"Жүйке жүйесіне жалпы шолу" тақырыбына арналған презентация
"Жүйке жүйесіне жалпы шолу" тақырыбына арналған презентация

#1 слайд
Жүйке жүйесінің маңызы, құрылысы және қызметі.
Рефлекс. Рефлекстік доға.
Жүйке жүйесіне жалпы шолу
Биология пәні мұғалімі: Байдаулетова Ж.К.
1 слайд
Жүйке жүйесінің маңызы, құрылысы және қызметі. Рефлекс. Рефлекстік доға. Жүйке жүйесіне жалпы шолу Биология пәні мұғалімі: Байдаулетова Ж.К.
#2 слайд
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі ұлпасынан түзіледі. Жүйке
ұлпасының негізін жүйке жасушалары нейрондар құрайды.
1.Сезімтал нейрондар (орталыққа тепкіш)
2.Аралық нейрондар – қозуды сезімтал нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға
өткізеді.
3.Қозғалтқыш нейрондар (орталықтан тепкіш)
Жүйке жүйесінің қызметі:
1.Ж.Ж. денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек, бұлшықеттердің
жиырылуы; тер, сілекей, сүт, асқазан сөлінің бөлінуі және т.б.
2. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бір-бірімен үйлесімді жұмыс істеуін
басқарады.
3. Ж.Ж. организм мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді.
Синапс – ол қозғыш жасушалар арасында жүйке импульсін өткізеді. Синапс бір
нейронмен екінші нейрон байланысқан жерінде бұлшықет жасушасында немесе
безді эпителийде пайда болады. Синапстар арқылы жүйке импульсы
биологиялық әлеуеті – әлсіз биоэлектр тогы түрінде өткізіледі. Егер синапс
зақымданса, нейронның қозу күші қаншалықты күшті болғанына қарамай,
жүйке импульсін көрші жасушаға өткізе алмайды.Қызметіне байланысты
синапстар қоздырушы және тежеуші болып бөлінеді.
2 слайд
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары нейрондар құрайды. 1.Сезімтал нейрондар (орталыққа тепкіш) 2.Аралық нейрондар – қозуды сезімтал нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді. 3.Қозғалтқыш нейрондар (орталықтан тепкіш) Жүйке жүйесінің қызметі: 1.Ж.Ж. денедегі мүшелердің жұмысын реттейді. Мысалы, жүрек, бұлшықеттердің жиырылуы; тер, сілекей, сүт, асқазан сөлінің бөлінуі және т.б. 2. Барлық мүшелер мен мүшелер жүйесінің бір-бірімен үйлесімді жұмыс істеуін басқарады. 3. Ж.Ж. организм мен сыртқы ортаның байланысын қамтамасыз етеді. Синапс – ол қозғыш жасушалар арасында жүйке импульсін өткізеді. Синапс бір нейронмен екінші нейрон байланысқан жерінде бұлшықет жасушасында немесе безді эпителийде пайда болады. Синапстар арқылы жүйке импульсы биологиялық әлеуеті – әлсіз биоэлектр тогы түрінде өткізіледі. Егер синапс зақымданса, нейронның қозу күші қаншалықты күшті болғанына қарамай, жүйке импульсін көрші жасушаға өткізе алмайды.Қызметіне байланысты синапстар қоздырушы және тежеуші болып бөлінеді.
#3 слайд
1.Нейрон денесі
2.Дендриттер (қысқа өсіндісі)
3.аксон
4.миелинді қабықша
5.Ранвье бөлігі
6.аксонның шеткі өсінділері
Нейронның құрылысы
3 слайд
1.Нейрон денесі 2.Дендриттер (қысқа өсіндісі) 3.аксон 4.миелинді қабықша 5.Ранвье бөлігі 6.аксонның шеткі өсінділері Нейронның құрылысы
#4 слайд
Рефлекс және рефлекстік доға
Рефлекс – ОЖЖ қатысында ағзаның тітіркендіргішке
жауап реакциясы.
Терідегі
тамырлар
рефлексті түрде
тарылады.
Жүн немесе мамық
көтеріледі, ал
адамда “құс тері”
пайда болады.
Діріл пайда
болады.
Тердің бөлінуі
тоқтайды
Рефлекс доғасы – рефлексті жүзеге асыру үшін жүйке
импульсі өтетін жол.
1.Рецептор
2.Сезімтал (орталыққа тебетін, афферентті) нейрон
3.ОЖЖ бөлімі
4.Қозғалғыш (орталықтан тебетін, эфферентті) нейрон
5.Жұмысшы мүше
4 слайд
Рефлекс және рефлекстік доға Рефлекс – ОЖЖ қатысында ағзаның тітіркендіргішке жауап реакциясы. Терідегі тамырлар рефлексті түрде тарылады. Жүн немесе мамық көтеріледі, ал адамда “құс тері” пайда болады. Діріл пайда болады. Тердің бөлінуі тоқтайды Рефлекс доғасы – рефлексті жүзеге асыру үшін жүйке импульсі өтетін жол. 1.Рецептор 2.Сезімтал (орталыққа тебетін, афферентті) нейрон 3.ОЖЖ бөлімі 4.Қозғалғыш (орталықтан тебетін, эфферентті) нейрон 5.Жұмысшы мүше
#5 слайд
1.
2.Сезімтал нейрон
3. Жұлын
4. Қозғалтқыш нейрон
5. Бұлшықет
Рефлекстік доға
5 слайд
1. 2.Сезімтал нейрон 3. Жұлын 4. Қозғалтқыш нейрон 5. Бұлшықет Рефлекстік доға
#6 слайд
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарғанда ғана рефлекс
болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады.
Тізені жазу рефлексінің екі нейрондық қарапайым рефлекстік доғасы
6 слайд
Рефлекстік доғаның барлық бөлімдері толық қызмет атқарғанда ғана рефлекс болады. Егер рефлекстік доғаның бір бөлімі зақымданса, рефлекс жойылады. Тізені жазу рефлексінің екі нейрондық қарапайым рефлекстік доғасы
#7 слайд
Жаңа терминдер мен атаулар: Нейрон, дендрит, аксон, сезімтал, аралық және
қозғалтқыш нейрондар, рефлекс, рецепторлар, рефлекстік доға.
Деңгейлік сұрақтар: (Өзіндік тексеруге арналған)
А. 1. Нейрон дегеніміз не, онық құрылысы қандай?
2. Ж.Ж. қандай қызмет атқарады?
3. Аксон мен дендриттер қайда болады,
айырмашылықтароы қандай?
В. 1. Дендриттер неге олай аталады? Неге ұқсайды?
2. Нейрондар қандай топтарға бөлінеді?
3. Рефлекс ұғымына сипаттама беріңдер, оның бөлімдерін
атаңдар.
С. 1. Нейронның ұзын және қысқа өсінділерінің
айырмашылығын айтыңдар.
2. Нейрондар тобының қызметін талдаңдар.
3. Рефлекстік доғаның бөлімдерінің қызметін түсіндіріңдер.
7 слайд
Жаңа терминдер мен атаулар: Нейрон, дендрит, аксон, сезімтал, аралық және қозғалтқыш нейрондар, рефлекс, рецепторлар, рефлекстік доға. Деңгейлік сұрақтар: (Өзіндік тексеруге арналған) А. 1. Нейрон дегеніміз не, онық құрылысы қандай? 2. Ж.Ж. қандай қызмет атқарады? 3. Аксон мен дендриттер қайда болады, айырмашылықтароы қандай? В. 1. Дендриттер неге олай аталады? Неге ұқсайды? 2. Нейрондар қандай топтарға бөлінеді? 3. Рефлекс ұғымына сипаттама беріңдер, оның бөлімдерін атаңдар. С. 1. Нейронның ұзын және қысқа өсінділерінің айырмашылығын айтыңдар. 2. Нейрондар тобының қызметін талдаңдар. 3. Рефлекстік доғаның бөлімдерінің қызметін түсіндіріңдер.
#8 слайд
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі.
Жүйке жүйесі
Орталық жүйке жүйесі
Жұлын – омыртқа жотасының
өзегеніде орналасқан, ұзындығы
42-45 см, салмағы 35-39 г.
Жоғарғы бөлігі сопақша мимен
жалғасады. Жұлынның ақ заты
сыртында, сұр заты ортасында
орналасады. 31 сегметтен
тұрады. Аралас жүйке дейтін
себебі: жүйке талошықтарының
бір тобы қозуды орталық жүйке
жүйесін екіншісі одан қозуды
шеткі мүшелерге өткізеді.
Жүйке
жүйесінің
қаңқа
бұлшықеттер
інің
жұмысын
реттейтін
бөлімін –
сомалық деп
атайды
Шеткі жүйке жүйесі
Ішкі
мүшелердің
жұмысын
реттейтін
бөлімін
вегетативті
жүйке
жүйесі деп
аталады.
8 слайд
Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі. Жүйке жүйесі Орталық жүйке жүйесі Жұлын – омыртқа жотасының өзегеніде орналасқан, ұзындығы 42-45 см, салмағы 35-39 г. Жоғарғы бөлігі сопақша мимен жалғасады. Жұлынның ақ заты сыртында, сұр заты ортасында орналасады. 31 сегметтен тұрады. Аралас жүйке дейтін себебі: жүйке талошықтарының бір тобы қозуды орталық жүйке жүйесін екіншісі одан қозуды шеткі мүшелерге өткізеді. Жүйке жүйесінің қаңқа бұлшықеттер інің жұмысын реттейтін бөлімін – сомалық деп атайды Шеткі жүйке жүйесі Ішкі мүшелердің жұмысын реттейтін бөлімін вегетативті жүйке жүйесі деп аталады.
#9 слайд
Жұлынның құрылысы
Жүйке жүйесі
9 слайд
Жұлынның құрылысы Жүйке жүйесі
#10 слайд
Жұлынның қызметі:
1.Рефлекстік қызметі: жұлын қарапайым
рефлекстердің іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде
орналасқан белгілі бір мүшенің жұмысын
реттейтін жүйке жасушаларының шоғырын
айтады. Мысалы, тізе рефлексінің орталығы
жұлынның бел бөлімінде, т.б.
2.Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (қозуды
миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды
мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу)
өткізгіш жолдардан тұрады.
Жұлынның қызметі әрдайым мидың бақылауында
болады.
10 слайд
Жұлынның қызметі: 1.Рефлекстік қызметі: жұлын қарапайым рефлекстердің іс-әрекетін қамтамасыз етеді. Жүйке орталығы деп жұлынның түрлі бөлімінде орналасқан белгілі бір мүшенің жұмысын реттейтін жүйке жасушаларының шоғырын айтады. Мысалы, тізе рефлексінің орталығы жұлынның бел бөлімінде, т.б. 2.Өткізгіштік қызметі орталыққа тебетін (қозуды миға жеткізу) және орталықтан тебетін (қозуды мидан жұлын арқылы мүшелерге жеткізу) өткізгіш жолдардан тұрады. Жұлынның қызметі әрдайым мидың бақылауында болады.
#11 слайд
Мидың құрылысы
Ми бассүйектің ми сауытының ішінде
орналасады. Орташа салмағы 1300-1400г.
Ми 20 жасқа дейін дамиды. Мидың ақ заты
ішкі жағында сұр заты сыртында болады.
Адам миы негізі үш бөлімнен: ми діңі
(сопақша ми, көпір, ортаңғы ми, аралық
ми), мишық және үлкен ми сыңарлары.
Сопақша ми – жұлынның жалғасы. Ақ заты
сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады.
Жұлыннан айырмашылығы – сұр заты ақ затында
ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады.
Ұзындығы 2,5-3 см. Сұр затында тынысалу, жүрек
пен қан тамырларын, асқорытуды реттейтін
орталықтар орналасқан.
Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер:
1.қорғаныш(жөтелу, құсу, түшкіру, жас бөлу, көзді
жыпылықтату);
2.Асқорыту (сору, жұту, асқорыту бездерінің
қызметі)
3.3. Жүрек пен қан тамырлар жұмысын реттеу.
