1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мұғалімнің рефлексиялық күнделігі" факультатив сабақ.

#1 слайд
Факультатив сабақ : Мұғалімнің педагогикалық рефлексиясы
Тақырыбы: Мұғалімнің рефлексиялық күнделігі
Сабақтың типі: Интеграцияланған сабақ (Өзін-өзі тану пәнімен)
ОҚЫТУШЫ: АУЕЛОВА М.М.
1 слайд
Факультатив сабақ : Мұғалімнің педагогикалық рефлексиясы Тақырыбы: Мұғалімнің рефлексиялық күнделігі Сабақтың типі: Интеграцияланған сабақ (Өзін-өзі тану пәнімен) ОҚЫТУШЫ: АУЕЛОВА М.М.
#2 слайд
Сабақтың мақсаты:
Білімалушыларға, болашақ мамандарға рефлексиялық
күнделік жүргізудің тиімділігін түсіндіру. Күнделік жүргізуде
туындайтын мәселелерді шешу жолын үйрете отырып, дұрыс
әрекетке бағыт беру .
2 слайд
Сабақтың мақсаты: Білімалушыларға, болашақ мамандарға рефлексиялық күнделік жүргізудің тиімділігін түсіндіру. Күнделік жүргізуде туындайтын мәселелерді шешу жолын үйрете отырып, дұрыс әрекетке бағыт беру .
#3 слайд
Сабақтың міндеттері:
Мұғалімнің рефлексиялық күнделігін жүргізу және кәсіби
қызметінде тиімді пайдалануға дағдыларындыру.
Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы мұғалімнің
рефлексиялық күнделігінің өзіндік ерекшеліктерін түсіне
білуге баулу және кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру.
3 слайд
Сабақтың міндеттері: Мұғалімнің рефлексиялық күнделігін жүргізу және кәсіби қызметінде тиімді пайдалануға дағдыларындыру. Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы мұғалімнің рефлексиялық күнделігінің өзіндік ерекшеліктерін түсіне білуге баулу және кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіру.
#4 слайд
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (Сәлемдесу, білім алушылардың сабаққа
дайындығын анықтау).
Психологиялық жағымды ахуал туғызу
«Әр елдің тілінде сәттілік тілеу» әдісі. Білім алушылар бір-біріне
сәттілік тілейді.
4 слайд
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (Сәлемдесу, білім алушылардың сабаққа дайындығын анықтау). Психологиялық жағымды ахуал туғызу «Әр елдің тілінде сәттілік тілеу» әдісі. Білім алушылар бір-біріне сәттілік тілейді.
#5 слайд
ІІ. Дәйексөз
Дұрыс әрекет - мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан
басталады
Әл -Фараби
- Дәйексөзді қалай түсінесіздер?
- Мақсатқа жетудегі дұрыс жол қандай?
-Әрқайсыларыңыз өз мақсатыңызға жетудің траекториясын
сызып көріңіздер.
Дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
5 слайд
ІІ. Дәйексөз Дұрыс әрекет - мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталады Әл -Фараби - Дәйексөзді қалай түсінесіздер? - Мақсатқа жетудегі дұрыс жол қандай? -Әрқайсыларыңыз өз мақсатыңызға жетудің траекториясын сызып көріңіздер. Дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
#6 слайд
ІІІ. Шығармашылық тапсырма:
Үй тапсырмасы:
Ютуб желісінен « Дневник» фильмін
https://www.youtube.com/watch?v=6-RqqNQNtYA
үйде көру тапсырылған болатын. Сол тамашалаған фильмді
Смит (1989) рефлексиясы бойынша талдап, өз
талдауларыңызды ортаға ұсынсаңыздар.
6 слайд
ІІІ. Шығармашылық тапсырма: Үй тапсырмасы: Ютуб желісінен « Дневник» фильмін https://www.youtube.com/watch?v=6-RqqNQNtYA үйде көру тапсырылған болатын. Сол тамашалаған фильмді Смит (1989) рефлексиясы бойынша талдап, өз талдауларыңызды ортаға ұсынсаңыздар.
#7 слайд
Смит (1989) бағдарламасы бойынша өз
тәжірибесіне рефлексия жасау моделі
Тапсырма Маңызды сұрақтар
Сипаттама
Мен не істедім?
Ақпарат (талдау)
Бұл не мағына білдіреді?
Конфронтация - Тайталас
(өзіндік сана)
Мен қалай әрекет етер едім?
Реконструкция - Қайта құру
(бағамдау және жинақтау)
Менің болжамдарым, құндылықтарым және сенімдерім
жөнінде тәжірибем не дейді?
Аталған идеялар қайдан пайда болды?
Қандай әлеуметтік тәжірибелер бұл идеяларда көрсетілген?
Өз тұжырымдамаларымды ұстануға не мәжбүрлейді?
Менің тәжірибемнің мүдде-мақсаты неде?
7 слайд
Смит (1989) бағдарламасы бойынша өз тәжірибесіне рефлексия жасау моделі Тапсырма Маңызды сұрақтар Сипаттама Мен не істедім? Ақпарат (талдау) Бұл не мағына білдіреді? Конфронтация - Тайталас (өзіндік сана) Мен қалай әрекет етер едім? Реконструкция - Қайта құру (бағамдау және жинақтау) Менің болжамдарым, құндылықтарым және сенімдерім жөнінде тәжірибем не дейді? Аталған идеялар қайдан пайда болды? Қандай әлеуметтік тәжірибелер бұл идеяларда көрсетілген? Өз тұжырымдамаларымды ұстануға не мәжбүрлейді? Менің тәжірибемнің мүдде-мақсаты неде?
#8 слайд
Қорыта келе, күнделікті баланы сүйетін, өз мамандығына жан-
тәнімен берілген маман ғана жүргізе алады. Адам өмірдегі өз
орнын, өз ұстанымын саналылықпен ұғынуы тиіс.
8 слайд
Қорыта келе, күнделікті баланы сүйетін, өз мамандығына жан- тәнімен берілген маман ғана жүргізе алады. Адам өмірдегі өз орнын, өз ұстанымын саналылықпен ұғынуы тиіс.
#9 слайд
Жоспар
Мұғалімнің рефлексиялық күнделігі туралы түсінік
Рефлексиялық қызметтің түрлері
Күнделік жүргізуде ескеретін жағдайлар
9 слайд
Жоспар Мұғалімнің рефлексиялық күнделігі туралы түсінік Рефлексиялық қызметтің түрлері Күнделік жүргізуде ескеретін жағдайлар
#10 слайд
Қазір дамыта оқыту үрдісінде рефлексияның педагогика ғылымында білімді
дамытудың шарттарының бірі ретінде маңызы артып отыр. Соңдықтан білім
саласында рефлексия өзекті. Рефлексияның мәні – білім алушы білімінің
негізін анықтап, жаңа білімді меңгерудің жолдарын жетілдіруде.
Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым
мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда ғылыми
айналысқа енгізді. Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну,
олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы
толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған
ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы.
10 слайд
Қазір дамыта оқыту үрдісінде рефлексияның педагогика ғылымында білімді дамытудың шарттарының бірі ретінде маңызы артып отыр. Соңдықтан білім саласында рефлексия өзекті. Рефлексияның мәні – білім алушы білімінің негізін анықтап, жаңа білімді меңгерудің жолдарын жетілдіруде. Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio - кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда ғылыми айналысқа енгізді. Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы.
#11 слайд
Сұрақ:
Джон Локидің тұжырымы мұғалімді
қандай іс әрекетке жетелейді?
11 слайд
Сұрақ: Джон Локидің тұжырымы мұғалімді қандай іс әрекетке жетелейді?
#12 слайд
Педагогикалық рефлексия
Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің кәсіби іс-әрекетіне
объективті баға беру, оны балалар, басқа адамдар, ең әуелі, педагогикалық
қарым-қатынас субъектілерінің қалай қабылдайтынын түсінуге қабілеттілік.
Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай
рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ
соңыңда, асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік
беретіндей етіп ұйымдастырылуы шарт.
Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың
инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В. И.
Харькин: «Рефлексияны ешкім және ешнәрсе алмастыра алмайды», - деген
тұжырым жасайды
12 слайд
Педагогикалық рефлексия Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің өзіне, өзінің кәсіби іс-әрекетіне объективті баға беру, оны балалар, басқа адамдар, ең әуелі, педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің қалай қабылдайтынын түсінуге қабілеттілік. Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соңыңда, асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы шарт. Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин: «Рефлексияны ешкім және ешнәрсе алмастыра алмайды», - деген тұжырым жасайды
#13 слайд
Рефлексиялық қызметтің түрлері
Әртүрлі жағдаяттар мен қызметіне орай рефлексияны А.В.Карпов және А.С.Шаров
төмендегідей түрлерге бөледі:
жағдаяттық рефлексия –
«ынталандырушы» және
«өзін-өзі бағалау» бағытта
субъектінің болып жатқан
оқиғаны түсінуіне,
талдауына, тікелей қатысуы
арқылы жүзеге асады.
Болған оқиғаның
шарттарына сай субъектінің
өзіндік әрекетін бағалауы
болып табылады; ретроспективті
рефлексия – өтіп
кеткен кеткен оқиғаны
және әрекеттерді
талдау болып
табылады; проспективті рефлексия –
енді орын алатын әрекеттер
жайлы ойлану, яғни,
жоспарлау, іске асырудың
тиімді құралдарын,
тәсілдерін таңдау, нәтижені
алдын-ала болжамдау болып
табылады.
13 слайд
Рефлексиялық қызметтің түрлері Әртүрлі жағдаяттар мен қызметіне орай рефлексияны А.В.Карпов және А.С.Шаров төмендегідей түрлерге бөледі: жағдаяттық рефлексия – «ынталандырушы» және «өзін-өзі бағалау» бағытта субъектінің болып жатқан оқиғаны түсінуіне, талдауына, тікелей қатысуы арқылы жүзеге асады. Болған оқиғаның шарттарына сай субъектінің өзіндік әрекетін бағалауы болып табылады; ретроспективті рефлексия – өтіп кеткен кеткен оқиғаны және әрекеттерді талдау болып табылады; проспективті рефлексия – енді орын алатын әрекеттер жайлы ойлану, яғни, жоспарлау, іске асырудың тиімді құралдарын, тәсілдерін таңдау, нәтижені алдын-ала болжамдау болып табылады.
#14 слайд
Қолдану тәсілдеріне қарай оқыту мен оқу үдерісінде
рефлексияны төмендегідей үш категорияға жіктеуге
болады:
Эмоциялық
және көңіл-күй
рефлексиясы ; Оқу
материалдары-
ның мазмұны
бойынша
рефлексия.
Іс-әрекеттер
рефлексиясы;
14 слайд
Қолдану тәсілдеріне қарай оқыту мен оқу үдерісінде рефлексияны төмендегідей үш категорияға жіктеуге болады: Эмоциялық және көңіл-күй рефлексиясы ; Оқу материалдары- ның мазмұны бойынша рефлексия. Іс-әрекеттер рефлексиясы;
#15 слайд
Мұғалімнің рефлексиялық күнделігі қандай болуы керек және
жүргізу талаптары қандай?
Тек тұрақты түрде жаңартылатын теориялық білім мен практикалық тәжірибенің
рефлексиялық үйлесімділігі ғана маманға нағыз кәсіпқой болып қалыптасуына мүмкіндік
береді. Теория мен практиканы байланыстырып, рефлексия жасауда мұғалімнің
рефлексиялық күнделігінің маңызы қандай? Осы сұраққа жауап іздеу барысында әлемдік
озат тәжірибені зерделеуде педагог мамандар үшін өзінің тәжірибесін рефлексиялық талдау
ғана кәсіби біліктілікті шыңдауға мүмкіндік беретіндігін көрсетті. Осы тұрғыда,
рефлексиялық күнделік мамандарға тұрақты түрде өзін-өзі жұмылдыруға, өзін-өзі ұғуға,
өзінің кәсіби деңгейін анықтауға көмектесетін таптырмас құрал болып табылады.
Мұғалімнің рефлексиялық күнделігі белгілі бір оқиға жайлы өзіндік жеке ойтолғаулар,
сезімдер мен әсерлер жазылатын жеке адамның күнделігі іспеттес жүргізіледі. Ерекшелігі
мұнда мұғалімге тән кәсіби мәселелер жазылады. Сыныпта орын алған оқиғалар жайлы
рефлексия жасап, олардың туындау себебін анықтауда күнделіктің тиімділігі көп.
15 слайд
Мұғалімнің рефлексиялық күнделігі қандай болуы керек және жүргізу талаптары қандай? Тек тұрақты түрде жаңартылатын теориялық білім мен практикалық тәжірибенің рефлексиялық үйлесімділігі ғана маманға нағыз кәсіпқой болып қалыптасуына мүмкіндік береді. Теория мен практиканы байланыстырып, рефлексия жасауда мұғалімнің рефлексиялық күнделігінің маңызы қандай? Осы сұраққа жауап іздеу барысында әлемдік озат тәжірибені зерделеуде педагог мамандар үшін өзінің тәжірибесін рефлексиялық талдау ғана кәсіби біліктілікті шыңдауға мүмкіндік беретіндігін көрсетті. Осы тұрғыда, рефлексиялық күнделік мамандарға тұрақты түрде өзін-өзі жұмылдыруға, өзін-өзі ұғуға, өзінің кәсіби деңгейін анықтауға көмектесетін таптырмас құрал болып табылады. Мұғалімнің рефлексиялық күнделігі белгілі бір оқиға жайлы өзіндік жеке ойтолғаулар, сезімдер мен әсерлер жазылатын жеке адамның күнделігі іспеттес жүргізіледі. Ерекшелігі мұнда мұғалімге тән кәсіби мәселелер жазылады. Сыныпта орын алған оқиғалар жайлы рефлексия жасап, олардың туындау себебін анықтауда күнделіктің тиімділігі көп.
#16 слайд
Рефлексиялық күнделік дегеніміз -
туындаған қиындықты шешуге бағытталған идеялар қоржыны. Себебі, мұғалім болған оқиғаға талдау
арқылы болашаққа нақты қадамдар жасай алады, сонымен қатар, әріптестерімен ұқсас мәселелерді
шешуге кеңестер ұсынуға құзыретті болады. Мұғалім күнделікке ақпараттар ағынын ғана түсірмейді,
сол ақпараттардан түйген ойларын түсіреді. Сол арқылы алдыңғы тәжірибе мен соңғы ақпараттан алған
білімін тұжырымдайды. Күнделік алдыңғы жасалатын жұмыстарға болжам жасауға ықпал етеді. Сол
болжамды шынайы сыныптағы жағдайда сынап көру арқылы туындаған ойлар көрініс табады.
Рефлексиялық күнделікте тағы бір қарастыруға болатын мәселе - өзіңіздің әріптестеріңіздің
сабақтарына жүргізген бақылауларыңыз, олардың сабақ өту стилі, әріптестерден алған идеялар.
Әріптесіңіздің тәжірибесі сіздің оқытуыңызға жаңаша бағыт пен ынта-жігер сыйлауы мүмкін. Сонымен
бірге, күнделік жүргізуде оқыту үдерісі ғана емес, сыныпта оқушылардың тәртіп пен мінез-құлқына
байланысты мәселелерді де қарастыруға болады. Рефлексиялық күнделікте туындаған мәселеге терең
үңіліп, тығырықтан шығудың жолдарын талдап, ой елегінен өткізу оқушы-мұғалім қарым-
қатынасының жақсартуына ықпал етеді. Оқушылардың «үздік» деген жұмыстарынан да мысалдар
келтіруіңізге болады. Бұл болашақта сабағыңызды қайта өтуде оқушыларға үлгі ретінде көрсетуге
қажет болуы мүмкін.
16 слайд
Рефлексиялық күнделік дегеніміз - туындаған қиындықты шешуге бағытталған идеялар қоржыны. Себебі, мұғалім болған оқиғаға талдау арқылы болашаққа нақты қадамдар жасай алады, сонымен қатар, әріптестерімен ұқсас мәселелерді шешуге кеңестер ұсынуға құзыретті болады. Мұғалім күнделікке ақпараттар ағынын ғана түсірмейді, сол ақпараттардан түйген ойларын түсіреді. Сол арқылы алдыңғы тәжірибе мен соңғы ақпараттан алған білімін тұжырымдайды. Күнделік алдыңғы жасалатын жұмыстарға болжам жасауға ықпал етеді. Сол болжамды шынайы сыныптағы жағдайда сынап көру арқылы туындаған ойлар көрініс табады. Рефлексиялық күнделікте тағы бір қарастыруға болатын мәселе - өзіңіздің әріптестеріңіздің сабақтарына жүргізген бақылауларыңыз, олардың сабақ өту стилі, әріптестерден алған идеялар. Әріптесіңіздің тәжірибесі сіздің оқытуыңызға жаңаша бағыт пен ынта-жігер сыйлауы мүмкін. Сонымен бірге, күнделік жүргізуде оқыту үдерісі ғана емес, сыныпта оқушылардың тәртіп пен мінез-құлқына байланысты мәселелерді де қарастыруға болады. Рефлексиялық күнделікте туындаған мәселеге терең үңіліп, тығырықтан шығудың жолдарын талдап, ой елегінен өткізу оқушы-мұғалім қарым- қатынасының жақсартуына ықпал етеді. Оқушылардың «үздік» деген жұмыстарынан да мысалдар келтіруіңізге болады. Бұл болашақта сабағыңызды қайта өтуде оқушыларға үлгі ретінде көрсетуге қажет болуы мүмкін.
#17 слайд
Сұрақ?
Рефлексиялық күнделікті қандай оқытушы жүргізе
алады?
17 слайд
Сұрақ? Рефлексиялық күнделікті қандай оқытушы жүргізе алады?
#18 слайд
Күнделік жүргізудің келесі мән беретін жақтарын
ескергеніңіз жөн :
Рефлексиялық күнделікті оқушыларға қолжетімсіз жерде сақтау керек.
Күнделік жүргізуде этикалық талаптарға сай оқушылардың аты-жөнін құпия сақтаған абзал болады.
Рефлексиялық күнделікті бастар алдында асығыстық танытпаңыз. Себебі, рефлексия сізге болашақта
тәжірибені жетілдіруге қажетті жаңа ойлар тудыртатындықтан, асығыс жазудан бас тартыңыз.
• Рефлексиялық күнделікті жүргізудің белгілі бір дайын жолы жоқ, шамамен, 20 минут уақыт бөліп, сізде
туындаған ойларды қағаз бетіне түсіріңіз.
• Сөйлемдердің ұйқасына бастапқы кезде соншалықты мән берудің қажеті жоқ. Тек ойларыңызды жазуға
бейімделіңіз. Егер сізге күнделік жүргізуді бастау қиындық келтірсе, өзіңізге рефлексиялауға қолайлы сұрақ
түрлерін қолданыңыз.
• Әдетте, оқиғаға байланысты эмоциялық көңіл-күйден бастаған жөн. Өйткені рефлексия - өзіңіздің ішкі
жай күйіңіз бен шынайы жағдаяттың арасындағы конфликтіден шығуға бағытталған тәсілдің бірі.
• Көп жағдайда жай ғана ойларыңызды қағаз бетіне түсіру, өзіңіздің кім екеніңізді, нені ұнатасыз, нені
қаламайсыз, бұрынғыңыз бен қазіргіңізді, болашақта не істеу керектігіне бағдар береді.
18 слайд
Күнделік жүргізудің келесі мән беретін жақтарын ескергеніңіз жөн : Рефлексиялық күнделікті оқушыларға қолжетімсіз жерде сақтау керек. Күнделік жүргізуде этикалық талаптарға сай оқушылардың аты-жөнін құпия сақтаған абзал болады. Рефлексиялық күнделікті бастар алдында асығыстық танытпаңыз. Себебі, рефлексия сізге болашақта тәжірибені жетілдіруге қажетті жаңа ойлар тудыртатындықтан, асығыс жазудан бас тартыңыз. • Рефлексиялық күнделікті жүргізудің белгілі бір дайын жолы жоқ, шамамен, 20 минут уақыт бөліп, сізде туындаған ойларды қағаз бетіне түсіріңіз. • Сөйлемдердің ұйқасына бастапқы кезде соншалықты мән берудің қажеті жоқ. Тек ойларыңызды жазуға бейімделіңіз. Егер сізге күнделік жүргізуді бастау қиындық келтірсе, өзіңізге рефлексиялауға қолайлы сұрақ түрлерін қолданыңыз. • Әдетте, оқиғаға байланысты эмоциялық көңіл-күйден бастаған жөн. Өйткені рефлексия - өзіңіздің ішкі жай күйіңіз бен шынайы жағдаяттың арасындағы конфликтіден шығуға бағытталған тәсілдің бірі. • Көп жағдайда жай ғана ойларыңызды қағаз бетіне түсіру, өзіңіздің кім екеніңізді, нені ұнатасыз, нені қаламайсыз, бұрынғыңыз бен қазіргіңізді, болашақта не істеу керектігіне бағдар береді.
#19 слайд
Рефлексиялық күнделіктің үлгісі № 1
Рефлексиялық күнделіктің үлгісі
Сабақтың
тақырыбы
Түйінді
идеяларды
оқушыларды
ң меңгеруі
Сабақта қолданылған
әдіс-тәсілдердің
тиімділігі
Нені жақсарту
керек?
Дүйсенбі
19 слайд
Рефлексиялық күнделіктің үлгісі № 1 Рефлексиялық күнделіктің үлгісі Сабақтың тақырыбы Түйінді идеяларды оқушыларды ң меңгеруі Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі Нені жақсарту керек? Дүйсенбі
#20 слайд
« Сабаққа байланысты өзін-өзі талдау» күнделігі
Өтілген
сабақтың
мазмұны Сәтті болған
тұстар Ойлану немесе
нақтылау қажет...
20 слайд
« Сабаққа байланысты өзін-өзі талдау» күнделігі Өтілген сабақтың мазмұны Сәтті болған тұстар Ойлану немесе нақтылау қажет...
#21 слайд
«Борттық журнал»
Орын алған оқиға барысы Жақсартуға арналған
идеялар
21 слайд
«Борттық журнал» Орын алған оқиға барысы Жақсартуға арналған идеялар
#22 слайд
«Педагогикалық қоржын»
Үйренген
жаңа әдіс-тәсіл
атауы Қолдану
бойынша
идеялар Жақсартуға
бағытталған ойлар
мен пікірлер
22 слайд
«Педагогикалық қоржын» Үйренген жаңа әдіс-тәсіл атауы Қолдану бойынша идеялар Жақсартуға бағытталған ойлар мен пікірлер
#23 слайд
Ү. Ішкі интеграция
Рефлексия мұғалімнің қызметін өзіндік талдауы. Яғни басқаны
түсіну және бағалау. Оқушыға әсер ететін нәтижелерге болжам
жасау дағдысы. Рефлексия жасай алатын ұстаз кәсіби
тәжірибесінде жоғары нәтижеге қол жеткізеді.
Тапсырма:
https://nsportal.ru/blog/obshcheobrazovatelnaya-tematika/all/2012/04/1
4/vasukhomlinskiy-radost-i-dobrota-sila-i-sovestv
В.А.Сухомлинскийдің «Радость и доброта, сила и совесть в
детском коллективе» жазбасынан төмендегі үзіндіні оқып, Гиббс
циклі бойынша талдау жасауды ұсынамын:
23 слайд
Ү. Ішкі интеграция Рефлексия мұғалімнің қызметін өзіндік талдауы. Яғни басқаны түсіну және бағалау. Оқушыға әсер ететін нәтижелерге болжам жасау дағдысы. Рефлексия жасай алатын ұстаз кәсіби тәжірибесінде жоғары нәтижеге қол жеткізеді. Тапсырма: https://nsportal.ru/blog/obshcheobrazovatelnaya-tematika/all/2012/04/1 4/vasukhomlinskiy-radost-i-dobrota-sila-i-sovestv В.А.Сухомлинскийдің «Радость и доброта, сила и совесть в детском коллективе» жазбасынан төмендегі үзіндіні оқып, Гиббс циклі бойынша талдау жасауды ұсынамын:
#24 слайд
Это было в первом классе. Дети выполняли письменную работу: самостоятельно решали
задачи. В классе стояла тишина...
- А папка Дмитрика в тюрьме, - вдруг раздалось в классе. Учитель поднялся. Эти слова произнес
Петрик, сосед Дмитрика по парте.
-- Он три месяца сидит в тюрьме, - продолжал Петрик, потому что учитель от неожиданности не
собраться с мыслями.
Он видел, как Дмитрик побледнел, ручка выпала из его руки. Он поднял глаза и умоляюще
смотрел на учителя.
Смотрели на учителя и все дети. Кое-кто от неожиданной новости даже рот раскрыл, кто-то
шептал товарищу.
- Ничего удивительного нет, - сказал учитель. В классе стало еще тише. - Папа Дмитрика -
стекольщик. Помните, он и в школе стеклил окна? А в тюрьме много разбитых стекол: гроза была,
повыбивало... Папу Дмитрика послали стеклить окна в тюрьме. Не такая уж это быстрая работа...
В глазах Дмитрика засветились огоньки благодарности. И уже через много лет, став взрослым
человеком, приведя в школу своего первого сына, Дмитрик скажет учителю: "Никогда не забуду
тот день... Я словно тонул, уже захлебывался, а вы подхватили меня, спасли, вынесли на берег и
посадили на мягкую траву..."
24 слайд
Это было в первом классе. Дети выполняли письменную работу: самостоятельно решали задачи. В классе стояла тишина... - А папка Дмитрика в тюрьме, - вдруг раздалось в классе. Учитель поднялся. Эти слова произнес Петрик, сосед Дмитрика по парте. -- Он три месяца сидит в тюрьме, - продолжал Петрик, потому что учитель от неожиданности не собраться с мыслями. Он видел, как Дмитрик побледнел, ручка выпала из его руки. Он поднял глаза и умоляюще смотрел на учителя. Смотрели на учителя и все дети. Кое-кто от неожиданной новости даже рот раскрыл, кто-то шептал товарищу. - Ничего удивительного нет, - сказал учитель. В классе стало еще тише. - Папа Дмитрика - стекольщик. Помните, он и в школе стеклил окна? А в тюрьме много разбитых стекол: гроза была, повыбивало... Папу Дмитрика послали стеклить окна в тюрьме. Не такая уж это быстрая работа... В глазах Дмитрика засветились огоньки благодарности. И уже через много лет, став взрослым человеком, приведя в школу своего первого сына, Дмитрик скажет учителю: "Никогда не забуду тот день... Я словно тонул, уже захлебывался, а вы подхватили меня, спасли, вынесли на берег и посадили на мягкую траву..."
#25 слайд
Гиббс циклі бойынша талдау сызбасы
СИПАТТАМА
Оқиға басқаша
өрбігенде не болар
еді?
СЕЗІМДЕР
Не туралы
ойладыңыз, не
сезіндіңіз?
БАҒАЛАУ
Осы жағдайда не
дұрыс болды?
ТАЛДАУ
Оқиғаны тыңдау барысында
не сезіндіңіз?ҚОРЫТЫНДЫ.
Осы жағдайдан
өзіңізге не
алдыңыз ?ӘРЕКЕТТЕР
ЖОСПАРЫ .
Осы оқиғаның
кейіпкері болсаңыз
қалай әрекет етер
едіңіз?
25 слайд
Гиббс циклі бойынша талдау сызбасы СИПАТТАМА Оқиға басқаша өрбігенде не болар еді? СЕЗІМДЕР Не туралы ойладыңыз, не сезіндіңіз? БАҒАЛАУ Осы жағдайда не дұрыс болды? ТАЛДАУ Оқиғаны тыңдау барысында не сезіндіңіз?ҚОРЫТЫНДЫ. Осы жағдайдан өзіңізге не алдыңыз ?ӘРЕКЕТТЕР ЖОСПАРЫ . Осы оқиғаның кейіпкері болсаңыз қалай әрекет етер едіңіз?
#26 слайд
Бұл оқиғадан не түйеміз?
Жалған сөз, өтірік айту - бұл дұрыс емес іс-әрекет. Жалған сөз -қиратушы, жаныңды жаралап,
көңілге қаяу салады. Бірақ мұғалімнің іс-әрекеті баланың өмірін құтқарып қалды. Мұғалімнің
мәжбүрлі өтірік сөзі адам жанын күйзелістен арашалап қалды.
Профессор Ш.Амонашвилидің “әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Әр сәбидің тек өзіне
тиесілі жаны-ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті, сол сәуленің жоғалып
кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету” деген ұстанымын естеріңізге салғым
келеді. Мұғалім тек қана білім беріп қана қоймай, баланың жан дүниесіне де үңіле білуі қажет
екен.
Бүгін сіздермен талдаған оқиға рефлексияның қай түріне жатады?
Мұғалім оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін рефлексия нәтижеге
бағдарланып жүргізілуі керек.
26 слайд
Бұл оқиғадан не түйеміз? Жалған сөз, өтірік айту - бұл дұрыс емес іс-әрекет. Жалған сөз -қиратушы, жаныңды жаралап, көңілге қаяу салады. Бірақ мұғалімнің іс-әрекеті баланың өмірін құтқарып қалды. Мұғалімнің мәжбүрлі өтірік сөзі адам жанын күйзелістен арашалап қалды. Профессор Ш.Амонашвилидің “әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Әр сәбидің тек өзіне тиесілі жаны-ішкі дүниесінің сәулесі бар. Ата-ана мен педагогтың міндеті, сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету” деген ұстанымын естеріңізге салғым келеді. Мұғалім тек қана білім беріп қана қоймай, баланың жан дүниесіне де үңіле білуі қажет екен. Бүгін сіздермен талдаған оқиға рефлексияның қай түріне жатады? Мұғалім оқыту мен тәрбиелеуде жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін рефлексия нәтижеге бағдарланып жүргізілуі керек.
#27 слайд
ҮІ. Қорытынды
Қорыта айтқанда, рефлексиялық күнделік өзіңізбен-өзіңіздің тіл
табысуыңызға ықпал етеді.
Рефлексияның адам тағдырына қатысты дұрыс іс-әрекет
құндылықтары бүгінгі сабағымызда жүзеге асты.
Оқытушы шебер мұғалім боламын десе, рефлексия жасауы керек.
Нәтижеге жету үшін шынайы жүргізу керек .
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, жаңа ақпараттарды, өздеріңіз
сөз еткен құндылықтар мен қасиеттерді жүректеріңізге
сақтаңыздар.
27 слайд
ҮІ. Қорытынды Қорыта айтқанда, рефлексиялық күнделік өзіңізбен-өзіңіздің тіл табысуыңызға ықпал етеді. Рефлексияның адам тағдырына қатысты дұрыс іс-әрекет құндылықтары бүгінгі сабағымызда жүзеге асты. Оқытушы шебер мұғалім боламын десе, рефлексия жасауы керек. Нәтижеге жету үшін шынайы жүргізу керек . Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді, жаңа ақпараттарды, өздеріңіз сөз еткен құндылықтар мен қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар.
#28 слайд
ҮІІ. ...
28 слайд
ҮІІ. ...

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген