Етіс,оның түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Етіс,оның түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Етіс, оның түрлеріне мысалдар келтіру арқылы түсінік беру және практикалық жұмыстар жүргізе отырып етіс түрлерін ажырата білуді меңгерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
№ 1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ 01 11 000- Нег ізгі орта білім беру 01 11 013- Қазақ тілі мен қ

#1 слайд
№ 1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ 01 11 000- Нег ізгі орта білім беру 01 11 013- Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімі Пән аты: Қазақ тілінің практикумы Пән оқытушысы: Алтанова Рахат Заурбековна

1 слайд

 Сабақтың тақырыбы: Етіс, оның түрлері  Сабақтың мақсаты: Етіс, оның түрлеріне мысалдар келтіру арқылы түсінік беру және

#2 слайд
 Сабақтың тақырыбы: Етіс, оның түрлері  Сабақтың мақсаты: Етіс, оның түрлеріне мысалдар келтіру арқылы түсінік беру және практикалық жұмыстар жүргізе отырып етіс түрлерін ажырата білуді меңгерту.  Студенттердің өздеріне етіс, оның түрлерін қатыстырып сөйлемдер құрғызып, морфологиялық талдау және сатылай кешенді талдау жасатқызу арқылы етіс түрлеріне тоқталу, жасалу жолдарын көрсете отырып, айырмашылықтарын айқындау арқылы тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

2 слайд

Жоспары 1.Етіс , оның түрлері туралы түсінік. 2.Етістердің жасалу жолдары. 3 .Практикалық тапсырмалар.

#3 слайд

3 слайд

 Етіс Қимылдың,

#4 слайд
 Етіс Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға(қимыл иесімен тура істелетін іске) қатысын білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады. Мысалы : Ол сұйық сабынмен жуынды. Оқытушы студенттердің курстық жұмысын қашықтықтан қорғатқызды. Төтенше жағдайға байланысты қала жабылды. Олар телеграмм желісі арқылы хат жазысты деген сөйлемдерде жуу қимылы іс иесінің (орындаушының) өзіне қарай бағытталғанын, қорғау іс-әрекеті оның тікелей қимыл иесі (оқытушы) арқылы емес, екінші бір иесі (студент) арқылы орындалғанын, жабу іс - әрекеті қимыл иесінің өздігінен орындалғандай болуын, жазу іс-әрекеті қимыл иесінің біреу емес, бірнешеу (олар) екенін білдіріп тұр да, ол мағыналар түбірге –ын,-т, - қыз,-ыл,-ыс жұрнақтары жалғану арқылы берілген. Соған орай етістер төрт түрге бөлінеді: өздік етіс, өзгелік етіс, ырықсыз етіс және ортақ етіс. Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт-қыз- ба, ки-ін - бе, сөйле - с-пе, т.б.

4 слайд

Өздік етіс  Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп,сабақты етістікке -ын,-

#5 слайд
Өздік етіс  Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушысына, іс иесіне тікелей қатыстылығын білдіріп,сабақты етістікке -ын,-ін,-н қосымшасы қосылып жасалады: ки-ки-ін-ді, тазала-тазала-н-ды, көр- (дәрігерге) көр-ін-ді, шеш-шеш-ін-ді, тара-тара-н-ды, сұра- сұра-н-ды, сүрт-сүрт-ін-ді т.б. Мысалы: Таң атқанша тарандық.(Махамбет)  - лан,-лен,-дан,-ден,-тан,-тен жұрнағымен жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мағынасында жұмсала береді.(әл- ден,мей ір - лен,шат - тан,әуре - лен,қату - лан,қаһар - лан,т.б.) Сондай-ақ – ыр қан, - іркен, - сын, - сін жұрнақтары арқылы жасалған туынды етістіктер де өздік етіс мәнін береді.(жер - сін,аз - сын,көп - сін,тұшыр - қан,шімір - кен,бәл - сін т.б.)

