Ғылыми жоба. Тарих. Тұлға. Тағылым.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы: “Тарих. Тұлға. Тағылым”
Бағыты: гуманитарлық (тарих)
Орындаған: Ерғазина Аида Сүйіндікқызы
Сыныбы: 11
Жетекшісі: Бекенова Гүлназ Ақанқызы
2017-2018 оқу жылы
1 слайд
Амантоғай жалпы білім беретін орта мектебі Тақырыбы: “Тарих. Тұлға. Тағылым” Бағыты: гуманитарлық (тарих) Орындаған: Ерғазина Аида Сүйіндікқызы Сыныбы: 11 Жетекшісі: Бекенова Гүлназ Ақанқызы 2017-2018 оқу жылы
2 слайд
Мазмұны
Кіріспе.
1. Рухани жаңғыру туған жерімізде...................................
Негізгі бөлім
2. Ұлттық тарих толқынында.................................................
2.1. Дәндібай Қойбақұлы жайлы
2.1. Алғашқы білім ордасы..................................................
2.2. Дәндібай қажының ұрпақтары.................................................
ІV. Қорытынды....................................................................................
V. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................
2 слайд
Мазмұны Кіріспе. 1. Рухани жаңғыру туған жерімізде................................... Негізгі бөлім 2. Ұлттық тарих толқынында................................................. 2.1. Дәндібай Қойбақұлы жайлы 2.1. Алғашқы білім ордасы.................................................. 2.2. Дәндібай қажының ұрпақтары................................................. ІV. Қорытынды.................................................................................... V. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................
3 слайд
Ғылыми жобаның мақсаты: Осы күнгі Ескі мешіттің салыну тарихын, Жалдама
бойындағы ұмыт болып бара жатқан алғашқы мешітті тұрғызған Дәндібай қажы
Қойбақұлы туралы мәлімет беру, өмірін, ұрпақтарын зерттеу.
Ғылыми жобаның міндеттері:
Алғашқы мешіт әрі осы өңірдегі алғашқы білім ордасы жайлы мағлұматты тереңірек
қарастыру;
Дәндібай қажының өмір жолымен таныстыру;
Дәндібай Қойбақұлының ұрпақтары жайлы дерек жинау;
Жастарға Дәндібай Қойбақұлының тарихи тұлғасын насихаттау;
Гипотеза. Дәндібай қажы Қойбақұлы ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың ортасында
өмір сүрген. Бар өмірін дінге арнаған, жастайынан дін жолына берілген. Өзінің бала-
шағасымен Жалдаманың жағасынан соқпадан биік етіп, мешіт салған. Ол Жалдама
бойындағы алғашқы мешіт. Әрі Дәндібай қажы сол кезде ауыл балаларын мешітте тегін
оқытып, тәлім берген. Осы өңірдегі алғашқы білім ордасының негізін қалаушы болды.
Зерттеудің нәтижесі: Таңдалған тақырыпқа байланысты деректер аз болса да кітап әрі
қосымша дерек көздерін пайдалану арқылы іздену жұмысын жүргіздім. Дәндібай
қажының өмір жолын зерттей отырып, біршама мәліметтер жинап, тәжірибе жасадым.
«Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің
көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.
3 слайд
Ғылыми жобаның мақсаты: Осы күнгі Ескі мешіттің салыну тарихын, Жалдама бойындағы ұмыт болып бара жатқан алғашқы мешітті тұрғызған Дәндібай қажы Қойбақұлы туралы мәлімет беру, өмірін, ұрпақтарын зерттеу. Ғылыми жобаның міндеттері: Алғашқы мешіт әрі осы өңірдегі алғашқы білім ордасы жайлы мағлұматты тереңірек қарастыру; Дәндібай қажының өмір жолымен таныстыру; Дәндібай Қойбақұлының ұрпақтары жайлы дерек жинау; Жастарға Дәндібай Қойбақұлының тарихи тұлғасын насихаттау; Гипотеза. Дәндібай қажы Қойбақұлы ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың ортасында өмір сүрген. Бар өмірін дінге арнаған, жастайынан дін жолына берілген. Өзінің бала- шағасымен Жалдаманың жағасынан соқпадан биік етіп, мешіт салған. Ол Жалдама бойындағы алғашқы мешіт. Әрі Дәндібай қажы сол кезде ауыл балаларын мешітте тегін оқытып, тәлім берген. Осы өңірдегі алғашқы білім ордасының негізін қалаушы болды. Зерттеудің нәтижесі: Таңдалған тақырыпқа байланысты деректер аз болса да кітап әрі қосымша дерек көздерін пайдалану арқылы іздену жұмысын жүргіздім. Дәндібай қажының өмір жолын зерттей отырып, біршама мәліметтер жинап, тәжірибе жасадым. «Талаптыға нұр жауар» демекші, қажымас қайрат, таусылмас талап болса, зерттеулердің көптеген сырларын аша алатынымызды естен шығармауымыз керек.
4 слайд
Дәндібай қажы Қойбақұлы 1800-1880 жылдары өмір сүрген. Руы-
қырықмылтық. Әкесі Қойбақ баланың кенжесі болғандықтан қара
шаңырақ иесі аталған. Қойбақ өзі жаугершілік заманда Қарабалық
жақтағы қайыңдарына қарай ығысқан. Троицк қаласы маңында
өмір сүрген. Қойбақтан екі ұрпақ тарайды: Дәндібай қажы мен
Тұрымтай. Бұл әулет әуелден аруақ қонған, елдің рухани тірегі,
діни басшылық құрған әулет. Оның негізін қалаушы киелі болған
ата – Дәндібай қажы. Балалық шағы Троицк қаласы маңында
өткендіктен, Зейнолла хазіреттен тәлім алған. Зейнолла хазірет сол
кездегі аты дүрілдеп тұрған өте білімді, дін жолына берілген ұстаз
болған. Кейін Дәндібай қажы мұсылманша білім алып, өте сауатты,
әрі кіршіксіз таза ұстаз болып шығады.
4 слайд
Дәндібай қажы Қойбақұлы 1800-1880 жылдары өмір сүрген. Руы- қырықмылтық. Әкесі Қойбақ баланың кенжесі болғандықтан қара шаңырақ иесі аталған. Қойбақ өзі жаугершілік заманда Қарабалық жақтағы қайыңдарына қарай ығысқан. Троицк қаласы маңында өмір сүрген. Қойбақтан екі ұрпақ тарайды: Дәндібай қажы мен Тұрымтай. Бұл әулет әуелден аруақ қонған, елдің рухани тірегі, діни басшылық құрған әулет. Оның негізін қалаушы киелі болған ата – Дәндібай қажы. Балалық шағы Троицк қаласы маңында өткендіктен, Зейнолла хазіреттен тәлім алған. Зейнолла хазірет сол кездегі аты дүрілдеп тұрған өте білімді, дін жолына берілген ұстаз болған. Кейін Дәндібай қажы мұсылманша білім алып, өте сауатты, әрі кіршіксіз таза ұстаз болып шығады.
5 слайд
Сол кездердегі Троицк қаласының көрінісі
5 слайд
Сол кездердегі Троицк қаласының көрінісі
6 слайд
1893 жылдан бастап Зейнолла Хазірет өзінің мектебін
жаңдандыруды бастады.
Оқытудың сенімді әдісі сыныптық жүйе, зайырлы зерттеу пәндер.
Зейнолла Хазіретінің мақсаты жастарды мұсылман мектептері
үшін молдалық ілімге және бастауыш сыныптық мұғалімділікке
үйрету болды.
Оқу жоспары татар, араб және орыс тілдерін қамтиды.
Құран мен хадисті, математиканы, әлем тарихын, Ислам және
қасиетті тарих, мұсылман құқығы, логика, этика, жаратылыстану
ғылымдары, педагогиканы үйретті
6 слайд
1893 жылдан бастап Зейнолла Хазірет өзінің мектебін жаңдандыруды бастады. Оқытудың сенімді әдісі сыныптық жүйе, зайырлы зерттеу пәндер. Зейнолла Хазіретінің мақсаты жастарды мұсылман мектептері үшін молдалық ілімге және бастауыш сыныптық мұғалімділікке үйрету болды. Оқу жоспары татар, араб және орыс тілдерін қамтиды. Құран мен хадисті, математиканы, әлем тарихын, Ислам және қасиетті тарих, мұсылман құқығы, логика, этика, жаратылыстану ғылымдары, педагогиканы үйретті
7 слайд
Сол заманда аты мәшһүр Троицк
қаласындағы медресе – мешіт
Троицк мешітінің молдасы,
әрі Дәндібай қажыны оқытқан,
талай білімділердің сауатын
ашқан
Зейнолла Расулев Хазірет
7 слайд
Сол заманда аты мәшһүр Троицк қаласындағы медресе – мешіт Троицк мешітінің молдасы, әрі Дәндібай қажыны оқытқан, талай білімділердің сауатын ашқан Зейнолла Расулев Хазірет
8 слайд
Дәндібай қажының қайын жұрты да Қарабалық жағынан, сол
елдің сыйлы адамы болған. Балалары да сол жерде туған.
Дәндібай атадан бес ұрпақ тарайды: Тынымбай, Боранбай,
Қорғанбай, Болғанбай, Балғынбай атты ұлдары. Оларда
жастайынан мұсылманша оқып, дін жолына түскен. Дәндібай ата
Меккеге өз өмірінде 3 рет барған. Бірінші 1850 жылдары Қазан
тақуаларымен барған. Осыдан келген соң, екі рет барған.
Соңғысы 1876 жылы. Жайықұлы Шоданды, Тілетұлы
Садақбайды, өз ұлы Тынымбайды ала барған. Дәндібай қажы
сонымен қатар тазалықты өте қатты талап еткен. Ол кісі қымыз
ішпеген, шұбат қана ішкен, оның өзінде сауын түйенің желініне
арнайы қап байлатып, әрбір сауын алдында желінді сумен тазалап
жудырып барып сауғызатын болған. Әйелдерге екі бас намаз
оқып барып бала еміздірген.
8 слайд
Дәндібай қажының қайын жұрты да Қарабалық жағынан, сол елдің сыйлы адамы болған. Балалары да сол жерде туған. Дәндібай атадан бес ұрпақ тарайды: Тынымбай, Боранбай, Қорғанбай, Болғанбай, Балғынбай атты ұлдары. Оларда жастайынан мұсылманша оқып, дін жолына түскен. Дәндібай ата Меккеге өз өмірінде 3 рет барған. Бірінші 1850 жылдары Қазан тақуаларымен барған. Осыдан келген соң, екі рет барған. Соңғысы 1876 жылы. Жайықұлы Шоданды, Тілетұлы Садақбайды, өз ұлы Тынымбайды ала барған. Дәндібай қажы сонымен қатар тазалықты өте қатты талап еткен. Ол кісі қымыз ішпеген, шұбат қана ішкен, оның өзінде сауын түйенің желініне арнайы қап байлатып, әрбір сауын алдында желінді сумен тазалап жудырып барып сауғызатын болған. Әйелдерге екі бас намаз оқып барып бала еміздірген.
9 слайд
Дәндібай қажының қайтыс
болғаннан кейін басына
қойылған тас
Дәндібай қажы қайтыс болғаннан кейін
оны Мақат деп аталатын жерге жерлеген,
қазір ол кісіге балалары соққан бейіт
құлап үлкен обаға айналған, басына
қойылған таста жартылай сынған.
9 слайд
Дәндібай қажының қайтыс болғаннан кейін басына қойылған тас Дәндібай қажы қайтыс болғаннан кейін оны Мақат деп аталатын жерге жерлеген, қазір ол кісіге балалары соққан бейіт құлап үлкен обаға айналған, басына қойылған таста жартылай сынған.
10 слайд
Қажы өз өмірінде өте қасиетті кісі болған. Ол кісі таң намазын оқуға
мешітке келгенде, онымен артта сапта мұсылман перілері намазға
тұрады екен. Өзі намазын оқып болған соң, шамды өшірмей шығып
кетеді екен. Бесін намазына келгенде шам өшіріліп, жайнамаз жиналып
тұрады екен. Дәндібай қажының пірі Қара бура екен. Өзінің аса таяғы
мен киелі кісесі болған. Кісе – күміс, жез үзбелермен безендіріп,
қалташалар салынған жалпақ былғары белбеу. Көктемде су тасыған
кезде өзеннен алып сеңдер Қара бура тәрізденіп мешітке толған кезде
аса таяғымен «Кет рәпіз» деп сілтеп қойғанда сең кейін қайтатын
болған. Ауырған адамдарды кісесімен ұшықтап жазатын болған.
Кезінде Марал ишанмен
де дос болған. Марал ишан Батыс Сібірдің бас имамы болған кісі.
Қазіргі кезде Қостанайдағы Ақмешіт Марал ишан мешіті деп аталады.
10 слайд
Қажы өз өмірінде өте қасиетті кісі болған. Ол кісі таң намазын оқуға мешітке келгенде, онымен артта сапта мұсылман перілері намазға тұрады екен. Өзі намазын оқып болған соң, шамды өшірмей шығып кетеді екен. Бесін намазына келгенде шам өшіріліп, жайнамаз жиналып тұрады екен. Дәндібай қажының пірі Қара бура екен. Өзінің аса таяғы мен киелі кісесі болған. Кісе – күміс, жез үзбелермен безендіріп, қалташалар салынған жалпақ былғары белбеу. Көктемде су тасыған кезде өзеннен алып сеңдер Қара бура тәрізденіп мешітке толған кезде аса таяғымен «Кет рәпіз» деп сілтеп қойғанда сең кейін қайтатын болған. Ауырған адамдарды кісесімен ұшықтап жазатын болған. Кезінде Марал ишанмен де дос болған. Марал ишан Батыс Сібірдің бас имамы болған кісі. Қазіргі кезде Қостанайдағы Ақмешіт Марал ишан мешіті деп аталады.
11 слайд
Дәндібай Қойбақұлымен дос болған
Марал Ишан атындағы мешіт
11 слайд
Дәндібай Қойбақұлымен дос болған Марал Ишан атындағы мешіт
12 слайд
1.Алғашқы білім ордасы.
ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың ортасы аралығында өмір сүрген
Жалдама бойындағы алғашқы білім ордасының іргетасын қалаған Дәндібай
қажының балалары Тынымбай мен Боранбай 1837 - 1847 жылдардағы
Кенесары бастаған қозғалысқа қатысқан. Сол уақыттағы көтеріліс бұларға
үлкен әсер еткен. Кейін қозғалыс жеңіліс тапқаннан кейін Дәндібай балаларын
аман сақтап қалу үшін Жалдама бойына көшіп келген. Бұл жақтағы ағайындар
оларға Жалдаманың оң жақ бетінен ығысып орын берген. Осы жерге орныққан
соң, бала-шағасымен Жалдаманың жағасынан соқпадан биік етіп мешіт салған.
Осы күнгі Ескі мешіттің орны. Бұл уақыт шамамен 1850-1860 жылдар арасы.
Мешітті лайды аяқпен айдап, соқпа
құюмен салдырыпты. Соқпаның лайын айдауға түсер алдында, өзі бастап
балаларға екі бас намаз оқытып барып түсіреді екен.
12 слайд
1.Алғашқы білім ордасы. ХVІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың ортасы аралығында өмір сүрген Жалдама бойындағы алғашқы білім ордасының іргетасын қалаған Дәндібай қажының балалары Тынымбай мен Боранбай 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары бастаған қозғалысқа қатысқан. Сол уақыттағы көтеріліс бұларға үлкен әсер еткен. Кейін қозғалыс жеңіліс тапқаннан кейін Дәндібай балаларын аман сақтап қалу үшін Жалдама бойына көшіп келген. Бұл жақтағы ағайындар оларға Жалдаманың оң жақ бетінен ығысып орын берген. Осы жерге орныққан соң, бала-шағасымен Жалдаманың жағасынан соқпадан биік етіп мешіт салған. Осы күнгі Ескі мешіттің орны. Бұл уақыт шамамен 1850-1860 жылдар арасы. Мешітті лайды аяқпен айдап, соқпа құюмен салдырыпты. Соқпаның лайын айдауға түсер алдында, өзі бастап балаларға екі бас намаз оқытып барып түсіреді екен.
13 слайд
Баба көзіндей болып қалған мешіттің жалғыз қабырғасы.
Ақсуат маңында Жалдама өзенінің жағасында
13 слайд
Баба көзіндей болып қалған мешіттің жалғыз қабырғасы. Ақсуат маңында Жалдама өзенінің жағасында
14 слайд
Ол Жалдама бойында салынған бірінші мешіт, әрі алғашқы білім
ордасы. Мешіт жанынан медресе ашып, ауыл балаларын жинап,
тегін оқытқан.
Қажы балаларға діни білім беріп қана
қойған жоқ, Шығыс әдебиетін, тарихын, аспан әлемі,
жаратылыстану, арифметика, геометрия және физикадан білім,
тәлім берген ұстаз.
Осы медреседен ауылдың көптеген
балалары діни білім алып, жақсы оқығандарың жоғары оқу
орындарына жіберген.
Мешіт айналасындағы ауыл балаларының ғана сауатын ашып
қана қойған жоқ. Өте білімді, елге қызмет ететін, ізгі адамдарды
тәрбиелеп шығарды. Олар: Шодан, Қосшығұл, Ақмолда,
Қарамолда, Өтеген, Нұржан, Оспан.
14 слайд
Ол Жалдама бойында салынған бірінші мешіт, әрі алғашқы білім ордасы. Мешіт жанынан медресе ашып, ауыл балаларын жинап, тегін оқытқан. Қажы балаларға діни білім беріп қана қойған жоқ, Шығыс әдебиетін, тарихын, аспан әлемі, жаратылыстану, арифметика, геометрия және физикадан білім, тәлім берген ұстаз. Осы медреседен ауылдың көптеген балалары діни білім алып, жақсы оқығандарың жоғары оқу орындарына жіберген. Мешіт айналасындағы ауыл балаларының ғана сауатын ашып қана қойған жоқ. Өте білімді, елге қызмет ететін, ізгі адамдарды тәрбиелеп шығарды. Олар: Шодан, Қосшығұл, Ақмолда, Қарамолда, Өтеген, Нұржан, Оспан.
15 слайд
Дәндібай ата сауаттандыру жұмысына зор үлес қосқан ұстаз кісі
болды.
Одан кейін елдің саналы ақсақалдарын қажылыққа бастап апарушы
да осы кісі.
Дәндібай ата қайтыс болғаннан кейін мешітін 1909
жылға дейін үлкен ұлы Тынымбай қажы ұстаған. Олардан қалған
орынды ауыл адамдары 1966 жылға дейін пайдаланған.
Кейін тасқын су шайып, қабырғасы үгітілген. Мешіттің қабырғасы
әлі бар.
Осы әулеттен 4 адам қажылыққа барып қайтқан.
Олар: Дәндібай, Тынымбай, Қорғанбай,
Балғынбай және Боранбай бедел қажы болған.
15 слайд
Дәндібай ата сауаттандыру жұмысына зор үлес қосқан ұстаз кісі болды. Одан кейін елдің саналы ақсақалдарын қажылыққа бастап апарушы да осы кісі. Дәндібай ата қайтыс болғаннан кейін мешітін 1909 жылға дейін үлкен ұлы Тынымбай қажы ұстаған. Олардан қалған орынды ауыл адамдары 1966 жылға дейін пайдаланған. Кейін тасқын су шайып, қабырғасы үгітілген. Мешіттің қабырғасы әлі бар. Осы әулеттен 4 адам қажылыққа барып қайтқан. Олар: Дәндібай, Тынымбай, Қорғанбай, Балғынбай және Боранбай бедел қажы болған.
16 слайд
Мешіттің қазіргі қабырғасы
16 слайд
Мешіттің қазіргі қабырғасы
17 слайд
2. Дәндібай қажының ұрпақтары туралы.
Дәндібай атаның үлкен ұлы Тынымбай қажы Меккеге 1876 жылы
барған. Өкінішке орай ол кісіден Өміртай, Жүніс деген екі баласы
қажылыққа барып, кейін әке жолын қуғанмен, бүгінгі күні олардан
ұрпақ жоқ. Тек Жүніс қажының Мәрзие деген қызынан Орекен
Алматтың жұбайы Гүлжаһан ғана бар.
Қорғанбайдан Жүсіп, Жүсіптен Әубәкір, Балтай, Хамза, Ғаббас
атты ұрпақ тараған. Балтай, Хамза, Ғаббас 1941-1945 жылдардағы
Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтып оралмады. Дегенмен
Ғаббастан басқасында ұрпақ бар.
17 слайд
2. Дәндібай қажының ұрпақтары туралы. Дәндібай атаның үлкен ұлы Тынымбай қажы Меккеге 1876 жылы барған. Өкінішке орай ол кісіден Өміртай, Жүніс деген екі баласы қажылыққа барып, кейін әке жолын қуғанмен, бүгінгі күні олардан ұрпақ жоқ. Тек Жүніс қажының Мәрзие деген қызынан Орекен Алматтың жұбайы Гүлжаһан ғана бар. Қорғанбайдан Жүсіп, Жүсіптен Әубәкір, Балтай, Хамза, Ғаббас атты ұрпақ тараған. Балтай, Хамза, Ғаббас 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысып, қайтып оралмады. Дегенмен Ғаббастан басқасында ұрпақ бар.
18 слайд
Ал Боранбай деген ұлы даланың тағы қобыланы аталған. Оның
бойындағы басты қасиеттері ержүрек жауынгер, ел басшысы, әділ
би болған. Және мұрап кісі болған. Мұрап-егіс суаруға басшылық
ететін тоған басы.
Боранбай қажы алып тұлғалы, жасынан өжет, намысқой болып
өскен. Ол Кенесары көтерілісіне қатысып, 1844 жылы Ірбіт
қаласына жасалған шабуылда қаланың ең әлсіз жерін тауып беріп,
шабуылдың сәтті аяқталуы оны зор абыройға жеткізеді. Аяғынан
жарақат алуына байланысты денесі ауырлап көбіне түйеге мініп
жүріпті. Жалдама бойына келіп ел тізгінін қолға алып «старшын»
атағында елге қамқорлық жасаған.
18 слайд
Ал Боранбай деген ұлы даланың тағы қобыланы аталған. Оның бойындағы басты қасиеттері ержүрек жауынгер, ел басшысы, әділ би болған. Және мұрап кісі болған. Мұрап-егіс суаруға басшылық ететін тоған басы. Боранбай қажы алып тұлғалы, жасынан өжет, намысқой болып өскен. Ол Кенесары көтерілісіне қатысып, 1844 жылы Ірбіт қаласына жасалған шабуылда қаланың ең әлсіз жерін тауып беріп, шабуылдың сәтті аяқталуы оны зор абыройға жеткізеді. Аяғынан жарақат алуына байланысты денесі ауырлап көбіне түйеге мініп жүріпті. Жалдама бойына келіп ел тізгінін қолға алып «старшын» атағында елге қамқорлық жасаған.
19 слайд
Дәндібай атаның Балғынбай деген баласы 32 жасында Меккеге
барған жерде қажылық жолында қайтыс болған. Баласы
Құлмағанбет сөзге шешен, діни жақсы сауатты болған. 1929 жылы
тарихта белгілі Батпаққара көтерілісіне қатынасқан.
Болғанбайдан Тілеуберген тарайды. Болғанбай да қажылыққа
барған. Аса өнерлі, айласы мол, ақылға бай, билік те айта білген
адам. Боранбайдан кейін осы кісінің қолында болған.
Өз заманының «Жорға биі» атанған, әрі күрделі істі айқай-шусыз
шеше білген.
Баласы Тілеуберген мұсылманша оқып, ата жолын қуып бала
оқытқан. Қарындасы Айжамал мен өз баласы Ақберген діни
сауаттарын осы кісіден алған. Баласы Ақберген 1942 жылы
Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып қаза тапқан.
Тілеуберген кезінде Файзолла Ишанмен дос болған, сыйластықтары
берік болған. Файзолла Сатыбалдыұлы - діни қайраткер, ақын, қари.
Әкесі - белгілі діни оқымысты Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлы.
19 слайд
Дәндібай атаның Балғынбай деген баласы 32 жасында Меккеге барған жерде қажылық жолында қайтыс болған. Баласы Құлмағанбет сөзге шешен, діни жақсы сауатты болған. 1929 жылы тарихта белгілі Батпаққара көтерілісіне қатынасқан. Болғанбайдан Тілеуберген тарайды. Болғанбай да қажылыққа барған. Аса өнерлі, айласы мол, ақылға бай, билік те айта білген адам. Боранбайдан кейін осы кісінің қолында болған. Өз заманының «Жорға биі» атанған, әрі күрделі істі айқай-шусыз шеше білген. Баласы Тілеуберген мұсылманша оқып, ата жолын қуып бала оқытқан. Қарындасы Айжамал мен өз баласы Ақберген діни сауаттарын осы кісіден алған. Баласы Ақберген 1942 жылы Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысып қаза тапқан. Тілеуберген кезінде Файзолла Ишанмен дос болған, сыйластықтары берік болған. Файзолла Сатыбалдыұлы - діни қайраткер, ақын, қари. Әкесі - белгілі діни оқымысты Сатыбалды ишан Ғабдоллаұлы.
20 слайд
Кезінде Тілеуберген ата сыйласып араласқан, дос болған
Файзолла Ишан Сатыбалдыұлы
20 слайд
Кезінде Тілеуберген ата сыйласып араласқан, дос болған Файзолла Ишан Сатыбалдыұлы
21 слайд
Балғынбай ұлы Құлмағанбет. 1883 жылы дүниеге келіп,
1956 жылы қайтыс болған.
21 слайд
Балғынбай ұлы Құлмағанбет. 1883 жылы дүниеге келіп, 1956 жылы қайтыс болған.
22 слайд
Болғанбайұлы Тілеуберген Торғай, Аманкелді, Арқалық
аймағында өзінің діни сауаттылығымен танымал болған адам.
22 слайд
Болғанбайұлы Тілеуберген Торғай, Аманкелді, Арқалық аймағында өзінің діни сауаттылығымен танымал болған адам.
23 слайд
Сол сияқты Әубәкір, Өтеш, Жарман, Жүніс, Әлмағанбет
молдалармен де жиі араласып, бір-біріне қонаққа барып тұрған.
Сарыторғайдағы Нұрқан пірәдар ең жақын сыйлы адамы болған
екен.
Молдалығымен қатар емшілігі де болды. Тамыр ұстап, ауруды дөп
табатын және шөп дәрілерімен емдейтін. Шөп дәрілерді
Қызылордадағы Сүлеймен Ишанннан алып тұрған.
Сүлеймен ишан Есейұлы (1888-1969 жж.). Бұқарадағы «Көкілташ»
медресесінде дәріс алған екен.
Қазіргі кезде ол кісінің «Иман шарттары» және «Тәпсір» деп
аталатын құран кітаптары сақтаулы.
23 слайд
Сол сияқты Әубәкір, Өтеш, Жарман, Жүніс, Әлмағанбет молдалармен де жиі араласып, бір-біріне қонаққа барып тұрған. Сарыторғайдағы Нұрқан пірәдар ең жақын сыйлы адамы болған екен. Молдалығымен қатар емшілігі де болды. Тамыр ұстап, ауруды дөп табатын және шөп дәрілерімен емдейтін. Шөп дәрілерді Қызылордадағы Сүлеймен Ишанннан алып тұрған. Сүлеймен ишан Есейұлы (1888-1969 жж.). Бұқарадағы «Көкілташ» медресесінде дәріс алған екен. Қазіргі кезде ол кісінің «Иман шарттары» және «Тәпсір» деп аталатын құран кітаптары сақтаулы.
24 слайд
“Тәпсір” кітабы әлі күнге шейін сақтаулы.
Тілеубергеннің қызы Ғайнижамал апайдың үйінде.
24 слайд
“Тәпсір” кітабы әлі күнге шейін сақтаулы. Тілеубергеннің қызы Ғайнижамал апайдың үйінде.
25 слайд
“Иман шарттары” атты кітап
25 слайд
“Иман шарттары” атты кітап
26 слайд
Дәндібай атаның ұлдары – немерелері Махат
қорымында жерленген.
26 слайд
Дәндібай атаның ұлдары – немерелері Махат қорымында жерленген.
27 слайд
Дәндібай Қойбақұлының ерекше қасиеті дарыған ұрпақтары
Рүстем Боранбай атты
ұлының Жұмабай
ұлынан тараған
шөбересі
Сандуғаш
Рүстемқызы.
Рүстем қажыдан
тараған. Емшілік
қасиетке ие болған.
Сапа қажы Қорғанбайдың
немересі.
Қазіргі күні Қостанай
қаласында тұрады.
27 слайд
Дәндібай Қойбақұлының ерекше қасиеті дарыған ұрпақтары Рүстем Боранбай атты ұлының Жұмабай ұлынан тараған шөбересі Сандуғаш Рүстемқызы. Рүстем қажыдан тараған. Емшілік қасиетке ие болған. Сапа қажы Қорғанбайдың немересі. Қазіргі күні Қостанай қаласында тұрады.
28 слайд
Дәндібай атаның шөбересі ауылымыздың ардагер
ұстазы Тілеубергенова Ғайнижамал
28 слайд
Дәндібай атаның шөбересі ауылымыздың ардагер ұстазы Тілеубергенова Ғайнижамал
29 слайд
Қорытынды.
Қазақ даласында зұлмат жылдар жазба әдебиеттер мен тарихи мағлұматтарды, ру шежірелерін
жойды. Кеңес үкіметінің жергілікті басшылары –сауатсыз, надандар еді. Олар өзінен жоғары
бастықтары не айтса, соны ғана орындайтын-жанды машиналар болды. Олардың өзіндік ойы,
ұлттық намысы, көзқарасы болмады. Оларды белсенді деп атаса болды. Сол атақты үлкен дәреже
деп санайды. Ал халық оларды «ағаш белсенділер» деп атады. Сол «ағаш белсенділер» қолға
түскен араб әрпімен немесе Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиімен жазылған кітаптар немесе
қолжазбаларды құран немесе діни құжаттар деп өртеді.
Үлгеріп, жерге көмген кітаптары мен қолжазбалары белгісіз қалды. Өйткені, олар және
ұрпақтары басқа жаққа айдалып кетті. Оралғаны өте аз.
Қазіргі күнге жетіп отырған осы деректер тек ел аузында қалғандары, ауылымыздың
үлкендерінің жазуымен қалғандар.
Дәндібай Қойбақұлы жайлы бірқатар деректі жазып, «Қазақстан қажылары» 2-том кітабына
қосқан ауылымыздың ақсақалы Мұхтар Ходенұлы.
Ал ұрпақтары жайлы, өзі жайлы тағыда деректер Ғайыпназар Қойшығұлұлы мен Жанай
Шайманұлының жазуымен «Мәуелеп өскен бәйтерек» шежіре кітабынан және ауылымыздың
ардагер ұстазы, Дәндібай атаның ұрпағы Тілеубергенова Ғайнижамал апайдың айтуымен
алынды.
Дәндібай атамыз туралы деректер аз болуына байланысты, тіпті жекелей немесе отбасылық
суреттері де жоқтың қасы.
Ал менің ғылыми жобада осы тақырыпты таңдаған мақсатым, алғашқы білім ордасының ашылу
тарихын, Дәндібай Қойбақұлының еңбегін, ұрпақтарын жас ұрпаққа кішкене болсын жеткізе
білу еді.
Себебі, қазіргі күні бұл Ескі мешіт жайлы білетіндер саны а...
29 слайд
Қорытынды. Қазақ даласында зұлмат жылдар жазба әдебиеттер мен тарихи мағлұматтарды, ру шежірелерін жойды. Кеңес үкіметінің жергілікті басшылары –сауатсыз, надандар еді. Олар өзінен жоғары бастықтары не айтса, соны ғана орындайтын-жанды машиналар болды. Олардың өзіндік ойы, ұлттық намысы, көзқарасы болмады. Оларды белсенді деп атаса болды. Сол атақты үлкен дәреже деп санайды. Ал халық оларды «ағаш белсенділер» деп атады. Сол «ағаш белсенділер» қолға түскен араб әрпімен немесе Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиімен жазылған кітаптар немесе қолжазбаларды құран немесе діни құжаттар деп өртеді. Үлгеріп, жерге көмген кітаптары мен қолжазбалары белгісіз қалды. Өйткені, олар және ұрпақтары басқа жаққа айдалып кетті. Оралғаны өте аз. Қазіргі күнге жетіп отырған осы деректер тек ел аузында қалғандары, ауылымыздың үлкендерінің жазуымен қалғандар. Дәндібай Қойбақұлы жайлы бірқатар деректі жазып, «Қазақстан қажылары» 2-том кітабына қосқан ауылымыздың ақсақалы Мұхтар Ходенұлы. Ал ұрпақтары жайлы, өзі жайлы тағыда деректер Ғайыпназар Қойшығұлұлы мен Жанай Шайманұлының жазуымен «Мәуелеп өскен бәйтерек» шежіре кітабынан және ауылымыздың ардагер ұстазы, Дәндібай атаның ұрпағы Тілеубергенова Ғайнижамал апайдың айтуымен алынды. Дәндібай атамыз туралы деректер аз болуына байланысты, тіпті жекелей немесе отбасылық суреттері де жоқтың қасы. Ал менің ғылыми жобада осы тақырыпты таңдаған мақсатым, алғашқы білім ордасының ашылу тарихын, Дәндібай Қойбақұлының еңбегін, ұрпақтарын жас ұрпаққа кішкене болсын жеткізе білу еді. Себебі, қазіргі күні бұл Ескі мешіт жайлы білетіндер саны а...