Менің атым- Қожа




1 слайд
"Менің атым Қожа" – қазақ
киносының бойтұмары
Ғылыми жұмыс
1 слайд
"Менің атым Қожа" – қазақ киносының бойтұмары Ғылыми жұмыс

2 слайд
2 слайд

3 слайд
Жұмыстың мақсаты:
Ә, дегеннен- ақ көрерменді баурап алып, ықыласына
бөленген. Тіпті шетелдіктердің өзі қайран қалған Б.Соқпақбаевтың
«Менің атым Қожа» повесіне негізделіп түсірілген «Менің атым Қожа»
фильмінің жас кейіпкерлерінің таңдалуы мен фильмнен кейінгі
өмірін көрсету.
.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері.
«Менің атым Қожа» фильмінің түсірілімі, кейіпкерлер туралы ой
қорыту.
Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде Бердібек Соқпақбаевтың өмір
жолы, «Менің атым Қожа » повесі жайлы жазылған еңбектер негізгі материал
болды. Зерттеу кезінде Ш.Уәлиханов атындағы мектептің кітапханасына,
аудандық балалар кітапханасынан және интернет көздерінен алынған мақала
материалдары пайдаланылды.
Жұмыста қолданылған әдістер. Талдау – жинақтау әдістері
қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан тұрады.Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген.
3 слайд
Жұмыстың мақсаты: Ә, дегеннен- ақ көрерменді баурап алып, ықыласына бөленген. Тіпті шетелдіктердің өзі қайран қалған Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесіне негізделіп түсірілген «Менің атым Қожа» фильмінің жас кейіпкерлерінің таңдалуы мен фильмнен кейінгі өмірін көрсету. . Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. «Менің атым Қожа» фильмінің түсірілімі, кейіпкерлер туралы ой қорыту. Жұмыстың зерттеу нысаны ретінде Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолы, «Менің атым Қожа » повесі жайлы жазылған еңбектер негізгі материал болды. Зерттеу кезінде Ш.Уәлиханов атындағы мектептің кітапханасына, аудандық балалар кітапханасынан және интернет көздерінен алынған мақала материалдары пайдаланылды. Жұмыста қолданылған әдістер. Талдау – жинақтау әдістері қолданылды. Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады.Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

4 слайд
Бердібек Соқпақбаев қазақ балалар әдебиетінің классигі,
тамаша жазушы . «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді»
демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым
Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және
«Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар
қалдырды. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары
және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап,
таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын
бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің
өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу
тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде
кейіпкерлермен етене араласып, олар өзін күнде көріп
жүрген адамдардай Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда
жатталып қалады...
Кіріспе
4 слайд
Бердібек Соқпақбаев қазақ балалар әдебиетінің классигі, тамаша жазушы . «Жақсының өзі өлсе де сөзі өлмейді» демекші, балалардың сүйікті жазушысы артына «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Қайдасың, Гауһар» және «Ергежейлілер елі» сынды бірқатар әңгіме, хикаялар қалдырды. Б.Соқпақбаевтың әңгіме, повесть, романдары және пьесаларында балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, таңдандырып, тамсантып, бал дәурен әсерлерінің қаймағын бұзбай, ақиқаттан алшақтамай, балаға тән қиялдап, өмірдің өз болмысын тебірене толғайды. Оқысаң еріксіз езу тарттырып, кейде күрсінтіп терең ойға жетелейді. Лезде кейіпкерлермен етене араласып, олар өзін күнде көріп жүрген адамдардай Қожа секілді кейіпкерлерімен жадыңда жатталып қалады... Кіріспе

5 слайд
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы
«Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым:
жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір
көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін
мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін
балалар аз емес қой...» деген екен.
"Менің атым Қожа" - қазақ балалар әдебиетінің озық
туындыларының бірі
5 слайд
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...» деген екен. "Менің атым Қожа" - қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі

6 слайд
Қысқаша мазмұны
Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан
кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол
қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар.
Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп
ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады.
Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды.
Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын
Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға
арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп
тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды.
Айта кететін жайт, Қожа Бердібек Соқпақбаевтың өзі. Яғни өзі
туралы жазылған шығарма десем де болады. Ол жайында
автор өзі былай деп кеткен екен.
6 слайд
Қысқаша мазмұны Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайды. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрады. Қожа жазушы болуды армандайды. Айта кететін жайт, Қожа Бердібек Соқпақбаевтың өзі. Яғни өзі туралы жазылған шығарма десем де болады. Ол жайында автор өзі былай деп кеткен екен.

7 слайд
7 слайд

8 слайд
Бала Бердібек расымен сотқар ма?
8 слайд
Бала Бердібек расымен сотқар ма?

9 слайд
"Менің атым Қожа" - қазақ
киносының бойтұмары
«Менің атым Қожа» атты шығарманың өзі де, сол шығарма
негізінде түсірілген фильм де қазақ өнерінің биігінде тұр. Ол
киноны көрмеген бала кемде-кем. Тіпті, баламен бала болып
теледидардан көрсетілсе, үлкені де, кішісі де қайталап көруге
асық. Фильмнің көрерменге жол тартқанына тура жарты ғасыр
болса да, кітабы мен кинодискісі сөреміздің алдыңғы
қатарында тұрады. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек
Соқпақбаев пен марқасқа режиссер А.Қарсақбаевтың атағын
дүр сілкіндірген - «Менің атым Қожа» фильмі. Екі алыптың
жолдарының кездесуіне себепші болып, қазаққа мәңгі өшпес
дүние қалдыруға атсалысқан Тахауи Ахтанов еді.
9 слайд
"Менің атым Қожа" - қазақ киносының бойтұмары «Менің атым Қожа» атты шығарманың өзі де, сол шығарма негізінде түсірілген фильм де қазақ өнерінің биігінде тұр. Ол киноны көрмеген бала кемде-кем. Тіпті, баламен бала болып теледидардан көрсетілсе, үлкені де, кішісі де қайталап көруге асық. Фильмнің көрерменге жол тартқанына тура жарты ғасыр болса да, кітабы мен кинодискісі сөреміздің алдыңғы қатарында тұрады. Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев пен марқасқа режиссер А.Қарсақбаевтың атағын дүр сілкіндірген - «Менің атым Қожа» фильмі. Екі алыптың жолдарының кездесуіне себепші болып, қазаққа мәңгі өшпес дүние қалдыруға атсалысқан Тахауи Ахтанов еді.

10 слайд
Өзге кейіпкерлерді сомдаған Сұлтан – М.Көкенов, Жанар –
Г.Құрабаева, Жантас – Е.Құрмашевтар қазақ киносы көгінде жарқ етті де
жоқ болды. Олар, тіпті түсірілім біткен соң да бір-бірімен кездеспеген.
Бір-бірін іздемепті де. Кеңестік жүйе олардың басын қосуға ықылас
танытпады ма, әлде балалар бір-бірімен кездескісі келмеді ме, бізге ол
жағы белгісіз. Дегенмен де, кейіпкерлер тағдыры соның ішінде жас
актёрлар тағдыры не болды?.Жаста болса кинода шеберліктері
шыңдалып, барынша сыныптас балалар мінезін көрсете білді. Киноны
қанша қарасамда , әлі күнге дейін Жанардың, Қожаның, Сұлтан,
Жантастың іс-әрекеттері мені қызықтырады. Бәрі шынайы. Осы кинодан
кейін неге олар басқа киноларға түсіп, өз шеберліктерін шыңдай
түспеді? Олардың кинодан кейінгі өмірлері қалай жалғасты? Деген
сұрақтар мені мазалап, осы ғылыми жұмысымды бастауға алып келді.
Ізденіс барысында мынадай мәлеметтерге кездестім.
«Менің атым – Қожа» – фильмінің кейіпкерлерінің
қинодан кейінгі өмірі қандай болды.
10 слайд
Өзге кейіпкерлерді сомдаған Сұлтан – М.Көкенов, Жанар – Г.Құрабаева, Жантас – Е.Құрмашевтар қазақ киносы көгінде жарқ етті де жоқ болды. Олар, тіпті түсірілім біткен соң да бір-бірімен кездеспеген. Бір-бірін іздемепті де. Кеңестік жүйе олардың басын қосуға ықылас танытпады ма, әлде балалар бір-бірімен кездескісі келмеді ме, бізге ол жағы белгісіз. Дегенмен де, кейіпкерлер тағдыры соның ішінде жас актёрлар тағдыры не болды?.Жаста болса кинода шеберліктері шыңдалып, барынша сыныптас балалар мінезін көрсете білді. Киноны қанша қарасамда , әлі күнге дейін Жанардың, Қожаның, Сұлтан, Жантастың іс-әрекеттері мені қызықтырады. Бәрі шынайы. Осы кинодан кейін неге олар басқа киноларға түсіп, өз шеберліктерін шыңдай түспеді? Олардың кинодан кейінгі өмірлері қалай жалғасты? Деген сұрақтар мені мазалап, осы ғылыми жұмысымды бастауға алып келді. Ізденіс барысында мынадай мәлеметтерге кездестім. «Менің атым – Қожа» – фильмінің кейіпкерлерінің қинодан кейінгі өмірі қандай болды.

11 слайд
Басты рөлді сомдаған Нұрлан Санжар .
«Қожа арқылы бүкіл қазаққа
танылдыңыз. Осы танымалдылық сізге
не берді?» деген сауалымызға
«Танымалдылық маған материалдық
тұрғыдан ештеңе берген жоқ, бірақ мен
адамдарға ренжімеймін, керісінше,
ылғи алғыс айтып жүремін. - деді.
11 слайд
Басты рөлді сомдаған Нұрлан Санжар . «Қожа арқылы бүкіл қазаққа танылдыңыз. Осы танымалдылық сізге не берді?» деген сауалымызға «Танымалдылық маған материалдық тұрғыдан ештеңе берген жоқ, бірақ мен адамдарға ренжімеймін, керісінше, ылғи алғыс айтып жүремін. - деді.

12 слайд
Мен, жалпы, қарапайым адаммын, ешкімнен ештеңе
сұрамаймын. Бұл менің әкемнің өмірлік ережесі еді, мен де
осыны ұстанамын» деп жауап берген екен.
12 слайд
Мен, жалпы, қарапайым адаммын, ешкімнен ештеңе сұрамаймын. Бұл менің әкемнің өмірлік ережесі еді, мен де осыны ұстанамын» деп жауап берген екен.

13 слайд
Ол медицина институтында
оқып жүргенде белгісіз
жағдайда қаза болған.
Сұлтан – Марат Көкенов.
13 слайд
Ол медицина институтында оқып жүргенде белгісіз жағдайда қаза болған. Сұлтан – Марат Көкенов.

14 слайд
Жанар – Гүлнар Құрабаева,
Жанар сұлу – Гүлнар Құрабаева мүлдем басқа салаға кетті. Жанар – Гүлнар, тіпті
Мәскеуден келген шақыртуға да келісімін бермеген. Тек Еркін Рақышевтің «Менің
де атым Қожа» түсірілімі кезінде бас кейіпкерлер – Нұрлан Санжар мен Гүлнар
Құрабаева бір-бірімен кездескен.
14 слайд
Жанар – Гүлнар Құрабаева, Жанар сұлу – Гүлнар Құрабаева мүлдем басқа салаға кетті. Жанар – Гүлнар, тіпті Мәскеуден келген шақыртуға да келісімін бермеген. Тек Еркін Рақышевтің «Менің де атым Қожа» түсірілімі кезінде бас кейіпкерлер – Нұрлан Санжар мен Гүлнар Құрабаева бір-бірімен кездескен.

15 слайд
Жантас – Ерлан айдың-күннің аманында жоғалып
кетті.
Жантас – Ерлан Құрмашев
15 слайд
Жантас – Ерлан айдың-күннің аманында жоғалып кетті. Жантас – Ерлан Құрмашев

16 слайд
ІІІ. Қорытынды
Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев пен марқасқа
режиссер А.Қарсақбаевтың атағын дүр сілкіндірген - «Менің атым Қожа»
фильмі. Екі алыптың жолдарының кездесуіне себепші болып, қазаққа
мәңгі өшпес дүние қалдыруға атсалысқан Тахауи Ахтанов еді.
“Менің атым Қожа “ фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен
балаларға арналған кинофильдердің халықаралық фестивалінде (1967)
арнайы сыйлыққа ие болған.
Қорыта келе айтарым , «Менің атым Қожа» атты шығарманың өзі де, сол
шығарма негізінде түсірілген фильм де қазақ өнерінің биігінде тұр. Әліде
сан жылдар өз сапасын жоғалтпауына сенімдімін.
16 слайд
ІІІ. Қорытынды Балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев пен марқасқа режиссер А.Қарсақбаевтың атағын дүр сілкіндірген - «Менің атым Қожа» фильмі. Екі алыптың жолдарының кездесуіне себепші болып, қазаққа мәңгі өшпес дүние қалдыруға атсалысқан Тахауи Ахтанов еді. “Менің атым Қожа “ фильмі француздың Канн қаласындағы жастар мен балаларға арналған кинофильдердің халықаралық фестивалінде (1967) арнайы сыйлыққа ие болған. Қорыта келе айтарым , «Менің атым Қожа» атты шығарманың өзі де, сол шығарма негізінде түсірілген фильм де қазақ өнерінің биігінде тұр. Әліде сан жылдар өз сапасын жоғалтпауына сенімдімін.

17 слайд
Зерттеу барысындағы өз ұсыныстарым.
Шағын жанрдың шамын жағып, шаңын қағып, балалар әдебиеті
сынды балғын әлемнің тереңіне бойлай білген, жас оқырмандар
жанын жақсылыққа қайрай білген жалынды жазушы – Б.Соқпақбаев.
Қаламгерге "Менің атым Қожа" повесі үлкен танымалдық алып
келген еді. Ал оның кино болып түсірілуі оданда керемет құбылыс
болды. Жоба барысында туындаған ұсыныстарыммен бөлісіп кетейін.
1. Келешекте «Менің атым Қожа » повесті автор өзі жайлы
жазғанын ескере отырып, «Менің атым Бердібек» деп өзгертілсе ,
2. «Менің атым Қожа» фильмінің кейіпкерлеріне арналған арнайы бір
ескерткіш қойылса деген ұсыныстарым бар.
Өз еліміздің дүлділдерін әлемге танытатын жобалар дайындалса
екен деп жұмысымды аяқтаймын.
17 слайд
Зерттеу барысындағы өз ұсыныстарым. Шағын жанрдың шамын жағып, шаңын қағып, балалар әдебиеті сынды балғын әлемнің тереңіне бойлай білген, жас оқырмандар жанын жақсылыққа қайрай білген жалынды жазушы – Б.Соқпақбаев. Қаламгерге "Менің атым Қожа" повесі үлкен танымалдық алып келген еді. Ал оның кино болып түсірілуі оданда керемет құбылыс болды. Жоба барысында туындаған ұсыныстарыммен бөлісіп кетейін. 1. Келешекте «Менің атым Қожа » повесті автор өзі жайлы жазғанын ескере отырып, «Менің атым Бердібек» деп өзгертілсе , 2. «Менің атым Қожа» фильмінің кейіпкерлеріне арналған арнайы бір ескерткіш қойылса деген ұсыныстарым бар. Өз еліміздің дүлділдерін әлемге танытатын жобалар дайындалса екен деп жұмысымды аяқтаймын.