5 слайд

Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни

#6 слайд
Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі яғни субъектінің өзі емес, екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы істелінетінін білдіріп, белгілі жұрнақтар арқылы жасалады.Ол жұрнақтар: 1) -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз: отыр-ғыз, жүр-гіз, айт-қыз, жет-кіз; 2) -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір: сал- дыр, сен-дір, ас-тыр, тік-тір, кет-ір, ас-ыр; 3) –т: жаса-т, сөйле-т т.б. Демек, өзгелік етісті сөйлемде кимылды, іс-әрекетті іске асырушы екі субъект болады: бірі —сол қимылды орындатушы, екіншісі — қимылды тікелей орындаушы, бұл ғылым тілінде агенс деп аталады. Мысалы: Оқытушы студентке тапсырманы жаздыртып, морфологиялық талдау жасатқызды .Өзгелік етіс

6 слайд

Ырықсыз етіс Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен іс

#7 слайд
Ырықсыз етіс Іс-әрекеттің атқарушысы, қимыл иесі арнайы айтылмай, қимыл өздігінен істелетіндігі көрінеді де, -ыл,-іл,-л түбірдің ішінде л дыбысы болса -ын,-ін,-н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады.Ырықсыз етіс тек сабақты етістіктен жасалады, өзі жалғанған сабақты етістікті салт етістікке айналдырады: сөз айт-ылды, уәде бер- іл-ді, шарт жаса-л-ды, қала жаб - ыл - ды, үй таза-ла-н-ды, қамал ал-ын-ды, үй сал-ын-ды т.б. Төтенше жағдайға байланысты қала жабылды. – лын , - лін, - ныл, - ніл жұрнақтары ырықсыз етіс мағынасын береді.(ашық саба қ талда - ныл - ды,үздік практикант таңда - лын - ды, көз байла - ныл - ды,алма же - лін - ді,жоқ із де- лін - ді.

7 слайд

Ортақ етіс Қимыл, іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бір

#8 слайд
Ортақ етіс Қимыл, іс-әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс,-іс,-с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы: Мектепке практикаға барған студенттер тәжірибелі ұстаздардың сабағына қатысып тәжірибе ал - ыс-ты. Волентерлер (еріктілер) қарт кісілерге көмек - тес- ті деген сөйлемдердегі алысты, көмектесті қимылдары бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы арқылы іске асатынын көрсетеді. Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнактары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады: әңгімені айт-ты — әңгіме айтылды, сөзді сөйледі — сөз сөйленді, қолын жуды — ол жуынды, т. б. Өзгелік етіс жұрнағы салт етістікке жалғанса, салт етістікті сабақты етістікке айналдырады: шам сөнді — шамды сөндірді, студент орындықта отырды —студентті орындыққа отырғызды, хат жетті —хатты жеткізді т.б. Етіс жұрнактары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді: Сөйле-с-іл- ді, жүр-гіз-іл-ді, айт-ыс-тыр-ды т. б. - лас , - лес,-дас,-дес,–тас , - тес жұрнағы арқылы жасалған туынды етістіктер де ортақ етіс мағынасын береді .(көмектес, ақылдас, тілдес, қоштас, пікірлес,сырлас т.б.)

8 слайд

Практикалық жұмыстар. 1-тапсырма.Төмендегі сөздерге етіс жұрнақтарын жалғап, сатылай кешенді талдау жасаңыз. 1)Мына етістікт

#9 слайд
Практикалық жұмыстар. 1-тапсырма.Төмендегі сөздерге етіс жұрнақтарын жалғап, сатылай кешенді талдау жасаңыз. 1)Мына етістіктерден өздік етіс жасаңыз. Қи, қыс, жаз, кеп, жу, тара, қара, қос, бер, сөз, сыла, ойла, қозға. 2)Мына етістіктерден өзгелік етіс жасаңыздар . Сал, көр, қой, апар, ал, айт, қос, бекіт, тара, баста, ора, қала, жи, іл, әкел, аш, бөге, байқа.

