Географиялық ақпаратты қайдан алуға болады

#1 слайд
Географиялық ақпаратты қайдан
табуға болады?
Сабақ мақсаты
Географиялық ақпаратты біледі, таба алады. Нұртаза Жанар Тиыштыққызы
1 слайд
Географиялық ақпаратты қайдан табуға болады? Сабақ мақсаты Географиялық ақпаратты біледі, таба алады. Нұртаза Жанар Тиыштыққызы
#2 слайд
Географиялық зерттеулердің әдістері
•
Адам өмірінде географиялық әдістерді пайдалану
2 слайд
Географиялық зерттеулердің әдістері • Адам өмірінде географиялық әдістерді пайдалану
#3 слайд
Адамзат үнемі қоршаған ортаны танып-
білуге құмар, яғни ол мыңдаған жылдар
бойы жаңа жерлерді (аумақтарды) игерді,
өркениеттерді, мәдениеттерді және т.б.
зерттеді. Осылайша зерттеулер жүргізді.
Өмірде кездесетін кейбір міндеттерді шешу
үшін бізге географиялық мәліметтер аса
қажет болады. Адамдар мәлімет алу үшін
әртүрлі әдістерге жүгінеді. Географиялық
зерттеулер әдісі деп географиялық ақпарат
алудың тәсілін айтады. 4-кестеде
адамдардың түрлі географиялық әдістерді
қолдану үлгілері келтірілген.
3 слайд
Адамзат үнемі қоршаған ортаны танып- білуге құмар, яғни ол мыңдаған жылдар бойы жаңа жерлерді (аумақтарды) игерді, өркениеттерді, мәдениеттерді және т.б. зерттеді. Осылайша зерттеулер жүргізді. Өмірде кездесетін кейбір міндеттерді шешу үшін бізге географиялық мәліметтер аса қажет болады. Адамдар мәлімет алу үшін әртүрлі әдістерге жүгінеді. Географиялық зерттеулер әдісі деп географиялық ақпарат алудың тәсілін айтады. 4-кестеде адамдардың түрлі географиялық әдістерді қолдану үлгілері келтірілген.
#4 слайд
Далалық зерттеулері мен бақылаулар
әдісі
•
Өз көзіңмен көру – ең баға жетпес географиялық мәлімет.
Географиялық нысандарды сипаттау, үлгілерді жинақтау,
құбылыстарды бақылау – осының барлығы зерттеу пәніне қажетті
материалды молынан беретін амал.
•
Далалық зерттеулері мен бақылаулар әдісі
4 слайд
Далалық зерттеулері мен бақылаулар әдісі • Өз көзіңмен көру – ең баға жетпес географиялық мәлімет. Географиялық нысандарды сипаттау, үлгілерді жинақтау, құбылыстарды бақылау – осының барлығы зерттеу пәніне қажетті материалды молынан беретін амал. • Далалық зерттеулері мен бақылаулар әдісі
#5 слайд
Сипаттау әдісі
•
Географияның ең ежелгі әдісі. Жаһангерлер мен зерттеушілер
көзімен көргендерін сипаттайтын болған. Қазіргі кезде сипаттау
әдісі қайта жаңғырып келеді. Бұл елдерді тануға жаңаша
қызығушылықтың артуымен, халықаралық туризмнің дамуымен
түсіндіріледі.
5 слайд
Сипаттау әдісі • Географияның ең ежелгі әдісі. Жаһангерлер мен зерттеушілер көзімен көргендерін сипаттайтын болған. Қазіргі кезде сипаттау әдісі қайта жаңғырып келеді. Бұл елдерді тануға жаңаша қызығушылықтың артуымен, халықаралық туризмнің дамуымен түсіндіріледі.
#6 слайд
Салыстырмалы әдіс
•
Не нәрсені болмасын артық немесе кем, тиімді немесе тиімсіз,
жылдам немесе баяу деген сияқты жүйемен үнемі салыстырып
жатамыз. Салыстыру қандай да бір нысандардың ұқсастығы мен
айырмашылығын барынша толық сипаттауға, бағалауға, сондай-
ақ осы айырмашылықтардың себептерін түсіндіруге мүмкіндік
береді.
6 слайд
Салыстырмалы әдіс • Не нәрсені болмасын артық немесе кем, тиімді немесе тиімсіз, жылдам немесе баяу деген сияқты жүйемен үнемі салыстырып жатамыз. Салыстыру қандай да бір нысандардың ұқсастығы мен айырмашылығын барынша толық сипаттауға, бағалауға, сондай- ақ осы айырмашылықтардың себептерін түсіндіруге мүмкіндік береді.
#7 слайд
Географиялық модельдеу әдісі
•
Географиялық модель құрастыру – географияны зерттеудің
маңызды әдісі. Глобус – барынша қарапайым географиялық
модельдің бірі.
7 слайд
Географиялық модельдеу әдісі • Географиялық модель құрастыру – географияны зерттеудің маңызды әдісі. Глобус – барынша қарапайым географиялық модельдің бірі.
#8 слайд
Қашықтықтан бақылау әдісі
•
Қазіргі заманғы аэро және ғарыштық түсіру – географияны
зерттеу, географиялық карталар құру, шаруашылықты дамыту
және табиғатты қорғау, адамзаттың сан алуан проблемасын
шешудегі таптырмайтын көмекшілер.
8 слайд
Қашықтықтан бақылау әдісі • Қазіргі заманғы аэро және ғарыштық түсіру – географияны зерттеу, географиялық карталар құру, шаруашылықты дамыту және табиғатты қорғау, адамзаттың сан алуан проблемасын шешудегі таптырмайтын көмекшілер.
#9 слайд
Картографиялық әдіс
•
Карта – бірегей ақпарат көзі. Ол нысандардың өзара
орналасуынан, олардың өлшемінен, қандай да бір құбылыстың
таралу шегі және басқа да көптеген мәліметтерден түсінік береді.
9 слайд
Картографиялық әдіс • Карта – бірегей ақпарат көзі. Ол нысандардың өзара орналасуынан, олардың өлшемінен, қандай да бір құбылыстың таралу шегі және басқа да көптеген мәліметтерден түсінік береді.
#10 слайд
Тарихи әдіс
•
Қазіргі заман географиясын тану үшін Жердің даму тарихын,
адамзат тарихын білу қажет. Тарихи әдіс соған жол ашады.
10 слайд
Тарихи әдіс • Қазіргі заман географиясын тану үшін Жердің даму тарихын, адамзат тарихын білу қажет. Тарихи әдіс соған жол ашады.
#11 слайд
Статистикалық әдіс
•
Аумақтың алаңы, биіктігі немесе тереңдігі қандай, табиғи
ресурстар қоры, халқының саны, демографиялық көрсеткіштері,
өндірістің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері және т.
б. статистикалық мәліметтерді пайдаланбай елдер туралы,
халықтар туралы айту мүмкін емес.
11 слайд
Статистикалық әдіс • Аумақтың алаңы, биіктігі немесе тереңдігі қандай, табиғи ресурстар қоры, халқының саны, демографиялық көрсеткіштері, өндірістің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері және т. б. статистикалық мәліметтерді пайдаланбай елдер туралы, халықтар туралы айту мүмкін емес.
#12 слайд
Экономикалық-математикалық әдіс
•
Сандар бар жерде есептеу бар: тұрғындардың тығыздығы, бала
туу, өлім-жітім, халықтың табиғи өсімі, көші-қон сальдосы,
ресурспен қамтамасыз етілуі, жан басына шаққандағы ішкі
жалпы өнім және т. б. есептеу де – бір әдіс.
12 слайд
Экономикалық-математикалық әдіс • Сандар бар жерде есептеу бар: тұрғындардың тығыздығы, бала туу, өлім-жітім, халықтың табиғи өсімі, көші-қон сальдосы, ресурспен қамтамасыз етілуі, жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім және т. б. есептеу де – бір әдіс.
шағым қалдыра аласыз


