Эволюциялық ілімнің даму тарихы

#1 слайд
ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ
ІЛІМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1 слайд
ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ІЛІМНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
#2 слайд
Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда –
тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура
бағытталған тарихи дамуы. Эволюция терминін алғаш
М.Хейл қолданды (1677). Кейін швейцарлық ғалым
Ш.Бонне (1720 – 93) эмбриологияға арналған еңбектерінде
пайдаланды (1762). Эволюция құбылысы тіршілік
деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден
биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы
мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа
құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді.
2 слайд
Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы. Эволюция терминін алғаш М.Хейл қолданды (1677). Кейін швейцарлық ғалым Ш.Бонне (1720 – 93) эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды (1762). Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді.
#3 слайд
Эволюцияның ең қарапайым деңгейі – мутациялық өзгерістер
болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда
болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта
жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы
Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда
болады. Бұл кезде организмдердің генотипі өзгереді (қ.
Микроэволюция). Мутациялық процесс пен табиғи сұрыпталудан
басқа, эволюцияның қарапайым факторының бірі болып,
популяциядағы дарабас санының өзгеруі мен популяцияның
оқшаулануы, сондай-ақ гетерозиготалардың ыдырауы кезінде
байланыс жиілігінің кездейсоқ бұзылуы жатады. Популяциялардың
эволюциялық қайта құрылымы жаңа түрдің пайда болуына бастама
береді (қ. Түр түзілу). Эволюцияның себебін, қозғаушы күшін,
механизмін және қарқыны мен оның жалпы заңдылықтарын
Эволюциялық биология зерттейді (қ. Эволюциялық ілім). Кейде
Эволюция ұғымына балама ретінде филогенез термині қолданылады.
3 слайд
Эволюцияның ең қарапайым деңгейі – мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады. Бұл кезде организмдердің генотипі өзгереді (қ. Микроэволюция). Мутациялық процесс пен табиғи сұрыпталудан басқа, эволюцияның қарапайым факторының бірі болып, популяциядағы дарабас санының өзгеруі мен популяцияның оқшаулануы, сондай-ақ гетерозиготалардың ыдырауы кезінде байланыс жиілігінің кездейсоқ бұзылуы жатады. Популяциялардың эволюциялық қайта құрылымы жаңа түрдің пайда болуына бастама береді (қ. Түр түзілу). Эволюцияның себебін, қозғаушы күшін, механизмін және қарқыны мен оның жалпы заңдылықтарын Эволюциялық биология зерттейді (қ. Эволюциялық ілім). Кейде Эволюция ұғымына балама ретінде филогенез термині қолданылады.
#4 слайд
Карл ЛИННЕЙ (1707-1778)
Карл Линнейдің негізгі ғылымға сіңірген
еңбегін былай бөлуге болады:
Өзі өмір сүрген кезде өсімдіктер мен
жануарлардың ең жақсы жүйелеуін
құрастырды.
Бұрыннан қолданыстағы терминологияны
жеңілдетті түрді белгілеуге сын есімді,
туысты белгілеуге зат есімді пайдаланып,
қосарланған латын атауын енгізді.
Жүйелеу өлшем бірлігінің ең кішісі ретінде
түр ұғымын анықтады.
Ең алғаш жүйелеуді жасауға түрдің
морфологиялық өлшемін жетілдіріп
қолданды, яғни жүйелеудегі орнын сыртқы
ұқсастығымен пайымдады.
Адамды адамтәріздес маймылдарға жатқызды.
Жүйелеудің бес бірдей бағыныңқы санатын
(класс,қатар,туыс,түр, түрше) енгізді.
Өсімдіктер мен жануарлардың өте көп
түрлерін өзі сипаттап жазды.
4 слайд
Карл ЛИННЕЙ (1707-1778) Карл Линнейдің негізгі ғылымға сіңірген еңбегін былай бөлуге болады: Өзі өмір сүрген кезде өсімдіктер мен жануарлардың ең жақсы жүйелеуін құрастырды. Бұрыннан қолданыстағы терминологияны жеңілдетті түрді белгілеуге сын есімді, туысты белгілеуге зат есімді пайдаланып, қосарланған латын атауын енгізді. Жүйелеу өлшем бірлігінің ең кішісі ретінде түр ұғымын анықтады. Ең алғаш жүйелеуді жасауға түрдің морфологиялық өлшемін жетілдіріп қолданды, яғни жүйелеудегі орнын сыртқы ұқсастығымен пайымдады. Адамды адамтәріздес маймылдарға жатқызды. Жүйелеудің бес бірдей бағыныңқы санатын (класс,қатар,туыс,түр, түрше) енгізді. Өсімдіктер мен жануарлардың өте көп түрлерін өзі сипаттап жазды.
#5 слайд
Дінге қатты сенетін адам ретінде Карл Линней адамның
маймылға туыстығын мақұлдамады, алайда оларды
салыстыра келіп бір отрядқа жатқызды.
5 слайд
Дінге қатты сенетін адам ретінде Карл Линней адамның маймылға туыстығын мақұлдамады, алайда оларды салыстыра келіп бір отрядқа жатқызды.
#6 слайд
6 слайд
#7 слайд
Жан Батист Ламарк (1744-1829)
Ламарктың биология ғылымының дамуында
еңбегі орасан зор. Оның негізгі гылыми
жетістіктері мынадай:
Линнейдің, әсіресе омыртқасыз жануарлар
саласында жүйелеуін жетілдірді.
Тірі ағзалардын, күрделенуін дәлелдей отырып,
салыстырмалы-анатомиялық әдісті ойдағыдай
қолданды.
Алғашқы эволюциялық теорияны баяндай
отырып, тірі табиғаттың қарапайымнан күрделіге
қарай эволюциясын дәлелдеді.
Тірі ағзалардың табиғи жағдайларға
бейімделгіштік жағына өзгеруін анықтайтын
негізгі күші ретінде қоршаған ортаның рөлін
алғаш негіздеді.
5.«Биология» терминін енгізді.
Ламарк теориясының мынадай кемшіліктпері бар:
Эволюция себептерін «тірліктің жетілуге ұмтылуы» деп қате түсіндірді.
Жаттығу барысында алынған белгілер тұқым қуалайды деп теріс шамалады.
7 слайд
Жан Батист Ламарк (1744-1829) Ламарктың биология ғылымының дамуында еңбегі орасан зор. Оның негізгі гылыми жетістіктері мынадай: Линнейдің, әсіресе омыртқасыз жануарлар саласында жүйелеуін жетілдірді. Тірі ағзалардын, күрделенуін дәлелдей отырып, салыстырмалы-анатомиялық әдісті ойдағыдай қолданды. Алғашқы эволюциялық теорияны баяндай отырып, тірі табиғаттың қарапайымнан күрделіге қарай эволюциясын дәлелдеді. Тірі ағзалардың табиғи жағдайларға бейімделгіштік жағына өзгеруін анықтайтын негізгі күші ретінде қоршаған ортаның рөлін алғаш негіздеді. 5.«Биология» терминін енгізді. Ламарк теориясының мынадай кемшіліктпері бар: Эволюция себептерін «тірліктің жетілуге ұмтылуы» деп қате түсіндірді. Жаттығу барысында алынған белгілер тұқым қуалайды деп теріс шамалады.
#8 слайд
Ж.Б.Ламарктың пікірі бойынша жасалған
сызбанұсқа
Мойны қысқа жайлаңдар
жапыраққа жетуге ұмтылып,
мойнын созып жаттықты.
Ең ынталы
жайлаңдардың
баласы ұзын
мойынды болып туды.
Жайлаңдар пайдалы нәтижелерін
жаттығу және ұрпақтарына
табыстыру нәтижесінде осы
заманғы түрге жетті.
8 слайд
Ж.Б.Ламарктың пікірі бойынша жасалған сызбанұсқа Мойны қысқа жайлаңдар жапыраққа жетуге ұмтылып, мойнын созып жаттықты. Ең ынталы жайлаңдардың баласы ұзын мойынды болып туды. Жайлаңдар пайдалы нәтижелерін жаттығу және ұрпақтарына табыстыру нәтижесінде осы заманғы түрге жетті.
#9 слайд
Ж.Б.Ламарк жасаған теория
трансформизм идеясының шыңы
болып табылады.
Ол бүкіл тіршіліктің біртіндеп өзгеруі
туралы түсінікке негіз болып, ғылыми
баянды етті.
Жылқылар 56 жыл
бойына жетілді.
Олардың дене
мөлшері біртіндеп
үлкейіп, осы
заманғы
келбетке келді.
Соңғы 2 млн жылда
олар онша өзгерген
жоқ.
9 слайд
Ж.Б.Ламарк жасаған теория трансформизм идеясының шыңы болып табылады. Ол бүкіл тіршіліктің біртіндеп өзгеруі туралы түсінікке негіз болып, ғылыми баянды етті. Жылқылар 56 жыл бойына жетілді. Олардың дене мөлшері біртіндеп үлкейіп, осы заманғы келбетке келді. Соңғы 2 млн жылда олар онша өзгерген жоқ.
#10 слайд
Чарлз Дарвин ілімі
Дарвин 1831 жылы табиғат зерттеушісі ретінде“Бигль” кемесімен жер
шарын айналған саяхатқа кетті. Бес жылға созылған бұл саяхат кезінде
жиналған материалдарын Дарвин өмір бойы өңдеді.
10 слайд
Чарлз Дарвин ілімі Дарвин 1831 жылы табиғат зерттеушісі ретінде“Бигль” кемесімен жер шарын айналған саяхатқа кетті. Бес жылға созылған бұл саяхат кезінде жиналған материалдарын Дарвин өмір бойы өңдеді.
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
Қолдан сұрыптау нәтижелері
Чарлз Дарвин ілімінің дүниеге келуінің қоғамдық-саяси алғышарттарына XIX
ғасырдағы Англия экономикасының жылдам дамуы жатады. Сол кезде Англия
өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістердің деңгейі бойынша дүние
жүзінде көшбасшы ел болды. Капиталистік өзара қатынас пен нарыктық
экономика қолдан сұрыптаудың дамуын мәжбүр етті. Қыска мерзімде (бірнеше
жылдан бірнеше ондаған жылдар ішінде) қажетті өсімдік іріктемелері мен
жануарлар қолтұқымдары шығарылды
12 слайд
Қолдан сұрыптау нәтижелері Чарлз Дарвин ілімінің дүниеге келуінің қоғамдық-саяси алғышарттарына XIX ғасырдағы Англия экономикасының жылдам дамуы жатады. Сол кезде Англия өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістердің деңгейі бойынша дүние жүзінде көшбасшы ел болды. Капиталистік өзара қатынас пен нарыктық экономика қолдан сұрыптаудың дамуын мәжбүр етті. Қыска мерзімде (бірнеше жылдан бірнеше ондаған жылдар ішінде) қажетті өсімдік іріктемелері мен жануарлар қолтұқымдары шығарылды
#13 слайд
Пайдаланылған сайттар
referatikz.ru›
stud.kz›referat/show/66169
infourok.ru›evolyuciyali-ideyalardi-damu-tarihi-…
13 слайд
Пайдаланылған сайттар referatikz.ru› stud.kz›referat/show/66169 infourok.ru›evolyuciyali-ideyalardi-damu-tarihi-…
#14 слайд
14 слайд
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген