"Көлік тарихы" 5 сынып

#1 слайд
Ақпанның жиырмасы.
Класс жұмысы.
Автокөліктер тарихы.
1 слайд
Ақпанның жиырмасы. Класс жұмысы. Автокөліктер тарихы.
#2 слайд
Психологиялық ахуал туғызу
Сен
кереметсің!
Бүгінгі күнге
сәттілік!
Мен сені
сыйлаймын! Көңіл – күйің
тамаша!
2 слайд
Психологиялық ахуал туғызу Сен кереметсің! Бүгінгі күнге сәттілік! Мен сені сыйлаймын! Көңіл – күйің тамаша!
#3 слайд
Топқа бөліну:
3 слайд
Топқа бөліну:
#4 слайд
«Миға шабуыл»
Осы топқа бөлінген көліктерге
байланысты сұрақ құрастыр,
жауап бер!
4 слайд
«Миға шабуыл» Осы топқа бөлінген көліктерге байланысты сұрақ құрастыр, жауап бер!
#5 слайд
Автокөліктер тарихы
Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын
жеңілдету, еңбек өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар
қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдаушы механикалық құрылғылар жасала
бастады. 1752жылы орыс механигі Леонтий Шамшуренков ең алғаш екі адамның күшімен
қозғалатын «жүгірме арба» жасады.
Өздігінен қозғалатын бумен жүретін көлік ең алғашқы рет 1769 жылы Францияның соғыс
министрі Этьен –Француаның тапсырмасымен құрастырылды. Бқл көлігін Николас Джозеф
Кагнот пен әскери механик Брезин Парижде құрастырып шығарды. 5тоннаға дейін жүк тиеуге
болатын бұл көліктің жылдамдығы сағатына 4 шақырымды ғана бағындыра алатын еді. Ал бұл
көліктің осал жері тежегіші болатын. Осының кесірінен көлік бірнеше рет жол апатына ұшырап,
нәтижесінде көліктің шығарылуы 1771 жылы тоқталған. Соған қарамастан Кагноттың көлігі
тарихта ең алғашқы рет көлік ретінде танылады.
Ал жанармаймен жүретін алғашқы көліктің авторы Карл Бенц саналады. Ол 1885жылы үш
дөңгелекті, үш орындықты көлік жасап шығарды. Үш дөңгелекті көлік ыңғайсыз болғандықтан,
1893 жылы қозғалтқышы 3 ат кұшіне тең төрт дөңгелекті автокөлікті ойлап тапты. Ол Мерседес
Бенц көліктерінің атасы, үйлестірушісі тұңғыш шығарушысы. Қазіргі көліктердің күші- 40 аттың
күшіне тең, яғни көбірек.
5 слайд
Автокөліктер тарихы Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдету, еңбек өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдаушы механикалық құрылғылар жасала бастады. 1752жылы орыс механигі Леонтий Шамшуренков ең алғаш екі адамның күшімен қозғалатын «жүгірме арба» жасады. Өздігінен қозғалатын бумен жүретін көлік ең алғашқы рет 1769 жылы Францияның соғыс министрі Этьен –Француаның тапсырмасымен құрастырылды. Бқл көлігін Николас Джозеф Кагнот пен әскери механик Брезин Парижде құрастырып шығарды. 5тоннаға дейін жүк тиеуге болатын бұл көліктің жылдамдығы сағатына 4 шақырымды ғана бағындыра алатын еді. Ал бұл көліктің осал жері тежегіші болатын. Осының кесірінен көлік бірнеше рет жол апатына ұшырап, нәтижесінде көліктің шығарылуы 1771 жылы тоқталған. Соған қарамастан Кагноттың көлігі тарихта ең алғашқы рет көлік ретінде танылады. Ал жанармаймен жүретін алғашқы көліктің авторы Карл Бенц саналады. Ол 1885жылы үш дөңгелекті, үш орындықты көлік жасап шығарды. Үш дөңгелекті көлік ыңғайсыз болғандықтан, 1893 жылы қозғалтқышы 3 ат кұшіне тең төрт дөңгелекті автокөлікті ойлап тапты. Ол Мерседес Бенц көліктерінің атасы, үйлестірушісі тұңғыш шығарушысы. Қазіргі көліктердің күші- 40 аттың күшіне тең, яғни көбірек.
#6 слайд
«Сұрақтар жаңбыры»
Әр топ мәтін бойынша нақты ақпаратты
анықтауға бағытталған сұрақтар
құрастырады, оны қағазға жазып келесі
топқа лақтырады. Келесі топ сұраққа
жауап береді.
6 слайд
«Сұрақтар жаңбыры» Әр топ мәтін бойынша нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады, оны қағазға жазып келесі топқа лақтырады. Келесі топ сұраққа жауап береді.
#7 слайд
«Машина жәрмеңкесі»
машина
Сын есім
шырайлары
жарнама
аукцион сатылым пайдасы
7 слайд
«Машина жәрмеңкесі» машина Сын есім шырайлары жарнама аукцион сатылым пайдасы
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
Үйге тапсырма: «Автомобильдер айтысы»
өздеріңе ұнайтын автокөлік маркасы
туралы қызықты ақпараттарды жинау,
артықшылығын дәлелдеу.
9 слайд
Үйге тапсырма: «Автомобильдер айтысы» өздеріңе ұнайтын автокөлік маркасы туралы қызықты ақпараттарды жинау, артықшылығын дәлелдеу.
#10 слайд
10 слайд
#11 слайд
*Дүниежүзіндегі ең әйгілі мысал - Ford. 1911 жылы Генри Фордтың зауыты алғашқы көлікті
шығарған. Сол кезден бастап, әйгілі автоөндірушінің фамилиясы көлік эмблемасында
кескінделіп келеді.
*Dodge маркасы да бүгінгі күнге дейін осылай келген. Джон мен Горацио Додж ағайындылары
көлік өндірісімен айналысқан. ХХ ғасырдың басында екеуі велосипедтерді жинауды доғарып,
темір тұлпарларды жинастыруды бастайды.
*Американдық маркілердің тағы біреуі өз бастауын өндірушінің аты-жөнінен алып отыр.
Швейцария шабандозы Луи Шевроленің атымен бүгін бәрімізге таныс көлік маркасы аталып
келеді. Компанияның негізін Лиудің ағасы Артур Шевроле 1908 жылы қалаған еді.
*1919 жылы әлемдік қауымдастық Citroen көлік маркасымен танысқан болатын. Кішкентай әрі
ыңғайлы көліктердің өндірісін бастау үшін Андре Ситроен "Ситроен акционерлік қоғамын"
құрған еді.
*Дәл сол кезде, Жапонияда да бірнеше автоөндіріс кәсіпорындары бой көтерген болатын.
Жапония жерінде көптеген өндірушілердің өнімі компания негізін салушы адамның атымен
аталған. Honda - Soichiro Honda фамилиясымен аталды.
11 слайд
*Дүниежүзіндегі ең әйгілі мысал - Ford. 1911 жылы Генри Фордтың зауыты алғашқы көлікті шығарған. Сол кезден бастап, әйгілі автоөндірушінің фамилиясы көлік эмблемасында кескінделіп келеді. *Dodge маркасы да бүгінгі күнге дейін осылай келген. Джон мен Горацио Додж ағайындылары көлік өндірісімен айналысқан. ХХ ғасырдың басында екеуі велосипедтерді жинауды доғарып, темір тұлпарларды жинастыруды бастайды. *Американдық маркілердің тағы біреуі өз бастауын өндірушінің аты-жөнінен алып отыр. Швейцария шабандозы Луи Шевроленің атымен бүгін бәрімізге таныс көлік маркасы аталып келеді. Компанияның негізін Лиудің ағасы Артур Шевроле 1908 жылы қалаған еді. *1919 жылы әлемдік қауымдастық Citroen көлік маркасымен танысқан болатын. Кішкентай әрі ыңғайлы көліктердің өндірісін бастау үшін Андре Ситроен "Ситроен акционерлік қоғамын" құрған еді. *Дәл сол кезде, Жапонияда да бірнеше автоөндіріс кәсіпорындары бой көтерген болатын. Жапония жерінде көптеген өндірушілердің өнімі компания негізін салушы адамның атымен аталған. Honda - Soichiro Honda фамилиясымен аталды.
#12 слайд
*Мичио Сузуки әлемге Suzuki маркасын әкелді. Сузуки компаниясы өз ісін велосипед пен тігін
машиналар құрылысынан бастаған. 1930 жылы Жапонияда көліктерге сұраныс өскендіктен,
компания өз бағытын басқа салаға бұрып, әлемнің жетекші автоөндірушісіне айналған. Қазіргі
таңда компания өнімі үлкен сұранысқа ие.
* Kawasaki - Shozo Kawasaki. Алғашқыда бұл компания кемелердің құрылысымен айналысқан.
Қазіргі таңда мото, авто, әскери техниканың құрылысымен айналысып, қару-жараққа дейін
шығарып отыр.
*Toyota брэнді Sakichi Toyoda-ның құрметіне аталған. Бұған қоса, жапон тілінде "тойота" сөзі сегіз
әріптен құралады. Сегіз саны жапондықтар үшін қасиетті. "Тойота" сөзінің бөлек жазылуын былай
түсіндіруге болады: "Toyo" - "молшылық", "Ta" - күріш". Азия құрлығында "күріш молшылығы"
жақсылықтың, берекенің белгісі.
*Дзудзиро Мацуда Toyo Cork Kogyo Co концернін Mazda атауына өзгертіп жіберген болатын.
Жаңа атау үшін Ахура Мазда - данышпан Құдайының есімі алынған. Жапондықтар Ахура
Мазданың табиғатпен ерекше байланысы бар екендігіне сенеді.
• Mitsubishi корпорациясының негізін салушылар табиғаттан "үш алмаз" алған. "Мицу" "үшті"
білдірсе, "Биси" - алмаз. Үш алмаздың бейнесі көлік эмблемасында кескінделген.
• Daihatsu зауытының тарихы сонау 1907 жылдан бері бастау алып келеді. Бұған дейін компания
үш дөңгелекті көлік өндірісімен айналысып, Hatsudoki Seizo деген атауға ие болған. 1951 жылы
компанияны өндірістің негізін қалаған адамның атымен атап кеткен. Daihatsu Kogyо жапондық
марканың негізін қалаған.
12 слайд
*Мичио Сузуки әлемге Suzuki маркасын әкелді. Сузуки компаниясы өз ісін велосипед пен тігін машиналар құрылысынан бастаған. 1930 жылы Жапонияда көліктерге сұраныс өскендіктен, компания өз бағытын басқа салаға бұрып, әлемнің жетекші автоөндірушісіне айналған. Қазіргі таңда компания өнімі үлкен сұранысқа ие. * Kawasaki - Shozo Kawasaki. Алғашқыда бұл компания кемелердің құрылысымен айналысқан. Қазіргі таңда мото, авто, әскери техниканың құрылысымен айналысып, қару-жараққа дейін шығарып отыр. *Toyota брэнді Sakichi Toyoda-ның құрметіне аталған. Бұған қоса, жапон тілінде "тойота" сөзі сегіз әріптен құралады. Сегіз саны жапондықтар үшін қасиетті. "Тойота" сөзінің бөлек жазылуын былай түсіндіруге болады: "Toyo" - "молшылық", "Ta" - күріш". Азия құрлығында "күріш молшылығы" жақсылықтың, берекенің белгісі. *Дзудзиро Мацуда Toyo Cork Kogyo Co концернін Mazda атауына өзгертіп жіберген болатын. Жаңа атау үшін Ахура Мазда - данышпан Құдайының есімі алынған. Жапондықтар Ахура Мазданың табиғатпен ерекше байланысы бар екендігіне сенеді. • Mitsubishi корпорациясының негізін салушылар табиғаттан "үш алмаз" алған. "Мицу" "үшті" білдірсе, "Биси" - алмаз. Үш алмаздың бейнесі көлік эмблемасында кескінделген. • Daihatsu зауытының тарихы сонау 1907 жылдан бері бастау алып келеді. Бұған дейін компания үш дөңгелекті көлік өндірісімен айналысып, Hatsudoki Seizo деген атауға ие болған. 1951 жылы компанияны өндірістің негізін қалаған адамның атымен атап кеткен. Daihatsu Kogyо жапондық марканың негізін қалаған.
#13 слайд
*Nissan компаниясының ресми қаланған күні - 1933 жылдың 26 желтоқсаны. Жаңа
бренд Tobata мен машина құрылысымен айналысатын Nixon Sanyo фирмасының
қосылуынан пайда болған. Кейін компания Jidosha Seizo Co деп аталды. 1934
жылы оны Nissan Motor Со деп өзгертіп жіберген. Nissan сөзі Nixon Sanyo
сөздерінің алғашқы әріптерінен пайда болды. Концерн атауы өте терең мағынаны
білдіреді. Өндірістің негізін Ким Ву Чон қалаған. Егер, Daewoo сөзін дәлме-дәл
аударатын болсақ, ол "үлкен дүние" дегенді білдіреді.
*Hyundai брендін қалаған адамдар негізге "қазір" сөзін алған екен.
* Екінші кореялық SsangYong компаниясы 1988 жылы пайда болды. Компания
SsangYong Group қаржы-сауда-саттық холдингінің құрамына енген болатын. Кейін
жеке бөлініп, SsangYong Motor Company деген атауға ие болған.
13 слайд
*Nissan компаниясының ресми қаланған күні - 1933 жылдың 26 желтоқсаны. Жаңа бренд Tobata мен машина құрылысымен айналысатын Nixon Sanyo фирмасының қосылуынан пайда болған. Кейін компания Jidosha Seizo Co деп аталды. 1934 жылы оны Nissan Motor Со деп өзгертіп жіберген. Nissan сөзі Nixon Sanyo сөздерінің алғашқы әріптерінен пайда болды. Концерн атауы өте терең мағынаны білдіреді. Өндірістің негізін Ким Ву Чон қалаған. Егер, Daewoo сөзін дәлме-дәл аударатын болсақ, ол "үлкен дүние" дегенді білдіреді. *Hyundai брендін қалаған адамдар негізге "қазір" сөзін алған екен. * Екінші кореялық SsangYong компаниясы 1988 жылы пайда болды. Компания SsangYong Group қаржы-сауда-саттық холдингінің құрамына енген болатын. Кейін жеке бөлініп, SsangYong Motor Company деген атауға ие болған.
#14 слайд
*Сатуға арналған бірінші автокөлікті Даймлер Бенц 1887 жылы құрастырыпты.
*Әлемдегі ең ұзын автокөлік - лимузин. Оның ұзындығы 30,5 метр.
* Алғашқы әйнек тазалушыны әйел адам ойлап тапқан.
*1897 жылы Вестфилд қаласында әлемдегі бірінші көлік сақтандыру полисы сатылды.
* Ferrari компаниясы күніне 14 автокөлік жинайды. Көлік қақтығысынан кейін, қауіпсіздік жастығы 40
миллисекунд ішінде жайылып үлгереді.
*1769 жылы Николя Cugnot өзі жүретін автокөлікті құрастырып шықты. Ол үш дөңгелекті болды. Көлік
небары 6 км/сағ жылдамдығымен қозғалды.
*Өзі жүретін автокөлікті алғашқы рет француз әскерінде зеңбіректердің орнын ауыстыру мақсатында
қолданылған.
*1982 жылы АҚШ - та алғашқы жапондық Honda Accord автокөлігі шығарылды. Алғашқы автокөлікте
рульдің орнына басқару тұтқалары пайдаланылған.
*1964 жылы бірінші Porsche 911 құрастырылды, оның қуаты 130 ат.күш.(л.с.) Германияда Отто мен
Ланген «Deutz» компаниясы алғаш рет жұмыс істейтін төрт тактылы қозғалтқышты ойлап шығарды.
Николаус Отто алғашында азық-түлік дүкенінде істеп, сол жерде екі тактілі басқармалы іштен жану
қозғалтқышы туралы мақала оқып,
*1863 жылы Кельна қаласының төңірегінде Отто «Deutz» компаниясындағы Лангеннің қолдауымен өзінің
шеберханасын ашты. Сөйтіп, ол 1876 жылы өзінің төрт тактілі қозғалтқышын ойлап шығарды. Кейіннен,
неміс инженері Готлиб Даймлер қозғалтқышқа көптеген өзгерістер енгізді.
* Әлемдегі ең арзан автокөлік - Tata Nanо. Оңтүстік Кореялық 69 жасар Чха Са Сун 2010 жылы жол жүру
куәлігін алды. Ол алғаш рет 2005 жылы емтихан тапсырып, құлап қалады. Содан кейін емтиханның
теориялық бөлімін күн сайын тапсырып жүрді. Дегенмен, бәрібір өте алмай қала берді. Айтқанынан
қайтпайтын Чха Са Сун ақыры өз дегеніне жетті. Hyundai компаниясы жол жүру куәлігін алған соң оған
автокөлік сыйға тартты.
14 слайд
*Сатуға арналған бірінші автокөлікті Даймлер Бенц 1887 жылы құрастырыпты. *Әлемдегі ең ұзын автокөлік - лимузин. Оның ұзындығы 30,5 метр. * Алғашқы әйнек тазалушыны әйел адам ойлап тапқан. *1897 жылы Вестфилд қаласында әлемдегі бірінші көлік сақтандыру полисы сатылды. * Ferrari компаниясы күніне 14 автокөлік жинайды. Көлік қақтығысынан кейін, қауіпсіздік жастығы 40 миллисекунд ішінде жайылып үлгереді. *1769 жылы Николя Cugnot өзі жүретін автокөлікті құрастырып шықты. Ол үш дөңгелекті болды. Көлік небары 6 км/сағ жылдамдығымен қозғалды. *Өзі жүретін автокөлікті алғашқы рет француз әскерінде зеңбіректердің орнын ауыстыру мақсатында қолданылған. *1982 жылы АҚШ - та алғашқы жапондық Honda Accord автокөлігі шығарылды. Алғашқы автокөлікте рульдің орнына басқару тұтқалары пайдаланылған. *1964 жылы бірінші Porsche 911 құрастырылды, оның қуаты 130 ат.күш.(л.с.) Германияда Отто мен Ланген «Deutz» компаниясы алғаш рет жұмыс істейтін төрт тактылы қозғалтқышты ойлап шығарды. Николаус Отто алғашында азық-түлік дүкенінде істеп, сол жерде екі тактілі басқармалы іштен жану қозғалтқышы туралы мақала оқып, *1863 жылы Кельна қаласының төңірегінде Отто «Deutz» компаниясындағы Лангеннің қолдауымен өзінің шеберханасын ашты. Сөйтіп, ол 1876 жылы өзінің төрт тактілі қозғалтқышын ойлап шығарды. Кейіннен, неміс инженері Готлиб Даймлер қозғалтқышқа көптеген өзгерістер енгізді. * Әлемдегі ең арзан автокөлік - Tata Nanо. Оңтүстік Кореялық 69 жасар Чха Са Сун 2010 жылы жол жүру куәлігін алды. Ол алғаш рет 2005 жылы емтихан тапсырып, құлап қалады. Содан кейін емтиханның теориялық бөлімін күн сайын тапсырып жүрді. Дегенмен, бәрібір өте алмай қала берді. Айтқанынан қайтпайтын Чха Са Сун ақыры өз дегеніне жетті. Hyundai компаниясы жол жүру куәлігін алған соң оған автокөлік сыйға тартты.
#15 слайд
15 слайд
#16 слайд
Жеке көлік алу туралы ойлап жүрсіз немесе жеке көлігіңіз бар делік. Ендеше, ол сіздің өміріңіз бен тұрмысыңызға
қандай өзгеріс алып келуі мүмкін? Статистикалық мәліметтер бойынша, егер жаңа көлікті адамдар орташа
есеппен жеті жыл мінсе, келесі бір көлікті сатып алғанға дейінгі шығын 40-50 мың АҚШ доллары болатын
көрінеді. Әрине, мұның ішіне жанар-жағармай мен көлікті күтімдеу қаражаты да кіреді. Бұл шығындарды
назардан тыс қалдырып, көліктің бізге қандай мүмкіндіктер беретіні жайлы айтып көрейік. Біріншіден,
көлігіңіз болса, жұмысқа қай жерден болса да барып-келе бересіз. Бұл – қалада үй жалдап тұрсаңыз, енді үйді
жұмысыңызға жақын қымбат ауданнан емес, бағазы арзан ауданнан жалдап тұра аласыз деген сөз. Екінші, үй
сатып алу немесе жер сатып алып үй салу талғамы сізге жақындай түседі. Себебі, сіз қала маңынан да өз
көлігіңіз арқылы жұмысқа қатынай бересіз. Үшінші, заман дамыған сайын жолдардың жақсаруы, қаладағы
кептелістің ретке түсуімен көлікпен жүру сізге ыңғайлы бола түседі. Төртіншіден, сіздің жұмыс жасау өрісіңіз,
көлеміңіз арта түседі. Мысалы, сіз бұрын өз үйіңіздің қасында қымбат супермаркеттен зат сатып алып
жүрсеңіз, енді қала маңындағы үлкен базарлардан арзан бағада азық-түлікті өзіңіз барып сатып ала аласыз.
Бесіншіден, көлік сіздің жол азабыңызды жеңілдетеді. Сіз ыстық күнде аялдамада автобус күтіп тұрмайсыз.
Ыстық күнде адамдар толы қоғамдық көлікке сығылыса мінбейсіз. Суық күнде жұмыстан кешігіп бара
жатсаңыз, қымбатқа такси жалдамайсыз. Алтыншы, жолдағы қауіпсіздікке тікелей өзіңіз жауапты болып
отырасыз. Жетінші, өзіңіз қалаған жерге барып көңіл көтеруіңізге, демалуыңызға болады. Пайдасыз бір ғана
жағы бар. Ол – денеіңізге артық салмақ қосылуы мүмкін. Себебі, сіздің жаяу жүрісіңіз азаяды.
16 слайд
Жеке көлік алу туралы ойлап жүрсіз немесе жеке көлігіңіз бар делік. Ендеше, ол сіздің өміріңіз бен тұрмысыңызға қандай өзгеріс алып келуі мүмкін? Статистикалық мәліметтер бойынша, егер жаңа көлікті адамдар орташа есеппен жеті жыл мінсе, келесі бір көлікті сатып алғанға дейінгі шығын 40-50 мың АҚШ доллары болатын көрінеді. Әрине, мұның ішіне жанар-жағармай мен көлікті күтімдеу қаражаты да кіреді. Бұл шығындарды назардан тыс қалдырып, көліктің бізге қандай мүмкіндіктер беретіні жайлы айтып көрейік. Біріншіден, көлігіңіз болса, жұмысқа қай жерден болса да барып-келе бересіз. Бұл – қалада үй жалдап тұрсаңыз, енді үйді жұмысыңызға жақын қымбат ауданнан емес, бағазы арзан ауданнан жалдап тұра аласыз деген сөз. Екінші, үй сатып алу немесе жер сатып алып үй салу талғамы сізге жақындай түседі. Себебі, сіз қала маңынан да өз көлігіңіз арқылы жұмысқа қатынай бересіз. Үшінші, заман дамыған сайын жолдардың жақсаруы, қаладағы кептелістің ретке түсуімен көлікпен жүру сізге ыңғайлы бола түседі. Төртіншіден, сіздің жұмыс жасау өрісіңіз, көлеміңіз арта түседі. Мысалы, сіз бұрын өз үйіңіздің қасында қымбат супермаркеттен зат сатып алып жүрсеңіз, енді қала маңындағы үлкен базарлардан арзан бағада азық-түлікті өзіңіз барып сатып ала аласыз. Бесіншіден, көлік сіздің жол азабыңызды жеңілдетеді. Сіз ыстық күнде аялдамада автобус күтіп тұрмайсыз. Ыстық күнде адамдар толы қоғамдық көлікке сығылыса мінбейсіз. Суық күнде жұмыстан кешігіп бара жатсаңыз, қымбатқа такси жалдамайсыз. Алтыншы, жолдағы қауіпсіздікке тікелей өзіңіз жауапты болып отырасыз. Жетінші, өзіңіз қалаған жерге барып көңіл көтеруіңізге, демалуыңызға болады. Пайдасыз бір ғана жағы бар. Ол – денеіңізге артық салмақ қосылуы мүмкін. Себебі, сіздің жаяу жүрісіңіз азаяды.
шағым қалдыра аласыз


