1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Жылқы параскаридозы"

#1 слайд
Жануарлар филяритоздарының
диагностикасы
Ж ылқы параскаридозы
1 слайд
Жануарлар филяритоздарының диагностикасы Ж ылқы параскаридозы
#2 слайд
Кіріспе
Параскаридоз- Parascaris equorum
деп,аталынатын жұмыр құрт
қоздыратын тақ тұяқты малдардың
созылмалы гельминтозы.Ол
малдың,әсіресе құлынның өсуін
тежейді,ересек малдың жұмыс
қабілетін кемітеді,ішекті
жарақаттап,жыртып,өлімге
ұшыратуы да
мүмкін.Параскаридозбен
жылқы,есек олардың будандары
ауырады.Гельминт тақ
тұяқтылардың ащы ішегіне
орналасады.Бұл нематоз барлық
жерге таралған.
2 слайд
Кіріспе Параскаридоз- Parascaris equorum деп,аталынатын жұмыр құрт қоздыратын тақ тұяқты малдардың созылмалы гельминтозы.Ол малдың,әсіресе құлынның өсуін тежейді,ересек малдың жұмыс қабілетін кемітеді,ішекті жарақаттап,жыртып,өлімге ұшыратуы да мүмкін.Параскаридозбен жылқы,есек олардың будандары ауырады.Гельминт тақ тұяқтылардың ащы ішегіне орналасады.Бұл нематоз барлық жерге таралған.
#3 слайд
Негізгі бөлім
Қоздырғышы. Parascaris equorum ,өте ірі жұмыр
құрт Еркегінің ұзындығы 15-30 см,ұрғашылары 20-
40 см.Аналығының құйрығы ішіне қарай
қарайылып жатады,ал жыныс тесігі бас жағына
жақын жерден ашылады.Жетілмеген
жұмыртқаларының көлемі үлкен сақинадай
дөңгелек.Өңі қою қоңыр не қара болады.
3 слайд
Негізгі бөлім Қоздырғышы. Parascaris equorum ,өте ірі жұмыр құрт Еркегінің ұзындығы 15-30 см,ұрғашылары 20- 40 см.Аналығының құйрығы ішіне қарай қарайылып жатады,ал жыныс тесігі бас жағына жақын жерден ашылады.Жетілмеген жұмыртқаларының көлемі үлкен сақинадай дөңгелек.Өңі қою қоңыр не қара болады.
#4 слайд
Өсіп-өнуі
Құрт жұмыртқалары мал нәжісімен сыртқы
ортаға тарап,10-30 күн аралығында
балаңқұрттары өніп,жұқпалы сатысына
жетеді.Жылқыға инвазиялық жұмыртқалар
азықпен немесе су арқылы
жұғады.Жыланқұрттары жылқы денесінде әрі
қарай өсіп,өнуі шошқа аскаридасының
дамуымен бірдей.Құрттың орта есеппен
толық жетілуіне 1,5-2 ай уақыт керек. Олар
ішекте 1 жылға жуық кейдеодан да көп мерзім
тіршілік етеді.
4 слайд
Өсіп-өнуі Құрт жұмыртқалары мал нәжісімен сыртқы ортаға тарап,10-30 күн аралығында балаңқұрттары өніп,жұқпалы сатысына жетеді.Жылқыға инвазиялық жұмыртқалар азықпен немесе су арқылы жұғады.Жыланқұрттары жылқы денесінде әрі қарай өсіп,өнуі шошқа аскаридасының дамуымен бірдей.Құрттың орта есеппен толық жетілуіне 1,5-2 ай уақыт керек. Олар ішекте 1 жылға жуық кейдеодан да көп мерзім тіршілік етеді.
#5 слайд
Эпизоотологиясы
Параскаридозбен көбінесе құлын,жабағы
тай,құнан ,дөнен ауырады.Кейде 1 жасқа
толмаған жабағылар жаппай дертке
шалдығады.Әсіресе қоңы
төмен,арық,күтімі жеткіліксіз құлындардың
ішінде параскаридоз жиі ұшырасады.
