Ғылыми жоба "Бесік жыры"




1 слайд
1
Алматы облысы Ақсу ауданының білім бөліміне қарасты
“Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебі” МДШО КММ
Зерттеу жұмысын жүргізген 10-сынып оқушысы
Айдосқызы Аяжан
Жетекшісі:Есенбекова Акнур
1 слайд
1 Алматы облысы Ақсу ауданының білім бөліміне қарасты “Шоқан Уалиханов атындағы орта мектебі” МДШО КММ Зерттеу жұмысын жүргізген 10-сынып оқушысы Айдосқызы Аяжан Жетекшісі:Есенбекова Акнур

2 слайд
2
2 слайд
2

3 слайд
Зерттеудің мақсаты: Сөз өнерінің құйма құлақ, ерекше талант иесі, қазақ
поэзиясының ірі суреткері, аса дарынды ақиық ақын,сөнбес жанартау, сөз шебері - Мағжан
Жұмабаев “Бесік жыры ”өленіңдегі бесік жырының ерекшелігі , қазақ халқының салт-
дәстүрін, мәдениетін, тарихын қастерлеу, адам жанын ізгілендіру, бесік жырының
мағынасын түсіну, білу, құрметтеу мақсаты көзделді.
Зерттеудің міндеттері:- Рухани жаңғырту жұмысын іске асыру мақсатында
М.Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі халқымыз, болашақ жастар үшін тәрбие, үлгі-
өнеге,салт-дәстүр жалғасы ененін көрсету, Қазіргі заманауи бесік жырларымен салыстыра
отыру.
Зерттеудің болжамы мен кезеңдері: Ғылыми жобам кіріспеден, негізгі бөлім 3 тараудан,
қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Тәжірибенің әдістемесі: Жинақтау,топтау,баяндау,өзіндік ой қорыту, салыстыру,түсіндіру
Зерттеудің өзектілігі: Мағжан өлеңдерінде жырланған құнды ойлар қаншама уақыт өтсе
де негізгі мәнін жойған жоқ. Күні бүгін бүкіл ұлтымызды, тіпті,жалпы адамзатты ойлантар
мәселе болып отыр.Оның бір дәлелі «Бесік жыры» өлеңінде жатыр.Мағжан туындысындағы
бесік жыры халық дәстүріндегі бесік жыры секілді, ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы,
баланың алғаш еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасу кілті деуге
болады.Сондықтан мен аналарға, әжелерге халқымыздың ұмытылып бара жатырған
«Әлди-әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат...» деп ата-бабамыз айтып кеткен өнегесі, дәстүрінің
өзектілігін назарға алуды жөн көрдім.
Зерттеу жаңалығы: Рухани жаңғыру мақаласы аясында “Бесік жыры” өлеңінің
маңыздылығы мен міндеттерін көрсету.
Нәтижесі, қолданылатын мекемелер:
Кітапханалар, интернет желісі.
3 слайд
Зерттеудің мақсаты: Сөз өнерінің құйма құлақ, ерекше талант иесі, қазақ поэзиясының ірі суреткері, аса дарынды ақиық ақын,сөнбес жанартау, сөз шебері - Мағжан Жұмабаев “Бесік жыры ”өленіңдегі бесік жырының ерекшелігі , қазақ халқының салт- дәстүрін, мәдениетін, тарихын қастерлеу, адам жанын ізгілендіру, бесік жырының мағынасын түсіну, білу, құрметтеу мақсаты көзделді. Зерттеудің міндеттері:- Рухани жаңғырту жұмысын іске асыру мақсатында М.Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі халқымыз, болашақ жастар үшін тәрбие, үлгі- өнеге,салт-дәстүр жалғасы ененін көрсету, Қазіргі заманауи бесік жырларымен салыстыра отыру. Зерттеудің болжамы мен кезеңдері: Ғылыми жобам кіріспеден, негізгі бөлім 3 тараудан, қорытынды бөлім және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Тәжірибенің әдістемесі: Жинақтау,топтау,баяндау,өзіндік ой қорыту, салыстыру,түсіндіру Зерттеудің өзектілігі: Мағжан өлеңдерінде жырланған құнды ойлар қаншама уақыт өтсе де негізгі мәнін жойған жоқ. Күні бүгін бүкіл ұлтымызды, тіпті,жалпы адамзатты ойлантар мәселе болып отыр.Оның бір дәлелі «Бесік жыры» өлеңінде жатыр.Мағжан туындысындағы бесік жыры халық дәстүріндегі бесік жыры секілді, ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы, баланың алғаш еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасу кілті деуге болады.Сондықтан мен аналарға, әжелерге халқымыздың ұмытылып бара жатырған «Әлди-әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат...» деп ата-бабамыз айтып кеткен өнегесі, дәстүрінің өзектілігін назарға алуды жөн көрдім. Зерттеу жаңалығы: Рухани жаңғыру мақаласы аясында “Бесік жыры” өлеңінің маңыздылығы мен міндеттерін көрсету. Нәтижесі, қолданылатын мекемелер: Кітапханалар, интернет желісі.

4 слайд
Мазмұны
І. Кіріспе
Мағжан Жұмабаев жайында бірер сөз
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қазақ халқындағы бесік жырының орны қандай?
2,2 Бесік жырының маңызы қандай?
Бесік жыры неге тасада қалып барады?
2.3«Smart Бесік» - «Бесік жыры» орнатылған заманауи бесік .
IV. Қорытынды
V. Қолданылған әдебиеттер
4 слайд
Мазмұны І. Кіріспе Мағжан Жұмабаев жайында бірер сөз ІІ. Негізгі бөлім 2.1 Қазақ халқындағы бесік жырының орны қандай? 2,2 Бесік жырының маңызы қандай? Бесік жыры неге тасада қалып барады? 2.3«Smart Бесік» - «Бесік жыры» орнатылған заманауи бесік . IV. Қорытынды V. Қолданылған әдебиеттер

5 слайд
5
Кіріспе
20 ғасырдың басында әдебиет көгінде жарқырай жанған жарық
жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25
маусымда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Бұлаев
ауданында орта дәулетті үлкен отбасында дүниеге келген.
Әкесінің есімі Бекен, анасы – Гүлсім. Бекен мен Гүлсімнің
отбасында 7 ұл бала мен 2 қыз тәрбиеленді. Әділдігімен,
адамгершілігімен өз ортасының алды, беделдісі болған
Бекеннің Мүсілім, Қахарман, Мағжан, Мұхаметжан, Салтай,
Қалижан, Сабыржан, Гүләндан, Гүлбарам есімді балалары
болды. Әке қамқорлығының арқасында барлық балалар
қажетті бастауыш білім алды. Олардың ішінде Мағжан,
Қалижан және Сабыржан жоғары білім алады. Ол уақытта кез-
келген ата-ана мұндай молшылық көрсете алмайтын, бірақ
Бекен балаларының болашағы үшін бәрін жасады.
Мағжан төрт жасынан бастап шығыс тілдері мен әдебиетін
оқуға кіріседі. Алайда, Мағжанның жастайынан шығарған
өлеңдері сақталмаған. Қызылжардағы Бегішев медресесінде
мұсылмандық орта білім алып жүріп араб, парсы және түрік
тілдерін меңгеруін жалғастырады. 1910 жылы Мағжан Уфа
қаласындағы жоғарғы мұсылман мекемесі Ғалия медресесіне
оқуға түседі. Бірақ, татар әдебиетінің класигіне айналған ұстаз
Ғалымжан Ибрагимовтың ұсынысы бойынша, Мағжан білімін
жетілдірудің басқа жолдарын іздейді. 1912 жылы Қазан
қаласында Ибрагимовтың көмегімен жас Мағжанның
шығармалары алғаш рет жарық көрді..
5 слайд
5 Кіріспе 20 ғасырдың басында әдебиет көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Бұлаев ауданында орта дәулетті үлкен отбасында дүниеге келген. Әкесінің есімі Бекен, анасы – Гүлсім. Бекен мен Гүлсімнің отбасында 7 ұл бала мен 2 қыз тәрбиеленді. Әділдігімен, адамгершілігімен өз ортасының алды, беделдісі болған Бекеннің Мүсілім, Қахарман, Мағжан, Мұхаметжан, Салтай, Қалижан, Сабыржан, Гүләндан, Гүлбарам есімді балалары болды. Әке қамқорлығының арқасында барлық балалар қажетті бастауыш білім алды. Олардың ішінде Мағжан, Қалижан және Сабыржан жоғары білім алады. Ол уақытта кез- келген ата-ана мұндай молшылық көрсете алмайтын, бірақ Бекен балаларының болашағы үшін бәрін жасады. Мағжан төрт жасынан бастап шығыс тілдері мен әдебиетін оқуға кіріседі. Алайда, Мағжанның жастайынан шығарған өлеңдері сақталмаған. Қызылжардағы Бегішев медресесінде мұсылмандық орта білім алып жүріп араб, парсы және түрік тілдерін меңгеруін жалғастырады. 1910 жылы Мағжан Уфа қаласындағы жоғарғы мұсылман мекемесі Ғалия медресесіне оқуға түседі. Бірақ, татар әдебиетінің класигіне айналған ұстаз Ғалымжан Ибрагимовтың ұсынысы бойынша, Мағжан білімін жетілдірудің басқа жолдарын іздейді. 1912 жылы Қазан қаласында Ибрагимовтың көмегімен жас Мағжанның шығармалары алғаш рет жарық көрді..

