Ғылыми жоба. Ою-өрнек - өрелі өнер
Ғылыми жоба. Ою-өрнек - өрелі өнер

#1 слайд
Тақырыбы: Ою өрнек-
өрелі өнер
1 слайд
Тақырыбы: Ою өрнек- өрелі өнер
#2 слайд
Кіріспе
Қазақтың сәндік – қолданбалы ою - өрнегі жайлы сөз қозғағанда,
көз алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді. Оны
бір қасиетті сөздер өнердің қай саласы болмасын сазгерлік,
әдебиет, бейнелеу және т. б. өнердің барлық салаларына ортақ
дүниелер. Қазақ халқының ежелгі замандардан - ақ қалыптасып,
үнемі дамумен, жетілдірумен келе жатқан ою - өрнегі – сол
сұлулық әлемінің ішіндегі ерекше бір саласы.
Ою - өрнек – тарихы тереңде жатқан, теориясы күрделі әсемдік
өнері.
2 слайд
Кіріспе Қазақтың сәндік – қолданбалы ою - өрнегі жайлы сөз қозғағанда, көз алдыңызға әсемдік пен сұлулық әлемі еріксіз елестейді. Оны бір қасиетті сөздер өнердің қай саласы болмасын сазгерлік, әдебиет, бейнелеу және т. б. өнердің барлық салаларына ортақ дүниелер. Қазақ халқының ежелгі замандардан - ақ қалыптасып, үнемі дамумен, жетілдірумен келе жатқан ою - өрнегі – сол сұлулық әлемінің ішіндегі ерекше бір саласы. Ою - өрнек – тарихы тереңде жатқан, теориясы күрделі әсемдік өнері.
#3 слайд
Зерттеу мақсаты:
Ою - өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат,
болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана
қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре
отырып, осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.
Халқымыздың көркем мұрасы ою - өрнек өнерін, ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның
көне және озық үлгілерін сөрелеп шығу, тарихын, қоғамдық әлеуметтік, тәрбиелік
мәнін ашу.
Зерттеудің міндеттері:- Отаныма, өз еліме адал қызмет ету.
1) Ою - өрнек өнерінің шығу тарихы мен сол заманғы қоғам дамуы.
2) Ою - өрнек түрлері
3) Ою - өрнекті тұтыну қажеттілігі мен орындалу техникасы.
4) Өнердің жаңа бағыттарын анықтау, жүйелеу.
5) Заман талабына сай халқымыздың ұлттық мәдениеті мен рухани мұраларын
ою - өрнек өнері арқылы ұрпақ санасына сіңіру.
3 слайд
Зерттеу мақсаты: Ою - өрнек өнері - қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына ендіре отырып, осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру. Халқымыздың көркем мұрасы ою - өрнек өнерін, ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның көне және озық үлгілерін сөрелеп шығу, тарихын, қоғамдық әлеуметтік, тәрбиелік мәнін ашу. Зерттеудің міндеттері:- Отаныма, өз еліме адал қызмет ету. 1) Ою - өрнек өнерінің шығу тарихы мен сол заманғы қоғам дамуы. 2) Ою - өрнек түрлері 3) Ою - өрнекті тұтыну қажеттілігі мен орындалу техникасы. 4) Өнердің жаңа бағыттарын анықтау, жүйелеу. 5) Заман талабына сай халқымыздың ұлттық мәдениеті мен рухани мұраларын ою - өрнек өнері арқылы ұрпақ санасына сіңіру.
#4 слайд
Даму тарихы . Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың
қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен
орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің,
жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.
Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс - көктің, балық - судың, ағаш - жердің белгісі. Сол қазақ ою -
өрнегінің мақұлықаты, нәубет аты, ғарышты, тікесызықты, нышандық, танымдық т. б сарындарының
мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан 60 - қа жуық
оюлардың мазмұны мен нұсқасы, атаулары жиналған. Мәліметтерге сүйенсек, шеберлер өздерінің
қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлме - дәл түсіруге ұмтылған. Бұйымдарда жан
- жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе
иттің құйрығы т. б және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген.
Қазақ ою өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан сақ,
Андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті б. з. б екі мыңжылдықтың соңғы жартысы
мен бір мыңжылдықтың басында Батыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал
б. з. б 7 - 10 ғасырда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен.
Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының
қол жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды «азиялық скифтер» - деп,
ал парсы тарихшылары «сақ»- деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген археологиялық
зерттеулердің нәтижесінде анықталған. Ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.
4 слайд
Даму тарихы . Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс - көктің, балық - судың, ағаш - жердің белгісі. Сол қазақ ою - өрнегінің мақұлықаты, нәубет аты, ғарышты, тікесызықты, нышандық, танымдық т. б сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан 60 - қа жуық оюлардың мазмұны мен нұсқасы, атаулары жиналған. Мәліметтерге сүйенсек, шеберлер өздерінің қолөнер туындыларына табиғаттан алынған бейнені дәлме - дәл түсіруге ұмтылған. Бұйымдарда жан - жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т. б және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген. Қазақ ою өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан сақ, Андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті б. з. б екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында Батыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б. з. б 7 - 10 ғасырда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерін мекен еткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек және парсы тарихшыларының қол жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды «азиялық скифтер» - деп, ал парсы тарихшылары «сақ»- деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған. Ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.
#5 слайд
Ұлттық ою - өрнек түрлеріҚазақтың ою – өрнектерінің 200 тарта түрлері белгілі.
Оюдың
түрлеріМүйіз
Қошқармүйіз
Сынықмүйіз
Өркеш
Шыныгүл
Түйетабан
Сыңатөркеш
Балдақ ҚармақҚосалқа Бағанаөрнек
Қостұмарша
Ирек
ШетоюҚазтабан
Құсмойынтаңдай
Құсқанат Жылан ТүлкібасИтқұйрық
шіліншік
Ботакөз
5 слайд
Ұлттық ою - өрнек түрлеріҚазақтың ою – өрнектерінің 200 тарта түрлері белгілі. Оюдың түрлеріМүйіз Қошқармүйіз Сынықмүйіз Өркеш Шыныгүл Түйетабан Сыңатөркеш Балдақ ҚармақҚосалқа Бағанаөрнек Қостұмарша Ирек ШетоюҚазтабан Құсмойынтаңдай Құсқанат Жылан ТүлкібасИтқұйрық шіліншік Ботакөз
#6 слайд
Ою-өрнектің тұтыну қажеттілігі
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді
нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін)
қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен:
зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың
ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне
ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже,
жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-
өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан
ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен
сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған.
Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге
болады. Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған
мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа
оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей
қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады. Қошқармүйіз төрт
тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Төртқұлақ өрнегі кебеже, жүкаяқтарды
безендіруде кеңінен қолданылады. Ол ағаш бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде
бұрышына бедерленген. Ағаш бұйымдарда түлкібас, иттабақ, итемшек, қарақұс, құстұмсық,
көбелек, ботамойын, түйетабан, шыбынның қанаты деп аталатын зооморфтық өрнектер
ұшырасады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады.
6 слайд
Ою-өрнектің тұтыну қажеттілігі Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына (зооморфтық түр) кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою- өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған. Ұсақ аңдардың табандарының іздері жүкаяқ, кебеже, асадалдың көрнекті жерлеріне салынған. Сонымен қатар бұл өрнек түрін үй жиһаздарының жиектерінен, бұрыштарынан кездестіруге болады. Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады. Қошқармүйіз оюы қазақ халқының бүкіл тыныс-тіршілігін танытады. Кей қолданыста ол қырықмүйіз, сыңармүйіз, арқармүйіз болып түрленіп отырады. Қошқармүйіз төрт тармақтан құралып, ортасы айқыш тәрізді болып келеді. Төртқұлақ өрнегі кебеже, жүкаяқтарды безендіруде кеңінен қолданылады. Ол ағаш бұйымдар бетінің кейде дәл ортасына, кейде бұрышына бедерленген. Ағаш бұйымдарда түлкібас, иттабақ, итемшек, қарақұс, құстұмсық, көбелек, ботамойын, түйетабан, шыбынның қанаты деп аталатын зооморфтық өрнектер ұшырасады. Олар, әсіресе, жүкаяқтарды, төсектерді өрнектеуге кеңінен қолданылады.
#7 слайд
Өнердің жаңа бағыттарын анықтау
Бүгінгі таңда халқымыздың мәдени өзекті бір саласы – ою – өрнек өнері қайта дамып, бай
мазмұнға ие болып жаңа тұрмыс, саналы өміріміздің кәдесіне жарауда.
Эпиограф Сауық Қасмонов пен сәулетші Төлеутай Бәсеновтың ою – өрнектері туралы
жазбылған ғылыми еңбектері бұл өнер түрін өз тарихы, даму жолы, задылықтары бар тұтас
сала ретінде таныпты. Осы салаға біріңші таңда үлкен үлес қосып жүрген білікті шебер,
суретші Сапар Төленбаев шебердің оюлары ұлттық нақышты сақтай отырып, ғарытық,
зооморфтық , жаңа өсімдік мәнерінде қиылған. Жаңа ою – өрнектрді мынандай топтарға
бөлуге болмайды.
Табиғат көріністері
Күнделікті тұрмыста кездесетін заттардың сырт пішіні
Еліміздің рәміздері
Бұл жаңа ою – өрнектер ежелгі ою – өрнектобынан анықтамай, тек кеңестің және тәуелсіздік
кезеңдерінде қосымша пайда болған еліміздің рәміздері қазақ ою – өнерінің басты
тақырыбына айналған.
Қазақ ою – өрнегінің арқауы болған «мүйіз» оюы заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда,
жаңа мазмұнда қолдануда. Демек, ою – өрнек көнермейді, ол заман ағымынына қарай өз
дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді.
Ол сонау ғасырлыр қайнауымен жеткен жай танба белгі емес, бұл халқымыздың оюмен
жазылған шежіре тарихы.
Ою – өрнек – халқымыздың қолтаңбасы, ол өшуге, жоғалуға жатпайды
7 слайд
Өнердің жаңа бағыттарын анықтау Бүгінгі таңда халқымыздың мәдени өзекті бір саласы – ою – өрнек өнері қайта дамып, бай мазмұнға ие болып жаңа тұрмыс, саналы өміріміздің кәдесіне жарауда. Эпиограф Сауық Қасмонов пен сәулетші Төлеутай Бәсеновтың ою – өрнектері туралы жазбылған ғылыми еңбектері бұл өнер түрін өз тарихы, даму жолы, задылықтары бар тұтас сала ретінде таныпты. Осы салаға біріңші таңда үлкен үлес қосып жүрген білікті шебер, суретші Сапар Төленбаев шебердің оюлары ұлттық нақышты сақтай отырып, ғарытық, зооморфтық , жаңа өсімдік мәнерінде қиылған. Жаңа ою – өрнектрді мынандай топтарға бөлуге болмайды. Табиғат көріністері Күнделікті тұрмыста кездесетін заттардың сырт пішіні Еліміздің рәміздері Бұл жаңа ою – өрнектер ежелгі ою – өрнектобынан анықтамай, тек кеңестің және тәуелсіздік кезеңдерінде қосымша пайда болған еліміздің рәміздері қазақ ою – өнерінің басты тақырыбына айналған. Қазақ ою – өрнегінің арқауы болған «мүйіз» оюы заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда қолдануда. Демек, ою – өрнек көнермейді, ол заман ағымынына қарай өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді. Ол сонау ғасырлыр қайнауымен жеткен жай танба белгі емес, бұл халқымыздың оюмен жазылған шежіре тарихы. Ою – өрнек – халқымыздың қолтаңбасы, ол өшуге, жоғалуға жатпайды
#8 слайд
Заман талабына сай ұлттық мәдениетті дамыту
Ою-өрнектің мектепке қолданудың өзі оқушылардың қол шеберліктерін дамытып, ой-өрісін
кеңітіп, эстетикалық талғамдарын байытады. Және де түзу сызық, қисық сызық, шеңбер сызғанда
тигізер пайдасы мол. Сол сияқты симметрия туралы толық түсінулерге, көру, байқау қабілеттерін
дамытуға, шексіздік туралы, композициялық құрылымның дұрыс орналасуын бақылауларына
көп көмегі бар.
Оқушылар өз жасаған заттарын, айта кетсек, қыз балалар технология сабағында жасаған
көрпешелерін, жастықшаларын, ал ұлдар жасаған домбыраларын, сандықшаларын,
қобдишаларын ою-түрлерімен әшекейлеп, көркемдеп, әсемдеп, өмірде өз қажеттеріне
пайдалана алады.
Осындай өмір түрлерінің бірі ұлттық ою – өрнектердің тәрбиелік мәнін аша түсіп, оқушыларға
меңгерту жолдарын қарастыру, зерттеп жариялау – әр уақытта да ұлағатты іс болмақ.
Осы ою-өрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы
шеберге үлкен көмек болары анық.
Мемлекеттік деңгейде қамқорлық жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына
пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе,
жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға
ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең
көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер
дамыған болар еді.
8 слайд
Заман талабына сай ұлттық мәдениетті дамыту Ою-өрнектің мектепке қолданудың өзі оқушылардың қол шеберліктерін дамытып, ой-өрісін кеңітіп, эстетикалық талғамдарын байытады. Және де түзу сызық, қисық сызық, шеңбер сызғанда тигізер пайдасы мол. Сол сияқты симметрия туралы толық түсінулерге, көру, байқау қабілеттерін дамытуға, шексіздік туралы, композициялық құрылымның дұрыс орналасуын бақылауларына көп көмегі бар. Оқушылар өз жасаған заттарын, айта кетсек, қыз балалар технология сабағында жасаған көрпешелерін, жастықшаларын, ал ұлдар жасаған домбыраларын, сандықшаларын, қобдишаларын ою-түрлерімен әшекейлеп, көркемдеп, әсемдеп, өмірде өз қажеттеріне пайдалана алады. Осындай өмір түрлерінің бірі ұлттық ою – өрнектердің тәрбиелік мәнін аша түсіп, оқушыларға меңгерту жолдарын қарастыру, зерттеп жариялау – әр уақытта да ұлағатты іс болмақ. Осы ою-өрнек түрлерін қажетті орнын тауып пайдаланған зергер, оюшы шеберге үлкен көмек болары анық. Мемлекеттік деңгейде қамқорлық жасаланып, оқушыларға, студент жастарға қолөнер сабағына пайдалануға шағын журналдар шығарылса, қолөнер түрлері мектепте пән ретінде өтсе, жастардың келешекте іскерлігіне, ұлттық мәдениетті сүюіне ықпал жасары анық. Оқушыларға ұлттық нақыштағы киім үлгілері ұсынылса, оқу құралдарының безендірілуіне ою-өрнек кең көлемде ұсынылса, шеберлер даярлайтын арнаулы оқу орындары ашылса, ұлттық қолөнер дамыған болар еді.
#9 слайд
9 слайд
#10 слайд
10 слайд
#11 слайд
11 слайд
#12 слайд
Әдебиеттер тізімі
Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері.
-Алматы: Алматыкітап ААҚ, 2003ж.
Шоқпарұлы Д. Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері.-Алматы: Алматыкітап, 2007ж.
Төлебаев С. Өмірбекова М. Ою-өрнектің жасалу жолдары.
-Алматы: Қағанат ЛТД, 1993ж.
Арзыкулова Ж.Н. Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу. //Мектептегі
технология,2010ж,№6.
Маракулова К.Б. Ою-өрнек салып үйренейік. //Мектептегі технология, 2010ж, №6.
Мұхамеджанұлы З. Қазақтың кесте өнері. - Алматы кітап, 2008 ж.
Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. - Алматы кітап, 2007 ж.
Жанабаева Г.А. Қазақтың ою-өрнектері.- Өскемен,2000ж.
12 слайд
Әдебиеттер тізімі Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. -Алматы: Алматыкітап ААҚ, 2003ж. Шоқпарұлы Д. Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері.-Алматы: Алматыкітап, 2007ж. Төлебаев С. Өмірбекова М. Ою-өрнектің жасалу жолдары. -Алматы: Қағанат ЛТД, 1993ж. Арзыкулова Ж.Н. Ұлттық ою-өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу. //Мектептегі технология,2010ж,№6. Маракулова К.Б. Ою-өрнек салып үйренейік. //Мектептегі технология, 2010ж, №6. Мұхамеджанұлы З. Қазақтың кесте өнері. - Алматы кітап, 2008 ж. Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. - Алматы кітап, 2007 ж. Жанабаева Г.А. Қазақтың ою-өрнектері.- Өскемен,2000ж.
#13 слайд
Назарлары ңызға
рахмет
13 слайд
Назарлары ңызға рахмет
шағым қалдыра аласыз













