Материалдар / Ғылыми жұмыс презентациясы: Қазақ тіл біліміндегі құрама баяндауыш және оның жасалу жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ғылыми жұмыс презентациясы: Қазақ тіл біліміндегі құрама баяндауыш және оның жасалу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж және Жоғары оқу орындары студенттеріне, жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2020
359
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Қазақ тіл біліміндегі құрама баяндауыш және оның жасалу жолдары (О.Бөкей шығармалары бойынша) Тақырыбы:

1 слайд
Қазақ тіл біліміндегі құрама баяндауыш және оның жасалу жолдары (О.Бөкей шығармалары бойынша) Тақырыбы:

Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі баяндауыш – грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүш

2 слайд
Предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін сөйлем мүшесі баяндауыш – грамматикалық формасы жағынан бастауышқа бағынышты мүше. Сөйлемді қалыптастыратын предикативтік форма осы баяндауыш бойынан табылады. Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Дегенмен көбінесе баяндауыштық қызметте жұмсалатын сөздерді жіктегенде, олар мынадай басты-басты үш салаға бөлінеді:  етістік баяндауыштар,  есім баяндауыштар,  құрама баяндауыштар .Баяндауыштың үшінші түрі – құрама баяндауыштар. Бұл баяндауыштың құрама деген атының өзінен мұнда әрі есімнің де, етістіктің де элементінің қатысатындағы негізге алынған. Әрине, құрама баяндауыштар, олардың қалыптасуы, оларды құрайтын сыңарлары өзіндік мағынасының ерекшеліктері мен кейбір даму үрдістерін жеке-жеке сөз етуді керек етеді.КІРІСПЕ

ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелері жайлы ой-пікірлер А. Байтұрсынов еңбе

3 слайд
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелері жайлы ой-пікірлер А. Байтұрсынов еңбектерінен бастау алады. Автордың 1924 жылы Орынборда басылып шыққан «Тіл танытқыш» үшінші оқулығы синтаксис мәселесіне арналған. Онда сөйлем мүшелерін бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш деп бергенін көруге болады. Ғалым баяндауыштардың қандай сөз таптарынан жасалатындығын көрсете келіп, жай баяндауыш және қосарлы баяндауыш деп екіге бөлген. Құрама баяндауыш қазақ тіл білімінде ең алғаш рет С.Аманжоловтың мектеп грамматикаларында сөз болған. Автор қазіргі құрама баяндауыш деген терминді ол кезде аралас деген сөзбен берген де, оған мынандай анықтама берген: «Етістіктер басқа сөз таптарымен араласып барып баяндауыш болады. Мұндай баяндауышты аралас баяндауыш дейміз» Ал автордың 1940 жылғы грамматикасында «Етістік пен есім сөздердің араласынан болған баяндауыш – құрама, аралас баяндауыш» деп бірде құрама, оған қоса аралас деген терминді де қоса пайдаланған.  Н.Сауранбаев жалпы күрделі баяндауыш, оның түрлері туралы айта келіп, «күрделі баяндауыштар таза етістіктер, есім сөздермен етістіктер араласа келеді» деп, есімді күрделі баяндауышты ескермейді. Ал автордың аралас баяндауыш туралы тұжырымы дұрыс, бірақ автордың « жиюлы екен, бар шығар, қазандай еді » күрделі баяндауыштардың бірінші сыңарларын есімдер тобына қосуын түгелдей қосуға болмас.

М.Балақаев күрделі баяндауыш, олардың түрлері туралы айта келіп, жеке «Есімдер мен етістіктерден болған күрделі баяндауы

4 слайд
М.Балақаев күрделі баяндауыш, олардың түрлері туралы айта келіп, жеке «Есімдер мен етістіктерден болған күрделі баяндауыштар» деп тақырыпты дұрыс қойғанмен, автор жоғарыдай не аралас, не құрама баяндауыш деп арнайы атамайды. Автор ондай баяндауыштардың бірінші сыңарлары есімдер дейді де, ал есімдерге көмекші етістіктер есебінде бол, е , қал, де, көр етістіктері қатысады және олар есімдерге шақтық мағына қосу үшін жұмсалатындығын көрсеткен Ал автор 1954 жылғы академиялық грамматикада «құрама баяндауыштар» деп арнайы орын бере келіп, ондай баяндауыштың бірінші сыңарына енді есімдерге қоса еліктеуіш сөзді де қоса келіп, көмекші сөздерді – көмекші етістіктер:  еді, екен, емес, ет, бол, қыл, көр.  Модаль сөздер: керек, тиіс, шығар,болар, сияқты деп ондай баяндауыштың мәнін де нақты көрсете білген. Автор оған қоса бір есімге көмекші етістіктердің де көмекшілік қызметін айқындай келіп, олардың ондай кезіндегі реңкін дұрыс көрсеткен.М.Балақаев пен Т.Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде «құрама баяндауыштардың негізгі сөзі – зат есім, сын есім, сан есім есімдік, еліктеуіш сөздер болады да, оларға көмекші етістіктер (еді, екен, ет, бол, қыл, көр, т.б.) немесе модальді сөздер (керек, тиіс, шығар, болар, сияқты, т.б.) қатысты болады» делінген.

ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ Құрама баяндауышты айрықша зерттеп, талдаған Т.Сайрамбаев. Ғалымның 1991 жылғы «Сөйлемнің

5 слайд
ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ Құрама баяндауышты айрықша зерттеп, талдаған Т.Сайрамбаев. Ғалымның 1991 жылғы «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» еңбегінде «Құрама баяндауыштар» деген тарау беріп, құрама баяндауыштың зерттелу тарихын және жасалу жолдарын нақты көрсете білген. “ Осы күнгі ғылыми еңбектерге көз жүгіртсек, құрама баяндауыштың бірінші сыңарларына есімдер ғана тән делінсе, кейбір еңбектерде үстеу, еліктеуіш сөздерді де тіпті кейбір еңбектерде бар, жоқ сөздер қатысты баяндауыштарды да енгізетінін көруге болады”; «Жоғарыда біз осы күнге дейінгі әр түрлі оқулықтардағы құрама баяндауыштарды жасайтын етістіктерді жинақтай келгенде мына етістіктерді көруге болады: е, де, болу, тиіс, жылу, түсу, шығар, көр, керек. Бұл етістіктер құрама баяндауыштың жасалуына қатысты» деп көрсеткен. Р.Әмір «Жай сөйлем синтаксисі» еңбегінде баяндауыштардың жасалуын негізінен мынандай 3 түрге бөліп қарайды: Дара және күрделі сөздердің баяндауыш ретінде жұмсалуы; Тиянақты баяндауыш қыз м етіндегі сөздің үстіне көмекші сөздер үстеліп синтаксис аясында жасалатын күрделі баяндауыштық формалар; Толық мағыналы сөздердің қайталанып тіркесуі немесе дара сөздердің меңгеріле тіркесуі арқылы жасалуы.

ЕСІМДІ ТҰЛҒАЛЫ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТАР. ЗАТ ЕСІМДІ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ТҰЛҒА Құрама баяндауыштың бірінші сыңарлары есімдер

6 слайд
ЕСІМДІ ТҰЛҒАЛЫ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТАР. ЗАТ ЕСІМДІ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ТҰЛҒА Құрама баяндауыштың бірінші сыңарлары есімдер болады да, олардың өздерінің іштей қолдану дәрежесі айқындалады. Есімді баяндауышты құрауда бұл сөз таптарының қызметі ерекше. Олар құрама баяндауыштың негізгі мағынасы да, сұрақтарда да соларды айқындайды. Құрама баяндауыштардың екінші сыңары етістікті делінгенмен, етістіктің ішінде тек көмекші етістіктер ғана қатыса алады. Ондай негізде көбіне е, де көмекші етістіктері негізгі фактор бола келіп, олардан басқа да етістіктер қатысады. Бірақ ондай құрам негізінде арнайы етістіктер де бәрібір көмекшілік қызметте ғана жұмсала алады. Құрама баяндауыштардың негізгі сөзі зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, еліктеу сөздер, үстеулер болады.  Алдымен біз осы зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптарының әрқайсысының қандай тұлғаларда құрама баяндауыштың бірінші сыңары болатынын көрсетелік.

Құрама баяндауыштардың бірінші сыңары ретінде зат есімдер мына тұлғаларда жұмсалады: Жалқы есімдер : Әлде қыркүйектен бастап-ақ

7 слайд
Құрама баяндауыштардың бірінші сыңары ретінде зат есімдер мына тұлғаларда жұмсалады: Жалқы есімдер : Әлде қыркүйектен бастап-ақ ызғарын шашқан жат бауыр күздік сүйек сорар суығына бой алдырды ма, бұл таудың, күзін қойып, алты ай сұлап жатып алар аждаһа қысын шыбын шаққан құрлы көрмей өткеріп жіберер Кербұғы емес пе? Жалпы есімдер : Жалғыз үй – ауыл емес Мүмкін, мұнікі әншейін еркелік шығар. Шынында да өте аянышты, әрі таңғажайып тамаша өлім еді. Зат есімдер көптеліп те , тәуелденіп те , септеліп те келе береді: • Обалың жер қойнына итше ырылдасып кіретін адамдарда шығар. • Ол мынау кең даланың пәтуасы жоқ пәлелігін, басқа тиер гүрзісін көкейге түйді . • Көптен бері зіл болып басқан ежігей мұңнан шым-шымдап сейілткендей болған да, әлгі тұңғыш өз көкірегін шабақтаған қуаныш сәулелері еді.Зат есімдер қосарланып та жұмсала береді: Дүниедегі ең ауыр – қайғы- қасірет пе екен. Құрама баяндауыштар біріккен сөздерден де жасала береді: Сыңайы ботасы өлген аруна болар. Тіркес зат есімдерден: Әлде алжыған енемнің көзіне әлгі тарғақ жалқы сәт елестеген бақыт құсы ма екен. -нікі, -дікі жұрнақты зат есімдер арқылы: Ал кезек Ақтайлақтікі еді ғой...

СЫН ЕСІМДІ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ТҰЛҒА Сапалық сын есім арқылы: Тас шыққан жоқ, суыр топырақты жұмсақ екен Күн ала бұлтты болға

8 слайд
СЫН ЕСІМДІ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ТҰЛҒА Сапалық сын есім арқылы: Тас шыққан жоқ, суыр топырақты жұмсақ екен Күн ала бұлтты болғанмен қапырық ыстық еді . Бұл сөйлемдерде заттың әр түрлі сындық сапасын білдіретін сапалық сын есімдер көмекші етістіктермен тіркесіп, құрама баяндауыш жасап тұр. Қатыстық сын есім арқылы: Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз. Рас, Кербұғы екі аяқтыларды шексіз сүйетін бірақ кейде, өз махаббатынан өзі шошынушы еді, бақса пенде дегенің қатыгез әрі ашқарақ, қанағатсыз екен-ау. Қатыстық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады. Қатыстық сын есімнің қосарланып келуі арқылы: Қожа шал құйрық-жалсыз емес-ті. -дай (-дей, -тай, -тей) негізінде өзі жалғанған сөзден салыстыру, ұқсату мәні бар туынды сын есім жасайтын қосымша бола тұрса да, бұл форма бір алуан сөздерге жалғанып туынды үстеулер де жасайды. Осы қосымша арқылы жасалынған қатыстық сын есімдер де құрама баяндауыштың бірінші сыңары бола алады: Жылдар бойғы шеменделген кесапаты мол ашудан түйілген сары даланың жұмылған жұдырығындай еді. Сын есімнің шырайлары арқылы : Көктемнің лебі өтімді емес, қоңырсалқындау екен .

САН ЕСІМДІ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ТҰЛҒА Сан есімдер құрама баяндауыштың бірінші сыңары бола алады: Реттік сан есім арқылы: Бұл сол

9 слайд
САН ЕСІМДІ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫ ТҰЛҒА Сан есімдер құрама баяндауыштың бірінші сыңары бола алады: Реттік сан есім арқылы: Бұл сол түннен бергі екінші күн болатын. – Үшінші күн болды ... Реттік сан есімге нумеративті сөздердің тіркесуі арқылы жасалған. Бұл сөйлемдердегі нумеративті сөздер атау тұлғада келген, кейде ондай көмекші қызметтегі нумеративті сөздердің өздері септеліп те жұмсалады. Жинақтау сан есім арқылы: Бастаудың күзгі күні де жасаңданып жататын маңайы опыр-топыр: тағалы аттың ізі түскен, соған қарағанда ұры – екеу секілді. Мұнда құрама баяндауыш жинақтау сан есім мен модаль сөздің тіркесуі арқылы жасалынған. Сан сімге түрлі нумеративті сөздердің тіркесуі арқылы жасалады : Келгеніме екі-үш күн болған . Жаңасын салып аламыз деп тепеңдегендеріне бес жыл толды.

ЕСІМДІКТІ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫҢ ТҰЛҒАСЫ Жіктеу есімдігі арқылы: Жер ортасы көктөбеде қалған мен екенмін, бар бұғысын өкіме

10 слайд
ЕСІМДІКТІ ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШТЫҢ ТҰЛҒАСЫ Жіктеу есімдігі арқылы: Жер ортасы көктөбеде қалған мен екенмін, бар бұғысын өкіметке өткізе салған Матвейдің әкелері озды . Сілтеу есімдігі арқылы : Ең аяныштысы сол еді. Сұрау есімдігі арқылы : Ал қырағы балапанның алдында қарап өсетін қиясы жоқ екен, қияңқы боз дүние жатыр екен, сонда не етпек? Белгісіздік есімдіктері арқылы: «Дос келіншек әкеле жатыр, қырмызыдай құлпырған бізді көзіне ілмеп еді, Керейден алған қызы ай мен күндей сұлу шығар, көрелік» – деп алдынан шықса ерні салпиған тыртық біреу екен, тамам қыз бетін шымшып күліпті. Өздік есімдігі арқылы: Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады: Апыр-ай, сол жылғы қыс қандай қатты болып еді, сәуір айында тізеден жауып қалған қардан қараспанда пайда болған зауалдай шошысып, ұлардай шулаған жұртқа кеңес айтып, қамқор болған өзің едің. Болымсыздық есімдіктері арқылы: Ептеп ішіп қоятыны бар, ол ештеңе етпес.

ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШҚА ҚАТЫСТЫ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕР Құрама баяндауыштың екінші сыңарлары қалайда етістік, оның ішінде көмекші етісті

11 слайд
ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШҚА ҚАТЫСТЫ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕР Құрама баяндауыштың екінші сыңарлары қалайда етістік, оның ішінде көмекші етістіктер болуы тиіс. Етістікті баяндауышты құрауға көмекші етістіктердің 3 тобы да, яғни арнайы көмекші етістіктер, ауыспалы көмекші етістіктер мен дербес мағынасы бар, бірақ негізгі етістіктерге тіркесіп келіп жұмсалатын етістіктер де бірдей жұмсала беретін болса, ал құрама баяндауышты құрайтын негізгі етістіктер арнайы көмекші етістіктер. Е көмекші етістігі. Біріншіден, ол етістіктер морфологиялық жағынан өте өзгерімпаз. Олар е, еді, екен, етілу, емес, ету, етуде тұлғаларында көріне алады. Еді көмекшісі тарихи е (ер) етістігінің жедел өткен шақ формасынан (ер+ді) қалыптасқан. Осыған сәйкес, еді формасы қай сөзге тіркессе де, оған өткен шақ мағынасын үстейді : Апыр-ай, ақсақал-ай, зердеңіз қандай зерек еді , әлі де тоқсан жыл жасасаңыз да ақылыңыздан алжаспапсыз-ау, - деп, әкем таң-тамаша болды. Екен-е етістігінің есімше түрі . Етістік баяндауыштың құрамында екен көмекші етістігі өзі тіркескен сөзге бұрын өткен амал я әрекет екенін білдірерліктей қосымша мағына үстейді: Әлгінде ине жұтқан иттей бұралаңдап кеткен жас бұғы тіпті өлермен-ақ екен , ілбіп үйірдің артынан ерді де жүрді. Емес сөзі баяндауыш қызметіндегі болымды есімдерді болымсыз ету үшін, болымсызды болымды ету үшін жұмсалады, қажетіне қарай, жақ формаларын қабылдайды: Төрт түліктің қай-қайсысынан да құр алақан емес.

Де көмекші етістігі туралы. Осы жүріс маған қаншалықты қымбатқа түсті десеңізші . Өзінің бойы қандай ұзын дейсің. Деген

12 слайд
Де көмекші етістігі туралы. Осы жүріс маған қаншалықты қымбатқа түсті десеңізші . Өзінің бойы қандай ұзын дейсің. Дегенмен, бұл көмекші етістігі арқылы құрама баяндауыштар да морфологиялық жағынан өзгерімпаз: Әдеттегі қарым-қатынас процесінде қажетіне қарай жұмсала беретін сөз тіркестерін, жай және құрмалас сөйлемдерді, сондай-ақ, әлденеше сөз тізбектері мен бүтіндей тіркестерді бөліп-бөліп саралап та немесе бәрін жинап-теріп, түгелімен көмкере келіп, де, деп, деген, дейтін... формалар арқылы үйіріп әкеліп бүгуге болады. Де етістігі сөйлеу және ойлау етістіктері деп аталатын топқа жатады да, олардың ішінен көбінесе айт, сөйле етістіктеріне синоним ретінде жұмсалады.Де көмекші етістігі арқылы жасалған құрама баяндауыштар е көмекші етістігі арқылы жасалған құрама баяндауыштарға қарағанда аздау.

ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШ ЖАСАУДА МОДАЛЬ СӨЗДЕРДІҢ ҮЛЕСІ Құрама баяндауыштағы модаль сөздер көмекшілік қызметте айтылғанда, оларға шақты

13 слайд
ҚҰРАМА БАЯНДАУЫШ ЖАСАУДА МОДАЛЬ СӨЗДЕРДІҢ ҮЛЕСІ Құрама баяндауыштағы модаль сөздер көмекшілік қызметте айтылғанда, оларға шақтық мағына қосу үшін емес, сөйлемдегі ойға айтушының әр түрлі көзқарасын білдіру үшін жұмсалады. Модаль сөздер: сияқты, секілді, тәрізді, шығар, болар, көрінеді, білем, керек, тиіс т.б Модаль сөздер қазіргі қазақ тіліндегі сан жағынан о...