6 слайд
Тәуелсіздікке қол жеткен соң соңғы жылдары халқымыздың ежелгі
мәдени мұраларға деген қызығушылығы арта түсті. Әсіресе 2017 жылғы
17 сәуірдегі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының “Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру” мақаласы ел тарихы мен ұлттық ұндылықтарымызды дәріптеуге,
қайта жаңғыртуға үлкен септігін тейгізуде . Міне осы атаулы мақала аясында
менде ұлттық құндылықтарымыздың бірін жаңғыртып, болашақ ұрпаққа
жаңаша сипатын көрсеткім келеді. Ұрпақтан - ұрпаққа мұра болған
қазақтың қасиетті жыры “бесік жыры ” баға жетпес асыл қазына екенін
ғылымда дәлелдейтін фактілер көп. Ата-бабамыздан қалған “Бесік жыры
” сан –түрлі. Әсіресе жазбаша түрде қалған нұсқалары бірінен –бірі асып
түсіп жатыр. Сол бесік жырының ХХІ ғасырда маңыздылығы мен мазмұны
өзгермегенмен орындалу мәнері өзгеріске ұшырап отыр. Мен өз жұмысымда
қазіргі заманауи бесікке орнатылған бесік жырларын насихаттауды жөн
көрдім. Бесіктің де, бесік жырының да бала тәрбиесіндегі ролі зор. Ия қазіргі
әжелеріміөздің қолы тимей немерелеріне, аналар балаларына “Бесік жырын”
айтып беретін уақыттары жеткіліксіз. Тым болмаса осыны ескере отрып ,
заманауи бесік түрлерін пайдалануды ұсынамын. Себебі ол бесіктерде “Бесік
жыры орнатылған. ”Жұмысымыздың құндылығы да осында.
6 слайд
Тәуелсіздікке қол жеткен соң соңғы жылдары халқымыздың ежелгі мәдени мұраларға деген қызығушылығы арта түсті. Әсіресе 2017 жылғы 17 сәуірдегі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы ел тарихы мен ұлттық ұндылықтарымызды дәріптеуге, қайта жаңғыртуға үлкен септігін тейгізуде . Міне осы атаулы мақала аясында менде ұлттық құндылықтарымыздың бірін жаңғыртып, болашақ ұрпаққа жаңаша сипатын көрсеткім келеді. Ұрпақтан - ұрпаққа мұра болған қазақтың қасиетті жыры “бесік жыры ” баға жетпес асыл қазына екенін ғылымда дәлелдейтін фактілер көп. Ата-бабамыздан қалған “Бесік жыры ” сан –түрлі. Әсіресе жазбаша түрде қалған нұсқалары бірінен –бірі асып түсіп жатыр. Сол бесік жырының ХХІ ғасырда маңыздылығы мен мазмұны өзгермегенмен орындалу мәнері өзгеріске ұшырап отыр. Мен өз жұмысымда қазіргі заманауи бесікке орнатылған бесік жырларын насихаттауды жөн көрдім. Бесіктің де, бесік жырының да бала тәрбиесіндегі ролі зор. Ия қазіргі әжелеріміөздің қолы тимей немерелеріне, аналар балаларына “Бесік жырын” айтып беретін уақыттары жеткіліксіз. Тым болмаса осыны ескере отрып , заманауи бесік түрлерін пайдалануды ұсынамын. Себебі ол бесіктерде “Бесік жыры орнатылған. ”Жұмысымыздың құндылығы да осында.

7 слайд
7 слайд

8 слайд
Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті «бесік
зиян…» дейтіндер де бар. Бұл баяғы кеңестен қалған
көзқарас. Кешегi кеңестiк дәуiрде мединституттың
оқытушылары шәкірттеріне бесікті жамандап оқытатын
арнайы тапсырма болған. Ол заманда жек көрген
нәрсеңізді «ескіліктің қалдығы» десеңіз жетіп жатыр.
Дәлелдің қажеті жоқ. Сөйтіп, бесік қолданыстан шығып
қалды. Әйтпегенде, жүздеген ғасыр сынақтан өткен
бесікті пайдасыз деп кім айтады? Бесікті пайдаланбау
арқылы қаншама ұлттық дәстүрімізден айырылып
жатырмыз. «Бесікке салу», «Тыштыма», Сонымен қатар
«Бесік жырыда» айтылмай барады. Себебі бесік жоқ
жерде, «Бесік жыры» да жоқ .Ал, оның ұрпақ үшін
пайдасы ұшан-теңіз.Менің жобамның маңыздылығыда
осында жатыр.
8 слайд
Қазір баласын бесікке бөлейтін ата-ана аз. Тіпті «бесік зиян…» дейтіндер де бар. Бұл баяғы кеңестен қалған көзқарас. Кешегi кеңестiк дәуiрде мединституттың оқытушылары шәкірттеріне бесікті жамандап оқытатын арнайы тапсырма болған. Ол заманда жек көрген нәрсеңізді «ескіліктің қалдығы» десеңіз жетіп жатыр. Дәлелдің қажеті жоқ. Сөйтіп, бесік қолданыстан шығып қалды. Әйтпегенде, жүздеген ғасыр сынақтан өткен бесікті пайдасыз деп кім айтады? Бесікті пайдаланбау арқылы қаншама ұлттық дәстүрімізден айырылып жатырмыз. «Бесікке салу», «Тыштыма», Сонымен қатар «Бесік жырыда» айтылмай барады. Себебі бесік жоқ жерде, «Бесік жыры» да жоқ .Ал, оның ұрпақ үшін пайдасы ұшан-теңіз.Менің жобамның маңыздылығыда осында жатыр.

9 слайд
Бесіктің ұрпақ үшін пайдасын әжем былай
сыйпаттайды. .
Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш
болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді.
Екіншіден – баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етедi.
Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке
жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады.
Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып,
рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды.
Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді.
Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ
болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі.
Алтыншыдан – бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың
жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі.
Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез
қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет
дариды.
Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден
сақтайды.
Бұлар бесіктің толып жатқан пайдасының бір парасы ғана.
9 слайд
Бесіктің ұрпақ үшін пайдасын әжем былай сыйпаттайды. . Біріншіден – қол-аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді. Екіншіден – баланың мазасыздығы ананың психологиясына әсер етедi. Бұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі. Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыздау болады. Үшіншіден – баланы бесiктен шешкен кезде сәби керiлiп-созылып, рахаттанады. Денесінің әртүрлі күйде болуы оған демалыс сыйлайды. Төртіншіден – сәбидің тұлабойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді. Бесіншіден – бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Құрғақ болады. Ол мықты денсаулық кепілі. Әрі қол-аяғы сыптай болып өседі. Алтыншыдан – бесік белгілі бір ритммен ғана тербетіледі. Баланың жүйкесі бір жүйе, тәртіпке түседі. Жетіншіден – бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңеді. Қайырымды мінез қалыптасады. Бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды. Сегізіншіден – бесік сәбиді сырттан келетін кері энергия немесе тiл-көзден сақтайды. Бұлар бесіктің толып жатқан пайдасының бір парасы ғана.

10 слайд
Бесік жырлары.
Бесік жыры-тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі.
Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық
педагогикасының мәйегіне айналған. Бесік жырында
халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі
наным-сенімінің, дүниетанымының көріністері бар. Бесік
жырының басты қызметі- бесік тербелісіне ыңғайлас
сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра
отырып, оның жан-дүниесі мен санасына ұлттық тәрбиенің
алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде,
яғни 1-5жас аралығында бала жанына жағымды әуенмен
айтылады. Қазақ бесік жырының алғашқы үлгілерін алғаш
Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 жылы жариялаған. Бесік
жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай
дәстүрлі және суырып-салма бесік жырлары деп екіге
бөлуге болады.
10 слайд
Бесік жырлары. Бесік жыры-тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Халық педагогикасының мәйегіне айналған. Бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көріністері бар. Бесік жырының басты қызметі- бесік тербелісіне ыңғайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан-дүниесі мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1-5жас аралығында бала жанына жағымды әуенмен айтылады. Қазақ бесік жырының алғашқы үлгілерін алғаш Ә.Диваев хатқа түсіріп, 1905 жылы жариялаған. Бесік жырларын мазмұны мен поэтикалық құрылымына қарай дәстүрлі және суырып-салма бесік жырлары деп екіге бөлуге болады.

11 слайд
Бесік жыры.
Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы
болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің
құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да
халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы
үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге
тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап
алып, баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі
қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға
«бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш
үстінде «Бесік жыры» айтылады:
11 слайд
Бесік жыры. Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:

12 слайд
12
БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ҚАНДАЙ?
Бесік жыры арқылы баланың тілі ерте шығатынына бүгінде мән
бермейміз. Бесік жырын тыңдап өскен баланың есте сақтау қабілеті
жақсы жетілетініне көңіл аудармаймыз. Бүгінгі ұрпақ шешендігінен,
әншілігінен, ақындығынан, сабырлылығынан, парасаттылығынан
ажырап барады. Бұл да — алаңдатарлық жай. Біздің елде ауыздан
қалмай келе жатқан аңызға бергісіз әрі біздің әулетке қатысты бір әңгіме
бар. Ертеректе бір келіншек бесігінен ажырамай жүрген баласын бесікке
бөлеп, әлдебір жұмыстарымен шығып кетсе керек. Отағасы да сырттағы
тіршілігімен кеткен. Жолай демалмақ болып тоқтаған бір жолаушы киіз
үйдің тұсына келіп: «Кім бар-ау!» деп дыбыс берген екен. «Кіре бер»
деген дауысты естіп, ішке кірген жолаушы аңтарылып тұрып қалады.
Үйде бесікте ұйқысынан оянған баладан басқа жан жоқ. «Өреде ашыма
бар, өзің де іш, маған да бер» деген екен бала жолаушыға. Қазақтың
баласының тілі жатықтығын, ерте шыққанын байқаймыз бұдан.
12 слайд
12 БЕСІК ЖЫРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ ҚАНДАЙ? Бесік жыры арқылы баланың тілі ерте шығатынына бүгінде мән бермейміз. Бесік жырын тыңдап өскен баланың есте сақтау қабілеті жақсы жетілетініне көңіл аудармаймыз. Бүгінгі ұрпақ шешендігінен, әншілігінен, ақындығынан, сабырлылығынан, парасаттылығынан ажырап барады. Бұл да — алаңдатарлық жай. Біздің елде ауыздан қалмай келе жатқан аңызға бергісіз әрі біздің әулетке қатысты бір әңгіме бар. Ертеректе бір келіншек бесігінен ажырамай жүрген баласын бесікке бөлеп, әлдебір жұмыстарымен шығып кетсе керек. Отағасы да сырттағы тіршілігімен кеткен. Жолай демалмақ болып тоқтаған бір жолаушы киіз үйдің тұсына келіп: «Кім бар-ау!» деп дыбыс берген екен. «Кіре бер» деген дауысты естіп, ішке кірген жолаушы аңтарылып тұрып қалады. Үйде бесікте ұйқысынан оянған баладан басқа жан жоқ. «Өреде ашыма бар, өзің де іш, маған да бер» деген екен бала жолаушыға. Қазақтың баласының тілі жатықтығын, ерте шыққанын байқаймыз бұдан.

13 слайд
13
Мағжан Жұмабаевтың қазақ халқының тұрмыс – салт жырының бір түрі
бесік жырының үлгісінде жазылған «Бесік жыры» өлеңінен мейірімді
ананың нәрестесіне деген ыстық сезімі мен ақ тілегін аңғарамыз. Жалпы
кез - келген шығармада ең алдымен тақырып болатыны сөзсіз.
Шығарманың иесі сан - алуан ойларының ішінен біреуін ғана негізгі
ойының қазығы етеді. Сол ой шығарманың тақырыбы болып табылады.
Әдеби шығарманың тақырыбы – өнер туындысының іргетасы. Әдеби
шығарма белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Ал, идея
дегеніміз - автор осы тақырып арқылы шындық өмір көріністерін
суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.
Бұл өлеңнің тақырыбы- тұрмыс – салт жырының бір түрі бесік жырына
арналса, идеясы- ұлттық педагогикамыздың бір тармағы жаңа туған сәбиді
бесікке бөлеу мен бесік жырын дәріптеу.
Өлең - көптеген компоненттерден құралатын бір тұтас шығарма. Сол
көптеген бөлшектердің бірі – шумақ. Мағжан Жұмабаевтың «Бесік
жыры» өлеңі 16 шумақты болып келген.Бұл өлеңнің әр шумағы алты
жолдан, яки 6 тармақтан тұрады.Себебі, тармақ дегеніміз-
өлеңнің әр жолы. Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.Бұл өлең
1,2 бунақты.Өлеңнің бірінші тармағы:
13 слайд
13 Мағжан Жұмабаевтың қазақ халқының тұрмыс – салт жырының бір түрі бесік жырының үлгісінде жазылған «Бесік жыры» өлеңінен мейірімді ананың нәрестесіне деген ыстық сезімі мен ақ тілегін аңғарамыз. Жалпы кез - келген шығармада ең алдымен тақырып болатыны сөзсіз. Шығарманың иесі сан - алуан ойларының ішінен біреуін ғана негізгі ойының қазығы етеді. Сол ой шығарманың тақырыбы болып табылады. Әдеби шығарманың тақырыбы – өнер туындысының іргетасы. Әдеби шығарма белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың сәулесі. Ал, идея дегеніміз - автор осы тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде, оны өз көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді. Бұл өлеңнің тақырыбы- тұрмыс – салт жырының бір түрі бесік жырына арналса, идеясы- ұлттық педагогикамыздың бір тармағы жаңа туған сәбиді бесікке бөлеу мен бесік жырын дәріптеу. Өлең - көптеген компоненттерден құралатын бір тұтас шығарма. Сол көптеген бөлшектердің бірі – шумақ. Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі 16 шумақты болып келген.Бұл өлеңнің әр шумағы алты жолдан, яки 6 тармақтан тұрады.Себебі, тармақ дегеніміз- өлеңнің әр жолы. Бунақ - белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.Бұл өлең 1,2 бунақты.Өлеңнің бірінші тармағы:

14 слайд
Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры»
Күнім, айым,
Еркетайым,
Бөлейін енді.
Тыста дауыл,
Жатқан ауыл,
Ұйқың да келді.
Жұмсақ бесік,
Жылы төсек.
Жата ғой, қозым.
14 слайд
Мағжан Жұмабаев «Бесік жыры» Күнім, айым, Еркетайым, Бөлейін енді. Тыста дауыл, Жатқан ауыл, Ұйқың да келді. Жұмсақ бесік, Жылы төсек. Жата ғой, қозым.

15 слайд
15
Күнім, / айым, / - 2 бунақты,
Еркетайым, / - 1 бунақты,
Бөлейін енді / - 2 бунақты,
Буын саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. «Бесік жыры»
өлеңі 4 – 5 буынды.
Жұмсақ бесік,
Жылы төсек,
Жата ғой, қозым.
Ақынның «Бесік жыры» өлеңі 6 тармақты, 4 – 5 буынды, 1 – 2 бунақты, ұйқасының а - а - б
болып келуі - Мағжанның қазақ әдебиетіне әкелген өзіндік жаңалығы. Қазақтың ұлы ақыны
Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі арқылы төл әдебиетімізге сегіз аяқ деген ұйқас енгізген
болса, Мағжанның 6 тармақты, 4 – 5 буынды өлеңдерін алты аяқ ұйқасына құрылған
шығармалар деп атауға негіз бар сияқты.
Қайталау -белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта – қайта айту. «Бесік
жыры» өлеңінде қайталаудың анафора мен эпифора деген түрлері кездеседі. Анафора –өлең
тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол басында қайталануы. Эпифора -өлең
тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы.
Құлыншақтар,
Қозы, лақтар –
Бәрі – ақ ұйқыда.
Сен – жұлдызым,
Сен – көз нұрым,
Кір тәтті ұйқыға ... деген бір шумақта қайталаудың анафора мен эпифора деген түрлері кездессе,
Беу – беу, бөпем,
Беу – беу, бөпем,
Әлди, әлди – ай!
Сәулем, еркем,
Күні ертең
Толарсың сен ай... деген шумақтың бірінші және екінші тармағы анафора мен эпифорадан
құрылған.Бұл да - ақынның қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы.
15 слайд
15 Күнім, / айым, / - 2 бунақты, Еркетайым, / - 1 бунақты, Бөлейін енді / - 2 бунақты, Буын саны - сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. «Бесік жыры» өлеңі 4 – 5 буынды. Жұмсақ бесік, Жылы төсек, Жата ғой, қозым. Ақынның «Бесік жыры» өлеңі 6 тармақты, 4 – 5 буынды, 1 – 2 бунақты, ұйқасының а - а - б болып келуі - Мағжанның қазақ әдебиетіне әкелген өзіндік жаңалығы. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы «Сегіз аяқ» өлеңі арқылы төл әдебиетімізге сегіз аяқ деген ұйқас енгізген болса, Мағжанның 6 тармақты, 4 – 5 буынды өлеңдерін алты аяқ ұйқасына құрылған шығармалар деп атауға негіз бар сияқты. Қайталау -белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта – қайта айту. «Бесік жыры» өлеңінде қайталаудың анафора мен эпифора деген түрлері кездеседі. Анафора –өлең тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол басында қайталануы. Эпифора -өлең тармақтарында белгілі бір сөз не сөз тіркесінің жол аяғында қайталануы. Құлыншақтар, Қозы, лақтар – Бәрі – ақ ұйқыда. Сен – жұлдызым, Сен – көз нұрым, Кір тәтті ұйқыға ... деген бір шумақта қайталаудың анафора мен эпифора деген түрлері кездессе, Беу – беу, бөпем, Беу – беу, бөпем, Әлди, әлди – ай! Сәулем, еркем, Күні ертең Толарсың сен ай... деген шумақтың бірінші және екінші тармағы анафора мен эпифорадан құрылған.Бұл да - ақынның қазақ әдебиетіне әкелген жаңалығы.

16 слайд
16
Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі өне бойы айшықты сөздерге,
троптың метафора және метонимия секілді түрлеріне өрілген. Троп
дегеніміз – сөзді тура мағынада емес, бұрма мағынасында, әсірелеп,
әдемілеп беру. Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың
(құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері
негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Қазақ халқының ірі ғалым
лингвисі, қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушы, аудармашы,
түрколог, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов өзінің әйгілі «Әдебиет
танытқыш» деген еңбегінде метафораны ауыстыру деп келтіреді. Мағжан
ақынның «Бесік жырындағы» ана сәбиінен небір айшықты сөздермен
толғанады.
16 слайд
16 Мағжан Жұмабаевтың «Бесік жыры» өлеңі өне бойы айшықты сөздерге, троптың метафора және метонимия секілді түрлеріне өрілген. Троп дегеніміз – сөзді тура мағынада емес, бұрма мағынасында, әсірелеп, әдемілеп беру. Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Қазақ халқының ірі ғалым лингвисі, қазақ әдебиеті теориясының негізін қалаушы, аудармашы, түрколог, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынов өзінің әйгілі «Әдебиет танытқыш» деген еңбегінде метафораны ауыстыру деп келтіреді. Мағжан ақынның «Бесік жырындағы» ана сәбиінен небір айшықты сөздермен толғанады.

17 слайд
17
Жалпы, бесік жырында ата-анасы баласының болашағынан үлкен үміт
күтетінін және олардың махаббаты, ой арманы, ігзі тілегі, ақыл өсиеті
айтылып, астарлы айқында...
17 слайд
17 Жалпы, бесік жырында ата-анасы баласының болашағынан үлкен үміт күтетінін және олардың махаббаты, ой арманы, ігзі тілегі, ақыл өсиеті айтылып, астарлы айқында...