Мағжан Жұмабаев

#1 слайд
Мағжан
лирикасы-
өзгеше әлем
1 слайд
Мағжан лирикасы- өзгеше әлем
#2 слайд
2 слайд
#3 слайд
3 слайд
#4 слайд
Абақтыда айдан,күннен жаңылдым ,
Сағындым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!»-деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.
Жатқан үйім-қабырғасы қара тас,
Жарық сәуле жылы күнге жаны қас,
Ауыр иіс ылғи қара көлеңке,
Ерте-кеш те күндіз-түні арылмас.
Талап салқын тым караңғы үңгір тар,
Есігімді мықты қара құлап бар.
Кіп-кішкене терезелер темірлі ,
Мұндай үйден кімге естілер ащы зар!
Алтын Күнді қара жерді сағындым,
Жан жолдасым-жүйрік желді сағындым,
Асау тайдай еркелетіп өсірген
Ағайынымды сағындым.
Әлдеқайда Күн шығады ,батады,
Сорлы Тұтқын күңіреніп жатады.
Қарар болсаң терезелер темірлі,
Көздеп тұрған күзетшілер атады.
Ас болама сасық сорпа қара нан?
Алма бетте қалмады ғой тамшы қан.
Қоңырау қағып оятады ақырып,
Тым болмаса сібірлеп те айтпай таң.
Бостандықта өткен күнді сагындым,
Желдей зулап кеткен күнді сағындым.
Жыл құсындай ұшсам қонсам ерікті,
Ойдағыны еткен күнді сағындым.
Абақтының айға баға күні ұзак,
Жанды жейтін жылға баға түні ұзак.
Ескі мола дән дыбыс жоқ,тым-тырыс,
Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ.
Қара жылан – қалың ойлар қаптады,
Шыбын жаным барар жерді таппады.
Ойлар жейді жас жүректі жегідей,
Тәңірі ием,таңың-дағы атпады!
Ойыны бір құрдастарды сағындым,
Тілегі бір жолдастарды сағындым.
Келешекке бірге жоспар құрысқан,
Сырласатын жан достарды сағындым.
Уға толды жас жүрегім,жабықтым,
Таныс дауыс ести алмай зарықтым.
Не дегенін,не істегенін біле алмай,
Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың!
Құшақтарға жанымда жоқ жақын жан,
Басқа шапшып мазаны алды ыстық қан.
Жалындаған жас жүрекке не пайда,
Дене күйіп,бір жатып, бір тұрудан?
Жүрегіме жақын жанды сағындым,
Жібек мінез,ақық жарды сағындым.
Айрыларда күншығыстан ағарып,
Ақ жібектей шапақ таңды сағындым.
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!
Мен өлсем де,алаш өлмес,көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін!
Қалың елім,қалың қара ағашым,
Қайраты мол айбынды ер,алашым!
Өзі-ақ құлар,сырың берме,сабыр қыл,
Ақымақтар байқамаған шамасын.
Қазағымды,қалың елді сағындым,
Сарыарқамды – сайран жерді сағындым.
Балдай бұлақ,мөлдір күміс көбікті,
Арқадағы айдын көлді сағындым.
Қуанышта: «Әй сені ме!» - дегендер,
Күйінішті мен үшін уайым жегендер.
Құтылу қиын,басқан адым аңдаулы,
Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер.
Тәңірі ие.өзің алшы панаңа,
Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?!
Баласынан тұтқан болып сарғайған
Кім жеткізер сәлемімді анама?
Абақтыда айдан,күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой,сар даланы сағындым.
«Қарашығым,құлыным!» - деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым!
Сағындым
4 слайд
Абақтыда айдан,күннен жаңылдым , Сағындым ғой, сар даламды сағындым. «Қарашығым, құлыным!»-деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым. Жатқан үйім-қабырғасы қара тас, Жарық сәуле жылы күнге жаны қас, Ауыр иіс ылғи қара көлеңке, Ерте-кеш те күндіз-түні арылмас. Талап салқын тым караңғы үңгір тар, Есігімді мықты қара құлап бар. Кіп-кішкене терезелер темірлі , Мұндай үйден кімге естілер ащы зар! Алтын Күнді қара жерді сағындым, Жан жолдасым-жүйрік желді сағындым, Асау тайдай еркелетіп өсірген Ағайынымды сағындым. Әлдеқайда Күн шығады ,батады, Сорлы Тұтқын күңіреніп жатады. Қарар болсаң терезелер темірлі, Көздеп тұрған күзетшілер атады. Ас болама сасық сорпа қара нан? Алма бетте қалмады ғой тамшы қан. Қоңырау қағып оятады ақырып, Тым болмаса сібірлеп те айтпай таң. Бостандықта өткен күнді сагындым, Желдей зулап кеткен күнді сағындым. Жыл құсындай ұшсам қонсам ерікті, Ойдағыны еткен күнді сағындым. Абақтының айға баға күні ұзак, Жанды жейтін жылға баға түні ұзак. Ескі мола дән дыбыс жоқ,тым-тырыс, Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ. Қара жылан – қалың ойлар қаптады, Шыбын жаным барар жерді таппады. Ойлар жейді жас жүректі жегідей, Тәңірі ием,таңың-дағы атпады! Ойыны бір құрдастарды сағындым, Тілегі бір жолдастарды сағындым. Келешекке бірге жоспар құрысқан, Сырласатын жан достарды сағындым. Уға толды жас жүрегім,жабықтым, Таныс дауыс ести алмай зарықтым. Не дегенін,не істегенін біле алмай, Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың! Құшақтарға жанымда жоқ жақын жан, Басқа шапшып мазаны алды ыстық қан. Жалындаған жас жүрекке не пайда, Дене күйіп,бір жатып, бір тұрудан? Жүрегіме жақын жанды сағындым, Жібек мінез,ақық жарды сағындым. Айрыларда күншығыстан ағарып, Ақ жібектей шапақ таңды сағындым. Не көрсем де алаш үшін көргенім, Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! Мен өлсем де,алаш өлмес,көркейер, Істей берсін қолдарынан келгенін! Қалың елім,қалың қара ағашым, Қайраты мол айбынды ер,алашым! Өзі-ақ құлар,сырың берме,сабыр қыл, Ақымақтар байқамаған шамасын. Қазағымды,қалың елді сағындым, Сарыарқамды – сайран жерді сағындым. Балдай бұлақ,мөлдір күміс көбікті, Арқадағы айдын көлді сағындым. Қуанышта: «Әй сені ме!» - дегендер, Күйінішті мен үшін уайым жегендер. Құтылу қиын,басқан адым аңдаулы, Тізіп қойып ертеңді-кеш түгендер. Тәңірі ие.өзің алшы панаңа, Тас бауырлар зарға құлақ сала ма?! Баласынан тұтқан болып сарғайған Кім жеткізер сәлемімді анама? Абақтыда айдан,күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой,сар даланы сағындым. «Қарашығым,құлыным!» - деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым! Сағындым
#5 слайд
Жалпы Мағжан шығармашылығының өзегі неде,күші
қандай деген сұрақтарға кезінде ақын
шығармашылығына байыпты барлау жасап,әділ пікір
айтқан Ж.Аймауытов былай дейді: “Мағжан ақын
ба,ақын емес пе? – деген сұрауды қоюда мағына
жоқ.Оны ақын емес деп таласушы бола
қоймас.Жалғыз – ақ ақындық күші қандай деген
сұрауды қою керек.Бұл сұрауға Мағжанды күшті
ақын деп жауап береміз.Несімен күшті?Тыңнан
тапқан жас пікірімен бе,болмаса терең ой,терең
пәлсапасымен бе,әлде қазақтың өткен-
кеткенін,бүгінгі өмірін айнаға түсіргендей
көрсетіп,келешекті болжап пайғамбарлық еткенімен
бе?Жоқ,бұлардың бірі де емес.Мағжан терең ойдың
ақыны емес,ол заманды суреттеген шебер емес.Ол
келешекті болжап,жұртты соңына ертетін
пайғамбар ақын да емес.Мағжан –
сыршылдығымен,суретшілдігімен,сөзге
еркіндігімен,тапқыштығымен күшті,маржандай
тізілген,торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен
шерлі мұңды зарымен күшті.
...Ол сыршыл,толғағыш,суретші,сөз
ұстасы,түршіл,романтик,мәдениетшіл,отаршылдық
қа,жауынгерлікке қарсы күншығысшыл ақын”
5 слайд
Жалпы Мағжан шығармашылығының өзегі неде,күші қандай деген сұрақтарға кезінде ақын шығармашылығына байыпты барлау жасап,әділ пікір айтқан Ж.Аймауытов былай дейді: “Мағжан ақын ба,ақын емес пе? – деген сұрауды қоюда мағына жоқ.Оны ақын емес деп таласушы бола қоймас.Жалғыз – ақ ақындық күші қандай деген сұрауды қою керек.Бұл сұрауға Мағжанды күшті ақын деп жауап береміз.Несімен күшті?Тыңнан тапқан жас пікірімен бе,болмаса терең ой,терең пәлсапасымен бе,әлде қазақтың өткен- кеткенін,бүгінгі өмірін айнаға түсіргендей көрсетіп,келешекті болжап пайғамбарлық еткенімен бе?Жоқ,бұлардың бірі де емес.Мағжан терең ойдың ақыны емес,ол заманды суреттеген шебер емес.Ол келешекті болжап,жұртты соңына ертетін пайғамбар ақын да емес.Мағжан – сыршылдығымен,суретшілдігімен,сөзге еркіндігімен,тапқыштығымен күшті,маржандай тізілген,торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен шерлі мұңды зарымен күшті. ...Ол сыршыл,толғағыш,суретші,сөз ұстасы,түршіл,романтик,мәдениетшіл,отаршылдық қа,жауынгерлікке қарсы күншығысшыл ақын”
#6 слайд
-“Абақтыда айдан,күннен жаңылдым,//Сарғайдым
ғой,сар даламды сағындым” , деген бастапқы
жолдарды зерделесек,алғашқысы лирикалық қаһарман
күйзелуі кейінгісі лирикалық қаһарман сағынышы деп
межелеуге болады.
- “Жатқан үйім-қабырғасы қара тас,//Жарық
сәуле,жылы күнге жаны қас”,-дегендегі “қара” сөзі-әрі
көріктеуіш,әрі жағымсыз реңк белгісі.Себебі
лирикалық қаһарман қамалған үйдің қабырғасының
жай тас емес,қара тас болуы арқылы да күрескер мен
бостандық арасын көлегейлеп орнаған
белгіні,тасты,одан әрі берігірек етіп күшейте
түскендей әсер туғызғандықтан да, “қара” сөзі
жағымсыз мәнде қабылданды.ал,ол тастың жаны
болуы көмегімен метафоралық тіркес (тастың жаны)
жасалған да, “қас” сөзі көмегімен дерексіз ұғым
жанның жандануы (деректі ұғым,адам ғана қас бола
алады.) жүзеге асқан.Ал “жарық” , “жылы” сөздері
көріктеуіш болса, “сәуле”, “күнге” сөздері –
еркіндіктің рәміздік (символдық) белгісі.
6 слайд
-“Абақтыда айдан,күннен жаңылдым,//Сарғайдым ғой,сар даламды сағындым” , деген бастапқы жолдарды зерделесек,алғашқысы лирикалық қаһарман күйзелуі кейінгісі лирикалық қаһарман сағынышы деп межелеуге болады. - “Жатқан үйім-қабырғасы қара тас,//Жарық сәуле,жылы күнге жаны қас”,-дегендегі “қара” сөзі-әрі көріктеуіш,әрі жағымсыз реңк белгісі.Себебі лирикалық қаһарман қамалған үйдің қабырғасының жай тас емес,қара тас болуы арқылы да күрескер мен бостандық арасын көлегейлеп орнаған белгіні,тасты,одан әрі берігірек етіп күшейте түскендей әсер туғызғандықтан да, “қара” сөзі жағымсыз мәнде қабылданды.ал,ол тастың жаны болуы көмегімен метафоралық тіркес (тастың жаны) жасалған да, “қас” сөзі көмегімен дерексіз ұғым жанның жандануы (деректі ұғым,адам ғана қас бола алады.) жүзеге асқан.Ал “жарық” , “жылы” сөздері көріктеуіш болса, “сәуле”, “күнге” сөздері – еркіндіктің рәміздік (символдық) белгісі.
#7 слайд
Жұмабаев Мағжан – ғасырлар белесінде әр заманда бір қылаң
беріп қоятын көркемдік ойлау әлеміндегі Абайдан кейінгі
үлкен бір құбылыс.Оған оның “Батыр Баян”, “Қойлыбайдың
қобызы”, “Жан сөзі”, “Жүсіп ханы”, тағы басқа да ірі-ірі
шығармалары куә.Сол құбылыстың сырын ашып,жас ұрпақты
шынайы суреттер арқылы поэзия бұлағынан сусындата
білу,асыл менен жасыл,жақсы менен жаман,қатыгездік пен
ізгілік,бір күндік пен мәңгілік секілді өмірлік мәселелерге
қатысты көзқарас қалыптастыруда ақын мұрасын шебер
пайдалана білу-әр ұстаздың асыл мұраты болуы
керек.Әсіресе,жас ұрпақты ұлтжандылық пен отансүйгіштікке
тәрбиелеуде Жұмабаев Мағжанның өмірі ме
шығармашылығын оқып үйрену,одан үйрену,одан нәр алу –
ұлы парызымыз.
7 слайд
Жұмабаев Мағжан – ғасырлар белесінде әр заманда бір қылаң беріп қоятын көркемдік ойлау әлеміндегі Абайдан кейінгі үлкен бір құбылыс.Оған оның “Батыр Баян”, “Қойлыбайдың қобызы”, “Жан сөзі”, “Жүсіп ханы”, тағы басқа да ірі-ірі шығармалары куә.Сол құбылыстың сырын ашып,жас ұрпақты шынайы суреттер арқылы поэзия бұлағынан сусындата білу,асыл менен жасыл,жақсы менен жаман,қатыгездік пен ізгілік,бір күндік пен мәңгілік секілді өмірлік мәселелерге қатысты көзқарас қалыптастыруда ақын мұрасын шебер пайдалана білу-әр ұстаздың асыл мұраты болуы керек.Әсіресе,жас ұрпақты ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеуде Жұмабаев Мағжанның өмірі ме шығармашылығын оқып үйрену,одан үйрену,одан нәр алу – ұлы парызымыз.
#8 слайд
Сондықтан да менің алдыма қойған басты
мақсатым—ақын шығармаларының көркемдік
деңгейін таныту.Мұғалімнің көмекші оқушы-
сының бірі ретінде ақынның өмірі
туралы деректер жинау,оның лирикасы
жайында баяндамалар,мән жазбалар
дайындау,өлеңдерін жаттау сияқты
тапсырмалар ұйымдастырамын.
Бұл сабақты тардымды өткізуге және
Мағжан- ның ақындық тұлғасына
қызығушылық туғызу- ға көмектеседі.
8 слайд
Сондықтан да менің алдыма қойған басты мақсатым—ақын шығармаларының көркемдік деңгейін таныту.Мұғалімнің көмекші оқушы- сының бірі ретінде ақынның өмірі туралы деректер жинау,оның лирикасы жайында баяндамалар,мән жазбалар дайындау,өлеңдерін жаттау сияқты тапсырмалар ұйымдастырамын. Бұл сабақты тардымды өткізуге және Мағжан- ның ақындық тұлғасына қызығушылық туғызу- ға көмектеседі.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген