1 слайд
Етістіктің шақтары.
Осы шақ, оның түрлері
Жоспар:
1.Етістіктің шақтары туралы түсінік.
2.Осы шақ, оның түрлері, жасалу
жолдары.
2 слайд
Жоспар:
1. Етістіктің шақтары туралы түсінік.
2. Осы шақ, оның түрлері.
3 слайд
Етістіктің кимыл, іс-әрекетті білдіретіндігі
белгілі, ал іс-әрекеттің, қимылдың орындалу,
жүзеге асу мезгілі, уақыты болады. Қимылдың
өту кезеңі сөйлеушінің хабарлау кезімен немесе
сөйлеп тұрған сәтпен айқындалады. Сөйлеп
тұрған сәтке байланысты қимылдың ету мезгілін
білдіру етістіктің шағы деп аталады. Шақ, кез,
сәт, уақыт, мерзім сөздері — мезгілдін
синонимдері.
4 слайд
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдын мезгілі,
шақтық мағынасы мынадай болуы мүмкін: 1) үнемі
қайталанатын, дағдыға айналған іс-қимыл, сөйлеп тұрған
кезде болып жатқан қимыл, іс-әрекет; 2) сөйлеп тұрған
сәттен бұрын болып кеткен кимыл, іс-әрекет; 3) сөйлеп
тұрған кезде әлі болмаған, бірақ кейін әйтеуір болуға
тиісті қимыл, іс-әрекеттер. Мысалы: Өнер-білім бар
жұрттар тастан сарай салғызды (Ы. А.). Жазғытұры
қалмайды қыстың сызы, Масатыдай құлпырар жердің
жүзі (А.). Енді бүгін қарасам , Айналам бақыт кең
жатыр . Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр
(Ж. Ж.).
5 слайд
Бұл сөйлемдердегі салғызды, қалмайды, құлпырар, жатыр
етістіктері мезгіл (шақ) мағынасын білдіруі жағынан бірдей
емес. Салғызды, деген салғызу кимылының сөйлеп тұрған
сәттен бұрын болып кеткенін білдірсе, қалмайды, құлпырар
етістіктері қалмау, құлпыру қимылдарының әлі болмағанын,
сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын, ал жатыр етістігі бұл
қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып отырғанын білдіріп тұр.
Бірақ мезгіл мағынасы бар сөздің бәрі бірдей шақ мәнін білдіре
бермейді. Мысалы, кеше, бүгін, ертең, биыл сияқты сөздер
мезгілдік мән білдірсе де, олардың шақтық қасиеті жоқ. Өйткені
бұл сөздерде шақтық мағынаны білдіріп тұратын грамматикалық
тұлға жоқ. Демек, шақтык мағына сөздің жалпы мағынасынан
ғана көрінбейді, ол мағынаны білдіретін арнайы грамматикалық
тұлға болу керек. Сондай-ақ ондай сөздердің мезгілдік мәні
шақтық жағынан кейде айқын да бола бермейді.
6 слайд
Мысалы, бүгін, биыл деген сөздер сөйлеп тұрған кездегі
мезгілді білдіретін сияқты. Егер бүгін, биыл, отыр десек,
мезгілдік мағына — сөйлеп тұрған сәтті білдіреді. Ал бүгін, биыл
отырған (отырыпты) дегеңде өткен мезгілді, бүгін, биыл,
отырар (отырмақ) болса, әлі болмаған мезгілді білдіреді. Міне,
осыдан анық көрінетіндей, шақтық мағына жекелеген мезгілдік
мәндегі сөздер арқылы емес, етістіктің грамматикалық тұлғасы
арқылы беріледі.
Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалары мен етістік
түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті және -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек
жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Шақтық мағына
осы тұлғалар арқылы дара етістікте де (кел-іп-ті, кел-ер), күрделі
етістікте де (келіп отыр, келіп кет-кен, келіп кет-пек) беріліп
отырады.
7 слайд
Сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың болу мезгілі
үш түрлі. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі де үшеу. Сөйлеп
тұрган сәтке байланысты яғни сол сәтте болып жатқан
қимылды осы шақ , әлі болмаған, бірақ кейін болатын
қимылды келер шақ , сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып
өткен қимылды өткен шақ білдіреді.
Шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп
келеді де, сол аркылы жақтық мағына берілді. Жіктік жалғау
шақ көрсеткіштерінен (есімше, көсемше және арнайы шақ
жұрнақтарына) кейін жалғанады: оқы-ған-мын, оқы-р-сың,
бар-ып-ты, бар-ды-м, бар-мақ-сың т. б.
Күрделі етістікте жіктік жалғау оның құрамындағы көмекші
етістікке жалғанады: сөйлеп отыр-ған-сың, сөйлеп отыр-ар-
мын.
8 слайд
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:
1)сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді. 2) Әрдайым
болып тұрған кездегі дағдылы іс-әрекетті көрсетеді.
Сабақ болып жүр. Нұрлан хат жазып отыр. Мал өрісте
жатыр . Осы сөйлемдегі болып жүр, жазып отыр, жатыр
етістіктері — сөйлеп тұрған сәттегі қимылдар.
Сабақ болады. Нұрлап хат жазып тұрады. Мал өрісте
жатады . Бұл сөйлемдердегі болады, жазып тұрады,
жатады етістіктері — қалыптасқан, дағдыға айналған іс-
әрекеттер. Міне осылай, етістіктің осы шағы істің дағдылы
түрде қайталанып тұратынын және сөйлеп тұрған кезде
істеліп жатқанын білдіреді. Осы шақ мағынасы мен түрлеріне
қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екі
түрге бөлінеді.
9 слайд
Нақ осы шақ
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған
сәтте істеліп, болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ
етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып
екіге бөлінеді.
а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр,
жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл
төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып
етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше
жіктеледі.
Қалып етістіктерінің жіктелу үлгісі.
10 слайд
Жақ отыр тұрмын жүр жатыр
I.
II.
III. отырмын
отырсың
отырсыз
отыр — тұрмын
тұрсың
тұрсыз
тұр — жүрмін
жүрсің
жүрсіз
жүр — жатырмын
жатырсың
жатырсыз
жатыр —
I.
II.
III. отырмыз
отырсыңдар
отырсыздар
отыр тұрмыз
тұрсыңдар
тұрсыздар
тұр жүрміз
жүрсіңдер
жүрсіздер
жүр жатырмыз
жатырсыңдар
жатырсыздар
жатыр
11 слайд
Отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктері III жақта
жіктік жалғауынсыз жұмсалады. Бұнда да есімдер (мысалы,
зат есім, сын есім, сан есім) сияқты III жақта жіктік
жалғауы болмайды. Қалып етістіктерінің үшеуі (отыр, тұр,
жүр) екі түрлі мағынада жұмсалады: 1) 2-жақ жіктеу
есімдігімен (сен) тіркесіп, II жақ бұйрық мағынасын
білдіреді: сен отыр, сен тұр, сен жүр : 2) 3-жақ жіктеу
есімдігімен тіркесіп, III жақта жұмсалып, осы шақ
мағынасын білдіреді: ол отыр, ол тұр, ол жүр . Ал жатыр
етістікті II жақ бұйрық рай мағынасында жат (сен жат)
түрінде 3-жақта жіктелгенде, жатыр (ол жатыр) түрінде
қолданылады.
12 слайд
ә) Нақ осы шақтың күрделі етістіктің -ып, -іп, -п
және -а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр,
жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші
етістік мәнінде тіркесінен жасалады.
Бұл нақ осы шақ күрделі етістіктен
жасалатындықтан да оның күрделі түрі деп
танылады. Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші
етістіктердің (отыр, тұр, жүр, жатыр) жіктелуі
арқылы шақтық мағына беріледі. Мысалы: Мен
оқып отырмын. Сен ойнап жүрсің. Оқушы кітап
оқып тұр.
Күрделі нақ осы шақтың жіктелу үлгісі.
13 слайд
Жақ жекеше көпше
1.
2.
3. оқып отырмын
оқып отырсың
оқып отырсыз
оқып отыр- оқып отырмыз
оқып отырсыңдар
оқып отырсыздар
оқып отыр
14 слайд
Ауыспалы осы шақ
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы
қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ
-а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы
жасалады. Мысалы: Мен келе-мін, Сен ойна-й-сың.
Ол бар-а-ды. Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни
көсемше түрінің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі
мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды
білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, еңді бірде келер
шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың
бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады
15 слайд
Жақ жекеше көпше
І.
ІІ.
ІІІ. айтамын, келемін,
сөйлеймін
айтасың, келесің,
сөйлейсің
айтасыз, келесіз, сөйлейсіз
айтады, келеді, сөйлейді айтамыз, келеміз, сөйлесеміз
айтасыңдар, келесіңдер,
сөйлейсіңдер
айтасыздар, келесіздер,
сөйлейсіздер
айтады, келеді, сөйлейді. Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу
үлгісі
16 слайд
207-жатты ғу . Осы шақтағы етістікті тауып, оны осы
шақтың қай түрі екенін табыңыз, одан кейін тұрған жіктік
жалғауын бөліңіздер. Морфологиялық талдау жасаңыз.
Сонау ақ үйлердің бірінен екі адам шығып, бері қарай
келеді. – Денесі жылып, маужырап барады. – Жоқ, осы үйде
Тоғжанның өзі отыр. Оны да ойламайсың. Кімді жатырқап,
қайда тартып барасың. Ойы екі жаққа жүгіреді. Аспанда
бозторғай шырылдайды. Дала да осы шабан қимылға ұқсап
жатыр. Өзің білесің, біз момақан шаруамыз. Үш күн әңгіме
етіп, жақсылардың аузынан шыққан лебізін жұртқа жайып
жүреміз. Балаларым өсіп, адам болып келеді.
17 слайд
208-жатты ғу. Төмендегі текстен: а) осы шақтағы етістікті тауып, оның
қалай жасалғанын түсіндіріңіздер, жіктік жалғауын бөліп жазыңыздар.
ә) Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті тауып, оның шақ, жақ
көрсеткішін бөліп көрсетіңіздер. Морфологиялық талдау жасаңыз.
Қайда кетіп барады. Көктемнің зәрсіз желінен ауа дірілдеп тұр. Алдында
ызғар шашып темірдей қарыған жат кеңістік жатыр. Сол есеппен ол бүгін тағы
да кешегі ойтамағын беріп жатыр. Алда Абылғазы бастап жортып келеді. Абай
айтып отырған жоқ. Баймағамбет сөйлеп отыр. Бұл екі адамның қажы екеуін де
жақсы көреді. Олардың ақылдылығына, білімділігіне піріндей сенеді.
Әлсіз қоңырқай әуле қараңғыны кеулеп кіріп, бірте-бірте әрі қарай ысырып
барады. Бетінде боран ұйтқыған күңгірт, бұлдыр ақ дала қараңғыдан қалқып
шығып келеді. Ахметше одан әдейі арнап сұрамайды, ол өзі айтады. Сонан
кейін...сөйлесеміз. Ерболға сырын айтып келеді. Әмір жаққа көз алмай Үміттей
қарайды. Ынтыға тұрып еңтелейді. Отқа өртенсем де, өкінбеймін.
- Біздің қазақ қойдың жүнінен қап тоқиды оған керек жіпті әйелдер бірнеше
күн иіреді, онан кейін тоқуына өрмек үстінде әлденеше күн уақыты өтеді.
18 слайд
Үйге тапсырма.
1 .Етістіктің шақтары. Осы шақ,
оның түрлері тақырыбын оқып,
конспект жазу.
2 . Көркем шығармадан осы шақ, оның
түрлеріне 10 сөйлем теріп жазып,
морфологиялық талдау жасаңыз.
https://kitap.ks/audio-book осы
сілтемеден алсаңыз болады .
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз