Интернеттегі қауіпсіздік
Интернеттегі қауіпсіздік

#1 слайд
Интернеттегі
қауіпсіздік
Ата-аналар жиналысы
ТСк-2719 тобы
Сынып жетекшісі: Ракулова З.А.
1 слайд
Интернеттегі қауіпсіздік Ата-аналар жиналысы ТСк-2719 тобы Сынып жетекшісі: Ракулова З.А.
#2 слайд
•Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі
маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші
кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар.
Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі
қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті
бақылау ұсынылды.
•Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді
желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын
анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені
жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны
жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп,
баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді
зерттеушілер.
2 слайд
•Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды. •Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді зерттеушілер.
#3 слайд
•"Егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас
салып кінәлап, ұрысудың қажеті жоқ. Телефонды да
бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау
керек. Мұндай жағдайда бала ата-анасынан көңілі
қалып, екінші мәселесін айтпайтын болады. Әке-
шешелері балаларымен байыппен сөйлесіп,
олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндіруі керек.
Қамқорлықты сезінген баланың сенімі оянып,
тығырықтан шығатынына сенеді. Бізде көп ата-
аналар балаларымен сөйлеспейді, оларды не
мазалап жүргенін байқай бермейді. Ал білген кезде
кеш болуы мүмкін
3 слайд
•"Егер бала проблемасын айтып келсе, оны бас салып кінәлап, ұрысудың қажеті жоқ. Телефонды да бірден тартып алып, ғаламторға шектеу қоймау керек. Мұндай жағдайда бала ата-анасынан көңілі қалып, екінші мәселесін айтпайтын болады. Әке- шешелері балаларымен байыппен сөйлесіп, олардың еш кінәсінің жоқтығын түсіндіруі керек. Қамқорлықты сезінген баланың сенімі оянып, тығырықтан шығатынына сенеді. Бізде көп ата- аналар балаларымен сөйлеспейді, оларды не мазалап жүргенін байқай бермейді. Ал білген кезде кеш болуы мүмкін
#4 слайд
•"Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді
ұйымдастырған жөн"
•Қазақстанның бала құқығы жөніндегі
омбудсмені Аружан Саин жасөспірімдерді
ғаламторға тәуелді болудан қорғау үшін
олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру керек
дейді. Яғни, пайдалы үйірмелер мен спорт
секцияларына қатысып, бойындағы талантын
таныған бала кибербуллингке тап болмайды.
Бірақ, өзі қызыққан үйірмелерге қатысуға
барлық баланың отбасылық жағдайы келе
бермейтіні тағы бар.
4 слайд
•"Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырған жөн" •Қазақстанның бала құқығы жөніндегі омбудсмені Аружан Саин жасөспірімдерді ғаламторға тәуелді болудан қорғау үшін олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру керек дейді. Яғни, пайдалы үйірмелер мен спорт секцияларына қатысып, бойындағы талантын таныған бала кибербуллингке тап болмайды. Бірақ, өзі қызыққан үйірмелерге қатысуға барлық баланың отбасылық жағдайы келе бермейтіні тағы бар.
#5 слайд
•Өмір деген – күйбең тіршілік.
Қуанышы мен өкініші,
қызығы мен күйініші қатар алмасып келетін тіршілікте адам
жүйкесіне салмақ түсіретін нәрсе көп. Дегенмен біздер
жүйке талшықтарының қандай күй кешіп, қаншалықты
«қартайып» жатқанын біле бермейміз. Сол себепті болар,
психолог-мамандар көмегіне жүгінбейміз. Арамызда, тіпті,
психолог алдына мүлде бармаған адамдар да бар. Есесіне
елімізде өз-өзіне қол салушылар көп және мұндай
қайғылы оқиға жыл санап көбейіп барады. Бүгінгі таңда
балалар мен жасөспірімдер арасында суицид, яғни өзіне-
өзі қол жұмсау арқылы өз өмірлерін қию оқиғаларының
күннен күнге белең алуы бүкіл жаһандық қоғамдық
мәселеге айналып отыр. Әлемде жыл сайын шамамен 10-
20 миллион адам суицид жасауға бекінеді.
Олардың ішінде
Қазақстандықтарда бар.
5 слайд
•Өмір деген – күйбең тіршілік. Қуанышы мен өкініші, қызығы мен күйініші қатар алмасып келетін тіршілікте адам жүйкесіне салмақ түсіретін нәрсе көп. Дегенмен біздер жүйке талшықтарының қандай күй кешіп, қаншалықты «қартайып» жатқанын біле бермейміз. Сол себепті болар, психолог-мамандар көмегіне жүгінбейміз. Арамызда, тіпті, психолог алдына мүлде бармаған адамдар да бар. Есесіне елімізде өз-өзіне қол салушылар көп және мұндай қайғылы оқиға жыл санап көбейіп барады. Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында суицид, яғни өзіне- өзі қол жұмсау арқылы өз өмірлерін қию оқиғаларының күннен күнге белең алуы бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Әлемде жыл сайын шамамен 10- 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың ішінде Қазақстандықтарда бар.
#6 слайд
Суицид» деген не?
“Суицид” - латын тілінен алынған, “өзін-өзі
өлтіру”, “өзіне қол салу” деген мағынаны
білдіреді.
6 слайд
Суицид» деген не? “Суицид” - латын тілінен алынған, “өзін-өзі өлтіру”, “өзіне қол салу” деген мағынаны білдіреді.
#7 слайд
Суицидке ұшырасу
себептері:
1. Бақытсыз махаббат;
2. Қоршаған адамдармен түсініспеушілік;
3. Жұмыстағы, мектептегі проблемалар;
4. Мақсатты түрде балағаттау (өзін - өзі өлтіруге дейін жеткізу);
5. Қорлау (зорлық, ұрып - соғу).;
6. Өмір мәнін жоғалту;
7. Қаржы проблемасы;
8. Денсаулық проблемалары
9. Дінге байланысты фанатизм (секталарда көп кездеседі);
10. Психикалық аурулар
11. Жеке өміріндегі сәтсіздіктер
7 слайд
Суицидке ұшырасу себептері: 1. Бақытсыз махаббат; 2. Қоршаған адамдармен түсініспеушілік; 3. Жұмыстағы, мектептегі проблемалар; 4. Мақсатты түрде балағаттау (өзін - өзі өлтіруге дейін жеткізу); 5. Қорлау (зорлық, ұрып - соғу).; 6. Өмір мәнін жоғалту; 7. Қаржы проблемасы; 8. Денсаулық проблемалары 9. Дінге байланысты фанатизм (секталарда көп кездеседі); 10. Психикалық аурулар 11. Жеке өміріндегі сәтсіздіктер
#8 слайд
Адамның өзі қызығатын жұмыспен айналысуына ықпал жасаңыз.
Оның бір өзін қалдырмауға тырысыңыз. Егер ол қарсылық білдірсе,
онда жайына қалдырыңыз, мүмкін осылай болғаны жақсы шығар.
Оның Сіз үшін қадірлі екендігін, жақсы көретініңізді, оның
қаншалықты керектігі туралы көп айтыңыз. Оның Сізбен бірге болуы
өте қажет екендігін көрсете біліңіз.
Кеңістікті өзгертіңіз, егер мүмкіндік болса, оның барғысы келіп
жүрген жаққа немесе оның жағымды естеліктер қалдырған
жерлеріне барып қайтуға тырысыңыз.
Бірге жүретін саяхатқа немесе қонаққа баруды алдын ала
жоспарлаңыз. Бұл оған көп көмегін тигізеді, себебі ол жақын
болашаққа өз жоспарларын құра бастайды, сөйтіп теріс ойлардан
арылуы мүмкін.
8 слайд
Адамның өзі қызығатын жұмыспен айналысуына ықпал жасаңыз. Оның бір өзін қалдырмауға тырысыңыз. Егер ол қарсылық білдірсе, онда жайына қалдырыңыз, мүмкін осылай болғаны жақсы шығар. Оның Сіз үшін қадірлі екендігін, жақсы көретініңізді, оның қаншалықты керектігі туралы көп айтыңыз. Оның Сізбен бірге болуы өте қажет екендігін көрсете біліңіз. Кеңістікті өзгертіңіз, егер мүмкіндік болса, оның барғысы келіп жүрген жаққа немесе оның жағымды естеліктер қалдырған жерлеріне барып қайтуға тырысыңыз. Бірге жүретін саяхатқа немесе қонаққа баруды алдын ала жоспарлаңыз. Бұл оған көп көмегін тигізеді, себебі ол жақын болашаққа өз жоспарларын құра бастайды, сөйтіп теріс ойлардан арылуы мүмкін.
#9 слайд
•Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал-ақ.Бірақ
өмірге адам келмейді қайталап- дей келе
құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге
қатысушылар сіздерді «Жүректен жүрекке»
атты шаттық шеңберіне шақырамын, бір
бірімізге тілек білдірейік.
9 слайд
•Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал-ақ.Бірақ өмірге адам келмейді қайталап- дей келе құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге қатысушылар сіздерді «Жүректен жүрекке» атты шаттық шеңберіне шақырамын, бір бірімізге тілек білдірейік.
шағым қалдыра аласыз













