Көнерген сөздер
Көнерген сөздер

#1 слайд
Көнерген сөздер
1 слайд
Көнерген сөздер
#2 слайд
Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана
кездесетін мағынасы көмескі сөздері көнерген сөздер дейміз.
Көнерген сөздер тарихи сөздер және архаизмдер болып екіге
бөлінеді.
Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның
өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел
басқарумен байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан
т.б., қазір пайдаланылмайтын қару – жараққа қатысты сөздер :
садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна т. б., кеңес дәуірі
тұсында қолданылған әкімшілік сөздер : қызыл отау, қызыл әскер,
отарба т. б. сөздер жатады.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт-сана,
әдет- ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен
ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Архаизмдерге
мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия, патсайы
т. б., әдет – ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда,
барымта т.б., үй тұрмысы, киім – кешек, ыдыс – аяқ атаулары:
лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже т. б.
сөздер жатады.
Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де
болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған
діни сөздер (иман, мешіт, ораза айт, пітір, құран т. б.), бұрынғы
жыл атаулары (барыс, жылқы, қоян, ұлу т. б.), ай атаулары
(наурыз, сәуір, маусым, қырқүйек т. б .) Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алғаннан бері қайтадан жаңарып, қолданыла бастады.
2 слайд
Қолданыстан шығып қалып, тарихи шығармаларда ғана кездесетін мағынасы көмескі сөздері көнерген сөздер дейміз. Көнерген сөздер тарихи сөздер және архаизмдер болып екіге бөлінеді. Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан т.б., қазір пайдаланылмайтын қару – жараққа қатысты сөздер : садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна т. б., кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер : қызыл отау, қызыл әскер, отарба т. б. сөздер жатады. Архаизмдер – халықтың тұрмыс – тіршілігіне, салт-сана, әдет- ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Архаизмдерге мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия, патсайы т. б., әдет – ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта т.б., үй тұрмысы, киім – кешек, ыдыс – аяқ атаулары: лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже т. б. сөздер жатады. Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер (иман, мешіт, ораза айт, пітір, құран т. б.), бұрынғы жыл атаулары (барыс, жылқы, қоян, ұлу т. б.), ай атаулары (наурыз, сәуір, маусым, қырқүйек т. б .) Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қайтадан жаңарып, қолданыла бастады.
#3 слайд
Көнерген сөздердің көнеру дәрежесі үш түрлі
болады:
1)Әбден ұмытылып, қолданыставн біржола шыққан
көнерген сөздер. Бұл тәрізді архаизмдердің мән -
мағынасы белгілі деректерге сүйеніп, сұрап білу
арқылы болмаса, қазіргі кезде мүлдем түсініксіз
болады, олар туынды сөз жасауға қатыспайды.
Мысалы: Керекейді (аюдың аналығы) атпа,
қонжығы (аюдың баласы) жетім қалады. Бірдің
кесірі мыңға, мыңның кесірі түмен (он мың қол).
2)Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір
туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген
сөздер.Мысалы, бүлдіршіндей (бүлдіршін), баданадай
(бадана), сүйріктей(сүйрік), еңгезердей (еңгезер),
дардай (дар).
3)Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып
қалғанымен мақал -мәтелдер мен тұрақты
тіркестердің құрамында әлі де қолданыла беретін
көнерген сөздер. Мысалы , ешкіні түлен түрткенде
(бір пәлеге ұшырау), шопанның таяғына сүйкенер.
Таныған жерде сой(тұқым) сыйлы, танымаған
жерде тон (киім) сыйлы.
3 слайд
Көнерген сөздердің көнеру дәрежесі үш түрлі болады: 1)Әбден ұмытылып, қолданыставн біржола шыққан көнерген сөздер. Бұл тәрізді архаизмдердің мән - мағынасы белгілі деректерге сүйеніп, сұрап білу арқылы болмаса, қазіргі кезде мүлдем түсініксіз болады, олар туынды сөз жасауға қатыспайды. Мысалы: Керекейді (аюдың аналығы) атпа, қонжығы (аюдың баласы) жетім қалады. Бірдің кесірі мыңға, мыңның кесірі түмен (он мың қол). 2)Түбір қалпында жеке айтылмайтын, бірақ белгілі бір туынды сөздердің түбірінде сақталған көнерген сөздер.Мысалы, бүлдіршіндей (бүлдіршін), баданадай (бадана), сүйріктей(сүйрік), еңгезердей (еңгезер), дардай (дар). 3)Жеке сөздер ретінде қолданыстан шығып қалғанымен мақал -мәтелдер мен тұрақты тіркестердің құрамында әлі де қолданыла беретін көнерген сөздер. Мысалы , ешкіні түлен түрткенде (бір пәлеге ұшырау), шопанның таяғына сүйкенер. Таныған жерде сой(тұқым) сыйлы, танымаған жерде тон (киім) сыйлы.
