Лексика. Сөз мағынасы.

#1 слайд
Лексика.
С өз мағынасы.
1 слайд
Лексика. С өз мағынасы.
#2 слайд
Лексика — тілдегі барлық сөздердің
жиынтығы деген мағынада
қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде
сөздік құрам деген атаумен аталады.
2 слайд
Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.
#3 слайд
Лексика (гр. lexicos – сөздік) тіл ғылымында сөздік немесе
сөздік құрам деп аталады. Кейде бұл термин тілдің әр түрлі
қызмет саласындағы сөздердің жиынтығы (кітаби лексика),
жазушының (М.Мағауин лексикасы) немесе жеке
шығарманың тілі («Абай жолы» лексикасы) деген тар
мағынада да қолданылады.
Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін
ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректі ң
лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бұл
сөздердің грек тіліндегі мағынасы — сөз туралы ілім деген
ұғымды береді.
3 слайд
Лексика (гр. lexicos – сөздік) тіл ғылымында сөздік немесе сөздік құрам деп аталады. Кейде бұл термин тілдің әр түрлі қызмет саласындағы сөздердің жиынтығы (кітаби лексика), жазушының (М.Мағауин лексикасы) немесе жеке шығарманың тілі («Абай жолы» лексикасы) деген тар мағынада да қолданылады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректі ң лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бұл сөздердің грек тіліндегі мағынасы — сөз туралы ілім деген ұғымды береді.
#4 слайд
Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда
қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін
арнаулы бір саласы болып табылады.
Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі — лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен
байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен барабар келетін тұрақты, фразологиялық сөз
тіркестері де қарастырылады.
4 слайд
Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады. Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі — лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен барабар келетін тұрақты, фразологиялық сөз тіркестері де қарастырылады.
#5 слайд
Лексикология және оның салалары.
Лексикология тіліміздегі сөздерді қарастырғанда, оның мағыналық жақтарын да,
құрамын да, олардың шығу төркінін, тарихын да, болмаса сөздерді есепке алып, түрлі
сөздіктер жасауды да, тілдегі тұрақты сөз тіркестерін де, говорлар мен жергілікті
диалектілерді де, зат немесе қүбылыс ұғымының нақты бір сөзбен аталу себептерін
де, жер, cy, елді мекен және py, ел, халық аттарын да, жануарлар мен зоологиялық
атауларға байланысты сөздерді де қарастырады. Соған орай лексикология өз ішінен
семасиология, этимология, лексикография, фразеология, диалектология т.б. көптеген
тарауларға бөлінеді.
Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі
салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия
мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан кдрастырады.
5 слайд
Лексикология және оның салалары. Лексикология тіліміздегі сөздерді қарастырғанда, оның мағыналық жақтарын да, құрамын да, олардың шығу төркінін, тарихын да, болмаса сөздерді есепке алып, түрлі сөздіктер жасауды да, тілдегі тұрақты сөз тіркестерін де, говорлар мен жергілікті диалектілерді де, зат немесе қүбылыс ұғымының нақты бір сөзбен аталу себептерін де, жер, cy, елді мекен және py, ел, халық аттарын да, жануарлар мен зоологиялық атауларға байланысты сөздерді де қарастырады. Соған орай лексикология өз ішінен семасиология, этимология, лексикография, фразеология, диалектология т.б. көптеген тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан кдрастырады.
#6 слайд
Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:
1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;
2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.
4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі. 5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі. 6. Терминогия –әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.
6 слайд
Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары: 1. Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді; 2. Семантика – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді; 3. Лексикография – тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады. 4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі. 5. Фразеологияда – тұрақты сөз тіркестері зерттеледі. 6. Терминогия –әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.
#7 слайд
Лексикология ғылымы – сөзжасаммен, морфологиямен және синтаксиспен байланысады, сонымен қатар ол диалектология, стилистика, когнитивтік лингвистикамен де тығыз байланысады. Қорыта айтқанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді біріншіден мағынасы жағынан, екіншіден шығу тегі жағынан, үшіншіден қарым-қатынас жасауда қолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден экспрессивті-стильдік сипатымен қызметі жағынан, бесіншіден, сөздің сөздік
құрам мен сөздік қордан алатын орны жағынан - жан-жақты қарастырып зерттейді. Демек, лексикология сөзді тілдің лексикалық единицасы ретінде қарастыра отырып, оны жан-жақты қамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөздер және барлық сөздердің жиынтығы-сөздік құрам туралы оның жасалып қалыптасуы және дамуы туралы ғылым болып табылады.
7 слайд
Лексикология ғылымы – сөзжасаммен, морфологиямен және синтаксиспен байланысады, сонымен қатар ол диалектология, стилистика, когнитивтік лингвистикамен де тығыз байланысады. Қорыта айтқанда, тіл білімінің лексикология саласы сөзді біріншіден мағынасы жағынан, екіншіден шығу тегі жағынан, үшіншіден қарым-қатынас жасауда қолданылу аясы мен шеңбері жағынан, төртіншіден экспрессивті-стильдік сипатымен қызметі жағынан, бесіншіден, сөздің сөздік құрам мен сөздік қордан алатын орны жағынан - жан-жақты қарастырып зерттейді. Демек, лексикология сөзді тілдің лексикалық единицасы ретінде қарастыра отырып, оны жан-жақты қамтиды. Сонымен, лексикология тілдегі сөздер және барлық сөздердің жиынтығы-сөздік құрам туралы оның жасалып қалыптасуы және дамуы туралы ғылым болып табылады.
#8 слайд
Сөз мағынасы — шындықтың ( заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-
әрекеттің, қалыптың ) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. Сөз
мағынасының граматикалық және лексикалық түрлері
болады. Граматикалық мағына сөздің белгілі бір топқа ( сөз табына ) тән
екендігін, басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін,
сондай-ақ оның түрлік өзгеріске түсу қабілетін ( жіктелу, есептелу), сөз
тіркесі мен сөйлем ішінде басқа сөздерге қатынасын
айқындайды. Лексикалық мағына да жалпылықты білдіре беруі мүмкін
( айталық, күлу, ыза болу, ашулану, ренжу — адамның психологиялық
күйін білдіреді ). Соған қарамастан, лексикалық мағынаның жеке қасиеті
болатынын теріске шығаруға болмайды, өйткені келтірілген мысалдағы
сөздердің әрқайсысына тән мағыналық айырмашылықтары
бар.Полисемиялық құбылыс болғанда, лексикалық мағынаның ұқсас
жайлары көп, бірақ олардың да тура және ауыспалы
мағыналарының болатыны анық ( жоғары-төмен, сұлу-келісті, қара
(етістік)- қара (сын есім), ыржақтау-мәз болу т. б.). Сөздердің
лексикалық мағыналары түсіндірме сөздікте белгілі
бір контексте байланысты нақтыланады.
8 слайд
Сөз мағынасы — шындықтың ( заттың, сапаның, қатынастың, қимыл- әрекеттің, қалыптың ) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасының граматикалық және лексикалық түрлері болады. Граматикалық мағына сөздің белгілі бір топқа ( сөз табына ) тән екендігін, басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлік өзгеріске түсу қабілетін ( жіктелу, есептелу), сөз тіркесі мен сөйлем ішінде басқа сөздерге қатынасын айқындайды. Лексикалық мағына да жалпылықты білдіре беруі мүмкін ( айталық, күлу, ыза болу, ашулану, ренжу — адамның психологиялық күйін білдіреді ). Соған қарамастан, лексикалық мағынаның жеке қасиеті болатынын теріске шығаруға болмайды, өйткені келтірілген мысалдағы сөздердің әрқайсысына тән мағыналық айырмашылықтары бар.Полисемиялық құбылыс болғанда, лексикалық мағынаның ұқсас жайлары көп, бірақ олардың да тура және ауыспалы мағыналарының болатыны анық ( жоғары-төмен, сұлу-келісті, қара (етістік)- қара (сын есім), ыржақтау-мәз болу т. б.). Сөздердің лексикалық мағыналары түсіндірме сөздікте белгілі бір контексте байланысты нақтыланады.
шағым қалдыра аласыз













