Жас ерекшеліктеріне байланысты ән салуға баулудың әдістемесі

#1 слайд
Жас ерекшеліктеріне
байланысты ән
салуға баулудың
әдістемесі
1 слайд
Жас ерекшеліктеріне байланысты ән салуға баулудың әдістемесі
#2 слайд
Екі жастағы балалар тәрбиеші салған
әнге еріп жеке дыбыстар, музыкалық
фразаның соңын қосылып айтады.
Бөбектермен сабақ өткізе отырып, әрбір
баланы әнге қосылуға тартып, көтеріңкі
дыбысты, интонацияны қайталатып
отырады. Осы кезеңдегі балалардың
әншілік көріністерін қалыптастырудың
негізігі әдісі ересек адамның айтқан әніне
еліктету болып табылады.
2 слайд
Екі жастағы балалар тәрбиеші салған әнге еріп жеке дыбыстар, музыкалық фразаның соңын қосылып айтады. Бөбектермен сабақ өткізе отырып, әрбір баланы әнге қосылуға тартып, көтеріңкі дыбысты, интонацияны қайталатып отырады. Осы кезеңдегі балалардың әншілік көріністерін қалыптастырудың негізігі әдісі ересек адамның айтқан әніне еліктету болып табылады.
#3 слайд
Үш жасқа қараған шағында баланың даусы
қалыптаса бастайды, әншілік дыбыс
жетілмейді, тыныс алуы қысқа болады. Бірақ
балалар осының өзіне де ересек адаммен бірге
әнге қосылып, музыкалық фразалардың соңын,
жекелеген дыбыстардың интонациясын
қайталайды. Балалардың алғашқы әншілік
интонацияларын жетілдіріп, нығайту міндеті
алға қойылады. Бала әнді бастан аяқ дұрыс
орындай алмайды, солай бола тұрса да
жекелеген әуендер интонациясын дұрыс
қайталатуына талаптандырған жөн.
3 слайд
Үш жасқа қараған шағында баланың даусы қалыптаса бастайды, әншілік дыбыс жетілмейді, тыныс алуы қысқа болады. Бірақ балалар осының өзіне де ересек адаммен бірге әнге қосылып, музыкалық фразалардың соңын, жекелеген дыбыстардың интонациясын қайталайды. Балалардың алғашқы әншілік интонацияларын жетілдіріп, нығайту міндеті алға қойылады. Бала әнді бастан аяқ дұрыс орындай алмайды, солай бола тұрса да жекелеген әуендер интонациясын дұрыс қайталатуына талаптандырған жөн.
#4 слайд
Әнге деген ынта туғызу, қызықтыру үшін
тәрбиеші ойын тәсілдерін құбылтады,
көтеріңкі дыбысты, интонацияны
қайталатып отырады. Әнді әсерлі орындау
балаларды эмоциялық әсерге бөлейді,
қосылып ән айтуға деген ықыласын
туғызады. Бұл жастағы балаларды
музыкалық жетілдіру үшін әр баламен жеке
жеке ән айтудың маңызы зор. Сонда
белсенді балалар анықталады, оларды шағын
топқа біріктіру мүмкіндігі туады.
4 слайд
Әнге деген ынта туғызу, қызықтыру үшін тәрбиеші ойын тәсілдерін құбылтады, көтеріңкі дыбысты, интонацияны қайталатып отырады. Әнді әсерлі орындау балаларды эмоциялық әсерге бөлейді, қосылып ән айтуға деген ықыласын туғызады. Бұл жастағы балаларды музыкалық жетілдіру үшін әр баламен жеке жеке ән айтудың маңызы зор. Сонда белсенді балалар анықталады, оларды шағын топқа біріктіру мүмкіндігі туады.
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
Төрт жасқа қараған шағында балалардың әншілік
даусы анағұрлым ашылады, жеңіл әнді түгел айтып
шыға алады. Кейбір балалардың даусы ашыла түседі.
Әншілік дауысты қалыптастыра отырып, педагог әнді
қиналмастан диапазонында табиғи даусымен айтуын
қадағайлайды. Кіші топтарда дикцияны жөндеу
жұмысына үлкен мән беріледі. Балалар көп ретте
сөздің мәнін түсінбегендіктен жобалап айтады.
Сондықтан жекелеген түсініксіз сөздердің мәнін
түсіндіріп. Оларды дұрыс айтуға үйрету қажет.
6 слайд
Төрт жасқа қараған шағында балалардың әншілік даусы анағұрлым ашылады, жеңіл әнді түгел айтып шыға алады. Кейбір балалардың даусы ашыла түседі. Әншілік дауысты қалыптастыра отырып, педагог әнді қиналмастан диапазонында табиғи даусымен айтуын қадағайлайды. Кіші топтарда дикцияны жөндеу жұмысына үлкен мән беріледі. Балалар көп ретте сөздің мәнін түсінбегендіктен жобалап айтады. Сондықтан жекелеген түсініксіз сөздердің мәнін түсіндіріп. Оларды дұрыс айтуға үйрету қажет.
#7 слайд
Кіші топтағы балаларда көпшілік болып біркелкі
өлең айту қиын,біреулері баяу айтса, еніді біреулері
тым асығыстық жасайды.
Кіші топтағы балалар жылдың аяғына қарай ересек
адамға ілесіп өлең айтуға, әннің жекелеген
фразаларын белсенді түрде қайталай алуға тиіс.
Төрт жастың соңына таман олар әнді табиғи
даусымен созып, сөздерін анық етіп, бір бірінен
қалып қоймай, озып кетпей, әндер мен қысқа
орамдардың әуенін дұрыс келтіріп, тәрбиешінің
көмегімен, музыканың сүйемелі арқылы және онсыз
айта білуі тиіс. Бұл жастағы балалардың көпшілігі
баяу екпінде болады.
7 слайд
Кіші топтағы балаларда көпшілік болып біркелкі өлең айту қиын,біреулері баяу айтса, еніді біреулері тым асығыстық жасайды. Кіші топтағы балалар жылдың аяғына қарай ересек адамға ілесіп өлең айтуға, әннің жекелеген фразаларын белсенді түрде қайталай алуға тиіс. Төрт жастың соңына таман олар әнді табиғи даусымен созып, сөздерін анық етіп, бір бірінен қалып қоймай, озып кетпей, әндер мен қысқа орамдардың әуенін дұрыс келтіріп, тәрбиешінің көмегімен, музыканың сүйемелі арқылы және онсыз айта білуі тиіс. Бұл жастағы балалардың көпшілігі баяу екпінде болады.
#8 слайд
Үш жастағы балаларды әнге үйрету әдістемесі:
Мұнда ең бастысы педагогтің әнді эмоциямен
орындауы болып табылады. Музыка жетекшісі әнді
алғаш орындағанда балалардың мазмұнын түсінуі
үшін ойыншықтарды, сурет – картинкаларды
пайдаланады. Сондай ақ ойын тәсілдері де
пайдаланылады. Ән үйретілген соң түрлі ойын
тәсілдерге кірісуге болады.
Екінші кіші топта үйрету тәсілдері жиірек
пайдаланылады. Мысалы педагог әуенге назар
аударып, әнді екі – үш рет қайтара айтып береді, одан
соң аспапта тек әуен ғана ойналады да балаларға
қосылып айту ұсынылады.
Белсенде балалар әнді бірден ақ бастап кетеді. Бірте
бірте өзгелері дес қосылады.
8 слайд
Үш жастағы балаларды әнге үйрету әдістемесі: Мұнда ең бастысы педагогтің әнді эмоциямен орындауы болып табылады. Музыка жетекшісі әнді алғаш орындағанда балалардың мазмұнын түсінуі үшін ойыншықтарды, сурет – картинкаларды пайдаланады. Сондай ақ ойын тәсілдері де пайдаланылады. Ән үйретілген соң түрлі ойын тәсілдерге кірісуге болады. Екінші кіші топта үйрету тәсілдері жиірек пайдаланылады. Мысалы педагог әуенге назар аударып, әнді екі – үш рет қайтара айтып береді, одан соң аспапта тек әуен ғана ойналады да балаларға қосылып айту ұсынылады. Белсенде балалар әнді бірден ақ бастап кетеді. Бірте бірте өзгелері дес қосылады.
#9 слайд
Әнді дауысты созып айтуға үйрету айрықша көңіл бөлуді
қажет етеді, өйткені балалардың көбі, күбірлеп қана
айтады. Педагог созылыңқы дыбыстарды әсерлі етіп әнге
қосады. Балалар осыған ілеседі.
Ән айтуға үйрету процесінде әр баланың даусын жеке
тыңдап, оның бағыт бағдарын байқап отыру қажет. Әнді
жақсы айтушыларға барлық балаларға арнап тобымен өлең
айтуды ұсынған жөн. Ал ересектердің әніне жақсы «қосыла
алуы» үшін өлеңнің реңін дәл келтіре алмайтындармен
жеке жаттығулар жүргізген жақсы.
Егер әнде орындауға қиын дыбыс арақашықтығы
(интервал) кездессе оны қайсыбір буындарға бөліп
орындауға болады. Әннің тексі әуенмен бірге меңгеріледі,
ең қиын деген сөздер ғана жеке қайталанады.
9 слайд
Әнді дауысты созып айтуға үйрету айрықша көңіл бөлуді қажет етеді, өйткені балалардың көбі, күбірлеп қана айтады. Педагог созылыңқы дыбыстарды әсерлі етіп әнге қосады. Балалар осыған ілеседі. Ән айтуға үйрету процесінде әр баланың даусын жеке тыңдап, оның бағыт бағдарын байқап отыру қажет. Әнді жақсы айтушыларға барлық балаларға арнап тобымен өлең айтуды ұсынған жөн. Ал ересектердің әніне жақсы «қосыла алуы» үшін өлеңнің реңін дәл келтіре алмайтындармен жеке жаттығулар жүргізген жақсы. Егер әнде орындауға қиын дыбыс арақашықтығы (интервал) кездессе оны қайсыбір буындарға бөліп орындауға болады. Әннің тексі әуенмен бірге меңгеріледі, ең қиын деген сөздер ғана жеке қайталанады.
#10 слайд
Ұжым болып ән салуды (хор)
қалыптастырғанда балаларды әнді бәрінің
бірдей бастап, бірдей аяқтауына, ән айтып
тұрғанда бір бірінен қалып қоймауға және озып
кетпеуге жаттықтыру, олардың назарын әнді
ұйымдасқан түрде бірлесіп айтуға аудару қажет.
Жыл аяғында балардың кейбір әндерді
тәрбиешінің көмегімен , музыкалық
сүйемелдеумен және онсыз айта алатыны
немесе айта алмайтыны анықталады.
10 слайд
Ұжым болып ән салуды (хор) қалыптастырғанда балаларды әнді бәрінің бірдей бастап, бірдей аяқтауына, ән айтып тұрғанда бір бірінен қалып қоймауға және озып кетпеуге жаттықтыру, олардың назарын әнді ұйымдасқан түрде бірлесіп айтуға аудару қажет. Жыл аяғында балардың кейбір әндерді тәрбиешінің көмегімен , музыкалық сүйемелдеумен және онсыз айта алатыны немесе айта алмайтыны анықталады.
шағым қалдыра аласыз