9 слайд

Көргіз 1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: кө р + гіз; 2. тұлғасына қарай - (көр) - негізгі түбір (се

#10 слайд
Көргіз 1. Бұл сөз екі құрамнан тұр: кө р + гіз; 2. тұлғасына қарай - (көр) - негізгі түбір (себебі, сөздің ары қарай бөлшектенбейтін мағына беретін бөлігі); (көргіз)- туынды түбір (себебі, синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен негізгі түбір (көр) етістікке (-гіз) өзгелік етіс жұрнағының жалғануынан жасалған туынды сөз); 3. құрылысына қарай-(көргіз)-дара (себебі, бір ғана туынды түбірден тұр); 4. сөзде 1лексикалық, 1грамматикалық мағына бар; 5. лексикалық мағынасы-қимыл-қозғалысқа берілген атау; 6. грамматикалық мағынасы-лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына -етістік; 7.лексика-грамматикалық мағынасы мен синтаксистік қызметіне орай-1саладағы етістік (себебі, лексикалық мағынасы толық сақталған, белгілі бір сұраққа жауап береді, жеке тұрып өз алдына сөйлем мүшесі бола алады,сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсе алады); 8.көргіз-қайтқыз? Деген сұраққа жауап береді; 9.мағынасына қарай: а)негізгі(себебі, бір саладағы етістік); ә)объектіге қатысына қарай-сабақты; б) іс-әрекеттің орындалуына қарай-болымды (себебі, іс-әрекеттің орындалғандығын баяндап тұр); 10.бұйрық рай; 11.ауыспалы осы шақ;. 12.мағыналарының жақындықтарына қарай- амал-әрекет етістігі; Аққу құс кербез! Биіңді көргіз, Көрсет, сәулем , сәніңді. (С.Сейфуллин )

10 слайд

2- тапсырма. Төмендегі сөздерге етіс жұрнақтарын жалғаңыз. 1 )Мына етістіктерге ырықсыз етіс жұрнағын жалғаңыз, қар

#11 слайд
2- тапсырма. Төмендегі сөздерге етіс жұрнақтарын жалғаңыз. 1 )Мына етістіктерге ырықсыз етіс жұрнағын жалғаңыз, қарамен берілген сөздерге сөйлем құраңыз, морфологиялық талдау жасаңыз. Айт, қал, кел, жүр, отыр , ал, же, өрле, тыңда, сайла, шық, кет, таны, тоқта, есті, түс, көн, панала, дүрілде. 2 )Мына етістіктерге ортақ етіс жұрнағын жалғаңыз, қарамен берілген сөздерге сөйлем құраңыз, морфологиялық талдау жасаңыз. Сөйле, бөл, ал, айт, біл, сұра, байла, арала, ойла, сана, бақ, сүрт, сыбырла, біт, қой, қабатта, жібер қалдыр.

11 слайд

 3 -тапсырма. Мәтіннен етістерді тауып, оларды түріне қарай ажыратып, морфологиялық талдау жасаңыз. 1 .Арманға бізді же

#12 слайд
 3 -тапсырма. Мәтіннен етістерді тауып, оларды түріне қарай ажыратып, морфологиялық талдау жасаңыз. 1 .Арманға бізді жеткізіп, Қайғыны ойдан кеткізіп, Мәңгі жарық алтын күн, Туғызған бізге бұл заман. Сүйсіндірді, күлдірді Ортама келді ырыс-құт. (Жамбыл) 2 .Оларға: - Жоғары білім алыңдар да, туған ауылдарыңды көркейтуге ат салысыңдар, - деді. (К.Е) 3 .Достар ол күні Ертіс бойына барды, қаланы аралады, кешке жақын қош айтысты (О.Б). 4 .Теңізге теңбіл аспан төңкеріліп , Толқында жұлдыз жүзіп жөңкеріліп, Керілген кең Каспийдің жарын кернеп, Көпірген күміс көбік көмкеріліп. 5 .Зейнептің апасына басқа да ауыл әйелдері көңіл айтуға түсті. 6 .Ғ.Мүсірепов ең алғаш 1928жылы газетте жарияланған «Тулаған толқында » повесімен көрінді (Қ.Ә).

12 слайд

4- тапсырма.Семантикалық кесте Сөйлемдерө зд ік е тіс ө зге л ік е тіс ы р ы қ сы з е тіс о р та қ е тіс 1 Қамар Ахметк

#13 слайд
4- тапсырма.Семантикалық кесте Сөйлемдерө зд ік е тіс ө зге л ік е тіс ы р ы қ сы з е тіс о р та қ е тіс 1 Қамар Ахметке күдер үзерліктей етіп хат жазды. (С.Т) 2 3 Алуан-алуан ойлар, кесек-кесек ұшқыр сөздер айтылды. Ел билігін тілге тиек еткен нелер әшекейлі толғаулар ортаға салынды (І.Е). 4 Әсіресе, солар осындай реті келіп тұрғанда алыстырып, тартыстырып, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында тоздырып өш алып қалғысы келген еді. (С.Т). 5 6 Бұлар құда болып, мал бергенде Әжібай бесте, Жәмила он бірде.(С.Т.) Менің қасымда байқамаған болып, басқа жолдастарымен әңгімелесіп кетеді(С.Т).

13 слайд

 Бе кіту. Тест сұрақтары беріледі.  1. Іс-қимыл мен оны орындаушы арасындағы қатынасты білдіретін етістіктің категориясын та

#14 слайд
 Бе кіту. Тест сұрақтары беріледі.  1. Іс-қимыл мен оны орындаушы арасындағы қатынасты білдіретін етістіктің категориясын тап?  А) Етіс категориясы  В) Шақ категорияы  С) Рай категориясы  Д) Жақ категориясы  2.Қай қосымша іс-әрекетті бірнеше адам бірігіп орындағанын білдіреді?  А) –ын  В) –тір  С) –ыс  Д)-ыл  3.Ырықсыз етісті тап.  А) оқыт  В) ілінді  С) теріс  Д) қойдырды  4. Қай етіс түрі іс-қимылдың үшінші біреу тарапынан орындалатынын білдіреді.  А) Ортақ етіс  В) Өздік етіс  С) Өзгелік етіс  Д) Ырықсыз етіс  5. Өзгелік етіс тіркесті тап.  А) олар келісті  В) ән айтты  С) хабарын айтар  Д) Оған айтқыз

14 слайд

Үйге тапсырма. 1.Етіс, оның түрлері тақырыбын оқу, конспект жазу. 2.Көркем шығармадан етіс түрлеріне 16 сөйлем алып,

#15 слайд
Үйге тапсырма. 1.Етіс, оның түрлері тақырыбын оқу, конспект жазу. 2.Көркем шығармадан етіс түрлеріне 16 сөйлем алып, семантикалық кесте құру. https://kitap.ks/audio-book осы сілтемеден алсаңыз болады . 3 .“Болашақ біздің қолымызда”тақырыбында етіс түрлерін қатыстырып шағын мәтін құрыңыз, мәтінге морфологиялық талдау жасаңыз.

15 слайд

 Пайдаланатын әдебиеттер.  1.С.М. Исаев Қазақ тілі, А-2007, 82-83 -бет  2. Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева,Б.Шалабаев Практикалы

#16 слайд
 Пайдаланатын әдебиеттер.  1.С.М. Исаев Қазақ тілі, А-2007, 82-83 -бет  2. Н.Оралбаева, Т.Әбдіғалиева,Б.Шалабаев Практикалық қазақ тілі, А-1993, 132-133- бет  3. Н.Оразахынова Практикалық қазақ тілі А -2002 ж.  4. Н.Оразахынова Сатылай кешенді талдау А -2002 ж.  5. Ж.К. Отарбекова, Б.Нұржанова, П.Байтимбетова Нормативті қазақ тілі, А-2015,  6 . К.Жүнісбекова, Ф.Оразбаева, Ә.Ахметов Қазіргі қазақ тіліне арналған жаттығулар, А-1998,  7 .Ш.К.Бектұров Қазақ тілі, А-2006, 122-125- б ет

16 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒ А РАХМЕТ!

#17 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒ А РАХМЕТ!

17 слайд

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒ А РАХМЕТ!

Файл форматы:
pptx
29.04.2020
4007
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі