Мамандық таңдау-жүрек қалауы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Мамандық таңдау –
жүрек қалауы
1 слайд
Мамандық таңдау – жүрек қалауы
2 слайд
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әл-Фараби
2 слайд
Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы болыңыз. Әл-Фараби
3 слайд
- “Мамандық” дегеніміз не?
- Мамандық бізге не үшін
қажет?
- Белгілі бір мамандық иесі
болу үшін не істеу керек?
3 слайд
- “Мамандық” дегеніміз не? - Мамандық бізге не үшін қажет? - Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
4 слайд
•Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және
қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек
қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған
арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру; келесі
біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс; үшінші
біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң.
•Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі
өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп
түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс.
Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін
тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің
орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы
керек.
•Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын
оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың
ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Әрине
таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті,
зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана
жетістікке жетеді.
4 слайд
•Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Біреулер үшін – ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру; келесі біреулер үшін – жаңалыққа, дербестікке талпыныс; үшінші біреулерге — әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң. •Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?» деген сұрақ қоюы керек. •Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500-ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Әрине таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет. Өз ісіне сенімді, дұрыс таңдаған адам ғана жетістікке жетеді.
5 слайд
Топтық жұмыс
•Мамандық бір-ақ рет бір жола таңдалады.
•Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына
байланысты.
•Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп,
мамандық таңдауға болады.
•Қартайғанда да мамандық таңдауға болады.
•Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек.
•Ақша болса, мамандық қажет емес.
•Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет.
•Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен
қоғамдық сұраныстың сәйкестігі.
•Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам
анықтайды.
•Мамандық таңдау – күн көріс қамы.
5 слайд
Топтық жұмыс •Мамандық бір-ақ рет бір жола таңдалады. •Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты. •Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп, мамандық таңдауға болады. •Қартайғанда да мамандық таңдауға болады. •Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек. •Ақша болса, мамандық қажет емес. •Мамандық таңдауда психологтың көмегі қажет. •Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі. •Таңдайтын мамандығымды қалталы ақшам анықтайды. •Мамандық таңдау – күн көріс қамы.
6 слайд
Жағдаяттық сұрақтар
1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты
таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата-
анаң қарсы. Сен ол кезде не істер
едің?
2. Ата-анаң саған бір мамандықты
таңдап берді, бірақ ол мамандық
саған ұнамады. сен ата-анаңның
шешіміне қарсы боласың ба?
3. Өзіңіз үшін қандай қорытынды
жасадыңыз, ойландыратын жағдай
болды ма? Болса не істер едіңіз?
6 слайд
Жағдаяттық сұрақтар 1. Сен өзіңе ұнаған мамандықты таңдадың, бірақ ол мамандыққа ата- анаң қарсы. Сен ол кезде не істер едің? 2. Ата-анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған ұнамады. сен ата-анаңның шешіміне қарсы боласың ба? 3. Өзіңіз үшін қандай қорытынды жасадыңыз, ойландыратын жағдай болды ма? Болса не істер едіңіз?
7 слайд
- Осы мақсатқа жету үшін не істемек
ойларың бар?
- Мамандықты дұрыс таңдауда қандай
қателер жіберілуі мүмкін?
7 слайд
- Осы мақсатқа жету үшін не істемек ойларың бар? - Мамандықты дұрыс таңдауда қандай қателер жіберілуі мүмкін?
8 слайд
Мамандық таңдаудың жеті
басты кезеңі
•
Бірінші қадам:
Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар.
Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар
қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына
жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер
жоғарғы оқу орнына жақын досына немесе құрбысына серік
болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орныныа
құжат тапсыруға асығады.
Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені
шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың
белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше
аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз.
•
Екінші қадам:
Дұрыс шешім өз қолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы
түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың
ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл –
сіздің тағдырыңыз.
8 слайд
Мамандық таңдаудың жеті басты кезеңі • Бірінші қадам: Байыппен бағдарлай біліңіз Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың да әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандықтар қызықтыруы мүмкін. Біреулер туғаннан маңдайына жазылған ата-анасынының жолын таңдайды. Біреулер жоғарғы оқу орнына жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, ал енді біреулер үйіне жақын оқу орныныа құжат тапсыруға асығады. Мамандық таңдау адам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен, оған атүсті қарау – жеңіл ойлылықтың белгісі. Сондықтан, бұл мәселенің шешімін мүмкіндігінше аса мән беріп, байыппен қабылдаңыз. • Екінші қадам: Дұрыс шешім өз қолыңызда Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – сіздің тағдырыңыз.
9 слайд
•Үшінші қадам:
Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен
айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос
уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен,
әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің
бейімділігіңізге байланысты.
•Төртінші қадам:
Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің
жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай
елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ
мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз
таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол
кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз.
Програмист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана тұтпай. Ең
болмаса қарапайым бағдарлама жасап көріңіз. Дайындық
курстарында жазылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл – жазғы
демалыс кезеңде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері
болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс бұрыстығына
көзіңіз анық жетер еді.
9 слайд
•Үшінші қадам: Бейімділігіңізді ескеріңіз Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көп нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты. •Төртінші қадам: Өзіңізді сынақтан өткізіңіз Бәрінен бұрын өзіңізді ой елегінен өткізіп көріңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан нені қалаймын? Бес жылданкейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп мәлімет алуға тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерінің іс барысын көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын, мекемелермен танысуға шығыңыз. Програмист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана тұтпай. Ең болмаса қарапайым бағдарлама жасап көріңіз. Дайындық курстарында жазылсаңыз, тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл – жазғы демалыс кезеңде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.
10 слайд
•
Бесінші қадам:
Сұранысты да назар ұстаңыз
Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты
бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға
жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру
сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы
агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы
мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары
оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз.
•
Алтыншы қадам:
Мамандар не дейді?
Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін
пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе
алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға
көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар.
•
Жетінші қадам:
Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның
тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңыздыекіге бөліп, оң және кері
жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып
тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен
өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.
10 слайд
• Бесінші қадам: Сұранысты да назар ұстаңыз Болашақ мамандығыңызды еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білу де пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған байқауларда, интернеттің еңбекке орналастыру сайытында қандай мамандарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы зор. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызға қай жоғары оқу орнында, қалай даярлайтынын анықтаңыз. • Алтыншы қадам: Мамандар не дейді? Егер күдік-күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде психолог кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай-ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тестілер бар. • Жетінші қадам: Қорытынды шешім Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңізге ұнаған негізгі 5-10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңыздыекіге бөліп, оң және кері жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтын сызып тастаңыз. Тізімде үш пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп, ең соңғы шешім қабылдаңыз.
11 слайд
Тілектер ағашы
•Бүгінгі сабағымыздан алған
әсерлеріңіз қандай?
•Болашақтағы жоспарларың.
•Алға қойған мақсаттарың,
бір- бірлеріңе тілектерің.
11 слайд
Тілектер ағашы •Бүгінгі сабағымыздан алған әсерлеріңіз қандай? •Болашақтағы жоспарларың. •Алға қойған мақсаттарың, бір- бірлеріңе тілектерің.