық.
Осылардың әрқайсысының он сегіз көрінісі бар. Сонда
жиыны 108 түрлі болады деп есептейді екен де,
солардың бәрін тізбектеп, жазып, әйгілеп қоятын
көрінеді. Осыларды күнде құлақпен естіп, көзбен көріп
жүрген кісі теріс жолға бара ма?
Міне, халықтық тәрбиенің көрнекті түрі қандай әсерлі!
Бүгінде жапон елінің өнер-білімнен дүние жүзіндегі
өркениетті елдің қатарында алға шығуына, дамуына
осы тәрбиенің әсері болмады деп қалай айтарсыз!
Дүние жүзі елдерінің көбінде отбасылардың ажырасуы
жыл сайын өсіп отырса, жапондарда жұбайлардың
ажырасуы мүлде жоқтын қасы екен. Жапон әйелдері
ешқашан адам бетіне түсін суытып қарамайды,
сөйлескенде әуелі түсін жылытып, күліп қана сөйлейді.
Міне, осыдан кейін адамдар арасында ұрыс-жанжал
қайдан болсын. Ұрлық істеу, өтірік айту деген сияқты
әдеттер оларда мүлде жоқ болса керек. Осындайда
«Үлкенге-құрмет, кішіге ізет» көрсететін халқымыздың
үлкеннің алдын кесіп өтпейтін кішіпейілділігі, жесірі
мен жетімін сыртқа теппейтін бауырмалдылығы, есігіне
құлып салмайтын адалдығы қайда кеткен деп қайран
қаласың? Бәрі-сол ұлт, яғни ата-баба дәстүрінде
тәрбиелеуде жатыр емес пе!?
•
17 слайд
Жапондар айтатын «Алты қырсық» деген бар екен. Олар: ақылсыздық, ызақорлық, жеңілтектік, нәпсіқұмарлық, солқылдақтық, және дүниеқоңыздық. Осылардың әрқайсысының он сегіз көрінісі бар. Сонда жиыны 108 түрлі болады деп есептейді екен де, солардың бәрін тізбектеп, жазып, әйгілеп қоятын көрінеді. Осыларды күнде құлақпен естіп, көзбен көріп жүрген кісі теріс жолға бара ма? Міне, халықтық тәрбиенің көрнекті түрі қандай әсерлі! Бүгінде жапон елінің өнер-білімнен дүние жүзіндегі өркениетті елдің қатарында алға шығуына, дамуына осы тәрбиенің әсері болмады деп қалай айтарсыз! Дүние жүзі елдерінің көбінде отбасылардың ажырасуы жыл сайын өсіп отырса, жапондарда жұбайлардың ажырасуы мүлде жоқтын қасы екен. Жапон әйелдері ешқашан адам бетіне түсін суытып қарамайды, сөйлескенде әуелі түсін жылытып, күліп қана сөйлейді. Міне, осыдан кейін адамдар арасында ұрыс-жанжал қайдан болсын. Ұрлық істеу, өтірік айту деген сияқты әдеттер оларда мүлде жоқ болса керек. Осындайда «Үлкенге-құрмет, кішіге ізет» көрсететін халқымыздың үлкеннің алдын кесіп өтпейтін кішіпейілділігі, жесірі мен жетімін сыртқа теппейтін бауырмалдылығы, есігіне құлып салмайтын адалдығы қайда кеткен деп қайран қаласың? Бәрі-сол ұлт, яғни ата-баба дәстүрінде тәрбиелеуде жатыр емес пе!? •
18 слайд
ЖАЗЫЛЫМҒА ҚАЖЕТТІ ТАПСЫРМАЛАР:
Грамматикалық тапсырмалар
Еркін шығармашылық
тапсырмалар
Модель бойынша орындалатын
тапсырмалар
18 слайд
ЖАЗЫЛЫМҒА ҚАЖЕТТІ ТАПСЫРМАЛАР: Грамматикалық тапсырмалар Еркін шығармашылық тапсырмалар Модель бойынша орындалатын тапсырмалар
19 слайд
1.Ақпараттар бойынша мәтін құрастырыңыз.
2.Рөлдік ойын. “Журналист және кәсіпкер” тақырыбында сұқбаттасу.
3.Ақпараттардың негізінде түйіндеме жазыңыз.
28 жас, үйленген,
екі баласы
Алматы қаласы,
Медеу ауданы
Кітап оқу, шаңғы
тебу
Қолөнерші, ағаштан
ұлттық заттар жасау
Ұқыпты, білімді
Бір жылда 3 млн
теңге табады
Басқару қабілеті
жақсы
Жекеменшік
компания, кәсіпкер
19 слайд
1.Ақпараттар бойынша мәтін құрастырыңыз. 2.Рөлдік ойын. “Журналист және кәсіпкер” тақырыбында сұқбаттасу. 3.Ақпараттардың негізінде түйіндеме жазыңыз. 28 жас, үйленген, екі баласы Алматы қаласы, Медеу ауданы Кітап оқу, шаңғы тебу Қолөнерші, ағаштан ұлттық заттар жасау Ұқыпты, білімді Бір жылда 3 млн теңге табады Басқару қабілеті жақсы Жекеменшік компания, кәсіпкер
20 слайд
Сурет бойынша мәтін құрастырыңыз.
20 слайд
Сурет бойынша мәтін құрастырыңыз.
21 слайд
Сонымен, бізден сұрақ,
сізден жауап...
1.Эссе дегеніміз не?
2.Эссе жазу дағдысын
қалай
қалыптастырамыз?
3.Эссе жазу үшін нені
білу керек?
21 слайд
Сонымен, бізден сұрақ, сізден жауап... 1.Эссе дегеніміз не? 2.Эссе жазу дағдысын қалай қалыптастырамыз? 3.Эссе жазу үшін нені білу керек?
22 слайд
Эссе – жазылымның бір түрі. Эссе
француз тілінен "essai", ағылшын
тілінен "essay", "assay"- талпыныс,
жазушылық сынама, очерк; латын
тілінен "exagium" – ойлау деген
мағынаны береді.
22 слайд
Эссе – жазылымның бір түрі. Эссе француз тілінен "essai", ағылшын тілінен "essay", "assay"- талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен "exagium" – ойлау деген мағынаны береді.
23 слайд
АКАДЕМИЯЛЫҚ ОҚУДАҒЫ ЖАЗЫЛЫМ
ТҮРЛЕРІ
конспект
реферат
рецензия
эссе
қысқа мазмұндама т.б.
23 слайд
АКАДЕМИЯЛЫҚ ОҚУДАҒЫ ЖАЗЫЛЫМ ТҮРЛЕРІ конспект реферат рецензия эссе қысқа мазмұндама т.б.
24 слайд
Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты
баяндалады. Эссе жазу бұл – дәлелдеудің
классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап
беру немесе тақырыпты ашу болып табылады.
Ойды ашық және дәл білдіруге тырысыңыз,
эсседе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және
нақты болу қажет. Эсседе барлық жазба
жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс. Эссе –
бұл қандай да болмасын мәселе бойынша
ойланып-толғану деген сөз. Эссе – бұл өз тілімен
және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан
цитаттың аз болғаны да жақсы.
24 слайд
Эссе мазмұны қойылған мәселе бойынша нақты баяндалады. Эссе жазу бұл – дәлелдеудің классикалық жүйеге негізделген, сұраққа жауап беру немесе тақырыпты ашу болып табылады. Ойды ашық және дәл білдіруге тырысыңыз, эсседе сөз тіркестері мен фразалар іріктелген және нақты болу қажет. Эсседе барлық жазба жұмыстардағыдай ішкі логика болуы тиіс. Эссе – бұл қандай да болмасын мәселе бойынша ойланып-толғану деген сөз. Эссе – бұл өз тілімен және стилімен жазылған өздік жұмыс, сондықтан цитаттың аз болғаны да жақсы.
25 слайд
ЭССЕ ЖАЗҒАНДА:
Ең алдымен хабарлайтын, жазатын, ой
толғайтын, талқылайтын нәрсе туралы анық білу
керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не
нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды.
Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін
болса қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз
ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін
мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай
білу керек.
25 слайд
ЭССЕ ЖАЗҒАНДА: Ең алдымен хабарлайтын, жазатын, ой толғайтын, талқылайтын нәрсе туралы анық білу керек. Сондай-ақ, эссе жазуға итермелеген не нәрсе, эссені кім оқитынын түсіну өте маңызды. Оқырманның назарын өзіңе аудартатын, мүмкін болса қарсы жауап реакциясын тудыратындай өз ойыңды, сезіміңді, көңіл-күйіңді жеткізу үшін мәнерлі, мазмұнды, күшті сөздерді дұрыс таңдай білу керек.
26 слайд
Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді
еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер
ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра
жаза білу. Ол үшін қажетті тілдік құралдар:
-тұрақты тіркестер;
-троптың түрлері (әсіресе эпитет пен теңеу)
-фигураның түрлері
(жұмыс дәптеріндегі мысалдармен жұмыс)
26 слайд
Эссе жазатын адам үшін ең маңызды қасиет – тілді еркін меңгеруі, басқалардың сезіміне әсер ететіндей дәл, анық бейнелі етіп сабақтастыра жаза білу. Ол үшін қажетті тілдік құралдар: -тұрақты тіркестер; -троптың түрлері (әсіресе эпитет пен теңеу) -фигураның түрлері (жұмыс дәптеріндегі мысалдармен жұмыс)
27 слайд
Ескерілетін тілдік құрылымдар
•Байланыстыру үшін қолданылатын
құрылымдар: келесіге көшейік, анықтаймыз,
қарастырамыз
•Ойдың бірізділігін беру: басында, бірінші
кезекте, қазір енді, содан соң, соңында,
қорытындыда
•Кейінгі баяндаумен байланыс: әрі қарай,
төменде, келесі тарауда, келесі бөлімде
•Жол-жөнекей баяндау: айтпақшы
•Тақырыпқа оралу: тақырыпқа оралайық, міне
•Айырықшалау: басты, ең бастысы, бәрінен
бұрын, сіздердің назарларыңызды
аударғымыз келеді
•Нақтылау, аргумент: яғни, басқаша айтсақ,
одан басқа, нақтырақ айтқанда
•Цитата – аргумент: “ “ деген сөзін келтіре
кетсек
27 слайд
Ескерілетін тілдік құрылымдар •Байланыстыру үшін қолданылатын құрылымдар: келесіге көшейік, анықтаймыз, қарастырамыз •Ойдың бірізділігін беру: басында, бірінші кезекте, қазір енді, содан соң, соңында, қорытындыда •Кейінгі баяндаумен байланыс: әрі қарай, төменде, келесі тарауда, келесі бөлімде •Жол-жөнекей баяндау: айтпақшы •Тақырыпқа оралу: тақырыпқа оралайық, міне •Айырықшалау: басты, ең бастысы, бәрінен бұрын, сіздердің назарларыңызды аударғымыз келеді •Нақтылау, аргумент: яғни, басқаша айтсақ, одан басқа, нақтырақ айтқанда •Цитата – аргумент: “ “ деген сөзін келтіре кетсек
28 слайд
•Мақал, қанатты сөздер: ... дегендей,
деп айтпақшы
•Ақпарат көзі: ... пікірінше,
көзқарасынша, сөзімен айтқанда, әкем
айтушы еді
•Логикалық байланыс: осыдан шығатын
қорытынды, сонымен, бір сөзбен
айтқанда, қорытындыға келуге болады,
қысқасын айтқанда, қорытындылайтын
болсақ
•Ақпараттың субьективті,
обьективтілігін бағалау: сөзсіз, даусыз,
ықтимал
28 слайд
•Мақал, қанатты сөздер: ... дегендей, деп айтпақшы •Ақпарат көзі: ... пікірінше, көзқарасынша, сөзімен айтқанда, әкем айтушы еді •Логикалық байланыс: осыдан шығатын қорытынды, сонымен, бір сөзбен айтқанда, қорытындыға келуге болады, қысқасын айтқанда, қорытындылайтын болсақ •Ақпараттың субьективті, обьективтілігін бағалау: сөзсіз, даусыз, ықтимал
29 слайд
ЭССЕ ЖАЗУҒА КЕРЕКТІ ТІЛДІК
МАТЕРИАЛ
Грамматикалық дағды
Лексикалық сөздік қор
Синтаксистік құрылымдар
29 слайд
ЭССЕ ЖАЗУҒА КЕРЕКТІ ТІЛДІК МАТЕРИАЛ Грамматикалық дағды Лексикалық сөздік қор Синтаксистік құрылымдар
30 слайд
ОҚУШЫ ДАҒДЫЛАНУ КЕРЕК. НЕГЕ?
Белгілі бір көлемде эссе жазуға (Мысалы:
50 сөз, 100 сөз, 150 сөз, 200 сөз, 250 сөз)
ҚАЛАЙ?
Қазақ тілі сабағында сабақ сайын немесе
аптасына екі рет жазу керек.
ДАҒДЫ ДҰРЫС ҚАЛЫПТАСУ ҮШІН
Мұғалім үнемі жазылған эссені тексеріп,
бағалап отыру, қорыту керек.
30 слайд
ОҚУШЫ ДАҒДЫЛАНУ КЕРЕК. НЕГЕ? Белгілі бір көлемде эссе жазуға (Мысалы: 50 сөз, 100 сөз, 150 сөз, 200 сөз, 250 сөз) ҚАЛАЙ? Қазақ тілі сабағында сабақ сайын немесе аптасына екі рет жазу керек. ДАҒДЫ ДҰРЫС ҚАЛЫПТАСУ ҮШІН Мұғалім үнемі жазылған эссені тексеріп, бағалап отыру, қорыту керек.
31 слайд
ЭССЕНІҢ МАҚСАТЫ НЕ?
Негізгі мақсаты – өз ойын жазбаша түрде
жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау
дағдыларын дамыту.
Эссенің мақсаты – әртүрлі тезистер, дәлелдер
келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда
нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі. Эссеге
тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз
тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін
мазмұндалуы тән.
31 слайд
ЭССЕНІҢ МАҚСАТЫ НЕ? Негізгі мақсаты – өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту. Эссенің мақсаты – әртүрлі тезистер, дәлелдер келтіре отырып берілген тақырыпты ашу. Онда нақты айғақтар беріліп,мысал келтіріледі. Эссеге тақырыптардың шектеусіздігі, автордың өз тәжірибесіне негізделген жеке позицияның еркін мазмұндалуы тән.
32 слайд
ЭССЕНІҢ МАҚСАТЫ
•Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және
дәлелдеу;
•Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;
•Оқырмандарды ақпараттандыру;
•Мәселені талқылау және шындықты табуға
тырысу;
•Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рахатқа
бөлеу;
•Көңіл-күйді білдіру және оқырман көңілін аудару,
эмоция туғызу;
•Іс-әрекетке түрткі болу.
32 слайд
ЭССЕНІҢ МАҚСАТЫ •Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу; •Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту; •Оқырмандарды ақпараттандыру; •Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу; •Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рахатқа бөлеу; •Көңіл-күйді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу; •Іс-әрекетке түрткі болу.
33 слайд
ЭССЕ НЕ БЕРЕДІ?
Эссе жазу оқушыға талқылау мәтінін
құрастыруды үйретіп, өз ойын байланыстырып
жазуға мүкіндік ашылады. Ой қортындысын
жасап, пікір білдіру әдеби нормадан ауытқымай,
ойды сөзбен байланыстыру, сөзді орынды
қолдандауға септігін тигізеді. Эссе жазу арқылы
жазу тілінің мәдениеті қалыптасады.
33 слайд
ЭССЕ НЕ БЕРЕДІ? Эссе жазу оқушыға талқылау мәтінін құрастыруды үйретіп, өз ойын байланыстырып жазуға мүкіндік ашылады. Ой қортындысын жасап, пікір білдіру әдеби нормадан ауытқымай, ойды сөзбен байланыстыру, сөзді орынды қолдандауға септігін тигізеді. Эссе жазу арқылы жазу тілінің мәдениеті қалыптасады.
34 слайд
Эссе түрлері:
Сипаттамалы
қ
Анықтамалық
Хабарламалы
қ
Салыстырмал
ы
Дәлелдеме
Аргументтік
Әдеби
34 слайд
Эссе түрлері: Сипаттамалы қ Анықтамалық Хабарламалы қ Салыстырмал ы Дәлелдеме Аргументтік Әдеби
35 слайд
1.Сипаттамалық эссенің мақсаты адамның,
жердің, заттың т.б.бейнесін сипаттау
болып табылады. Детальдар арқылы
оқырманға сипатталған затты
елестеткізеді.
2.Анықтамалық эссенің мақсаты дәлелдер,
терминдер арқылы берілген терминнің
мағынасын ашу.
35 слайд
1.Сипаттамалық эссенің мақсаты адамның, жердің, заттың т.б.бейнесін сипаттау болып табылады. Детальдар арқылы оқырманға сипатталған затты елестеткізеді. 2.Анықтамалық эссенің мақсаты дәлелдер, терминдер арқылы берілген терминнің мағынасын ашу.
36 слайд
3. Хабарлама эссе субъективтік көзқараспен
оқиғаны сипаттау және бірінші жақта,
өткен немесе осы шақта жазылатын эссе
түрі – хабарламалық эссе. Хроникалық
реттілікте жазыла бермесе де, адамның
тәжірибесі мен ойына сүйенеді.
36 слайд
3. Хабарлама эссе субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе түрі – хабарламалық эссе. Хроникалық реттілікте жазыла бермесе де, адамның тәжірибесі мен ойына сүйенеді.
37 слайд
4. Салыстырмалы эссенің мақсаты екі немесе одан
да көп мәселелердің қарым-қатынастарын
тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат – жеңіл-
желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар табу
жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе
бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды
айырмашылықтар мен қатынастарын терең
зерттеу нәтижесі көрсетеді.
5. Дәлелдемелік эссенің мақсаты - айтылған ойға
оқырманды сендіру, көндіру. Оқырманның зейінін
аудартып, қатаң дәлелдер көрсету арқылы
жазылады.
37 слайд
4. Салыстырмалы эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат – жеңіл- желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді. 5. Дәлелдемелік эссенің мақсаты - айтылған ойға оқырманды сендіру, көндіру. Оқырманның зейінін аудартып, қатаң дәлелдер көрсету арқылы жазылады.
38 слайд
6. Аргументтік эссе Аргументативтік эссе көбінесе
қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда
жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен
бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе
оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы
сипаттамасы.
7. Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Ол
ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген
сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне
толы болады.
38 слайд
6. Аргументтік эссе Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы. 7. Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Ол ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.
39 слайд
Үшбу хат.
Эссенің сабақта қарастырған шығарма (идея,
теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат
формасында жазылуы да мүмкін. Хатт...
39 слайд
Үшбу хат. Эссенің сабақта қарастырған шығарма (идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да мүмкін. Хатт...