Географиялық нысандардың қасиеттерін қалай білуге болады

#1 слайд
Сабақ мақсаты
Географиялық нысандардың қасиеттерін қалай білуге болады?Нұртаза Жанар Тиыштыққызы
Географиялық нысандардың
қасиеттерін қалай білуге болады?
1 слайд
Сабақ мақсаты Географиялық нысандардың қасиеттерін қалай білуге болады?Нұртаза Жанар Тиыштыққызы Географиялық нысандардың қасиеттерін қалай білуге болады?
#2 слайд
Географиялық нысан
•
Географиялық нысан – жердің беткі қабатының белгілі бір
қалыптағы айтарлықтай тұрақты тұтас элементі. Географиялық
нысандар бір-бірінен шартты географиялық шек арқылы бөлініп
ажыратылады. Географиялық нысандардың шығу тегі әртүрлі болуы
мүмкін: табиғи (материктер, мұхиттар, өзен-көлдер, таулар,
шалғындар, ормандар және т.б.) және антропогенді (қала мен ауылдар,
ғимараттар, егістіктер мен саябақтар, зауыт-фабрикалар, көлік
жолдары және т.б.).
•
Қасиеттері – бұл географиялық нысанның өзіне ғана тән белгілері.
Қасиеттер бізге бір нысанды екіншісінен айыруға немесе осындай өзге
нысандармен ұқсастығын анықтауға мүмкіндік береді.
Географиялық нысан анықтамасына қарап-ақ, оның мынадай негізгі
қасиеттері барын анықтауға болады:
•
T ұтастық– нысан элементтерінің ішкі бірлігі, яғни нысан белгілі бір
тәртіппен орналасқан өзара байланысты және өзара тәуелді
элементтерден тұрады.
2 слайд
Географиялық нысан • Географиялық нысан – жердің беткі қабатының белгілі бір қалыптағы айтарлықтай тұрақты тұтас элементі. Географиялық нысандар бір-бірінен шартты географиялық шек арқылы бөлініп ажыратылады. Географиялық нысандардың шығу тегі әртүрлі болуы мүмкін: табиғи (материктер, мұхиттар, өзен-көлдер, таулар, шалғындар, ормандар және т.б.) және антропогенді (қала мен ауылдар, ғимараттар, егістіктер мен саябақтар, зауыт-фабрикалар, көлік жолдары және т.б.). • Қасиеттері – бұл географиялық нысанның өзіне ғана тән белгілері. Қасиеттер бізге бір нысанды екіншісінен айыруға немесе осындай өзге нысандармен ұқсастығын анықтауға мүмкіндік береді. Географиялық нысан анықтамасына қарап-ақ, оның мынадай негізгі қасиеттері барын анықтауға болады: • T ұтастық– нысан элементтерінің ішкі бірлігі, яғни нысан белгілі бір тәртіппен орналасқан өзара байланысты және өзара тәуелді элементтерден тұрады.
#3 слайд
T ұрақтылық
•
T ұрақтылық – сыртқы жағдайдың әсеріне қарамастан географиялық
нысанның ағымдағы жағдайын сақтап қалу қабілеті.
•
Географиялық орналасу – Жер бетіндегі нысанға, осы нысанға
тікелей немесе қосалқы ықпал етуші кез келген нысандарға қатысты
географиялық координаттар жүйесінде өз орнының болуы.
•
Шығу тегі – табиғатта немесе адам қызметі саласында (антропогенді)
туындау.
•
Әрбір нысанның ортақ және айырым қасиеттері болуы мүмкін.
Ортақ қасиеттер нысандарды топтарға біріктіруге көмектеседі.
Айырым қасиеттер бір нысанды екіншісінен ажыратуға көмектеседі.
Барлық орман үшін ортақ қасиет – белгілі бір жерде ағаштардың көп
болуы. Ал ағаштардың түрлері бойынша ормандар бір-бірінен
ерекшеленуі мүмкін. Атап айтқанда, жалпақжапырақты,
қылқанжапырақты және аралас ормандар.
3 слайд
T ұрақтылық • T ұрақтылық – сыртқы жағдайдың әсеріне қарамастан географиялық нысанның ағымдағы жағдайын сақтап қалу қабілеті. • Географиялық орналасу – Жер бетіндегі нысанға, осы нысанға тікелей немесе қосалқы ықпал етуші кез келген нысандарға қатысты географиялық координаттар жүйесінде өз орнының болуы. • Шығу тегі – табиғатта немесе адам қызметі саласында (антропогенді) туындау. • Әрбір нысанның ортақ және айырым қасиеттері болуы мүмкін. Ортақ қасиеттер нысандарды топтарға біріктіруге көмектеседі. Айырым қасиеттер бір нысанды екіншісінен ажыратуға көмектеседі. Барлық орман үшін ортақ қасиет – белгілі бір жерде ағаштардың көп болуы. Ал ағаштардың түрлері бойынша ормандар бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Атап айтқанда, жалпақжапырақты, қылқанжапырақты және аралас ормандар.