4.Тынысалу
Артқы миға мишық пен ми көпірі
жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен
сопақша мидың аралығында
орналасқан. Сопақша мен ортаңғы миды
байланыстырып тұратындықтан, оны ми
көпірі дейді. Ми көпірі арқылы жоғары
және төмен орналасқан бөлімдерден қозу
келеді.
Мишық – сопақша ми мен ми көпірінің артқы
жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр
заттан түзілген қыртыстары және өте көп
ойыстары – жүлгелер мен иірімдері болады. Сұр
заттың заттың астында ақ заты орналасады.
Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді
жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ-
қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе-
теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса,
адамның қол-аяғы тез шаршайды, қимыл-
қозғалысты, тепе-теңдігі бұзылады.
11 слайд
Мидың құрылысы Ми бассүйектің ми сауытының ішінде орналасады. Орташа салмағы 1300-1400г. Ми 20 жасқа дейін дамиды. Мидың ақ заты ішкі жағында сұр заты сыртында болады. Адам миы негізі үш бөлімнен: ми діңі (сопақша ми, көпір, ортаңғы ми, аралық ми), мишық және үлкен ми сыңарлары. Сопақша ми – жұлынның жалғасы. Ақ заты сыртында, сұр заты ішкі жағында орналасады. Жұлыннан айырмашылығы – сұр заты ақ затында ядро тәрізді әр жерінде шоғырланып жатады. Ұзындығы 2,5-3 см. Сұр затында тынысалу, жүрек пен қан тамырларын, асқорытуды реттейтін орталықтар орналасқан. Сопақша ми арқылы жүзеге асатын рефлекстер: 1.қорғаныш(жөтелу, құсу, түшкіру, жас бөлу, көзді жыпылықтату); 2.Асқорыту (сору, жұту, асқорыту бездерінің қызметі) 3.3. Жүрек пен қан тамырлар жұмысын реттеу. 4.Тынысалу Артқы миға мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығында орналасқан. Сопақша мен ортаңғы миды байланыстырып тұратындықтан, оны ми көпірі дейді. Ми көпірі арқылы жоғары және төмен орналасқан бөлімдерден қозу келеді. Мишық – сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында жатады. Мишықтың сыртында сұр заттан түзілген қыртыстары және өте көп ойыстары – жүлгелер мен иірімдері болады. Сұр заттың заттың астында ақ заты орналасады. Мишық қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді. Әсіресе мойын, тұлға, аяқ- қол бұлшықеттерінің қозғалысын, дененің тепе- теңдігін сақтайды. Егер мишық жарақаттанса, адамның қол-аяғы тез шаршайды, қимыл- қозғалысты, тепе-теңдігі бұзылады.
#12 слайд
Ортаңғы ми – артқы ми мен аралық мидың
арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен
артқы миды бір-бірімен жалғастырып
тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары
және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары
өтеді. Ол бұлшықет тонусын, басты бұру,
жарыққа қарау, көздің қарашығы және т.б.
Реттейді. Ортаңғы мидың қатысуымен
бағдарлау рефлекстері (жарқ еткен
жарыққа немесе кенеттен шыққан дыбыс)
жүзеге асады.
Ми бөлімдері мишықтан басқалары ми
діңін құрайды. Одан 12 жұптан 10 ми
жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер
есту (І жұп), көру (ІІ жұп), есту (VІІІ
жұп), көзді қозғаушы ( ІІІжұп), кезеген
(Х жұп), үш тармақты жүйке (V жұп),
және т.б.
Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру
төмпешіктері (гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады.
Аралық ми арқылы импульстер барлық рецепторлардан (көру, дәм сезу,
есту, тері және т.б) үлкен ми сыңарларының қыртысына түседі. Аралық
ми зат алмасу, жүрек-қан тамырлар жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр
шығару, ұйқыыны реттейді. Организмнің ішкі ортасы, дене
температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға
байланысты.
12 слайд
Ортаңғы ми – артқы ми мен аралық мидың арасында орналасқан. Ол алдыңғы ми мен артқы миды бір-бірімен жалғастырып тұрады. Мидың бұл бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Ол бұлшықет тонусын, басты бұру, жарыққа қарау, көздің қарашығы және т.б. Реттейді. Ортаңғы мидың қатысуымен бағдарлау рефлекстері (жарқ еткен жарыққа немесе кенеттен шыққан дыбыс) жүзеге асады. Ми бөлімдері мишықтан басқалары ми діңін құрайды. Одан 12 жұптан 10 ми жүйкелері таралады. Бұл жүйкелер есту (І жұп), көру (ІІ жұп), есту (VІІІ жұп), көзді қозғаушы ( ІІІжұп), кезеген (Х жұп), үш тармақты жүйке (V жұп), және т.б. Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында жатады. Көру төмпешіктері (гипоталамус) мен төмпешікасты аймақтан тұрады. Аралық ми арқылы импульстер барлық рецепторлардан (көру, дәм сезу, есту, тері және т.б) үлкен ми сыңарларының қыртысына түседі. Аралық ми зат алмасу, жүрек-қан тамырлар жүйесі, ішкі секреция бездері, зәр шығару, ұйқыыны реттейді. Организмнің ішкі ортасы, дене температурасы, тынысалу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты.
#13 слайд
Артқы ми:
1- Сопақша ми; 2- мишық; 3-
көпірше;
4- ортаңғы ми.
Алдыңғы ми. Аралық ми: 5.
гипоталамус;
6- таламус; 7. үлкен ми
сыңарлары
Мидың кесіндісі
13 слайд
Артқы ми: 1- Сопақша ми; 2- мишық; 3- көпірше; 4- ортаңғы ми. Алдыңғы ми. Аралық ми: 5. гипоталамус; 6- таламус; 7. үлкен ми сыңарлары Мидың кесіндісі
#14 слайд
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы.
Адамда үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы жетілген. Оң
жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан
түзіледі. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан
астам нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып
тұрады. Ми сыңарларының беткі қыртысы тегіс болмай, жүлгелі, қатпарлы
болады. Терең жүлгелер ми сыңарларын екі бөлікке бөледі. Әрбір ми сыңарында 4
бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде.
Қызметі:
Оң жақ ми сыңары музыка және көркем шығармашылық, бейнелеу және т.б.
Шығармашылық роцестеріне қатысады. Ал сол жақ ми сыңары арифметика,
абстрактілі ойлау және т.б. Процестерді жүзеге асырады.
Жүйке жүйесінің гигиенасы.
Ой еңбегі – тікелей үлкен ми сыңарлары қыртысындағы жасушалардың
жұмысымен байланысты. Ұзақ ауыр ой еңбегі адамды тез қажытады.
Мидың жұмыс істеу белсенділігін анықтау үшін электроэнцефалография әдісі
қолданыыылады. Мидың жұмысын және ондағы өзгерістердің ырғағын жазып
алуды электроэнцефалограмма(ЭЭГ) деп атайды.
14 слайд
Үлкен ми сыңарлары. Жүйке жүйесінің гигиенасы. Адамда үлкен ми сыңарлары басқа бөлімдерінен әлдеқайда жақсы жетілген. Оң жақ және сол жақ сыңарлардан тұрады. Әрбір ми сыңары сұр және ақ заттан түзіледі. Сыртындағы сұр заты ми қыртысын түзеді. Қыртыста 14 миллиардтан астам нейрондар болады. Қыртыс ми сыңарларының сыртын тұтас жауып тұрады. Ми сыңарларының беткі қыртысы тегіс болмай, жүлгелі, қатпарлы болады. Терең жүлгелер ми сыңарларын екі бөлікке бөледі. Әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, төбе, самай, шүйде. Қызметі: Оң жақ ми сыңары музыка және көркем шығармашылық, бейнелеу және т.б. Шығармашылық роцестеріне қатысады. Ал сол жақ ми сыңары арифметика, абстрактілі ойлау және т.б. Процестерді жүзеге асырады. Жүйке жүйесінің гигиенасы. Ой еңбегі – тікелей үлкен ми сыңарлары қыртысындағы жасушалардың жұмысымен байланысты. Ұзақ ауыр ой еңбегі адамды тез қажытады. Мидың жұмыс істеу белсенділігін анықтау үшін электроэнцефалография әдісі қолданыыылады. Мидың жұмысын және ондағы өзгерістердің ырғағын жазып алуды электроэнцефалограмма(ЭЭГ) деп атайды.
#15 слайд
Жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау үшін мына
ережелерді орындау керек:
•Мектептен келген соң бірден үй тапсырмасын
орындамай, тынығу;
•Үй тапсырмасын бір уақытта орындауды әдетке
айналдыру;
•Тапсырманы алдымен ауызша жұмыстан бастау;
•Орташа қиынынан бастап қиынға, сонан соң
оңайға көшу;
•35-40 минуттан соң 5-10 мин үзіліс жасау;
•Оқыған материалды таңертеңгілік қайталау.
Темекі (никотин) мен спиртті ішімдіктің жүйке
жүйесіне әсері. Никотин мидың қозуын күшейтеді.
Темекі шегу мен спиртті ішімдік ішу жаман әдет!
15 слайд
Жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау үшін мына ережелерді орындау керек: •Мектептен келген соң бірден үй тапсырмасын орындамай, тынығу; •Үй тапсырмасын бір уақытта орындауды әдетке айналдыру; •Тапсырманы алдымен ауызша жұмыстан бастау; •Орташа қиынынан бастап қиынға, сонан соң оңайға көшу; •35-40 минуттан соң 5-10 мин үзіліс жасау; •Оқыған материалды таңертеңгілік қайталау. Темекі (никотин) мен спиртті ішімдіктің жүйке жүйесіне әсері. Никотин мидың қозуын күшейтеді. Темекі шегу мен спиртті ішімдік ішу жаман әдет!
#16 слайд
16 слайд
#17 слайд
Вегетативті жүйке жүйесі
Вегетативті жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан
оны автономды жүйке жүйесі деп атайды.
Симпатикалық және парасимпатикалық деп екіге бөлінеді.
Вегетативті ядролар деп жүйке жасушаларының шоғырын айтады. Шеткі
бөлігінен вегетативті ядролардан тараған талшықтарды екінші түйіндер деп
атайды. Түйіндер мен талшықтар ішкі мүшелерге орталықтан ақпарат жеткізеді
және ішкі мүшелерден орталыққа ақпарат тасымалдайды.
Симпатикалық жүйке жүйесі:
•Орталғы ми мен сопақша мида орналасқан.
•Жүректің жиырылуын күшейтеді;
•Қан тамырларырын тарылтады;
•Артериялық қан қысымының жоғарылауына әсер етеді;
•Астың қорытылуын және сыртқа шығару процестерін төмендетеді;
•Көз қарашығын үлкейтеді;
•Дене температурасын көтереді.
•Симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде басталады да,
мүшелерде жүйке талшықтары ретінде аяқталады. Ол организмнің қызметін күшейтеді.
17 слайд
Вегетативті жүйке жүйесі Вегетативті жүйке жүйесінің жұмысы адамның еркіне бағынбайды. Сондықтан оны автономды жүйке жүйесі деп атайды. Симпатикалық және парасимпатикалық деп екіге бөлінеді. Вегетативті ядролар деп жүйке жасушаларының шоғырын айтады. Шеткі бөлігінен вегетативті ядролардан тараған талшықтарды екінші түйіндер деп атайды. Түйіндер мен талшықтар ішкі мүшелерге орталықтан ақпарат жеткізеді және ішкі мүшелерден орталыққа ақпарат тасымалдайды. Симпатикалық жүйке жүйесі: •Орталғы ми мен сопақша мида орналасқан. •Жүректің жиырылуын күшейтеді; •Қан тамырларырын тарылтады; •Артериялық қан қысымының жоғарылауына әсер етеді; •Астың қорытылуын және сыртқа шығару процестерін төмендетеді; •Көз қарашығын үлкейтеді; •Дене температурасын көтереді. •Симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы жұлынның арқа сегменттерінде басталады да, мүшелерде жүйке талшықтары ретінде аяқталады. Ол организмнің қызметін күшейтеді.
#18 слайд
Парасимпатикалық жүйке
жүйесі:
•Жүректің жиырылу әрекетін
төмендетеді;
•Қан қысымын төмендетеді;
•Асқорыту мүшелерінің
қызметін күшейтеді;
•Көз қарашығын кішірейтеді;
•Жылу беруді төмендетеді;
•Орталығы ортаңғы мида,
сопақша мида және жұлынның
сегізкөз сегменттерінде
басталып, мүшелерде жүйке
талшықтары ретінде
аяқталады. Ол организмнің
қызметін баяулатады.
18 слайд
Парасимпатикалық жүйке жүйесі: •Жүректің жиырылу әрекетін төмендетеді; •Қан қысымын төмендетеді; •Асқорыту мүшелерінің қызметін күшейтеді; •Көз қарашығын кішірейтеді; •Жылу беруді төмендетеді; •Орталығы ортаңғы мида, сопақша мида және жұлынның сегізкөз сегменттерінде басталып, мүшелерде жүйке талшықтары ретінде аяқталады. Ол организмнің қызметін баяулатады.
#19 слайд
Біліміңді тексер
1.Омыртқа жотасының өзегінде орналсақан мүше:
2.Сопақша мидың ұзындығы:
3.Ми сыңарларының сыртқы қабаты:
4.Жүйке жасушасының атауы:
5.Өзін-өзі басқаратын жүйке жүйесінің атауы:
6.Оқушылардың негізгі ой еңбегі:
7.Жүйке ұштарының атауы:
8.Нейронның ұзын өсіндісі:
9.Артқы мидың ортаңғы ми мен сопақша миды жалғастыратын бөлімі:
10.Нейронның ұзын өсіндісінің саны:
11.Мидың көру аймағы орналасқан бөлігі:
12.Үй тапсырмасын орындағанда қандай жұмыстан бастау керек:
13.Нейронның қысқа өсінділері:
14.Қозуды тек орталық жүйке жүйесіне өткізетін нейрон:
15.Жөтелу, түшкіру қандай рефлекске жатады?
16.Спиртті ішімдік жүйке жүйесіне қалай әсер етеді?
17.Ми қайда орналасады?
18.Вегетативті жүйке жүйесінің көз қарашығын кішірейтетін бөлімі:
19.Мидың есту аймағы орналасқан аймағы:
20.Жұлыннан таралатын жүйкелер саны:
21.Мидан таралатын жүйкелер саны:
22.Ми қыртысының жасушалар саны:
23.Организмнің сыртқы және ішкі тітіркенгіштерге жауап қайтаруы:
19 слайд
Біліміңді тексер 1.Омыртқа жотасының өзегінде орналсақан мүше: 2.Сопақша мидың ұзындығы: 3.Ми сыңарларының сыртқы қабаты: 4.Жүйке жасушасының атауы: 5.Өзін-өзі басқаратын жүйке жүйесінің атауы: 6.Оқушылардың негізгі ой еңбегі: 7.Жүйке ұштарының атауы: 8.Нейронның ұзын өсіндісі: 9.Артқы мидың ортаңғы ми мен сопақша миды жалғастыратын бөлімі: 10.Нейронның ұзын өсіндісінің саны: 11.Мидың көру аймағы орналасқан бөлігі: 12.Үй тапсырмасын орындағанда қандай жұмыстан бастау керек: 13.Нейронның қысқа өсінділері: 14.Қозуды тек орталық жүйке жүйесіне өткізетін нейрон: 15.Жөтелу, түшкіру қандай рефлекске жатады? 16.Спиртті ішімдік жүйке жүйесіне қалай әсер етеді? 17.Ми қайда орналасады? 18.Вегетативті жүйке жүйесінің көз қарашығын кішірейтетін бөлімі: 19.Мидың есту аймағы орналасқан аймағы: 20.Жұлыннан таралатын жүйкелер саны: 21.Мидан таралатын жүйкелер саны: 22.Ми қыртысының жасушалар саны: 23.Организмнің сыртқы және ішкі тітіркенгіштерге жауап қайтаруы:
шағым қалдыра аласыз













