Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жаңа өмірдегі ұстаз

Материал туралы қысқаша түсінік
Шағын эссе жаздым тақырыбын Жаңа өмірдегі қстаз деп алдым
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
«Жаңа өмірдегі ұстаз» Эссе, ой-толғау Ұстаз.

#1 слайд
«Жаңа өмірдегі ұстаз» Эссе, ой-толғау Ұстаз. Осы бір сөздің өн-бойынан ұлағаттылық пен парасаттылық деген ұлы ұғымдар жарыса бой көрсетіп тұратындай. Баяғыда үлкендер «Мұғалім бол!» деп бата беріп жататын. Халықтың ұстазға деген қылаусыз құрметі еді бұл. Ұлы Абай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұстаздыққа лебіз қосады. Шәкірт жүрегіне жол тауып, оны алға жетелейтін алтын бұйда – ұстаз қолында. Тәлімді тәрбиесімен, парасат – пайымымен, білімімен үлгі көрсетіп, шәкірт санасына нұр құятын Ұстаздық мамандығы сонысымен де құрметті, сонысымен де қадірлі болса керек. Бүгінгі ұстазға қойылар талап жоғары, жауапкершілік жүгі ауыр. Өскелең өмір сұранысына орай жас жеткіншектерге сапалы білім, саналы тәрбие беру ұстаздар қауымынан терең білімділік пен төзімділікті талап етеді. Шәкірт санасына алтын арқау, жібек желі болып тартылып, шәкірттердің мектеп қабырғасындағы үлгі тұтар адамына айналу айтуға ғана жеңіл шығар. Үлгісі мен үрдісін, білімі мен білігін дәлелмен дәйектеп, шәкірт көңілінің ынталы ізденісіне, танымдық тұрпатына жолбасшылық жасау оңай емес. Тар ая, тапшы түсінік бүгінгі оқушының көңіліне жұбаныш, арманына алданыш бола алмайды. Сондықтан да шәкірттің мектеп қабырғасындағы тірегі де, жүрегі де ұстаз болуы заңдылық.

1 слайд

Бүгінгідей ақпараттар ағыны тасқындай төгіліп жатқан тұрпаты бөлек кезеңде ақ пен қараны ашып айтып, ұлттық рухымыз елдігімізді

#2 слайд
Бүгінгідей ақпараттар ағыны тасқындай төгіліп жатқан тұрпаты бөлек кезеңде ақ пен қараны ашып айтып, ұлттық рухымыз елдігіміздің райы да, шырайы да екенін оқушы санасына сыналай сіңіріп, көзмоншақтай болса да шәкірт бойына салт-дәстүрімізден дән ексек, ұстаз ойының орындалғаны. Азат ой мен сергек сезім ұстаздың ұстанымына айналып, шендессіз шеберлікпен ұштасып жатса – мұратына жеткені. Сондықтан да әлімсақтан әрі, болымсақтан бері ұстаз есімі құрметпен аталып келеді. Ұстаз, ол – бағбан. Ұрпақ тәрбиесінің тәлімгері. Көңілден көшіп, санадан өшпейтін ұлы есім. Мына дүрдана дүниедегі айшуақ атқа ие ұстаздар қауымының еңбегі – ерен еңбек. Сондықтан да мен өзімнің мамандығымды мақтан етемін. «Мен – Ұстазбын!» деп әлемге жар салғым келіп тұрады. Шәкірт жүрегіне білім деген шамшырақтан алау жақсам, көңіліне жалау тақсам деген арзу-арман әр ұстаздың бойында бар. «Қарағайға қарап тал өсер» дейді халық даналығы. Ұстазына қарап ойы мен бойын түзеген шәкіртке көшелі ісімен көшбасшылық жасай білу – парасаттылық. «Сіз» деген әдептен озбай, мал сақтамай, ар сақтаған, ұстаз есімін ардақтаған кешегі үлкендердің көргені жақсы тәлімін жастарымыздың бойына сіңірсек құба-құп. Расында да ұстаз деген ұлағатты есім ғой!

2 слайд

Файл форматы:
pptx
07.02.2019
550
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12