Жазғытұрм туған құлындарда,кесел тамыз-
қыркүйек айларында байқалса,қыста
туғандарында мамыр-маусымда пайда
болады.
5 слайд
Эпизоотологиясы Параскаридозбен көбінесе құлын,жабағы тай,құнан ,дөнен ауырады.Кейде 1 жасқа толмаған жабағылар жаппай дертке шалдығады.Әсіресе қоңы төмен,арық,күтімі жеткіліксіз құлындардың ішінде параскаридоз жиі ұшырасады. Жазғытұрм туған құлындарда,кесел тамыз- қыркүйек айларында байқалса,қыста туғандарында мамыр-маусымда пайда болады.
#6 слайд
Аурудың өрбуі
Жыланқұрттың жануар денесіне тигізетін әсері,ондағы
құрттың санына байланысты.Балаңқұрттар алғашқы
кезеңде ішек,бауыр қантамырларын және өкпені
шарлап,оларды жарақаттайды. Жалпы ересек
гельминттер ащы ішекті мекендейді,ал кейде олар
жылжып қарынға,не қартаға да жайғасады,тіпті өт
жолымен ұйқы безіне еніп,оны жаралап теседі.Жүздеген
параскаридалар ішек қуысына жиналып,ағза қабаттарын
керіп кілегей қабығына бекініп,оны тітіркендіріп,
жаралап, қабындырып қызметін бұзады.
6 слайд
Аурудың өрбуі Жыланқұрттың жануар денесіне тигізетін әсері,ондағы құрттың санына байланысты.Балаңқұрттар алғашқы кезеңде ішек,бауыр қантамырларын және өкпені шарлап,оларды жарақаттайды. Жалпы ересек гельминттер ащы ішекті мекендейді,ал кейде олар жылжып қарынға,не қартаға да жайғасады,тіпті өт жолымен ұйқы безіне еніп,оны жаралап теседі.Жүздеген параскаридалар ішек қуысына жиналып,ағза қабаттарын керіп кілегей қабығына бекініп,оны тітіркендіріп, жаралап, қабындырып қызметін бұзады.
#7 слайд
Сырт белгілері
Сырт белгілері әр түрлі болады.Дерттің
ауыр жеңілдігі паразиттің аз-
көптігіне ,малдың жасына
байланысты .Клиникалық көріністер 5
ацдан 1жасқа дейінгі құлындарда
айқындала түседі.Малдың көзге
шалынатын кілегей қабықтары
бозарады,оның біресе іші өтіп біресе
қатады.Дерттің алғашқы кезінде түлік екі
жұмадай жөтеледі,себебі кезбе балаң
құрттар өкпені шарлап,оны қабындырып
бронхопневмонияға ұшыратады.
7 слайд
Сырт белгілері Сырт белгілері әр түрлі болады.Дерттің ауыр жеңілдігі паразиттің аз- көптігіне ,малдың жасына байланысты .Клиникалық көріністер 5 ацдан 1жасқа дейінгі құлындарда айқындала түседі.Малдың көзге шалынатын кілегей қабықтары бозарады,оның біресе іші өтіп біресе қатады.Дерттің алғашқы кезінде түлік екі жұмадай жөтеледі,себебі кезбе балаң құрттар өкпені шарлап,оны қабындырып бронхопневмонияға ұшыратады.
#8 слайд
Өлекседегі өзгерістер
Өлекседегі өзгерістер асқорыту жүйесінде
айқын білінеді.Ішектің ішкі қабығы
ісініп,кейбір тұстары жараланып ,
қанталап ,іші жыланқұртқа толы
болады.Кейде ағзаның тесіліп жарылғаны
байқалады, саңылауынан құрттардың
ұштары шығып салбырап тұрады.
8 слайд
Өлекседегі өзгерістер Өлекседегі өзгерістер асқорыту жүйесінде айқын білінеді.Ішектің ішкі қабығы ісініп,кейбір тұстары жараланып , қанталап ,іші жыланқұртқа толы болады.Кейде ағзаның тесіліп жарылғаны байқалады, саңылауынан құрттардың ұштары шығып салбырап тұрады.
#9 слайд
Диагнозы
Малдың тірі кезінде ауруға диагноз
эпизоотиялық мәліметтерді , клиникалық
белгілерін сақтап гельминтоовоскопиялық
Фюллеборнның флотациялық әдісі немесе
Дарлингтің құрама әдісі бойынша фекалий
сынамаларын зертханалық зерттеу арқылы
қойылады.Кейде параскаридтер малдың
нәжісімен өздігінен немесе диагностикалық
дегельминтизация кезінде бөлінеді.Мал өлгеннен
кейін өлексені сойып тексеріп,ересек
аскаридтерді табу арқылы диагноз қойылады.
9 слайд
Диагнозы Малдың тірі кезінде ауруға диагноз эпизоотиялық мәліметтерді , клиникалық белгілерін сақтап гельминтоовоскопиялық Фюллеборнның флотациялық әдісі немесе Дарлингтің құрама әдісі бойынша фекалий сынамаларын зертханалық зерттеу арқылы қойылады.Кейде параскаридтер малдың нәжісімен өздігінен немесе диагностикалық дегельминтизация кезінде бөлінеді.Мал өлгеннен кейін өлексені сойып тексеріп,ересек аскаридтерді табу арқылы диагноз қойылады.
#10 слайд
Емі
Мебенвет гранулятты 10 % түрде 6 г\100кг есебінде 12
сағат ашықтырған соң , суланған жемге қосып,бір-ақ рет
жегізеді.
Ринтал-ақ түсті,дәмсіз,қиыршықты ұнтақ. Суда өте нашар
ериді.Бұл дәріні 0,065г\кг есебінде бір рет түйіршік
түрінде ауыз арқылы береді.Жылқы табынын оқтын-оқтын
мал дәрігерлік тексеруден өткізіп тұру керек.Гельминттер
шыққан малдарды дәрілейді.Мал тезегі дер кезінде
жиналып-теріліп,биотермиялық жолмен
зарасыздандырылады .Қора-жай оттық-науалар,сайман-
құралдар дезинвазиядан өтілуі тиіс.Жайлауда жайылым
учаскелерін әрбір 15 күнде алмастырған жөн.Залалсыз
өріске алдымен құлынды биелер
жіберіледі.Шаруашылыққа басқа жақтан әкелінген
жылқының барлығы тексеруден өтіп,егер қажет болса олар
да емделеді.
10 слайд
Емі Мебенвет гранулятты 10 % түрде 6 г\100кг есебінде 12 сағат ашықтырған соң , суланған жемге қосып,бір-ақ рет жегізеді. Ринтал-ақ түсті,дәмсіз,қиыршықты ұнтақ. Суда өте нашар ериді.Бұл дәріні 0,065г\кг есебінде бір рет түйіршік түрінде ауыз арқылы береді.Жылқы табынын оқтын-оқтын мал дәрігерлік тексеруден өткізіп тұру керек.Гельминттер шыққан малдарды дәрілейді.Мал тезегі дер кезінде жиналып-теріліп,биотермиялық жолмен зарасыздандырылады .Қора-жай оттық-науалар,сайман- құралдар дезинвазиядан өтілуі тиіс.Жайлауда жайылым учаскелерін әрбір 15 күнде алмастырған жөн.Залалсыз өріске алдымен құлынды биелер жіберіледі.Шаруашылыққа басқа жақтан әкелінген жылқының барлығы тексеруден өтіп,егер қажет болса олар да емделеді.
#11 слайд
Қорытынды
Алдын алу және күресу шаралары.
Профилактикалық
дегельминтизациялау мерзімі және
кезеңділігі жылқылардың жасына
байланысты.Ерте көктемде туылған
құлындарды маусым және шіде
айларында, ал көктемнің соңында
туғандарды –тамыз айында
дегельминтизациялайды.
11 слайд
Қорытынды Алдын алу және күресу шаралары. Профилактикалық дегельминтизациялау мерзімі және кезеңділігі жылқылардың жасына байланысты.Ерте көктемде туылған құлындарды маусым және шіде айларында, ал көктемнің соңында туғандарды –тамыз айында дегельминтизациялайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген