Кәсіби педагогикалық қызметтің маңызды қасиеттері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кәсіби педагогикалық қызметтің маңызды қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Кәсіби педагогикалық қызметтің маңызды қасиеттері
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Слайдтың жеке беттері
Кәсіби педагогикалық қызметтің маңызды қасиеттері

#1 слайд
Кәсіби педагогикалық қызметтің маңызды қасиеттері

1 слайд

Кәсіби педагогикалық қызметтің маңызды қасиеттері

Педагогикалық іс-әрекет және мұғалімнің психологиялық мәдениеті Педагогтің білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі

#2 слайд
Педагогикалық іс-әрекет және мұғалімнің психологиялық мәдениеті Педагогтің білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде жеткіліксіз. Ендеше бүгінгі мұғалім жоғары педагогикалық және психологиялық мәдениетті меңгеруі міндетті.Психологиялық мәдениетке адамның психологиялық саулығы мен өзін-өзі және басқа адамды тануы, өзін-өзі ұстау және қарым-қатынас жасау мәдениеті жатады. Психологиялық құзырлылыққа педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби міндетті шешуге қажетті психологиялық білімі мен іскерлік кешені кіреді. Ал адамның өзін-өзі таныта білу іскерлігі қоғамда аса маңызды. Мұғалімдер шеберлігін арттыру мәселесі қай кезде болсын педагогика ғылымында алдыңғы орында тұрғандығы белгілі. Оны зерттеушілер еңбектерінен айқын аңғаруға болады. Мәселен, мұғалім қызметі формалары мен түрлі әдіс-тәсілі С.Гусев, П.Груздев, С.Иванов, А.Моисеев, М.Рубинштейннің, педагогикалық іс-әрекеттің ғылыми негіздері Н.Александров, В.Ильин, И.Огородников, А.Пискунов, Н.Кузьмина және т.б. зерттеулерінде кеңірек орын алған. Қазіргі таңда да осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстары қызу жүргізілуде (О.Абдуллина, Б.Айтмамбетова, В.Сластенин, А.Щербаков, Н.Хмель және тағы басқалар).

2 слайд

Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі мәдениетпен анықталады. Білім беру жүйесінің маңызды мәселесі ретінд

#3 слайд
Дүниені танудың алғашқы түрі ғылыммен көрсетілсе, екіншісі мәдениетпен анықталады. Білім беру жүйесінің маңызды мәселесі ретінде көптеген ғалымдар болашақ мұғалімдердің мәдениет танымдық дайындығын алға тартады. Өйткені, педагогика ғылым мен мәдениетті негіз ретінде алып қарастырады, себебі, арнайы зерттеулер мамандардың жоғары дәрежедегі іс-әрекетін: Біріншіден, оның мәдениеттілігіне байланысты деп санайды. Екіншіден, оқу үрдісі тек арнайы кәсіптік білім алу емес, қазіргі мәдениетке сай өмір сүруіне, тәрбиеленуіне байланысты болады дейді ғалымдар пікірінше. Үшіншіден, қазіргі маман – ол ойлау жүйесі жетілген, қоғам мәселесіне байланысты өз пікірі бар, қарым- қатынас жасай алатын мәдениетті тұлға. Төртіншіден, көптеген ғалымдар адамның руахни сезімін қалыптастыру үшін қазіргі әлем мен отандық мәдениетке бейімделу керек деп есептейді. Бесіншіден, болашақ мұғалімдерді дайындау мақсатында алдымен мәдениет танымдық дайындығын көтеру үшін “жалпы мәдениет деген не?” деген сұраққа жауап іздеуіміз керек. Маманның кәсіби-тұлғалық дамуы деңгейінің бес негізгі критерийі бар: руханилық, кәсіби-біліктілік, кәсіби әрекетке операциялық-технологиялық дайындығы, шығармашылық белсенділік және бейімделу қабілеттілігі.

3 слайд

болжам жасау қабілеттілігі (жұмысын жоспарлау, қиындықтарының алдын алу, т.б.); әрекетінің жетістігі; әрекетінің саналы деңгейі

#4 слайд
болжам жасау қабілеттілігі (жұмысын жоспарлау, қиындықтарының алдын алу, т.б.); әрекетінің жетістігі; әрекетінің саналы деңгейі (ғылыми негізде жұмыс жасау); стратегиялық, тактикалық міндеттерін белгілеу; кәсіби әрекетте түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білу шеберлігі; күрделі кәсіби міндеттерді шеше білу; әрекеттің мақсаттылық деңгейі; түрлі әдістемелер мен технологиялармен жұмыс істей білу; зерттеу жүргізе білу дағдысы; студенттің тілін дамыту; ұйымдастыру қабілеті. Кәсіби – біліктілігінің көрсеткішіне жататындар:

4 слайд

Мұғалім мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратын мүсінші, адамтану мамандығының несі. Мұғалімдік қызметтің басқа ма

#5 слайд
Мұғалім мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратын мүсінші, адамтану мамандығының несі. Мұғалімдік қызметтің басқа мамандықтардан ерекшелігі оның сауаттылығында, керек кезінде және баланы сауаттандырып, Отанын, ұлтын сүюге тереңдетуде. Басқа мамандық өкілдерінен мұғалімнің айырмашылығы ең алдымен оның жұмысында да, үйде де өлшемін ұлғайтып, тереңдетуге айрықша қабілетті болу талап етіледі. Ғылыми материалмен жұмыс істей отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге тырысып, оқушылардың өз пәніне деген ынта-ықыласын қалай туғызып, тереңдету жағын ойлайды. Мұғалімді адам жанының инженері, мінез-құлық сәулетшісі, ауру шипагері, ақыл- ой мен есті жаттықтырушысы, ой мен сезім дирижері, адамның алғашқы қылықтарының әділ қазысы, жас өркенді мәпелеуші бағбан деп атайды. Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары ұстаздық шеберлік, шыныққандық, моральдық тазалық, табандылық, ерік-жігерлілік, парасатты мінез-құлық талап етіледі. Бірақ басқа мамандықтардан мұғалімдердің айырмашылығы – оларға өз еңбегінің жемісін бірден білу жазылмаған. Олардың еккен жемісі кеперіп-кектеу үшін ұзақ жылдар керек. Мұғалім өзінің жігер-шабытын қазіргі және болашақтары өз парыз түйсігінен алады. Оның шығармашылығы мектеп реформасының идеясымен рухтанады. Жоғарғы оқу орнында оқыған алғашқы күннен бастап тәрбие өнерін үйрену қажет.

5 слайд

жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік; балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген

#6 слайд
жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік; балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы; шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы; жоғары кәсіби шеберлік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың инновациялық стилі, жаңа құндылықтар тудыруға және шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық; үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілігі мен дайындығының болуы; психикалық және физикалық денсаулығы, кәсіби жұмыс жасауға қабілеттілігі және т.б. Мұғалім мамандығы тек әлеуметтік тәжірибені алмастырушы ғана мамандық емес, ол тұлға қалыптастырушы, адамды адам ретінде тәрбиелейтін мамандық. Сондықтан мұғалім тұлғасында мынадай қасиеттер болуы керек:

6 слайд

Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармаш

#7 слайд
Мұғалім мамандығы шығармашылық сипатқа ие мамандықтардың бірі. Мұғалім үнемі ізденіс, шығармашылық үстінде болуы тиіс. Шығармашылық педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылуы мен оның мазмұнын тиімді құрастыруға ықпал етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді шешуіне мүмкіндік жасайды. Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтардан қарағанда, мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды. Қарым-қатынас, яғни сөз, мұғалім еңбегінің басты құралы. Мұғалім тұлғасы үлгі, өнегелік сипатқа да ие. Мұғалім өзінің тек беретін білімін мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптастыру процесіне әсер етпейді, сонымен бірге оның жеке басы да оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін, терең білімді еліктеу үлгісі болуы керек. Мұғалім мектептен тыс уақыттарда өзінің сөзі мен ісі бір жерден шығып жатуына назар аударуы керек.

7 слайд

Шеберлік туралы цитаталар Бармағыңнан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан. Фридрих Шиллер ...адам кез-келг

#8 слайд
Шеберлік туралы цитаталар Бармағыңнан бал тамған шебер болғың келсе, бармақтайыңнан машықтан. Фридрих Шиллер ...адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады. Әл – Фараби Аристотель: "Шеберлік — бұл әдеттегі жұмыстың жақсы орындалуы ғана емес, ол қайталанбайтын, ерекше нәрсе жасау." Конфуций: "Шебер болу үшін, алдымен адам өзі жасаған ісінде шын жүректен махаббат пен табандылық көрсетуі керек." Николай Гоголь: "Шеберлік — бұл қарапайым нәрселерді тамаша етіп, ерекше қылып орындау."

8 слайд

Өнер туралы цитататалар Пабло Пикассо: "Өнер — бұл жасыру емес, көрсету." Леонардо да Винчи: "Өнер — бұл табиғаттың имитациясы

#9 слайд
Өнер туралы цитататалар Пабло Пикассо: "Өнер — бұл жасыру емес, көрсету." Леонардо да Винчи: "Өнер — бұл табиғаттың имитациясы." Фридрих Ницше: "Өнер әлемді түсінуге, адамдарды біріктіруге мүмкіндік береді." Анри Матисс: "Өнерді жасағанда, мен өзімнің жаныма тыныштық тапқым келеді. Өнер – бұл менің ішкі әлемімді көрсетудің жолы." Жан Поль Сартр: "Өнер адамзаттың ең таза формасы, ол біздің жан дүниемізді айқындайды."

9 слайд

Педагогикалық шеберлік туралы цитаталар Василий Сухомлинский: "Педагогикалық шеберлік – бұл адамның рухани күшін, сезімін, о

#10 слайд
Педагогикалық шеберлік туралы цитаталар Василий Сухомлинский: "Педагогикалық шеберлік – бұл адамның рухани күшін, сезімін, ойлауын қалыптастырып, оның бойына адамгершілік пен мәдениеттің терең негіздерін сіңіру." Антон Макаренко: "Педагог шеберлігінің негізгі көрсеткіші – балаға ұстаным мен бағдар беру, оның ішкі дүниесін сезіне отырып, оған дұрыс бағыт көрсету." Иоганн Генрих Песталоцци: "Шебер мұғалім балалардың табиғатынан алатын қырларын аша біледі. Оның ең басты міндеті – балада білім мен дағдыларды қалыптастыру емес, адамның жеке тұлғасын дамыту." Костантин Ушинский: "Шебер педагог өзінің оқушысын ғана емес, бүкіл қоғамды тәрбиелеуге жауапты. Педагогикалық шеберлік оқушының тек білімін ғана емес, оның мінез-құлқын, мәдениетін де тәрбиелейді." Лев Толстой: "Жақсы мұғалімнің міндеті – оқушыларды терең біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған."

10 слайд

Файл форматы:
pptx
22.10.2025
15
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі