Ғұн мемлекеті
Ғұн мемлекеті

#1 слайд
Ғұн мемлекеті
1 слайд
Ғұн мемлекеті
#2 слайд
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Ғұн мемлекеті
3. Ғұндардың шаруашылығы, өмірі мен тұрмысы
4. Мөде – Ғұн елінің билеушісі
5. Еділ патша
6. Батыс Ғұн ұлысы
2 слайд
Жоспар: 1. Кіріспе 2. Ғұн мемлекеті 3. Ғұндардың шаруашылығы, өмірі мен тұрмысы 4. Мөде – Ғұн елінің билеушісі 5. Еділ патша 6. Батыс Ғұн ұлысы
#3 слайд
Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан жерінде ғұн тайпалық одағы
қалыптаса бастады. Алғашқы кезде ғұндар Солтүстік Қытай,
Моңғолия және Байқал маңында қоныстанған.
Ғұндар – біздің арғы ата-бабамыз. Ғалымдардың пікірі бойынша,
ғұндар түркілердің арғы тегі болып табылады. Олар түркі тілінде
сөйлеп, түркі жазуын пайдаланған.
3 слайд
Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан жерінде ғұн тайпалық одағы қалыптаса бастады. Алғашқы кезде ғұндар Солтүстік Қытай, Моңғолия және Байқал маңында қоныстанған. Ғұндар – біздің арғы ата-бабамыз. Ғалымдардың пікірі бойынша, ғұндар түркілердің арғы тегі болып табылады. Олар түркі тілінде сөйлеп, түркі жазуын пайдаланған.
#4 слайд
Ғұн тайпалары б.з.б. III ғасырдың соңында бірігіп, өз мемлекетін құрды. Ғұндардың құрған
мемлекеті күшті де қуатты елге айналды. Ғұндар батыр да ержүрек, жауынгер халық болған.
Атты жауынгерлерден құралған ғұн әскері садақ, семсер, айбалта, найзамен қаруланып,
әрдайым шайқасқа даяр тұрған. Ғұндар ысқырғыш жебелерін қардай боратып, жеңіске жетіп
отырды. Олар тас қамалды бұзуды жақсы меңгерген. Ғұн мемлекетінің нығайғаны сонша,
оған сол кезде Еуропа мен Азияда тең келер мемлекет болған емес. Ғұндардың жауынгер
тайпалары Қытайдың солтүстік жағындағы қалалар мен елді мекендерге шабуыл жасап
тұрған. Қытайдың Цинь патшалығына Ғұн мемлекетінің күшеюі ұнамады. Б.з.б. 214 жылы
Цинь патшалығының билеушісі Ши-Хуанди жүз мың әскермен Сарыжазық өңіріндегі Ғұн
мемлекетіне қарсы жорық бастайды. Қытайлар ғұндарға тұтқиылдан шабуыл жасайды.
Бұндай шабуылды күтпеген ғұндар Сарыжазықты тастап кетуге мәжбүр болады. Ғұн
әскерінің шабуылынан қорғану үшін б.з.б. IV–III ғасырларда қытайлар «Ұлы Қытай
қорғанын» салдырады.
Ғұн жауынгерлері
4 слайд
Ғұн тайпалары б.з.б. III ғасырдың соңында бірігіп, өз мемлекетін құрды. Ғұндардың құрған мемлекеті күшті де қуатты елге айналды. Ғұндар батыр да ержүрек, жауынгер халық болған. Атты жауынгерлерден құралған ғұн әскері садақ, семсер, айбалта, найзамен қаруланып, әрдайым шайқасқа даяр тұрған. Ғұндар ысқырғыш жебелерін қардай боратып, жеңіске жетіп отырды. Олар тас қамалды бұзуды жақсы меңгерген. Ғұн мемлекетінің нығайғаны сонша, оған сол кезде Еуропа мен Азияда тең келер мемлекет болған емес. Ғұндардың жауынгер тайпалары Қытайдың солтүстік жағындағы қалалар мен елді мекендерге шабуыл жасап тұрған. Қытайдың Цинь патшалығына Ғұн мемлекетінің күшеюі ұнамады. Б.з.б. 214 жылы Цинь патшалығының билеушісі Ши-Хуанди жүз мың әскермен Сарыжазық өңіріндегі Ғұн мемлекетіне қарсы жорық бастайды. Қытайлар ғұндарға тұтқиылдан шабуыл жасайды. Бұндай шабуылды күтпеген ғұндар Сарыжазықты тастап кетуге мәжбүр болады. Ғұн әскерінің шабуылынан қорғану үшін б.з.б. IV–III ғасырларда қытайлар «Ұлы Қытай қорғанын» салдырады. Ғұн жауынгерлері
#5 слайд
Ғұндардың өмірінде мал басты рөл атқарды. Мал
шаруашылығымен айналысқан, негізінен жылқы мен қой өсірген.
Жылқы – көшіп-қонатын көлігі, жейтін тамағы болған. Ғұн
жылқыларының дене бітімі тығыз, шоқтығы аласа, жүріске төзімді
келген. Тау-жоталарға еркін шығып, өзен-сулардан қиналмай
өтетін. Ғұндар – ат құлағында ойнайтын шабандоз, өжет. Сол
заманнан бүгін бізге жеткен «Қыз қуу», «Көкпар», «Теңге алу»
және басқа атүсті ойындарының негізін ғұндар қалаған.
Ғұндардың тіршілігінде отырықшылық та, егіншілік те орын алды.
Олар тарыны көп өсірген, оны тағам ретінде пайдаланған. Мал
терісі мен жүннен киім, төсеніш жасап, киіз үйлерде тұрған. Бай,
дәулетті ғұндар Қытайдан алдырған жібек матадан киім киген.
Ғұндар аңшылықпен айналысты. Жас балаларының өзі садақпен
құс, аң атып үйренген. Соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдарды
құлға айналдырған. Олар үй қызметшісі, бақташы, қолөнерші және
жер жыртушы болған.
5 слайд
Ғұндардың өмірінде мал басты рөл атқарды. Мал шаруашылығымен айналысқан, негізінен жылқы мен қой өсірген. Жылқы – көшіп-қонатын көлігі, жейтін тамағы болған. Ғұн жылқыларының дене бітімі тығыз, шоқтығы аласа, жүріске төзімді келген. Тау-жоталарға еркін шығып, өзен-сулардан қиналмай өтетін. Ғұндар – ат құлағында ойнайтын шабандоз, өжет. Сол заманнан бүгін бізге жеткен «Қыз қуу», «Көкпар», «Теңге алу» және басқа атүсті ойындарының негізін ғұндар қалаған. Ғұндардың тіршілігінде отырықшылық та, егіншілік те орын алды. Олар тарыны көп өсірген, оны тағам ретінде пайдаланған. Мал терісі мен жүннен киім, төсеніш жасап, киіз үйлерде тұрған. Бай, дәулетті ғұндар Қытайдан алдырған жібек матадан киім киген. Ғұндар аңшылықпен айналысты. Жас балаларының өзі садақпен құс, аң атып үйренген. Соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдарды құлға айналдырған. Олар үй қызметшісі, бақташы, қолөнерші және жер жыртушы болған.
#6 слайд
Ғұндарда қолөнер кәсібі мен бейнелеу өнері де дамыды. Олар кен қазып,
металл қорытты. Металл, сүйек, мүйіз, балшық пен ағаштан түрлі
бұйымдар жасады. Ғұн қабірлерінен Қытай жібегі, айна, нефриттен
жасалған заттар табылған. Бұл бұйымдар ғұндардың басқа елдермен
сауда-саттық жасағанын көрсетеді. Ғұн тайпаларының бейнелеу өнері аң
стилінде дамыды. Тас бетіне бұқа, бұғы, аққу бейнелерін салған. Бұқа –
күш пен биліктің, бұғы – бақыт пен жақсылықтың нышаны, ал аққу –
отбасын қорғаушы кие саналған. Б.з.б. ІV ғасырдағы ғұн мемлекетінің
әміршісі Тұман болды. Ол Алтайдан Қырымға дейінгі ұлан-ғайыр
аймақты мекендейтін ғұн тайпаларына 30 жылдай билік етті. Ол
басқарып тұрған кезде мемлекет әлсіреп ыдырай бастайды да, бірнеше
ұлыстарға бөлініп кетеді. Тұман көрші елдермен көп соғысады.
Қытайлықтардан жеңіліске ұшырап, ғұн аумағының біраз жерін оларға
беруге мәжбүр болады. Тұманның екінші әйелі қытай қызы еді. Ол әйел
мемлекет билігіне араласып, қытай дәстүрлерін енгізеді. Бұл әйел билік
басына өз баласын отырғызуды ойлап, ғұн әйелінен туған балаларынан
құтылуды қарастырады. Тұманның ұлы Мөдені өлтіруді ойластырып,
осы ойына әмірші Тұманды да көндіреді. Бірақ бұл жүзеге аспай қалады.
6 слайд
Ғұндарда қолөнер кәсібі мен бейнелеу өнері де дамыды. Олар кен қазып, металл қорытты. Металл, сүйек, мүйіз, балшық пен ағаштан түрлі бұйымдар жасады. Ғұн қабірлерінен Қытай жібегі, айна, нефриттен жасалған заттар табылған. Бұл бұйымдар ғұндардың басқа елдермен сауда-саттық жасағанын көрсетеді. Ғұн тайпаларының бейнелеу өнері аң стилінде дамыды. Тас бетіне бұқа, бұғы, аққу бейнелерін салған. Бұқа – күш пен биліктің, бұғы – бақыт пен жақсылықтың нышаны, ал аққу – отбасын қорғаушы кие саналған. Б.з.б. ІV ғасырдағы ғұн мемлекетінің әміршісі Тұман болды. Ол Алтайдан Қырымға дейінгі ұлан-ғайыр аймақты мекендейтін ғұн тайпаларына 30 жылдай билік етті. Ол басқарып тұрған кезде мемлекет әлсіреп ыдырай бастайды да, бірнеше ұлыстарға бөлініп кетеді. Тұман көрші елдермен көп соғысады. Қытайлықтардан жеңіліске ұшырап, ғұн аумағының біраз жерін оларға беруге мәжбүр болады. Тұманның екінші әйелі қытай қызы еді. Ол әйел мемлекет билігіне араласып, қытай дәстүрлерін енгізеді. Бұл әйел билік басына өз баласын отырғызуды ойлап, ғұн әйелінен туған балаларынан құтылуды қарастырады. Тұманның ұлы Мөдені өлтіруді ойластырып, осы ойына әмірші Тұманды да көндіреді. Бірақ бұл жүзеге аспай қалады.
#7 слайд
Ғұндардың алтын
тәжі
Қола қазан
7 слайд
Ғұндардың алтын тәжі Қола қазан
#8 слайд
Мөде (б.з.б. 230–174) – Ғұн елінің билеушісі.
Б.з.б. 209 жылы Мөде Ғұн мемлекетіндегі билікті өз қолына алады.
Ол өзін дара билеуші деп жариялайды. Мөде билік басына келісімен
бұрын жеке-жеке ұлыстарға бөлініп, өзара соғысып жататын ғұн
тайпаларының басын біріктіреді. Тұрақты әскер құрып, оған
қатаң тәртіп орнатады. Мөде Ғұн мемлекетінің бұрынғы әскери
қуатын қайта қалпына келтіруге ұмтылады.
8 слайд
Мөде (б.з.б. 230–174) – Ғұн елінің билеушісі. Б.з.б. 209 жылы Мөде Ғұн мемлекетіндегі билікті өз қолына алады. Ол өзін дара билеуші деп жариялайды. Мөде билік басына келісімен бұрын жеке-жеке ұлыстарға бөлініп, өзара соғысып жататын ғұн тайпаларының басын біріктіреді. Тұрақты әскер құрып, оған қатаң тәртіп орнатады. Мөде Ғұн мемлекетінің бұрынғы әскери қуатын қайта қалпына келтіруге ұмтылады.
#9 слайд
Б.з.б. 200 жылы Мөде Қытайдың Хань әулетінің ұрпағы Лю
Банды ойсырата жеңіліске ұшыратады. Мөде «шаньюй (Аспан
ұлы) – шексіз билік иесі» деген атаққа ие болады. Қытай
патшасы ғұндарға 23 жыл бойы алым-салық төлеп тұрады.
