Ғаламның пайда болуы 5 сынып қазақ тілі

#1 слайд
қазақ тілі
8-сынып
4-бөлім
Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис
Сабақтың тақырыбы:
Ғаламның пайда болуы
1 слайд
қазақ тілі 8-сынып 4-бөлім Ғарышты игеру жетістіктері. Синтаксис Сабақтың тақырыбы: Ғаламның пайда болуы
#2 слайд
Сабақтың мақсаты:
Мәтіннен алынған дәйексөздерге үзінділерге сүйене
отырып, көтерілетін мәселені болжау.
Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін
қолданылған тілдік құралдар арқылы тану .
2 слайд
Сабақтың мақсаты: Мәтіннен алынған дәйексөздерге үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау. Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану .
#3 слайд
Бағалау критерийлері:
Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып,
көтерілген мәселені болжайды;
Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін
қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды;
Жай және күрделі сөз тіркестерін қолданып, ереже бойынша
дәлелдейді.
3 слайд
Бағалау критерийлері: Мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілген мәселені болжайды; Публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды; Жай және күрделі сөз тіркестерін қолданып, ереже бойынша дәлелдейді.
#4 слайд
Ғалам осыдан 10-20 миллиард жыл бұрын ғарыштық жарылыс
нәтижесінде пайда болған. Бұл ғарыштық жарылысты Үлкен жарылыс деп
атап кеткен. Осы жарылысқа дейін барлық материя газдардан құралған қою
бұлт құрамында болды. Жарылыс нәтижесінде бұл материялар шашылып,
өздігінен дами бастады. Осы жарылыс нәтижесінде протон, нейтрон және
электрон секілді көптеген бөлшектер қалыптасты. Уақыт өте келе бұл
бөлшектер әр түрлі газдардың атомдарын құрап, кейін әр түрлі газ атомдары
шаң және басқа бөлшектермен бірігіп жұлдыздарды құрады. КІРІСПЕ
4 слайд
Ғалам осыдан 10-20 миллиард жыл бұрын ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болған. Бұл ғарыштық жарылысты Үлкен жарылыс деп атап кеткен. Осы жарылысқа дейін барлық материя газдардан құралған қою бұлт құрамында болды. Жарылыс нәтижесінде бұл материялар шашылып, өздігінен дами бастады. Осы жарылыс нәтижесінде протон, нейтрон және электрон секілді көптеген бөлшектер қалыптасты. Уақыт өте келе бұл бөлшектер әр түрлі газдардың атомдарын құрап, кейін әр түрлі газ атомдары шаң және басқа бөлшектермен бірігіп жұлдыздарды құрады. КІРІСПЕ
#5 слайд
Аспан шоқжұлдыздар деп аталатын 88 түрлі бөлікке бөлінген. Адамзат баласы
оларды ерте заманнан біліп, ғасырлар бойы қолданып келеді.
Шоқжұлдыздар – Жетіқарақшы секілді жұлдыздар жиыны. Шоқжұлдыздар Жер
бетінде бағыт табу үшін қолданылады. Поляр жұлдызы тура Солтүстік полюстің
үстінде орналасқан. Қазіргі астрономия "шоқжұлдыз" ұғымын ғарыштың жиынды
аймақтарын сипаттау үшін қолданады. Адам дүниеге келген сәтте күннің қай
шоқжұлдызда орналасуы оның қай зодиак белгісіне қатысты екені байланысты,
олардың әр қайсысы өз мінездемесіне ие. Белгінің сипатын «пешенеге жазылған» деп
тануға болмайды: ол көптеген факторларға байланысты, олар уақыт, дата, адам туған
жерінің географиялық орналасуы. Егер жұлдызнама барлық көрсеткіштерді ескере
отырып, кәсіби маманмен құрастырылса, онда адам жеке тұлға ретінде қалыптасуына
Күннің әсері туралы түсінікті алуға болады.
5 слайд
Аспан шоқжұлдыздар деп аталатын 88 түрлі бөлікке бөлінген. Адамзат баласы оларды ерте заманнан біліп, ғасырлар бойы қолданып келеді. Шоқжұлдыздар – Жетіқарақшы секілді жұлдыздар жиыны. Шоқжұлдыздар Жер бетінде бағыт табу үшін қолданылады. Поляр жұлдызы тура Солтүстік полюстің үстінде орналасқан. Қазіргі астрономия "шоқжұлдыз" ұғымын ғарыштың жиынды аймақтарын сипаттау үшін қолданады. Адам дүниеге келген сәтте күннің қай шоқжұлдызда орналасуы оның қай зодиак белгісіне қатысты екені байланысты, олардың әр қайсысы өз мінездемесіне ие. Белгінің сипатын «пешенеге жазылған» деп тануға болмайды: ол көптеген факторларға байланысты, олар уақыт, дата, адам туған жерінің географиялық орналасуы. Егер жұлдызнама барлық көрсеткіштерді ескере отырып, кәсіби маманмен құрастырылса, онда адам жеке тұлға ретінде қалыптасуына Күннің әсері туралы түсінікті алуға болады.
#6 слайд
1-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап бер:
1. Ғалам дегенді қалай түсінесің?
2. Жұлдыздар жайлы не білесің?
3. Ғарыш туралы не айтар едің?
6 слайд
1-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап бер: 1. Ғалам дегенді қалай түсінесің? 2. Жұлдыздар жайлы не білесің? 3. Ғарыш туралы не айтар едің?
#7 слайд
Ықтимал жауап
1. Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын,
кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние.
2. Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз
гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда түзілген. Шаң-тозаң
центрге қарай тартыла бастағанда, ол кинетикалық энергияға (қозғалыс
энергиясы) ие болады.
3. Ғарыш - бұл тұтастай әлем, әлемдік тәртіп, хаосқа қарсы реттелген
Әлем.
7 слайд
Ықтимал жауап 1. Ғалам – алуан түрлі формада болатын әрі ұдайы өзгеріп отыратын, кеңістік пен уақыт бойынша шеті де, шегі де жоқ бүкіл дүние. 2. Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда түзілген. Шаң-тозаң центрге қарай тартыла бастағанда, ол кинетикалық энергияға (қозғалыс энергиясы) ие болады. 3. Ғарыш - бұл тұтастай әлем, әлемдік тәртіп, хаосқа қарсы реттелген Әлем.
#8 слайд
Тілдік бағдар:
Толық мағыналы,кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан
тобы сөз тіркесі деп аталады. Мысалы: жібек жіп,қысқа айтты,кітап оқыды,досымның
күшігі.
Сөз тіркесінің негізгі белгілері:
сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;
толық мағыналы,кем дегенде екі сөзден тұрады;
белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;
қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.
Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі
және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді.
Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуғы болады. Мысалы: көрікті
деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам,көрікті қыз,көрікті
табиғат т.б
Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1 ) жай тіркес; 2) күрделі тіркес .
Жай тіркестің құрамы екі сөзден ғана құралады . Күрделі тіркес үш немесе одан да көп
сөзден құралады.
Жай тіркес
Үйде қалды,әдемі қыз,гүлді
суғару,үйдің есігі,қызыл
түлкі,орындалған арман,ақ көйлек Күрделі тіркес
Телефон арқылы сөйлестім,көпір
арқылы өтті,жиырма екі үй,кешке
қарай келді
8 слайд
Тілдік бағдар: Толық мағыналы,кемінде екі сөздің тұлғалық және мағыналық жағынан байланысқан тобы сөз тіркесі деп аталады. Мысалы: жібек жіп,қысқа айтты,кітап оқыды,досымның күшігі. Сөз тіркесінің негізгі белгілері: сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады; толық мағыналы,кем дегенде екі сөзден тұрады; белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады; қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді. Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуғы болады. Мысалы: көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам,көрікті қыз,көрікті табиғат т.б Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі: 1 ) жай тіркес; 2) күрделі тіркес . Жай тіркестің құрамы екі сөзден ғана құралады . Күрделі тіркес үш немесе одан да көп сөзден құралады. Жай тіркес Үйде қалды,әдемі қыз,гүлді суғару,үйдің есігі,қызыл түлкі,орындалған арман,ақ көйлек Күрделі тіркес Телефон арқылы сөйлестім,көпір арқылы өтті,жиырма екі үй,кешке қарай келді
#9 слайд
Публицистика ( латынша: көпшілік,әлеумет) –қоғам өмірі үшін
маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған
шығармалардың негізінде қалыптасады.
Ғылыми стиль –зат не құбылыс ғылыми негізінде
сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі.
Ал,пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге
нақтылық,логикалық,мазмұн дәлдігі қажет.
9 слайд
Публицистика ( латынша: көпшілік,әлеумет) –қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Ғылыми стиль –зат не құбылыс ғылыми негізінде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал,пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық,логикалық,мазмұн дәлдігі қажет.
#10 слайд
2- тапсырма. Кішігірім тақырыптарды пайдалана отырып, тақырыпты ашу.