#4 слайд
147 – жаттығу.
Қазіргі кезде қайтадан
қолданыла бастаған, яғни
жаңарған сөздерден
мұнара бейнесін
жасаңдар.
4 слайд
147 – жаттығу. Қазіргі кезде қайтадан қолданыла бастаған, яғни жаңарған сөздерден мұнара бейнесін жасаңдар.
#5 слайд
149-жаттығу. Мына мақалдардағы
көнерген сөздерді атаңдар және
олардың сипатын атаңдар.
Асабасы жоқ асқа жарымас.
Қараша үйден ханша шығар.
Шықсаң ұзақ сапарға, арымас ат –
отарба.
Еразамат белгісі- түзде мырза, үйде
құл.
Ынтымақ – оқ өтпес сауыт, татулық-
тамаша сауық.
5 слайд
149-жаттығу. Мына мақалдардағы көнерген сөздерді атаңдар және олардың сипатын атаңдар. Асабасы жоқ асқа жарымас. Қараша үйден ханша шығар. Шықсаң ұзақ сапарға, арымас ат – отарба. Еразамат белгісі- түзде мырза, үйде құл. Ынтымақ – оқ өтпес сауыт, татулық- тамаша сауық.
#6 слайд
Бақа-көлінде патша ,
Балық –суында
патша,
Жігіт- елінде патша.
Осы мақалдың қандай мақсатта қолданылатынын айқындау үшін
шағын ғана
мәтін құрандар.
6 слайд
Бақа-көлінде патша , Балық –суында патша, Жігіт- елінде патша. Осы мақалдың қандай мақсатта қолданылатынын айқындау үшін шағын ғана мәтін құрандар.
#7 слайд
150-жаттығу. Мәтінді оқып, ат қойыңдар.
Қымыз киелі асқа саналады. Биенің сүтінен қымыз дайындау
үшін оны саба аталатын көн ыдысқа жылы күйінде емес,
салқындаған қалпында құяды.
Жылы құйса, қымызы ащы болады. Сабаға құйылған қымызды
піспекпен әлсін-әлсін пісіп тұрады. Қымыз неғұрлым көп пісілсе,
соғұрлым тұщы, дәмді келеді. Аз пісілген қымызда ірімтік көп
болып, ішуге жағымсыз келеді.
Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жібермейді. Сондағы
ұсынатыны, бар болса қымыз, ол болмаса айран, ірімшік, құрт
сияқты тағамдар болады.
(С.
Мұқанов.)
•Мәтінді абзацтар бойынша мазмұндаңдар.
•Киелі, көн ыдыс, піспек, саба деген атаулар қандай ұғымдарды
білдіреді? Олар сөздік қордың қай тобына (қандай атауларға)
жатады?
7 слайд
150-жаттығу. Мәтінді оқып, ат қойыңдар. Қымыз киелі асқа саналады. Биенің сүтінен қымыз дайындау үшін оны саба аталатын көн ыдысқа жылы күйінде емес, салқындаған қалпында құяды. Жылы құйса, қымызы ащы болады. Сабаға құйылған қымызды піспекпен әлсін-әлсін пісіп тұрады. Қымыз неғұрлым көп пісілсе, соғұрлым тұщы, дәмді келеді. Аз пісілген қымызда ірімтік көп болып, ішуге жағымсыз келеді. Үйіне кірген кісіге қазақ ас татырмай жібермейді. Сондағы ұсынатыны, бар болса қымыз, ол болмаса айран, ірімшік, құрт сияқты тағамдар болады. (С. Мұқанов.) •Мәтінді абзацтар бойынша мазмұндаңдар. •Киелі, көн ыдыс, піспек, саба деген атаулар қандай ұғымдарды білдіреді? Олар сөздік қордың қай тобына (қандай атауларға) жатады?
#8 слайд
Киелі – киесі бар қасиетті деген сөз.
Көн ыдыс-ірі қараның иленген қатты терісінен
жасалған ыдыс.
Піспек – мес,саба, күбі сияқты ыдыстардың ішіне
салып, қымыз, іркіт, қаймақ пісетін сабы бар құрал.
Саба-жылқының тұтас терісінен жүнін қырып илеп,
ыстап жасалған қымыз ашытатын сыйымды ыдыс.
8 слайд
Киелі – киесі бар қасиетті деген сөз. Көн ыдыс-ірі қараның иленген қатты терісінен жасалған ыдыс. Піспек – мес,саба, күбі сияқты ыдыстардың ішіне салып, қымыз, іркіт, қаймақ пісетін сабы бар құрал. Саба-жылқының тұтас терісінен жүнін қырып илеп, ыстап жасалған қымыз ашытатын сыйымды ыдыс.
#9 слайд
152-жатығу. Мәтінді оқыңдар
Таспадан өретін, қамшы екі түрлі: атты қатты ұрмай,
демеп қана отыратын
үш-төрт өрім қамшыны «шыбыртқы», әлденеше таспадан
өретін қамшыны «дойыр» дейді. Таспа саны жиырма төртке
дейін баратын дойырдың ішіне қорғасыннан өзек салады.
Балуан Шолақта сондай бір дойыр қамшы болған екен дейді
жұрт. Ол қашқан қасқырды қуып жетіп, онымен жоннан
тартқанда, қабырғаларының көбесі, омыртқалары сөгіліп
кетеді-міс. Мұндай қамшыны қару ретіндк ұрыс -
жанжалдарда, барымтада пайдаланған.
(С.
Мұқанов.)
*Мәтінде қолданылып тұрған сөздердің түрін ажыратып,
ойларыңды дәлелдеп айтыңдар.
* Қазақ ұғымындағы «бес қару» туралы не білесіңдер
Шыбыртқы -мал айдайтын ұзын қамшы, талшыбық.
Дойыр – өзегіне қорғасын салып өрілген сабы қысқа, жуан
өрмелі қамшы.
9 слайд
152-жатығу. Мәтінді оқыңдар Таспадан өретін, қамшы екі түрлі: атты қатты ұрмай, демеп қана отыратын үш-төрт өрім қамшыны «шыбыртқы», әлденеше таспадан өретін қамшыны «дойыр» дейді. Таспа саны жиырма төртке дейін баратын дойырдың ішіне қорғасыннан өзек салады. Балуан Шолақта сондай бір дойыр қамшы болған екен дейді жұрт. Ол қашқан қасқырды қуып жетіп, онымен жоннан тартқанда, қабырғаларының көбесі, омыртқалары сөгіліп кетеді-міс. Мұндай қамшыны қару ретіндк ұрыс - жанжалдарда, барымтада пайдаланған. (С. Мұқанов.) *Мәтінде қолданылып тұрған сөздердің түрін ажыратып, ойларыңды дәлелдеп айтыңдар. * Қазақ ұғымындағы «бес қару» туралы не білесіңдер Шыбыртқы -мал айдайтын ұзын қамшы, талшыбық. Дойыр – өзегіне қорғасын салып өрілген сабы қысқа, жуан өрмелі қамшы.
#10 слайд
154-
жаттығу
Көшпелі қазақтың кеңістікті межелеудегі барша таным -
түсінігі өмір салтымен, шаруашылық -мәдени түрлерімен
сабақтасып жатады. Оның дәлелі ретінде мынадай
түсініктерді келтіруге болады: қылдай, иненің көзіндей,
тырнақтай, оймақтай, бір елі, бір сүйем, алақандай, кере
қарыс, ұлтарақтай, қарға адым жер, қол ұсыным, бір аттам,
құрық бойы, сойыл салым, арқан бойы, тас лақтырым, қозы
көш жер, бір көштік, қой өрісіндей, ат шаптырым жер, ит
арқасы қиянда, жер түбі.
*Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңдер.
*Межеге (өлшемге) қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің
ішінен қалауларың бойынша бесеуіне сөйлем құраңдар.
*Мәтіндегі көнерген сөздерді тауып, мағынасын
түсіндіріңдер.
10 слайд
154- жаттығу Көшпелі қазақтың кеңістікті межелеудегі барша таным - түсінігі өмір салтымен, шаруашылық -мәдени түрлерімен сабақтасып жатады. Оның дәлелі ретінде мынадай түсініктерді келтіруге болады: қылдай, иненің көзіндей, тырнақтай, оймақтай, бір елі, бір сүйем, алақандай, кере қарыс, ұлтарақтай, қарға адым жер, қол ұсыным, бір аттам, құрық бойы, сойыл салым, арқан бойы, тас лақтырым, қозы көш жер, бір көштік, қой өрісіндей, ат шаптырым жер, ит арқасы қиянда, жер түбі. *Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңдер. *Межеге (өлшемге) қатысты сөздер мен сөз тіркестерінің ішінен қалауларың бойынша бесеуіне сөйлем құраңдар. *Мәтіндегі көнерген сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңдер.
#11 слайд
155-жаттығу. Мәтінді оқыңдар.
Қаламқас орта бойлы, ақ құба, отты қара көзі
жақұттай жайнап тұр. Ақ шәйі көйлектің
сыртынан қызыл масатыдан бешпет киіпті.
Аяғына кигені – әмірхан мәсі. Басында құндыз
бөрік. Оның төбесінде бір уыс үкі, шашына
күмістен шашбау таққан.
Қаламқастың омырауында -тана-түймелері,
мойнында –алқа.
Саусақтарында-сақина, білегінде –білезік. Биыл он
алтыға толады.
*Мәтіндегі қыздың ұлттық киімдерінің атауларын
теріп жазыңдар. Олардың ішіндегі көнерген
атаулардың астын сызыңдар.
11 слайд
155-жаттығу. Мәтінді оқыңдар. Қаламқас орта бойлы, ақ құба, отты қара көзі жақұттай жайнап тұр. Ақ шәйі көйлектің сыртынан қызыл масатыдан бешпет киіпті. Аяғына кигені – әмірхан мәсі. Басында құндыз бөрік. Оның төбесінде бір уыс үкі, шашына күмістен шашбау таққан. Қаламқастың омырауында -тана-түймелері, мойнында –алқа. Саусақтарында-сақина, білегінде –білезік. Биыл он алтыға толады. *Мәтіндегі қыздың ұлттық киімдерінің атауларын теріп жазыңдар. Олардың ішіндегі көнерген атаулардың астын сызыңдар.
#12 слайд
Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақ
аралығымен өлшенетін өлшем .
Елі- саусақтың жалпақтық өлшемі.
Қарыс-бас бармақ пен ортан қолдың
аралығымен өлшенетін ұзындық өлшемі.
Құрық-бай жылқы ұстау үшін ұшына ілмек
жіп бекітілген ұзын сырық қашықтығы
құрық бойымен бірдей.
Бір көштік-бір жерден ІІші жерге ауысу,
қоныс аудару.
12 слайд
Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақ аралығымен өлшенетін өлшем . Елі- саусақтың жалпақтық өлшемі. Қарыс-бас бармақ пен ортан қолдың аралығымен өлшенетін ұзындық өлшемі. Құрық-бай жылқы ұстау үшін ұшына ілмек жіп бекітілген ұзын сырық қашықтығы құрық бойымен бірдей. Бір көштік-бір жерден ІІші жерге ауысу, қоныс аудару.
#13 слайд
Үйге тапсырма
160-жаттығу. Өз қалауларың бойынша
шешендік сөздер ауыз әдебиеті үлгілерінің
бірінен (ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ,
жаңылтпаш т. б.)көнерген сөзді тауып
жазыңдар. Олар көнерген сөздің қай түріне
жататынын анықтаңдар.
13 слайд
Үйге тапсырма 160-жаттығу. Өз қалауларың бойынша шешендік сөздер ауыз әдебиеті үлгілерінің бірінен (ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш т. б.)көнерген сөзді тауып жазыңдар. Олар көнерген сөздің қай түріне жататынын анықтаңдар.
шағым қалдыра аласыз













