"Жамбыл Жабаевқа 175 жыл" сынып сағаты
"Жамбыл Жабаевқа 175 жыл" сынып сағаты

#1 слайд
Жыр
алыбы -
Жамбыл
Жабаевқа
175 жыл
1846-
1945«Жамбыл атындағы орта мектеп» КММ
Алматы облысы, Панфилов ауданы,
Жаркент қаласы
7 «Ә» сынып жетекшісі
Есиркеева С.Н.
1 слайд
Жыр алыбы - Жамбыл Жабаевқа 175 жыл 1846- 1945«Жамбыл атындағы орта мектеп» КММ Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы 7 «Ә» сынып жетекшісі Есиркеева С.Н.
#2 слайд
Домбырасын серік қып
Өткізді Жамбыл ғасырды.
Өлеңді төгіп, өрнектеп
Асулардан асырды…
2 слайд
Домбырасын серік қып Өткізді Жамбыл ғасырды. Өлеңді төгіп, өрнектеп Асулардан асырды…
#3 слайд
Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ
халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең
сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған
жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл
тауының етегі. Топырақ бұйырған жері –
Алматы облысының Ұзынағаш елді
мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз
Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей
руы.
3 слайд
Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
#4 слайд
Отбасылық тарих бойынша,
Жамбылдың анасы Ұлдан, Жамбылдың
атасы Ыстыбайдың ауылы
шапқыншылардан қашып жүрген кезде
босанған. Яғни, ұлт мақтанышы
Жамбыл тауынының маңында, қазіргі
Отар станциясының солтүстік-
шығысында, Шу өзенінің жоғарғы
жағында дүниеге келген. Сөйтіп,
баланы таудың құрметіне орай Жамбыл
деп атады.
4 слайд
Отбасылық тарих бойынша, Жамбылдың анасы Ұлдан, Жамбылдың атасы Ыстыбайдың ауылы шапқыншылардан қашып жүрген кезде босанған. Яғни, ұлт мақтанышы Жамбыл тауынының маңында, қазіргі Отар станциясының солтүстік- шығысында, Шу өзенінің жоғарғы жағында дүниеге келген. Сөйтіп, баланы таудың құрметіне орай Жамбыл деп атады.
#5 слайд
Жам былдың ұстазы
Сүйінбай Аронұлы
5 слайд
Жам былдың ұстазы Сүйінбай Аронұлы
#6 слайд
Жамбыл атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болды. Ол көп
жылдар бойы ұстазымен бірге жүріп, оның айтысын тыңдап,
ақындық шеберліктің тәжірибесін үйренді. Ұстазы оған: «Жақсы
сәтте, сәттілік сенімен бірге болсын, ұлым! Адамдардың жадынан
шығып кетпейтін, қуана есте сақтайтын өлеңдер шығар, сенің
өлеңдеріңе тек санаулы адамдар ғана емес, бүкіл халық құлақ
түрсін. Сенің өлеңдерің кеудеден емес, жүректен шықсын. Шындық
туралы айта отырып, әділеттілікті жырла, басқалар салып кеткен
жолмен емес, айналада болып жатқандарға қарап, біліп, өз
жолыңды тап. Хан қазынасынан гөрі жаның бай болсын»,- деп
батасын берген.
6 слайд
Жамбыл атақты ақын Сүйінбайдың шәкірті болды. Ол көп жылдар бойы ұстазымен бірге жүріп, оның айтысын тыңдап, ақындық шеберліктің тәжірибесін үйренді. Ұстазы оған: «Жақсы сәтте, сәттілік сенімен бірге болсын, ұлым! Адамдардың жадынан шығып кетпейтін, қуана есте сақтайтын өлеңдер шығар, сенің өлеңдеріңе тек санаулы адамдар ғана емес, бүкіл халық құлақ түрсін. Сенің өлеңдерің кеудеден емес, жүректен шықсын. Шындық туралы айта отырып, әділеттілікті жырла, басқалар салып кеткен жолмен емес, айналада болып жатқандарға қарап, біліп, өз жолыңды тап. Хан қазынасынан гөрі жаның бай болсын»,- деп батасын берген.
#7 слайд
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз
жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын
мағынасындағы биік парасатты өнерпаз,
азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы.
Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық
шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық
поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір
бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда ,
халық ақындарының жасампаздық рухтағы
жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де
өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі
халық поэзиясының атасы аталды.
7 слайд
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды.
#8 слайд
Жамбыл туыстарының
арасында
8 слайд
Жамбыл туыстарының арасында
#9 слайд
Жамбылдың немерелері
Ділдахан мен Әлімқұл
9 слайд
Жамбылдың немерелері Ділдахан мен Әлімқұл
#10 слайд
Жамбыл шөберелерімен бірге
10 слайд
Жамбыл шөберелерімен бірге
#11 слайд
Жамбыл замандастарының
арасында
11 слайд
Жамбыл замандастарының арасында
#12 слайд
Жамбыл және Дина Нұрпейісова
12 слайд
Жамбыл және Дина Нұрпейісова
#13 слайд
13 слайд
#14 слайд
Жамбыл әдебиет пен өнер
қайраткелерінің арасында
14 слайд
Жамбыл әдебиет пен өнер қайраткелерінің арасында
#15 слайд
Атақты совет режиссері
С.М. Эйзенштейн Жамбылдың үйінде қонақта
15 слайд
Атақты совет режиссері С.М. Эйзенштейн Жамбылдың үйінде қонақта
#16 слайд
Жамбыл Жабаев қазақ жазушысы
Мәлік Ғабдуллинмен
16 слайд
Жамбыл Жабаев қазақ жазушысы Мәлік Ғабдуллинмен
#17 слайд
Жамбыл мен Жұмабай Шаяхметов
17 слайд
Жамбыл мен Жұмабай Шаяхметов
#18 слайд
Жамбыл «қазақтың бұлбұлы» атанған Күляш Байсейітовамен
18 слайд
Жамбыл «қазақтың бұлбұлы» атанған Күляш Байсейітовамен
#19 слайд
Жамбыл мектеп
оқушыларының арасында
19 слайд
Жамбыл мектеп оқушыларының арасында
#20 слайд
М. Калинин Жамбылды орденмен
марапаттауда
20 слайд
М. Калинин Жамбылды орденмен марапаттауда
#21 слайд
Жамбыл Жабаевтың 1938-1939 жылдардағы Мәскеудегі
фотосуреттері
21 слайд
Жамбыл Жабаевтың 1938-1939 жылдардағы Мәскеудегі фотосуреттері
#22 слайд
22 слайд
#23 слайд
23 слайд
#24 слайд
24 слайд
#25 слайд
«Ғасырға жуық ұзақ ғұмырында ол екі
дәуірдің, көптеген әлеуметтік дүмпулердің куәсі
болды, өмірдің ауыртпалығы мен тіршілік
қуаныштарын да бір кісідей бастан кешірді,
кедеймін деп мойыған жоқ, болдым-толдым деп
тасыған жоқ. Жағымпаздық пен өтіріктің
құнын жақсы білген Жамбыл ешқашан байлыққа
да бас иіп көрген емес. Басқаның қасіретін терең
қабылдап, зұлымдықпен де аяусыз күресті.
Ақындар айтысында оған ешкім тең келе алған
жоқ. Жамбылдың домбырасы — Жетісудың
жан-жүрегі мен айдай ақиқаты еді.
Ол өзінің көп достары мен туыстарының
қазасын көрді, кешегі соғыс қасіреті жүрегін
тілгіледі. Тек алмастай айбарлы сөз ғана
онымен өмір көшінің соңына дейін бірге болды,
мәңгі өлмес топырағы ғана оны бауырына басып,
алыстарға бастай берді».
Әбіш Кекілбаев
25 слайд
«Ғасырға жуық ұзақ ғұмырында ол екі дәуірдің, көптеген әлеуметтік дүмпулердің куәсі болды, өмірдің ауыртпалығы мен тіршілік қуаныштарын да бір кісідей бастан кешірді, кедеймін деп мойыған жоқ, болдым-толдым деп тасыған жоқ. Жағымпаздық пен өтіріктің құнын жақсы білген Жамбыл ешқашан байлыққа да бас иіп көрген емес. Басқаның қасіретін терең қабылдап, зұлымдықпен де аяусыз күресті. Ақындар айтысында оған ешкім тең келе алған жоқ. Жамбылдың домбырасы — Жетісудың жан-жүрегі мен айдай ақиқаты еді. Ол өзінің көп достары мен туыстарының қазасын көрді, кешегі соғыс қасіреті жүрегін тілгіледі. Тек алмастай айбарлы сөз ғана онымен өмір көшінің соңына дейін бірге болды, мәңгі өлмес топырағы ғана оны бауырына басып, алыстарға бастай берді». Әбіш Кекілбаев
#26 слайд
Бұл ақынның өмірінің соңғы
жылдарында тұрған үйі
(1938-1945). Қазір мұнда
Жамбылдың әдеби-
мемориалдық мұражайы
орналасқан.
Бұл үйді Жамбылға
1938 жылы
92 жасында ақындық
өмірінің 75 жылдығы
тойланған уақытында
Қазақстан өкіметі
салып берілген екен.
12 бөлмеден тұратын
Жамбыл атаның үйі
көзі тірісіне қандай
болса, қазіргі уақытта
да дәл сол қалыпында
сақтаулы тұр.
26 слайд
Бұл ақынның өмірінің соңғы жылдарында тұрған үйі (1938-1945). Қазір мұнда Жамбылдың әдеби- мемориалдық мұражайы орналасқан. Бұл үйді Жамбылға 1938 жылы 92 жасында ақындық өмірінің 75 жылдығы тойланған уақытында Қазақстан өкіметі салып берілген екен. 12 бөлмеден тұратын Жамбыл атаның үйі көзі тірісіне қандай болса, қазіргі уақытта да дәл сол қалыпында сақтаулы тұр.
#27 слайд
Жамбыл атаның демалған, ұйықтаған жеке
жатын бөлмесі. Бұл бөлмеде оның күнделікті
киген киімдері, қолданған заттары тұр.
27 слайд
Жамбыл атаның демалған, ұйықтаған жеке жатын бөлмесі. Бұл бөлмеде оның күнделікті киген киімдері, қолданған заттары тұр.
#28 слайд
Жамбыл атаның 1936 жылғы
домбырасы.
Жамбыл Жабаевтың
3 домбырасы сақталған.
2 домбырасы осы
мұражайда, ал бір
домбырасы Алматыдағы
Республикалық музыка
аспаптар мұражайында
сақтаулы.
28 слайд
Жамбыл атаның 1936 жылғы домбырасы. Жамбыл Жабаевтың 3 домбырасы сақталған. 2 домбырасы осы мұражайда, ал бір домбырасы Алматыдағы Республикалық музыка аспаптар мұражайында сақтаулы.
#29 слайд
Жамбыл ата хат танымағандықтан оның әдеби
хатшылары болған. Әбділда Тәжібаев, Қапан Сатыбалдин,
Қалмұқан Әбдіқадіров, Ғали Орманов, Тайыр Жароков ,
Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтар кезекпен келіп, осы
кабинетте жұмыс істеген.
29 слайд
Жамбыл ата хат танымағандықтан оның әдеби хатшылары болған. Әбділда Тәжібаев, Қапан Сатыбалдин, Қалмұқан Әбдіқадіров, Ғали Орманов, Тайыр Жароков , Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқановтар кезекпен келіп, осы кабинетте жұмыс істеген.
#30 слайд
Жамбыл атаның кішігірім кітапханасы
сақталған. Ол өзі оқи алмаған, алайда,
хатшылары оған түрлі кітаптарды кезекпен
оқып беріп отырған.
30 слайд
Жамбыл атаның кішігірім кітапханасы сақталған. Ол өзі оқи алмаған, алайда, хатшылары оған түрлі кітаптарды кезекпен оқып беріп отырған.
#31 слайд
Қонақ бөлме. Көптеген сыйлы қонақтарды осы бөлмеде
күтетін болған.Үстелдің үстіндегі кеседен басқа
ыдыстардың барлығын ата көзі тірісінде өзі қолданған.
Үйдегі дүние-жиһаз, кресло, дивандардың барлығы 1938
жылы өкімет тарапынан сыйланған.
31 слайд
Қонақ бөлме. Көптеген сыйлы қонақтарды осы бөлмеде күтетін болған.Үстелдің үстіндегі кеседен басқа ыдыстардың барлығын ата көзі тірісінде өзі қолданған. Үйдегі дүние-жиһаз, кресло, дивандардың барлығы 1938 жылы өкімет тарапынан сыйланған.
#32 слайд
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...
32 слайд
Ленинградтық өренім! Мақтанышым сен едің! Нева өзенін сүйкімді! Бұлағымдай көремін. Көпіріне қарасам, Көмкерген су көлемін, Өркеш-өркеш жарасқан Шоқылардай дер едім. Сапырылған көк теңіз Шомылдырып кемерін! Шамы күндей жайнаған, Аспанға үйлер бойлаған...
#33 слайд
«Жамбыл жырлары теңіз
түбінде шашылып жатқан
маржан секілді. Оны жинап
алып халқының қолына беру –
біздің әрқайсымыздың
азаматтық борышымыз»
Сакен Сейфулин
33 слайд
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» Сакен Сейфулин
шағым қалдыра аласыз













