Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы 9 сынып

#1 слайд
№ 78 ЖОББМ-нің физика пәнінің мұғалімі
Искакова Ақмарал
1 слайд
№ 78 ЖОББМ-нің физика пәнінің мұғалімі Искакова Ақмарал
#2 слайд
Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары
туралы Планк гипотезасы . Планк формуласы
Сабаққа негізделген оқу мақсаты :
9.6.1.2 – Планк формуласын есептер шығаруда қолдану
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік: оқушыларға жарық кванты туралы Планк
гипотезасын түсіндіру, жарықтың алатын орны туралы
өзіндік ой қорыту,Планк формуласына есептер шығарту;
2)Дамытушылық: оқушылардың өздері жұмыс істеуін негізге ала отырып, әртүрлі
тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, есеп шығару біліктіліктерін
арттыру, іздену дағдысын қалыптастыру;
3)Тәрбиелік: оқушылардың алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп
шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге , біріне-бірі көмектесуге
баулу, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Бүгінгі сабақта:
•
Планк гипотезасымен танысасыңдар;
•
Планк формуласын қолданып есеп шығаруды үйренесіңдер;
2 слайд
Сабақтың тақырыбы: Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы . Планк формуласы Сабаққа негізделген оқу мақсаты : 9.6.1.2 – Планк формуласын есептер шығаруда қолдану Сабақтың мақсаты: 1)Білімділік: оқушыларға жарық кванты туралы Планк гипотезасын түсіндіру, жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту,Планк формуласына есептер шығарту; 2)Дамытушылық: оқушылардың өздері жұмыс істеуін негізге ала отырып, әртүрлі тапсырмалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, есеп шығару біліктіліктерін арттыру, іздену дағдысын қалыптастыру; 3)Тәрбиелік: оқушылардың алған білімдерін тиянақтай отырып, тапқырлыққа, ізденіп шешім қабылдауға, ауызбіршілікке, ойын жинақтай білуге , біріне-бірі көмектесуге баулу, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Бүгінгі сабақта: • Планк гипотезасымен танысасыңдар; • Планк формуласын қолданып есеп шығаруды үйренесіңдер;
#3 слайд
Бұрыннан білетініміз.
Барлық денелер электромагниттік сәуле шығарады, бірақ тек
жоғары температурадағы денелер ғана көрінетін жарық
шығаратынын білесіңдер. Сонымен, дене сәуле шығарады және
өзіне түскен сәулелерді жұту қаблетін абсолют қара дене деп
атаған. Күн абсолют қара дене болып табылады, ол тек қана
сәуле шығарып қоймай, сонымен қатар түрлі жиіліктегі сәуле
шығаруды толығымен жұтады. Ғалымдар сол кездегі негізгі
теорияға сүйеніп, абсолют қара дененің шығару сректріндегі
энергияның таралуын яғни, теория тәжірибе жүзінде алынған
шығару спектрін сипаттай алмады
3 слайд
Бұрыннан білетініміз. Барлық денелер электромагниттік сәуле шығарады, бірақ тек жоғары температурадағы денелер ғана көрінетін жарық шығаратынын білесіңдер. Сонымен, дене сәуле шығарады және өзіне түскен сәулелерді жұту қаблетін абсолют қара дене деп атаған. Күн абсолют қара дене болып табылады, ол тек қана сәуле шығарып қоймай, сонымен қатар түрлі жиіліктегі сәуле шығаруды толығымен жұтады. Ғалымдар сол кездегі негізгі теорияға сүйеніп, абсолют қара дененің шығару сректріндегі энергияның таралуын яғни, теория тәжірибе жүзінде алынған шығару спектрін сипаттай алмады
#4 слайд
Жаңа сабақ.
Осы жағдайдан шығу жолын ұлы неміс физигі Макс Планк ұсынды.
•
Макс Планк жылулық сәулелердің эксперименттік нәтижесін түсіндірудегі тығырықтан шығу жолын тапты.
•
Ол 1900 жылы « сәулелік энергия үздіксіз шығады» деген классикалық физика түсінігіне қайшы келетін батыл
гипотеза ұсынды:
•
Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды;олар тек үзікті үлес- квант түрінде ғана
шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады.
•
Квант латынша guantum –«мөлшер», яғни «үлес» деген сөздің мағынасын береді.
•
М.Планк дененің үзікті шығаратын немесе жұтатын бір үлес энергия кванты мынаған тең: E = hv (1)
•
E -ең кіші энергия үлесі
•
v- сәуленің жиілігі
•
h- Планк тұрақтысы: h=6,62*10 -34
Дж·с
•
Кванттың энергиясын толқын ұзындығы арқылы да өрнектеуге болады. Сәуле шығару жиілігінің толқын
ұзындығымен байланысын қолдана отырып: ν=с/λ ; Е = һс/λ (2)
•
Сонымен , сәуле шығаратын немесе жұтатын дене өзінің энергиясын үзікті түрде : 1Е, 2Е, 3Е, nЕ шамасына
өзгертеді.
•
Дененің энергиясы бір квантқа бүтін n санына еселеніп қана өзгереді: En= n Е= n hv
•
n -электромагниттік сәуле энергиясын таситын фотондар саны ( фотон -тыныштық массасы нөлге тең элементар
бөлшек);
•
Е -әрбір фотонға тиесілі ең кіші бір үлес энергия, яғни бір квант
•
Сонымен , энергия квантын (ең аз үлесін) алып жүретін элементар бөшек фотон деп аталады.
Фотон энергиясы (1) және (2) формуламен анықталады.
•
Классикалық теория бойынша , энергия үздіксіз өзгереді және нөлден бастап шексіздікке дейін кез келген мәнді
қабылдай алады.
•
Планк керісінше, энергияның үзікті өзгеретінін және белгілі бір нақтылы мәндерді қабылдайтынын болжады.
•
Планктің ғылыми болжамы абсолют қара дененің тәжірибеде байқалған жылулық сәулелену құбылысын түсіндіріп
берді. Планк гипотезасы негізінде салынған Е (λ) 2-қисық эксперимент жүзінде алынған 1-қисықпен дәлме-дәл
келеді.
•
Планк гипотезасы қазіргі физика деп аталатын жаңа кванттық физиканың негізін қалауға зор көмегін тигізді.
4 слайд
Жаңа сабақ. Осы жағдайдан шығу жолын ұлы неміс физигі Макс Планк ұсынды. • Макс Планк жылулық сәулелердің эксперименттік нәтижесін түсіндірудегі тығырықтан шығу жолын тапты. • Ол 1900 жылы « сәулелік энергия үздіксіз шығады» деген классикалық физика түсінігіне қайшы келетін батыл гипотеза ұсынды: • Абсолют қара дене жылулық сәулелерді үздіксіз шығара да, жұта да алмайды;олар тек үзікті үлес- квант түрінде ғана шығарады немесе жұтады. Сәуле арқылы тарайтын немесе жұтылатын бір үлес энергия квант деп аталады. • Квант латынша guantum –«мөлшер», яғни «үлес» деген сөздің мағынасын береді. • М.Планк дененің үзікті шығаратын немесе жұтатын бір үлес энергия кванты мынаған тең: E = hv (1) • E -ең кіші энергия үлесі • v- сәуленің жиілігі • h- Планк тұрақтысы: h=6,62*10 -34 Дж·с • Кванттың энергиясын толқын ұзындығы арқылы да өрнектеуге болады. Сәуле шығару жиілігінің толқын ұзындығымен байланысын қолдана отырып: ν=с/λ ; Е = һс/λ (2) • Сонымен , сәуле шығаратын немесе жұтатын дене өзінің энергиясын үзікті түрде : 1Е, 2Е, 3Е, nЕ шамасына өзгертеді. • Дененің энергиясы бір квантқа бүтін n санына еселеніп қана өзгереді: En= n Е= n hv • n -электромагниттік сәуле энергиясын таситын фотондар саны ( фотон -тыныштық массасы нөлге тең элементар бөлшек); • Е -әрбір фотонға тиесілі ең кіші бір үлес энергия, яғни бір квант • Сонымен , энергия квантын (ең аз үлесін) алып жүретін элементар бөшек фотон деп аталады. Фотон энергиясы (1) және (2) формуламен анықталады. • Классикалық теория бойынша , энергия үздіксіз өзгереді және нөлден бастап шексіздікке дейін кез келген мәнді қабылдай алады. • Планк керісінше, энергияның үзікті өзгеретінін және белгілі бір нақтылы мәндерді қабылдайтынын болжады. • Планктің ғылыми болжамы абсолют қара дененің тәжірибеде байқалған жылулық сәулелену құбылысын түсіндіріп берді. Планк гипотезасы негізінде салынған Е (λ) 2-қисық эксперимент жүзінде алынған 1-қисықпен дәлме-дәл келеді. • Планк гипотезасы қазіргі физика деп аталатын жаңа кванттық физиканың негізін қалауға зор көмегін тигізді.
#5 слайд
Тақырып бойынша алған білімді жаттығу есептерін шығару
барысында орындайды
•
№ 1
•
Фотонның энергиясы 2,8*10 -19
Дж.Электромагниттік толқын ұзындығы
қандай?
•
№ 2
•
Қуаты 100 Вт жарық көзі 1 секундта 5*10 20
фотон шығарады. Сәуленің
орташа толқын ұзындығы қандай?
•
№ 3
•
Қандай электромагниттік толқын ұзындығында фотон энергиясы
9,93*10 -9
Дж-ге тең?
•
Үйге тапсырма: §38 оқ у. 30-жаттығу (2)
•
•
«Планк көзімен...» шағын эссе жазу.
5 слайд
Тақырып бойынша алған білімді жаттығу есептерін шығару барысында орындайды • № 1 • Фотонның энергиясы 2,8*10 -19 Дж.Электромагниттік толқын ұзындығы қандай? • № 2 • Қуаты 100 Вт жарық көзі 1 секундта 5*10 20 фотон шығарады. Сәуленің орташа толқын ұзындығы қандай? • № 3 • Қандай электромагниттік толқын ұзындығында фотон энергиясы 9,93*10 -9 Дж-ге тең? • Үйге тапсырма: §38 оқ у. 30-жаттығу (2) • • «Планк көзімен...» шағын эссе жазу.
шағым қалдыра аласыз