#4 слайд
Географиялық нысанның әрбір қасиетін сапалық
әрі сандық тұрғыдан көрсету
•
Географиялық нысанның әрбір қасиетін сапалық әрі сандық тұрғыдан көрсетуге
болады. Жезқазғанның географиялық орналасуын сапалық тұрғыдан, мәселен,
мынадай сөздермен білдіруге болады: «Қала Орталық Қазақстанда орналасқан».
Бұл мәліметті сандық тұрғыдан беру үшін Жезқазғанның координатын –
барынша нақты мекенжайын көрсететін географиялық координаттар жүйесінде
(ендік және бойлық градустарда) айқындалатын жердің беткі қабатындағы
Жезқазғанның орналасуын көрсету керек. Қала координаттары – 47°47’00’’ с.е.,
67°42’00’’ш.б.
Қызылорданың ауа райы туралы да сапалық және сандық тұрғыдан сипаттауға
болады. Мәселен: «Жазда Қызылордада өте ыстық, өйткені температура 40°С-қа
жетеді».
4 слайд
Географиялық нысанның әрбір қасиетін сапалық әрі сандық тұрғыдан көрсету • Географиялық нысанның әрбір қасиетін сапалық әрі сандық тұрғыдан көрсетуге болады. Жезқазғанның географиялық орналасуын сапалық тұрғыдан, мәселен, мынадай сөздермен білдіруге болады: «Қала Орталық Қазақстанда орналасқан». Бұл мәліметті сандық тұрғыдан беру үшін Жезқазғанның координатын – барынша нақты мекенжайын көрсететін географиялық координаттар жүйесінде (ендік және бойлық градустарда) айқындалатын жердің беткі қабатындағы Жезқазғанның орналасуын көрсету керек. Қала координаттары – 47°47’00’’ с.е., 67°42’00’’ш.б. Қызылорданың ауа райы туралы да сапалық және сандық тұрғыдан сипаттауға болады. Мәселен: «Жазда Қызылордада өте ыстық, өйткені температура 40°С-қа жетеді».
#5 слайд
Жоғарыда біз физикалық қасиеттерге қатысты мысалдар
қарастырдық. Географиялық нысандар қасиеттерінің
сапалық және сандық сипаттамалары әлеуметтік, қоғамдық
құбылыстарға да тән. Мысалдар бұл суретте газет (БАҚ)
мәліметі түрінде берілген.
5 слайд
Жоғарыда біз физикалық қасиеттерге қатысты мысалдар қарастырдық. Географиялық нысандар қасиеттерінің сапалық және сандық сипаттамалары әлеуметтік, қоғамдық құбылыстарға да тән. Мысалдар бұл суретте газет (БАҚ) мәліметі түрінде берілген.
#6 слайд
Географиялық нысандардың
өлшем шамасы
•
Географиялық нысандардың әрқайсысында өлшем шамасы
бар. Физикалық шама – географиялық нысан қасиеттерінің бірі. Сапалық
тұрғыдан ол көптеген ұқсас географиялық нысандар үшін ортақ, ал сандық
тұрғыдан олардың әрқайсысы үшін ерекше.
Даралықты сандық тұрғыдан былайша түсінуге болады: қасиет бір нысан
үшін басқасына қарағанда белгілі бір мөлшерге артық немесе кем болуы
мүмкін.
Мәселен, сапалық жағынан көптеген елдер аумағы бойынша үлкен болуы
мүмкін. Үлкен көлем – барлық ірі елдер үшін ортақ қасиет. Үлкен елдер 1
000 000 км² астам аумақты алып жатады. Бірақ олар басқа елдерден үлкен
немесе кіші болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ресей, Канада, Қытай,
АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина сияқты аумағы үлкен
елдер тізімінде тоғызыншы орында тұр. Қазақстанның аумағы – 2 724 902
км², Канада аумағы – 9 984 670 км².
6 слайд
Географиялық нысандардың өлшем шамасы • Географиялық нысандардың әрқайсысында өлшем шамасы бар. Физикалық шама – географиялық нысан қасиеттерінің бірі. Сапалық тұрғыдан ол көптеген ұқсас географиялық нысандар үшін ортақ, ал сандық тұрғыдан олардың әрқайсысы үшін ерекше. Даралықты сандық тұрғыдан былайша түсінуге болады: қасиет бір нысан үшін басқасына қарағанда белгілі бір мөлшерге артық немесе кем болуы мүмкін. Мәселен, сапалық жағынан көптеген елдер аумағы бойынша үлкен болуы мүмкін. Үлкен көлем – барлық ірі елдер үшін ортақ қасиет. Үлкен елдер 1 000 000 км² астам аумақты алып жатады. Бірақ олар басқа елдерден үлкен немесе кіші болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Үндістан, Аргентина сияқты аумағы үлкен елдер тізімінде тоғызыншы орында тұр. Қазақстанның аумағы – 2 724 902 км², Канада аумағы – 9 984 670 км².
#7 слайд
Физикалық шама– географиялық нысандардың және оларды
зерттейтін үдерістердің өлшенген қасиеттері.
•
Кейбір физикалық шамаларды өлшеуге, ал
кейбірін тек бағалауға болады.
•
Өлшенетін шамалар – бұл өлшеу әдістері құрылып
қойған физикалық шамалар. Өлшемдердің
айрықша ерекшелігі – физикалық шаманы
айқындайтын өлшеуіш аспаптардың, арнайы
техникалық құралдың болуы. 17-суретте
географиялық нысандарды өлшеуге болатын
кейбір техникалық құрал-жабдықтар берілген.
•
Өлшенбейтін немесе бағаланатын шамалар – бұл
нысандардың өлшеу әдістері әлі құрылмаған
қасиеттері. Бағалау – бұл осы шамаға өлшеу
бірлігі үшін қабылданған белгілі санды жазу.
Көптеген қасиеттерді бағалау үшін техникалық
құралдар әлі жоқ болғандықтан, бағалау
нәтижесінің дұрыстығына сенім аз. Сондықтан да өлшемдер – шаманы сандық тұрғыдан
бағалаудың жоғарғы түрі.
•
Бағалау сезім мүшелерінің көмегімен де
жүргізіледі.
•
Көру сигналдары арқылы біз нысанның түр-
түсін, пішінін, көлемін анықтай аламыз. Есту
сигналдары дыбыстың қаттылығы немесе сипаты
туралы түсінік бере алады. Сипап сезу сигналдары
(терімен сезетін) нысанның құрғақтық (ылғалдық)
деңгейі туралы, беткі жағының сипаты (тегіс,
бұдыр) туралы мәлімет бере алады. Дәм тату
сигналдары тәтті, қышқыл, ащы, тұщы дәмін
бағалауға мүмкіндік береді. Иіс сезу
сигналдары нысанның иісі туралы түсінік береді.
•
7 слайд
Физикалық шама– географиялық нысандардың және оларды зерттейтін үдерістердің өлшенген қасиеттері. • Кейбір физикалық шамаларды өлшеуге, ал кейбірін тек бағалауға болады. • Өлшенетін шамалар – бұл өлшеу әдістері құрылып қойған физикалық шамалар. Өлшемдердің айрықша ерекшелігі – физикалық шаманы айқындайтын өлшеуіш аспаптардың, арнайы техникалық құралдың болуы. 17-суретте географиялық нысандарды өлшеуге болатын кейбір техникалық құрал-жабдықтар берілген. • Өлшенбейтін немесе бағаланатын шамалар – бұл нысандардың өлшеу әдістері әлі құрылмаған қасиеттері. Бағалау – бұл осы шамаға өлшеу бірлігі үшін қабылданған белгілі санды жазу. Көптеген қасиеттерді бағалау үшін техникалық құралдар әлі жоқ болғандықтан, бағалау нәтижесінің дұрыстығына сенім аз. Сондықтан да өлшемдер – шаманы сандық тұрғыдан бағалаудың жоғарғы түрі. • Бағалау сезім мүшелерінің көмегімен де жүргізіледі. • Көру сигналдары арқылы біз нысанның түр- түсін, пішінін, көлемін анықтай аламыз. Есту сигналдары дыбыстың қаттылығы немесе сипаты туралы түсінік бере алады. Сипап сезу сигналдары (терімен сезетін) нысанның құрғақтық (ылғалдық) деңгейі туралы, беткі жағының сипаты (тегіс, бұдыр) туралы мәлімет бере алады. Дәм тату сигналдары тәтті, қышқыл, ащы, тұщы дәмін бағалауға мүмкіндік береді. Иіс сезу сигналдары нысанның иісі туралы түсінік береді. •
#8 слайд
•
Бірақ бір сигналды әрбір адам әртүрлі
бағалауы мүмкін. Біреу үшін «жарық»
нәрсе, екінші адамға «қараңғы» болуы
мүмкін. Көп халықтарда ұзындықты
немесе жуандықты, мәселен, бас бармақ
пен сұқ саусақ арасындағы қашықтықпен
өлшеу қалыптасып кеткен. Әйелдер,
балалар және егде жастағы адамдарда бұл
өлшем қысқа, ал ірі денелі ер адамдарда
ұзын болуы мүмкін. Демек әртүрлі адамда
ұзындық мөлшері түрліше болады, ал
кейбірінде оның физикалық жағдайына
қарай өзгерістерге ұшырауы мүмкін.
•
Кейде қасиеттер техникалық
құралдардың көмегімен сандық тұрғыдан
дәл өлшегенімен, олардың сапалық
бағалануы талас тудыруы мүмкін.
Мәселен, нысанның алшақтығына
қатысты «алыс» және «жақын» деген
сипаттамалар қолданылады. Кей жағдайда
адамдар жүздеген километр қашықтықта
жатқанына қарамастан, Қытайды жақын көрші ел деп қабылдайды. Ал үйден үш
жүз метрде орналасқан мектепке дейінгі
қашықтық алыс деп бағаланады.
•
Геология тұрғысынан алып қарасақ, 4
миллион жыл – аз ғана уақыт, ал адамзат
тұрғысынан – бұл оның бүкіл тарихы.
•
Шаманы бағалау бағандардың
көмегімен жүзеге асырылады. Атаулар
бағаны бар. Ол географиялық нысанға
қатысты топты көрсетеді. Мәселен,
аймақтардың атауы және олардың
құрамындағы елдер.
•
Реттік бағанда кемуі немесе артуы
бойынша орналасу кезінде қандай да бір
белгісіне қарай орналасқан нысандар
көрсетіледі.
•
Мұндағы бір кемшілік, бұл бағанда
көрші нысандар арасындағы мәндер үнемі
бірдей бола бермейді.
8 слайд
• Бірақ бір сигналды әрбір адам әртүрлі бағалауы мүмкін. Біреу үшін «жарық» нәрсе, екінші адамға «қараңғы» болуы мүмкін. Көп халықтарда ұзындықты немесе жуандықты, мәселен, бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтықпен өлшеу қалыптасып кеткен. Әйелдер, балалар және егде жастағы адамдарда бұл өлшем қысқа, ал ірі денелі ер адамдарда ұзын болуы мүмкін. Демек әртүрлі адамда ұзындық мөлшері түрліше болады, ал кейбірінде оның физикалық жағдайына қарай өзгерістерге ұшырауы мүмкін. • Кейде қасиеттер техникалық құралдардың көмегімен сандық тұрғыдан дәл өлшегенімен, олардың сапалық бағалануы талас тудыруы мүмкін. Мәселен, нысанның алшақтығына қатысты «алыс» және «жақын» деген сипаттамалар қолданылады. Кей жағдайда адамдар жүздеген километр қашықтықта жатқанына қарамастан, Қытайды жақын көрші ел деп қабылдайды. Ал үйден үш жүз метрде орналасқан мектепке дейінгі қашықтық алыс деп бағаланады. • Геология тұрғысынан алып қарасақ, 4 миллион жыл – аз ғана уақыт, ал адамзат тұрғысынан – бұл оның бүкіл тарихы. • Шаманы бағалау бағандардың көмегімен жүзеге асырылады. Атаулар бағаны бар. Ол географиялық нысанға қатысты топты көрсетеді. Мәселен, аймақтардың атауы және олардың құрамындағы елдер. • Реттік бағанда кемуі немесе артуы бойынша орналасу кезінде қандай да бір белгісіне қарай орналасқан нысандар көрсетіледі. • Мұндағы бір кемшілік, бұл бағанда көрші нысандар арасындағы мәндер үнемі бірдей бола бермейді.
#9 слайд
•
Мәселен, минералдың қаттылығын Моос
бағаны бойынша айқындайды. Онда
минералдар қаттылықтың артуына
қарай орналасады: 1) тальк, 2) гипс, 3)
кальцит, 4) флюорит, 5) апатит, 6) ортоклаз,
7) кварц, 8) топаз, 9) корунд, 10) алмаз.
Әрбір келесі минерал алдыңғысынан
қаттырақ. Корунд (9) топаздан (8) екі есе
қатты, бірақ алмаздан (10) қаттылығы төрт
есе аз.
9 слайд
• Мәселен, минералдың қаттылығын Моос бағаны бойынша айқындайды. Онда минералдар қаттылықтың артуына қарай орналасады: 1) тальк, 2) гипс, 3) кальцит, 4) флюорит, 5) апатит, 6) ортоклаз, 7) кварц, 8) топаз, 9) корунд, 10) алмаз. Әрбір келесі минерал алдыңғысынан қаттырақ. Корунд (9) топаздан (8) екі есе қатты, бірақ алмаздан (10) қаттылығы төрт есе аз.
шағым қалдыра аласыз