1-тақырып: Күн жүйесі
2-тақырып: Ғарышкерлер
3-тақырып: Құс жолы
4-тақырып: Шоқжұлдыздар
Дескриптор:
1. Көтерілетін мәселені болжайды.
2. Мәтіндердің стилін ажыратады.
10 слайд
2- тапсырма. Кішігірім тақырыптарды пайдалана отырып, тақырыпты ашу. 1-тақырып: Күн жүйесі 2-тақырып: Ғарышкерлер 3-тақырып: Құс жолы 4-тақырып: Шоқжұлдыздар Дескриптор: 1. Көтерілетін мәселені болжайды. 2. Мәтіндердің стилін ажыратады.
#11 слайд
Ықтимал жауап
Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий,
Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун ), планета
серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан тұрады.
Ғарышкер -ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны
пайдаланатын адам.
Құс жолы -құрамында Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты
спиральді галактика.
Шоқжұлдыздар -Жетіқарақшы секілді жұлдыздар жиыны.Шоқжұлдыздар Жер
бетінде бағыт табу үшін қолданылады.
Стиль түрі: Ғылыми стиль.
11 слайд
Ықтимал жауап Күн жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан тұрады. Ғарышкер -ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Құс жолы -құрамында Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Шоқжұлдыздар -Жетіқарақшы секілді жұлдыздар жиыны.Шоқжұлдыздар Жер бетінде бағыт табу үшін қолданылады. Стиль түрі: Ғылыми стиль.
#12 слайд
3-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тауып жаз. Сөз тіркестерін тап.
1.Бір тілім болып туады,
Күннен-күнге толады,
Дөп-дөңгелек болады.
2.Көкжиекті көмкеріп,
Шатыр жайдым кең керіп.
3.Үй үстінде ұсақ тас,
Алайын десем, табылмас.
4.Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем.
Дескриптор:
1.Жұмбақтардың шешуін табады.
2.Сөз тіркестірін теріп жазады.
12 слайд
3-тапсырма. Жұмбақтардың шешуін тауып жаз. Сөз тіркестерін тап. 1.Бір тілім болып туады, Күннен-күнге толады, Дөп-дөңгелек болады. 2.Көкжиекті көмкеріп, Шатыр жайдым кең керіп. 3.Үй үстінде ұсақ тас, Алайын десем, табылмас. 4.Бір түкті кілем, Бір түксіз кілем. Дескриптор: 1.Жұмбақтардың шешуін табады. 2.Сөз тіркестірін теріп жазады.
#13 слайд
3 -тапсырма. Жауабыңызды салыстырыңыз.
1. Бір тілім болып туады,
Күннен-күнге толады,
Дөп-дөңгелек болады. (Ай)
2. Көкжиекті көмкеріп,
Шатыр жайдым кең керіп. ( Аспан )
3. Үй үстінде ұсақ тас,
Алайын десем, табылмас. (Жұлдыз)
4. Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем. (Аспан, жер)
Сөз тіркестері: жарық ай,ашық аспан,жарық жұлдыз,дөңгелек жер.
13 слайд
3 -тапсырма. Жауабыңызды салыстырыңыз. 1. Бір тілім болып туады, Күннен-күнге толады, Дөп-дөңгелек болады. (Ай) 2. Көкжиекті көмкеріп, Шатыр жайдым кең керіп. ( Аспан ) 3. Үй үстінде ұсақ тас, Алайын десем, табылмас. (Жұлдыз) 4. Бір түкті кілем, Бір түксіз кілем. (Аспан, жер) Сөз тіркестері: жарық ай,ашық аспан,жарық жұлдыз,дөңгелек жер.
#14 слайд
Қосымша тапсырма:
4 -тапсырма. «Шоқжұлдыздар және жұлдызнама» тақырыбында мақала немесе жинақы
мәтін жаз. Жай және күрделі сөз тіркестерін қолдан және ереже бойынша дәлелде.
Кері байланыс. «Толған ай» әдісі
Толған ай – түсіндім
Жарты ай – сұрақтарым бар
Туған ай – түсінбедім
14 слайд
Қосымша тапсырма: 4 -тапсырма. «Шоқжұлдыздар және жұлдызнама» тақырыбында мақала немесе жинақы мәтін жаз. Жай және күрделі сөз тіркестерін қолдан және ереже бойынша дәлелде. Кері байланыс. «Толған ай» әдісі Толған ай – түсіндім Жарты ай – сұрақтарым бар Туған ай – түсінбедім
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген