Материалдар / "Манас және қазақтың эпикалық дәстүрі" (слайд)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Манас және қазақтың эпикалық дәстүрі" (слайд)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал ғылыми жұмысқа арналған презентация (слайд)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2020
473
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
“ Манас” жыры және қазақтың эпикалық дәстүрі

1 слайд
“ Манас” жыры және қазақтың эпикалық дәстүрі

“ Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі” ММ Ғылыми жоба авторы: Қаби Гү

2 слайд
“ Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Батыржан Кенжетаев атындағы Новонежин орта мектебі” ММ Ғылыми жоба авторы: Қаби Гүлдерай 8-сынып оқушысы Жетекшісі: Дуйсенбаева Эльмира Омирузаковна

Ғылыми жұмыс мақсаты:  Қырғыз халқының «Манас» жыры мен қазақтың эпикалық дастандарын сараптай, салыстыра қарау арқылы оны

3 слайд
Ғылыми жұмыс мақсаты:  Қырғыз халқының «Манас» жыры мен қазақтың эпикалық дастандарын сараптай, салыстыра қарау арқылы оны ғылыми зерттеу нысанына айналдыру; екі ел әдебиетінің түпкі тамырына көз жүгірте отыра, эпостық жырларындағы үндестік пен сарындылықты көрсету.  «Манас» жыры арқылы қырғыз халқының менталитетімен, өмірлік ұстанымымен таныстыру; зерделі, құймақұлақ халқымыз тудырған ауыз әдебиетінің үлгілерін тарихи дерек ретінде қолдану  Батырлар бейнесі арқылы елжандылық сезімдерін қалыптастыру  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын, ұлттық бірлік, бейбітшілік, келісім және қазақстандық патриотизмді бойларына қалыптастыру

Зерттеу жұмысының жаңалығы Қ ырғыз елінің «Манас» жыры мен қазақтың эпикалық дәстүріндегі үндестіктер мен өзгешеліктер туралы б

4 слайд
Зерттеу жұмысының жаңалығы Қ ырғыз елінің «Манас» жыры мен қазақтың эпикалық дәстүріндегі үндестіктер мен өзгешеліктер туралы біршама зерттеу еңбектері жазылғанымен, мектеп бағдарламасында «Манас» жыры туралы және оны қазақтың батырлық жырларымен үқсастығы жайында арнайы тақырыптар қарастырылмаған. Сондықтан мектеп оқушыларының арасында бұл эпикалық дәстүрлер жайында білетіндер кемде кем. Компьютер мен технологиялар қарқынды дамыған заманда оқушылардың кітап оқуға, соның ішінде халық ауыз әдебиет үлгілерін оқуға деген танымдық-қызығушылықтарын арттыру үшін және олардың бойына паториоттық сезімдерді қалыптастыру мақсатында мен осы ғылыми жобамен айналысуды жөн көрдім. Себебі: екі елдің эпостық жырларын тереңірек зерттей келе, ашқан жаңалығым – «Манас» жыры мен қазақ елінің батырлық жырлары оқушылар бойына «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын, атап айтқанда, ұлттық бірлік, бейбітшілік, келісім және қазақстандық патриотизмді бойларына қалыптастырады. Ал бұл құндылықтар бүгінгі таңда өте маңызды талаптардың бірі, әсіресе «рухани жаңғыру» аясында.

Халық ауыз әдебиеті бойынша 5-8-сыныптар арасында өткізілген сауалнама нәтижесі75% 10% 10% 5% Қызығушылықпен оқитындар Оқуғ

5 слайд
Халық ауыз әдебиеті бойынша 5-8-сыныптар арасында өткізілген сауалнама нәтижесі75% 10% 10% 5% Қызығушылықпен оқитындар Оқуға мәжбүр болған оқитындар Көңіл күйге байланысты оқитындар Мүлдем қызықпайды

«Манас» жырын білесің бе?5 сынып 6 сынып 7 сынып 8 сынып 80 50 70 40 20 50 30 60 иа жоқ

6 слайд
«Манас» жырын білесің бе?5 сынып 6 сынып 7 сынып 8 сынып 80 50 70 40 20 50 30 60 иа жоқ

Пән мұғалімдерімен сұхбат

7 слайд
Пән мұғалімдерімен сұхбат

Практикалық тәжірибе:

8 слайд
Практикалық тәжірибе:

«Манас» эпосы тек ежелгі қырғыз халқының өмірін ғана емес, сол дәуірде өмір сүрген түркі халықтарының да тіршілігін терең к

9 слайд
«Манас» эпосы тек ежелгі қырғыз халқының өмірін ғана емес, сол дәуірде өмір сүрген түркі халықтарының да тіршілігін терең көрсеткен сирек кездесетін теңдесі жоқ әдеби мұра» М.Әуезов«Манас» жырын қырғыздардың ең басты және данышпандық халық шығармасы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы, бүтін бір халықтың көпжылдық шығармашылығының жемісі, дала Илиадасы десе де болады» Ш.Уәлиханов

МАНАСТЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

10 слайд
  МАНАСТЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

«Манас» жыры және қазақ эпосының сюжеттік бірлігі мен өзгешелігі Бес түліктен мал жидым, Бес шақа пұлша арам жоқ. Ақыретке бет

11 слайд
«Манас» жыры және қазақ эпосының сюжеттік бірлігі мен өзгешелігі Бес түліктен мал жидым, Бес шақа пұлша арам жоқ. Ақыретке бет алсам, Атакелеп артымнан Налып қалар балам жоқ... (Манас, 1 -кітап ,17 -б ). ... Алмадың, құдай, жанымды Бір баланың жоғынан, Ағайын жейді малымды... Бір баланың жоғынан... Зорлық қылды маңайым Әкім қыла сөйлейді Баласы көп ағайын... (“Алпамыс батыр” жыры)

«Шын батыр сын үстінде танылар» демекші, «Манас» пен қазақтың эпикалық жырларындағы тағы бір үндестік – батырдың алғашқы ерл

12 слайд
«Шын батыр сын үстінде танылар» демекші, «Манас» пен қазақтың эпикалық жырларындағы тағы бір үндестік – батырдың алғашқы ерлігі

БАТЫРДЫҢ ҮЙЛЕНУІ Күлсе тісі жарқ етіп, Күзгідей өңі жалт етіп Көкектей үні шаңқ етіп, Шылқ жібекке шырмалып, Лағыл алты

13 слайд
БАТЫРДЫҢ ҮЙЛЕНУІ Күлсе тісі жарқ етіп, Күзгідей өңі жалт етіп Көкектей үні шаңқ етіп, Шылқ жібекке шырмалып, Лағыл алтын жағасы Оң шекеде қырланып...

БАТЫРДЫҢ ҚАҺАРМАНДЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ Манас батыр Манас 10 жорық жасаған. С.Орозбақов нұсқасында Ташкентті билеп тұрған Қытай әскері

14 слайд
БАТЫРДЫҢ ҚАҺАРМАНДЫҚ ЖОРЫҚТАРЫ Манас батыр Манас 10 жорық жасаған. С.Орозбақов нұсқасында Ташкентті билеп тұрған Қытай әскерінің қолбасшысы Панус ханның қалың қолымен түркілердің шайқасы баяндалады. Текес хан, Шорық хан, Әлеуке хан, Есенхан қалмақ ханы Қайыпты Бәрі жеңіспен аяқталып отырған Алпамыс батыр Қаршығадай қайрылып, Қалмақты бала бір ұрды. Жасқанайын дегенде, Қолын ұрып сындырып, Тағы да шапты қылышпен… Қобыланды батыр Қызыл ермен, Қырлы, Сырлы қалаларын азат етуде қалмақтармен соғысты, Алшағырмен алысты

Қаһарманның қайтыс болуы Манастың өлімі эпикалық өмірбаянды, сонымен қатар бүкіл эпопеяны аяқтайды. Манас өзінің әскерімен бірг

15 слайд
Қаһарманның қайтыс болуы Манастың өлімі эпикалық өмірбаянды, сонымен қатар бүкіл эпопеяны аяқтайды. Манас өзінің әскерімен бірге Бейжінге қарсы жорығында қайтыс болады. Қаралаевтың нұсқасы бойынша, таңғы намаз оқып отырған Манасты Қытай батыры Қоңырбай улы қарумен атады. Жалпы, осы жырда батырдың өмірден кеткен шағы толық баяндалады, тіпті оның жары Қаныкейге айтқан өсиеті мен арманы да жыр етіледі. Ал қазақ эпостарында мұндай баяндау сирек кездеседі. Көп жағдайда батырдың қайтыс болғаны жайында, оның баласы туралы жырда жай ғана сипатталады. Мысалы, «Қырымның қырық батыры» жырында мұндай баяндау жоқ. «Көкшенің ұлы Ер Қосай» жырында батырдың өлгені былай жырланады: «Қосай әкесі өліп, жетім қалады. Сол уақытта Сарыбай деген бай болады. Алты ұлының ортасында оның Қарабек деген жалғыз қызық болады. Көкшеден Қосай үш жасында жетім қалады. Жасы бес-алтыға толғанда шешесімен еріп Сарыбай үйіне барады....» Міне, бұл жырда Көкшенің өлуі сөз болмай, оның баласы Ер Қосай туралы ғана баяндалады.

Қорытынды Екі елдің эпостық жырларындағы тұрақты мотивтер 1. Перзентсіз ата-ана зары 2. Батырдың дүниеге келуі және ерекше өсуі

16 слайд
Қорытынды Екі елдің эпостық жырларындағы тұрақты мотивтер 1. Перзентсіз ата-ана зары 2. Батырдың дүниеге келуі және ерекше өсуі 3. Алғашқы ерлігі 4. Батырдың үйленуі 5. Қаһармандық жорықтары 6. Батырдың дүниеден өтуі Мәңгілік елдің сарыны іспетті Манас жыры мен қазақтың эпикалық жырларын жатқа білетін болсақ, біз өз еліміздің өршіл рухты, патриот азаматы болып өсеміз. Тамыры терең түпкі тарихымызды осындай ауыз әдебиеті жырлары арқылы біліп жүретін боламыз.