Оғыз мемлекеті
Оғыз мемлекеті

#1 слайд
Оғыз
мемлеке
ті
1 слайд
Оғыз мемлеке ті
#2 слайд
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Оғыз мемлекетінің құрылуы
3. Этникалық және тайпалық құрамы
4. Оғыздар Қазақстан аумағында
5. Шаруашылығы
2 слайд
Жоспар: 1. Кіріспе 2. Оғыз мемлекетінің құрылуы 3. Этникалық және тайпалық құрамы 4. Оғыздар Қазақстан аумағында 5. Шаруашылығы
#3 слайд
Оғыз мемлекеті (766жыл – 1055 жыл) — IX ғасырдың ортасында
Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс
Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпала-
рының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің эти-
мологиясы әлі де анықталмаған. Алайда "оғыз" сөзінің пайда болуы
туралы әр түрлі пікірлер жоқ емес. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен
шықты десе, екінші біреулері "садақтың оғы" деген сөзден пайда
болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден
пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Махмуд Қашқари, әл-Мар-
вази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қы-
нық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзо-
гамды фрактриядан құрылған.
Бұлар — боз оқ және үш оқ(учук).
3 слайд
Оғыз мемлекеті (766жыл – 1055 жыл) — IX ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпала- рының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің эти- мологиясы әлі де анықталмаған. Алайда "оғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер жоқ емес. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен шықты десе, екінші біреулері "садақтың оғы" деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Махмуд Қашқари, әл-Мар- вази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қы- нық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзо- гамды фрактриядан құрылған. Бұлар — боз оқ және үш оқ(учук).
#4 слайд
Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың
батысы болды. Түркештер мұрасы үшін болған қарлұқ пен оғыз
тайпаларының арасындағы күрес нәтижесінде Жетісуда билікке
қарлұқтар келіп (756 жылы), оғыз тайпалары батысқа
Сырдарияға қарай қоныс аударды. Бұл кезде Сырдарияның
орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб
деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар
тайпалары мекендеген еді. VIII ғасырда кангар атауының
орнына жаңа печенег деген атау қалыптасты. VIII ғасырдың
басында Сырдария алқабы печенег - кангар тайпаларының
басшылығымен біріккен саяси конфедерацияға енді. Саяси
орталығы Отырар қаласы болды. VIII ғасырдың 2-
жартысында печенег- кангарлар Жетісудан ығысқан оғыз
тайпаларымен кездесіп Сырдария алқабы үшін күрес басталды.
Нәтижесінде, оғыз тайпалары печенег - кангарларды талқандап
Сырдарияның орта, төменгі ағыстарын Арал өңірін тұтастай
иеленді. IX ғасырдың соңында оғыз шонжарлары Аралдың
солтүстік өңіріндегі билікті өз қолдарына алып, Жайық, Еділ
өзендерінің бойына қоныс тепті.
4 слайд
Оғыз тайпасының бастапқы мекендеген аумағы Жетісудың батысы болды. Түркештер мұрасы үшін болған қарлұқ пен оғыз тайпаларының арасындағы күрес нәтижесінде Жетісуда билікке қарлұқтар келіп (756 жылы), оғыз тайпалары батысқа Сырдарияға қарай қоныс аударды. Бұл кезде Сырдарияның орта, төменгі ағыстары мен Арал теңізі аралығында араб деректеріндегі Сырдарияның Кангар атауымен аталған кангар тайпалары мекендеген еді. VIII ғасырда кангар атауының орнына жаңа печенег деген атау қалыптасты. VIII ғасырдың басында Сырдария алқабы печенег - кангар тайпаларының басшылығымен біріккен саяси конфедерацияға енді. Саяси орталығы Отырар қаласы болды. VIII ғасырдың 2- жартысында печенег- кангарлар Жетісудан ығысқан оғыз тайпаларымен кездесіп Сырдария алқабы үшін күрес басталды. Нәтижесінде, оғыз тайпалары печенег - кангарларды талқандап Сырдарияның орта, төменгі ағыстарын Арал өңірін тұтастай иеленді. IX ғасырдың соңында оғыз шонжарлары Аралдың солтүстік өңіріндегі билікті өз қолдарына алып, Жайық, Еділ өзендерінің бойына қоныс тепті.
#5 слайд
5 слайд
#6 слайд
Қаратау бөктері, Шу бойы, Балқаш маңы, Орал, Ырғыз,
Ембі, Ойыл, өзендері тұтастай оғыздар мекеніне айналды.
Бұл оқиғалар оғыздардың саяси топтасуына себепші
болды. Араб деректерінің мәліметтеріне қарағанда, IX
ғасырдың соңы - X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет
қалыптасты. Оғыз конфедерациясына кангар печенегтер,
Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді.
Оғыздармен бірге Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ
тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағр, шарұқ
тайпалары да кірді. Шығыс Түрік тайпаларының кейбір
топтары да болды. Олардың ішінде имек кимек
тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары бар.
Махмұд Қашғари «Диуани лұғат – ат түрікте» XI ғасырда
оғыздарда 22 тайпа болды деп, олардың тізімін береді. Әл-
Марвази 12 тайпадан тұрды деген пікірді ұстанады. Келесі
бір дерек «Джами ат– Тауарих» оғыздар екі үлкен
тайпалық топтан- бұзұқтар мен ұшұқтардан
тұрғандығын мәлімдейді. Оғыз мемлекеті кең байтақ
аумақты алып жатты. Батыста Ырғыз, Жайық, Жем,
Ойыл, Арал маңын, Шығыста Балқаш көлінің оңтүстігіне
дейінгі жерлерді, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын,
Шу өңірін мекендеді. Оңтүстікте Хорезм, Мәуереннахр,
Хорасанмен шектесті.
6 слайд
Қаратау бөктері, Шу бойы, Балқаш маңы, Орал, Ырғыз, Ембі, Ойыл, өзендері тұтастай оғыздар мекеніне айналды. Бұл оқиғалар оғыздардың саяси топтасуына себепші болды. Араб деректерінің мәліметтеріне қарағанда, IX ғасырдың соңы - X ғасырдың басында оғыздарда мемлекет қалыптасты. Оғыз конфедерациясына кангар печенегтер, Арал, Каспийдің солтүстік төңірегінің тайпалары енді. Оғыздармен бірге Сырдарияға көшкен халаж, қарлұқ тайпалары, Шу мен Талас аңғарын мекендеуші жағр, шарұқ тайпалары да кірді. Шығыс Түрік тайпаларының кейбір топтары да болды. Олардың ішінде имек кимек тайпалары, байандұрлар, имурлер, кай тайпалары бар. Махмұд Қашғари «Диуани лұғат – ат түрікте» XI ғасырда оғыздарда 22 тайпа болды деп, олардың тізімін береді. Әл- Марвази 12 тайпадан тұрды деген пікірді ұстанады. Келесі бір дерек «Джами ат– Тауарих» оғыздар екі үлкен тайпалық топтан- бұзұқтар мен ұшұқтардан тұрғандығын мәлімдейді. Оғыз мемлекеті кең байтақ аумақты алып жатты. Батыста Ырғыз, Жайық, Жем, Ойыл, Арал маңын, Шығыста Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі жерлерді, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу өңірін мекендеді. Оңтүстікте Хорезм, Мәуереннахр, Хорасанмен шектесті.
#7 слайд
Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды. Янгикент
өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Қала Хорезм, Мәуереннахрмен шектесіп,
Кимектер даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра бойларына баратын маңызды
керуен жолының үстінде орналасты. Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу»
лауазымына ие болды. Жабғу билігі мұрагерлік жүйеге негізделді. Жабғу мұрагерлері
«Инал» атағына ие болған. Жабғудың «Күл-еркін» лауазымына ие орынбасарлары
және «Сюбашы» аталған әскер басшылары сарай өмірінде үлкен роль атқарды.
Сонымен қатар, оғыз мемлекетінің бір ерекшелігі жабғудың әйелі – «хатун» билікке
араласты. Мүліктік теңсіздік малға жеке меншікке негізделді. Ибн Фадлан «бай оғыз
он мың бас жылқысы бар оғыз»,- деп көрсетеді. Деректерде мұндай бай топтар бай,
бек, әмірлер деп аталады. Кедей топ М.Қашғаридің «Диуани лұғат –ат түрікінде»
ерлер деп аталған. Олар малға қарау, киім тігу, тамақ даярлау сияқты үй
жұмыстарымен айналысқан. Махмұд Қашғари «Оғыз кедейлері ятуктер соғыстарға
қатыстырылмаған», - деп жазады. Кедей ауырып қалған жағдайда, оларды құлдар
сияқты қараусыз далада қалдырған. М. Қашғари оларды йоксул, джиған деп атайды.
Оғыздардың Хорезммен, Хорасанмен экономикалық байланыстары интенсивті,яғни
қарқынды түрде жүріп, олардың малдары Хорасанда үлкен сұранысқа ие болды. Ірі
сауда орталығы- Сырдарияның орта ағысындағы Сауран қаласы.. Хорасаннан оғыздар
еліне лазуритке ұқсас малахит пен азурит әкелінген.
7 слайд
Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент немесе Жаңа Гузия қаласы болды. Янгикент өте қолайлы жерде орналасқан қала еді. Қала Хорезм, Мәуереннахрмен шектесіп, Кимектер даласы арқылы Сарысу, Кеңгір, Есіл, Нұра бойларына баратын маңызды керуен жолының үстінде орналасты. Оғыз мемлекетінің билеушісі «жабғу» лауазымына ие болды. Жабғу билігі мұрагерлік жүйеге негізделді. Жабғу мұрагерлері «Инал» атағына ие болған. Жабғудың «Күл-еркін» лауазымына ие орынбасарлары және «Сюбашы» аталған әскер басшылары сарай өмірінде үлкен роль атқарды. Сонымен қатар, оғыз мемлекетінің бір ерекшелігі жабғудың әйелі – «хатун» билікке араласты. Мүліктік теңсіздік малға жеке меншікке негізделді. Ибн Фадлан «бай оғыз он мың бас жылқысы бар оғыз»,- деп көрсетеді. Деректерде мұндай бай топтар бай, бек, әмірлер деп аталады. Кедей топ М.Қашғаридің «Диуани лұғат –ат түрікінде» ерлер деп аталған. Олар малға қарау, киім тігу, тамақ даярлау сияқты үй жұмыстарымен айналысқан. Махмұд Қашғари «Оғыз кедейлері ятуктер соғыстарға қатыстырылмаған», - деп жазады. Кедей ауырып қалған жағдайда, оларды құлдар сияқты қараусыз далада қалдырған. М. Қашғари оларды йоксул, джиған деп атайды. Оғыздардың Хорезммен, Хорасанмен экономикалық байланыстары интенсивті,яғни қарқынды түрде жүріп, олардың малдары Хорасанда үлкен сұранысқа ие болды. Ірі сауда орталығы- Сырдарияның орта ағысындағы Сауран қаласы.. Хорасаннан оғыздар еліне лазуритке ұқсас малахит пен азурит әкелінген.
#8 слайд
Ертедегі оғыз тобының орныға бастауы Батыс
Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи
аңыздары да осы пікірді қуаттайды, оларда
оғыздардың алғашқы ата-бабаларының
бірінін Ыстықкөл маңында болғаны айтылады.
Бұл арада жетісулық (ежелгі оғыздық) рулық-
тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек,
олар кейін калыптасқан оғыз тайпалар одағына
кірген болатын. Атақты Оғыз ханның Таластан
Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап
алғаны туралы тарихи аңыздарда, онын
әскерлерінде өздерін «октуғра-оғызбыз» деп
атайтын бірнеше мың үйдің болғаны айтылады.
Бұл атаудағы «оқ» деген термин назар
аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген
ұғымдарды білдірген. Айтарлықтай бір жай сол,
неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұктардың
— оғыз әскерінің сол қанатына жататын бір
фратрияның эмблемасы болды.
8 слайд
Ертедегі оғыз тобының орныға бастауы Батыс Жетісумен байланысты. Оғыздардың тарихи аңыздары да осы пікірді қуаттайды, оларда оғыздардың алғашқы ата-бабаларының бірінін Ыстықкөл маңында болғаны айтылады. Бұл арада жетісулық (ежелгі оғыздық) рулық- тайпалық бөліністер еске алынып отырса керек, олар кейін калыптасқан оғыз тайпалар одағына кірген болатын. Атақты Оғыз ханның Таластан Еділге дейінгі аралықтағы жерлерді жаулап алғаны туралы тарихи аңыздарда, онын әскерлерінде өздерін «октуғра-оғызбыз» деп атайтын бірнеше мың үйдің болғаны айтылады. Бұл атаудағы «оқ» деген термин назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Айтарлықтай бір жай сол, неғұрлым кейінгі кезде жебе белгісі ұшұктардың — оғыз әскерінің сол қанатына жататын бір фратрияның эмблемасы болды.
#9 слайд
Махмуд Қашқари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Алайда неғұрлым
кейінгі авторлар оның ішінде Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана
айтады. Деректемелердің айырмашылықтарын оғыздардың екі экзогамиялық
фратрияға: тиісінше олардың әскерлерінің оң және сол қанатына кірген бұзұктар
мен үшұқтарға бөлінуімен түсіндіруге болар. Әрбір топта 24 тайпадан болды,
бұлардың өзі де тепе-тең екіге бөлінеді.
Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұзұқтар оң қанатқа, «аға» тайпалар
қатарына жатады да, ал ұшұқтар сол канаттың «кіші» тайпаларына жатады.
Жоғарғы ханды «сайлағанда» бұзұктардың (ұшұқтарға қарағанда) көп
артықшылықтары болған. Жалпы алғанда оғыз мемлекеті этникалық құрамы
жөнінен ала-құла болып ерекшеленбеген.
9 слайд
Махмуд Қашқари оғыздар алғашында 24 тайпадан құралған дейді. Алайда неғұрлым кейінгі авторлар оның ішінде Марвази оғыздардың 12 тайпасы жөнінде ғана айтады. Деректемелердің айырмашылықтарын оғыздардың екі экзогамиялық фратрияға: тиісінше олардың әскерлерінің оң және сол қанатына кірген бұзұктар мен үшұқтарға бөлінуімен түсіндіруге болар. Әрбір топта 24 тайпадан болды, бұлардың өзі де тепе-тең екіге бөлінеді. Оғыздардың тарихи аңыздарына қарағанда, бұзұқтар оң қанатқа, «аға» тайпалар қатарына жатады да, ал ұшұқтар сол канаттың «кіші» тайпаларына жатады. Жоғарғы ханды «сайлағанда» бұзұктардың (ұшұқтарға қарағанда) көп артықшылықтары болған. Жалпы алғанда оғыз мемлекеті этникалық құрамы жөнінен ала-құла болып ерекшеленбеген.
#10 слайд
Оғыздарға
жататын
рулар
Қынық
Имур
Қарабулақ
Тутырка
Язғыр
Баят
10 слайд
Оғыздарға жататын рулар Қынық Имур Қарабулақ Тутырка Язғыр Баят
#11 слайд
Оғыз тайпалары кең-байтақ жерді мекендеді.
Оғыздардың қоныстары Ырғызда, Жайықта,
Жемде, Ойылда, Аралсор көлінің оң жак
жағасында болды, шығыста оғыздардың кейбір
топтары Балқаш көлінің оңтүстік жағасына
дейін барды, мұнда олардың Ғорғұз деген бекінісі
болды. Оғыздар, сондай-ак Арал маңын,
Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу
оңірін мекендеді; бірақ олар бұл жерлердің
бәрінде бірдей көп болған жоқ. Олар Каспийдің
солтүстік өңірінде, Сырдарияның төменгі
ағысында мейлінше тутас қоныстанды.
Огыздар билеушілерінің бірінің бекіністі ордасы
Дахлан каласы болды. «Нұзхат әл-мүштақ»
шығармасында оғыздардың әскері көп болғаны
және олардың Таразға жасаған
шапқыншылықтары туралы айтылады.
Соғыстардан кейін бітім жасалып, сауда
жүргізіліп тұрды. Мұнда Шаштан мұсылман
көпестері келіп, мал, негізінен түйе мен жылқы
сатып алып жүрген.
11 слайд
Оғыз тайпалары кең-байтақ жерді мекендеді. Оғыздардың қоныстары Ырғызда, Жайықта, Жемде, Ойылда, Аралсор көлінің оң жак жағасында болды, шығыста оғыздардың кейбір топтары Балқаш көлінің оңтүстік жағасына дейін барды, мұнда олардың Ғорғұз деген бекінісі болды. Оғыздар, сондай-ак Арал маңын, Сырдария аңғарын, Қаратау баурайын, Шу оңірін мекендеді; бірақ олар бұл жерлердің бәрінде бірдей көп болған жоқ. Олар Каспийдің солтүстік өңірінде, Сырдарияның төменгі ағысында мейлінше тутас қоныстанды. Огыздар билеушілерінің бірінің бекіністі ордасы Дахлан каласы болды. «Нұзхат әл-мүштақ» шығармасында оғыздардың әскері көп болғаны және олардың Таразға жасаған шапқыншылықтары туралы айтылады. Соғыстардан кейін бітім жасалып, сауда жүргізіліп тұрды. Мұнда Шаштан мұсылман көпестері келіп, мал, негізінен түйе мен жылқы сатып алып жүрген.
#12 слайд
Шаруашылығы:
•Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы
•Егін шаруашылығы
•Кәсіпшілік пен қолөнер
12 слайд
Шаруашылығы: •Жартылай көшпелі, жартылай отырықшы мал шаруашылығы •Егін шаруашылығы •Кәсіпшілік пен қолөнер
#13 слайд
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси әскери тарихында елеулі роль атқарды. 965
жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы
әскери одақ құрылып, Хазар қағанатын талқандайды. Бұл одақ екі жақтың да
көздеген мақсаттарынан, сауда-экономикалық мүдделерінен туындады. Егер
Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері үшін Шығыс елдерінің бай
базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз маңындағы далалар мен
мал жайылымдары қажет болды. 985 жылы князь Владимирмен одақтасып,
Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады.
13 слайд
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси әскери тарихында елеулі роль атқарды. 965 жылы оғыз жабғуы мен Киев князі Святослав арасында Хазарларға қарсы әскери одақ құрылып, Хазар қағанатын талқандайды. Бұл одақ екі жақтың да көздеген мақсаттарынан, сауда-экономикалық мүдделерінен туындады. Егер Хазар мемлекетін талқандау орыс көпестері үшін Шығыс елдерінің бай базарларына жол ашса, оғыздар үшін Дон, Қара теңіз маңындағы далалар мен мал жайылымдары қажет болды. 985 жылы князь Владимирмен одақтасып, Еділ бұлғарларын талқандауға қатысады.
#14 слайд
X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл ,
бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының
күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының
толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әлиханның мұрагері Шах Мәлік
тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды.
Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін
әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары
күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб
деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ
құрамына енді.
14 слайд
X ғасырдың соңы - XI ғасырдың басында оғыз мемлекеті құлдырай бастады. Бұл , бір жағынан, Әлихан тұсындағы алым-салықтың өсуіне халық наразылығының күшеюімен, екінші жағынан, Шығыстан төнген селжұқ тайпаларының толассыз шабуылдарымен түсіндіріледі. Әлиханның мұрагері Шах Мәлік тұсында Оғыз мемлекеті қайта күшейді. Тіпті 1041 жылы Хорезмді басып алды. Ішкі талас-тартыс, селжұқтарға қарсы сыртқы шабуылдар оғыз мемлекетін әлсіретті. Осы тұста солтүстік-шығыста қыпшақ тайпаларының шабуылдары күшейді. Бұл оғыз мемлекетінің өмір сүруін тоқтатуына алып келді. Араб деректерінде «Мафазат әл –Ғұз» деп аталған Оғыздар даласы Дешті Қыпшақ құрамына енді.
#15 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім
2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005
3.«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-
том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т.
15 слайд
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том, 4 бөлім 2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 3.«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1- том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59ISBN 978-601-282-027-0,1-т.
шағым қалдыра аласыз