Содан кейінгі жылдары Мөде басқарған, жорыққа жақсы
дайындалған әскер көптеген аумақтар мен көрші көшпелі
тайпалардың жерлерін басып алады. Мөде ел басқарудың жаңа
жүйесін жасайды. Елді үш әкімшілік-аумақтық құрылымға
бөледі. Өз туысқандарынан 24 ғұн тайпасын басқаратын басшы
тағайындайды. Солар арқылы ел билігі жүзеге асырылды.
Әскери басшылықты да жөнге келтіреді. Әскердің бас
қолбасшысы белгіленіп, оған түменбасы, мыңбасы, жүзбасы,
онбасылар бағынатын болды. Елдегі барлық ер азаматтар
жауынгер саналды. Ғұн әскерінен жорыққа дайын тұру талап
етілді.
9 слайд
Б.з.б. 200 жылы Мөде Қытайдың Хань әулетінің ұрпағы Лю Банды ойсырата жеңіліске ұшыратады. Мөде «шаньюй (Аспан ұлы) – шексіз билік иесі» деген атаққа ие болады. Қытай патшасы ғұндарға 23 жыл бойы алым-салық төлеп тұрады. Содан кейінгі жылдары Мөде басқарған, жорыққа жақсы дайындалған әскер көптеген аумақтар мен көрші көшпелі тайпалардың жерлерін басып алады. Мөде ел басқарудың жаңа жүйесін жасайды. Елді үш әкімшілік-аумақтық құрылымға бөледі. Өз туысқандарынан 24 ғұн тайпасын басқаратын басшы тағайындайды. Солар арқылы ел билігі жүзеге асырылды. Әскери басшылықты да жөнге келтіреді. Әскердің бас қолбасшысы белгіленіп, оған түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасылар бағынатын болды. Елдегі барлық ер азаматтар жауынгер саналды. Ғұн әскерінен жорыққа дайын тұру талап етілді.
#10 слайд
Ғұн мемлекеті қайтадан мықты елге айналды.
Мөденің көрші елдерге жеңімпаз жорықтары
басталады. Осы кезде ғұндардың қол астына
қазіргі Кореядан Тибетке дейін және Шығыс
Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта сағасына
дейінгі аймақ бағынады. Алтай тайпаларын,
Тынық мұхиттан Каспий теңізінің жағалауына
дейінгі жерлерді өзіне қаратты. Ғұн
мемлекетінің құрамына қырғыз, үйсін, қаңлы
және басқа да тайпалар кірді. Мөде ұзақ
жылдар бойы өз халқына тыныштық пен
бейбіт өмір сыйлады. Б.з.б. 174 жылы Мөде
дүние салып, оның ұлы Лаушан Ғұн
мемлекетінің билеушісі болып
тағайындалады. Мөде билігінен кейін Ғұн
мемлекеті әлсіреп, б.з.б. 56 жылы екіге
бөлінеді. Кейінірек V ғасырда солтүстік
ғұндардың бір бөлігі Оңтүстік Қазақстан мен
Орта Азияда өз мемлекетін құрады. Ал
оңтүстік ғұндар Қытайдың Хань империясына
бағынады.
Қытайдың Цинь мем-
лекетінің императоры
ШиХуанди ғұндардың
шабуылынан қорғану үшін
ұзындығы 5000 км, биіктігі
6 м, кейбір бөліктері 10 м,
ені 5–6 м болатын үлкен
қорған тұрғызады. Бұл
қорғанды салу үшін қыруар
көп шаруа, құл, әскер және
тұтқындар еңбек етті. Ауыр
жұмыстан қалжырап өлген
адамды қорған қабырға-
сына бірге қалап жіберген.
Бұл құрылыс – «Ұлы Қытай
қорғаны» деп аталады.
«Ұлы Қытай қорғаны» –
көне сәулет өнерінің
ескерткіші ретінде бүгінге
дейін сақталған.
10 слайд
Ғұн мемлекеті қайтадан мықты елге айналды. Мөденің көрші елдерге жеңімпаз жорықтары басталады. Осы кезде ғұндардың қол астына қазіргі Кореядан Тибетке дейін және Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзенінің орта сағасына дейінгі аймақ бағынады. Алтай тайпаларын, Тынық мұхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі жерлерді өзіне қаратты. Ғұн мемлекетінің құрамына қырғыз, үйсін, қаңлы және басқа да тайпалар кірді. Мөде ұзақ жылдар бойы өз халқына тыныштық пен бейбіт өмір сыйлады. Б.з.б. 174 жылы Мөде дүние салып, оның ұлы Лаушан Ғұн мемлекетінің билеушісі болып тағайындалады. Мөде билігінен кейін Ғұн мемлекеті әлсіреп, б.з.б. 56 жылы екіге бөлінеді. Кейінірек V ғасырда солтүстік ғұндардың бір бөлігі Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияда өз мемлекетін құрады. Ал оңтүстік ғұндар Қытайдың Хань империясына бағынады. Қытайдың Цинь мем- лекетінің императоры ШиХуанди ғұндардың шабуылынан қорғану үшін ұзындығы 5000 км, биіктігі 6 м, кейбір бөліктері 10 м, ені 5–6 м болатын үлкен қорған тұрғызады. Бұл қорғанды салу үшін қыруар көп шаруа, құл, әскер және тұтқындар еңбек етті. Ауыр жұмыстан қалжырап өлген адамды қорған қабырға- сына бірге қалап жіберген. Бұл құрылыс – «Ұлы Қытай қорғаны» деп аталады. «Ұлы Қытай қорғаны» – көне сәулет өнерінің ескерткіші ретінде бүгінге дейін сақталған.
#11 слайд
Еділ-Аттила (400–453) – Ғұн мемлекетінің атақты билеушісі, император
атанған қолбасшы, адамзат тарихында ерекше орны бар ұлы тұлға. Ғұн
патшасының баласы Еділ жас кезінен-ақ соғыс жорықтарына қатысып,
қан майданда батырлығымен көзге түскен. Еділдің Батыс елдерін
бағындырған жеңімпаз жорықтары жайлы көптеген аңыз-әңгіме тараған.
Еуропада Еділді Аттила, Атыл, Этцель деп те атайды. Венгрлер оны
бабамыз деп есептейді.
11 слайд
Еділ-Аттила (400–453) – Ғұн мемлекетінің атақты билеушісі, император атанған қолбасшы, адамзат тарихында ерекше орны бар ұлы тұлға. Ғұн патшасының баласы Еділ жас кезінен-ақ соғыс жорықтарына қатысып, қан майданда батырлығымен көзге түскен. Еділдің Батыс елдерін бағындырған жеңімпаз жорықтары жайлы көптеген аңыз-әңгіме тараған. Еуропада Еділді Аттила, Атыл, Этцель деп те атайды. Венгрлер оны бабамыз деп есептейді.
#12 слайд
Ғұндар Еуропаның бірқатар жерін жаулап алып, Батыс Ғұн ұлысын
құрған. Батыс Ғұн ұлысы II ғасырда Каспий теңізінің жағалауындағы
қазақ жерінде құрылды. Б.з. 374 жылы Батыс Ғұн империясында
Балаәмір билік құрды. Балаәмірдің тұсында ғұндар Батыс елдерін
жаулап алу жорығын бастаған болатын. Балаәмірдің басшылығымен
ғұндар Доннан Днепрге дейінгі жерлерді жаулап алып, өзіне
бағындырады. Ал Еділ патша тұсында ғұндардың Еуропаны жаулап
алуы аяқталды. Олар Ұлы Қытай қорғанынан Францияға дейінгі жолды
ат тұяғымен басып өтті.
12 слайд
Ғұндар Еуропаның бірқатар жерін жаулап алып, Батыс Ғұн ұлысын құрған. Батыс Ғұн ұлысы II ғасырда Каспий теңізінің жағалауындағы қазақ жерінде құрылды. Б.з. 374 жылы Батыс Ғұн империясында Балаәмір билік құрды. Балаәмірдің тұсында ғұндар Батыс елдерін жаулап алу жорығын бастаған болатын. Балаәмірдің басшылығымен ғұндар Доннан Днепрге дейінгі жерлерді жаулап алып, өзіне бағындырады. Ал Еділ патша тұсында ғұндардың Еуропаны жаулап алуы аяқталды. Олар Ұлы Қытай қорғанынан Францияға дейінгі жолды ат тұяғымен басып өтті.
#13 слайд
Еділ 434 жылы Батыс Ғұн империясының тағына отырды. Ол өзінің немере
туысы Бледамен билікті бөлісті. Кейін Еділ Бледаны тақтан түсіріп, 18 жыл елді
жеке өзі басқарады. Еділ патшаның тұсында Ғұн империясы өз дамуының
жоғарғы сатысына жетті. Ол өзіне дейін билік құрған аталарының ісін
жалғастырды. Еділ білікті қолбасшы, саясаткер әрі көреген көсем ретінде
танылды. Оны қарсыластары «Құдайдың қаһары» деп атаған. Шығыс Рим
империясы (Византия) Еділ патшаға тәуелді екенін мойындап, ғұндарға алым-
салық төлеп тұрады. Сонымен қатар ол герман тайпаларын және Рейн өңірін
өзіне бағындырады. Еділдің әділ патша деген аты бүкіл Еуропаға тарайды. Ол
Византияға, Данияға шабуыл жасап, Бургунд королін талқандап жеңіске жетеді.
Римге қарсы Каталун даласындағы шайқаста екі жақтан 165 мыңға жуық
ғұндар мен римдіктер қаза табады. Осы шайқастан кейін құл иеленуші Рим
империясы құлайды. Рим империясының үстемдігінен азат етілген елдер
Еуропада жеке мемлекеттерін құрады. Ғұндар әлем тарихында ортағасырлық
дәуірдің басталуына ықпал жасады. Бүкіл Еуропаны дүрсілкіндірген ғұндардың
қаһарлы жорығын басқарған Еділ 453 жылы қаза табады. Оның орнына таққа
ұлы Еллақ отырады. V–VI ғасырларда Ғұн мемлекетінде тақ мұрагерлерінің
билік үшін талас-тартысы күшейеді. Ғұн империясы бірнеше иеліктерге
ыдырап, бөлініп кетеді.
13 слайд
Еділ 434 жылы Батыс Ғұн империясының тағына отырды. Ол өзінің немере туысы Бледамен билікті бөлісті. Кейін Еділ Бледаны тақтан түсіріп, 18 жыл елді жеке өзі басқарады. Еділ патшаның тұсында Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. Ол өзіне дейін билік құрған аталарының ісін жалғастырды. Еділ білікті қолбасшы, саясаткер әрі көреген көсем ретінде танылды. Оны қарсыластары «Құдайдың қаһары» деп атаған. Шығыс Рим империясы (Византия) Еділ патшаға тәуелді екенін мойындап, ғұндарға алым- салық төлеп тұрады. Сонымен қатар ол герман тайпаларын және Рейн өңірін өзіне бағындырады. Еділдің әділ патша деген аты бүкіл Еуропаға тарайды. Ол Византияға, Данияға шабуыл жасап, Бургунд королін талқандап жеңіске жетеді. Римге қарсы Каталун даласындағы шайқаста екі жақтан 165 мыңға жуық ғұндар мен римдіктер қаза табады. Осы шайқастан кейін құл иеленуші Рим империясы құлайды. Рим империясының үстемдігінен азат етілген елдер Еуропада жеке мемлекеттерін құрады. Ғұндар әлем тарихында ортағасырлық дәуірдің басталуына ықпал жасады. Бүкіл Еуропаны дүрсілкіндірген ғұндардың қаһарлы жорығын басқарған Еділ 453 жылы қаза табады. Оның орнына таққа ұлы Еллақ отырады. V–VI ғасырларда Ғұн мемлекетінде тақ мұрагерлерінің билік үшін талас-тартысы күшейеді. Ғұн империясы бірнеше иеліктерге ыдырап, бөлініп кетеді.
#14 слайд
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ежелгі Қазақстан. – Алматы: Аруна, 2009.
2. Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. – Ал - маты: Балауса, 2003.
3. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрі. – Алматы:
«Алматыкітап баспасы», 2010.
4. Кенесары Қасымов. – Алматы: Аруна, 2005.
5. Керей мен Жәнібек. – Алматы: Аруна, 2004.
14 слайд
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Ежелгі Қазақстан. – Алматы: Аруна, 2009. 2. Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан. – Ал - маты: Балауса, 2003. 3. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрі. – Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2010. 4. Кенесары Қасымов. – Алматы: Аруна, 2005. 5. Керей мен Жәнібек. – Алматы: Аруна, 2004.
#15 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!
15 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
шағым қалдыра аласыз













