1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Өлкетану

#1 слайд
«Өлкетану» Тақырыбы:«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы
гуманитарлық колледжі
1 слайд
«Өлкетану» Тақырыбы:«Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі
#2 слайд
Мақсаты:
дәстүрлі емес сабақты
талдай отырып,
экскурсия сабағының
ерекшеліктері мен
тиімділігін сонымен
қатар маңызын
айқындау. Өзін-өзі тану
сабақтарын экскурсия
түрінде өткізу,
экскурсия сабағының
тиімділігін арттыруға
ықпал ету жолдарын
қарастыру. Міндеттері:
Экскурсия
сабағының басқа
сабақтардан
айырмашылығын
айқындау;
Өзін-өзі тану
сабағын экскурсия
түрінде
ұйымдастыру
жолдарын
қарастыру.
2 слайд
Мақсаты: дәстүрлі емес сабақты талдай отырып, экскурсия сабағының ерекшеліктері мен тиімділігін сонымен қатар маңызын айқындау. Өзін-өзі тану сабақтарын экскурсия түрінде өткізу, экскурсия сабағының тиімділігін арттыруға ықпал ету жолдарын қарастыру. Міндеттері: Экскурсия сабағының басқа сабақтардан айырмашылығын айқындау; Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде ұйымдастыру жолдарын қарастыру.
#3 слайд
Экскурсия - (excursio) латын тілінен
аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді.
Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және
Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілді. 1910
жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия»
құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету
үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет
элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде
«Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды.
Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде,
құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30-
жылдардың басында өрлей бастады.
3 слайд
Экскурсия - (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30- жылдардың басында өрлей бастады.
#4 слайд
Экскурсия құрылымы
Экскурсия дайындау
методикасы; Экскурсия методикасы
Экскурсия өткізу
методикасыЭкскурсия сабағын ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1. Оқушыларға көруге, тыңдауға және сезуге көмек беру;
2. Оқушаларға объекті көрудің,
түсінудің практикалық дағдысын беру;
3. Тақырыпқа, әңгімеге, көрсетуге бүкіл экскурсия бойы
тұрақты назар қамтамасыз ету.
4 слайд
Экскурсия құрылымы Экскурсия дайындау методикасы; Экскурсия методикасы Экскурсия өткізу методикасыЭкскурсия сабағын ұйымдастырудың негізгі міндеттері: 1. Оқушыларға көруге, тыңдауға және сезуге көмек беру; 2. Оқушаларға объекті көрудің, түсінудің практикалық дағдысын беру; 3. Тақырыпқа, әңгімеге, көрсетуге бүкіл экскурсия бойы тұрақты назар қамтамасыз ету.
#5 слайд
Туған өлкем!!!
5 слайд
Туған өлкем!!!
#6 слайд
Нарынқол – Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты ауыл.
Аудан орталығы - Кеген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай
82км, Алматы қаласынан 351 км жерде, Қазақстанның
Қытаймен шекарасына жақын орналасқан.
Тұрғыны: 7,7 мың адам (2009.) Ауыл тұрғындары картоп, егін
егу, мал шаруашылығы, көмір өндірумен, қарағай тілумен
айналысады.
6 слайд
Нарынқол – Алматы облысы Райымбек ауданына қарасты ауыл. Аудан орталығы - Кеген ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 82км, Алматы қаласынан 351 км жерде, Қазақстанның Қытаймен шекарасына жақын орналасқан. Тұрғыны: 7,7 мың адам (2009.) Ауыл тұрғындары картоп, егін егу, мал шаруашылығы, көмір өндірумен, қарағай тілумен айналысады.
#7 слайд
Танымал тұлғалары:
Мұқағали Мақатаев
Бердібек Соқпақбаев
Алтынбек Сәрсенбайұлы
Сағат Әшімбаев
Еркін Ібітәнов
Заманбек Нұрқаділов
Бейбіт Дәлденбаев
Тоққожа Мұқаев
Нұрбапа Өмірзақов
Едіге Жаров
7 слайд
Танымал тұлғалары: Мұқағали Мақатаев Бердібек Соқпақбаев Алтынбек Сәрсенбайұлы Сағат Әшімбаев Еркін Ібітәнов Заманбек Нұрқаділов Бейбіт Дәлденбаев Тоққожа Мұқаев Нұрбапа Өмірзақов Едіге Жаров
#8 слайд
8 слайд
#9 слайд
9 слайд
#10 слайд
Мұқағали мұрасы – ұлттың қоймаға
қосылған асыл қазыналардың көмбесі.
Ақынның әдеби мұрасы ұлттық
мұрамыздың жауһарлары қатарына
қосылды. Ол әлі сан ұрпақты
тәрбиелейтін қуаты бар, шөлдегенде
сусын, шаршағанда сая болатын
рухани құндылық бола бермек.
Мұқағали поэзиясы қазақтың рухын
көтеріп, бүкіл рухани әлемін
байытты. Мұқағали мұрасы сөз
өнерінің дара мұнарасы ретінде
болашаққа апарар құнды қазына
болып қала береді. Алматы облысы,
Райымбек ауданы, Қарасаз
ауылындағы Мұқағали Мұқатаевтың
әдеби-мемориалдық музейіндегі
ақынның көзіндей болған
жәдігерлердің сыры тереңге
тартады.
10 слайд
Мұқағали мұрасы – ұлттың қоймаға қосылған асыл қазыналардың көмбесі. Ақынның әдеби мұрасы ұлттық мұрамыздың жауһарлары қатарына қосылды. Ол әлі сан ұрпақты тәрбиелейтін қуаты бар, шөлдегенде сусын, шаршағанда сая болатын рухани құндылық бола бермек. Мұқағали поэзиясы қазақтың рухын көтеріп, бүкіл рухани әлемін байытты. Мұқағали мұрасы сөз өнерінің дара мұнарасы ретінде болашаққа апарар құнды қазына болып қала береді. Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылындағы Мұқағали Мұқатаевтың әдеби-мемориалдық музейіндегі ақынның көзіндей болған жәдігерлердің сыры тереңге тартады.
#11 слайд
Мұқағали Мақатаевтың әдеби- ескерткіш
мұражайы 1991 жылы қыркүйекте Қазақ КСР Министрлер
кабинетінің 544 қаулысыменҰ. Қарамановтың қол қоюымен
ашылды. Бүкілодақтық байқауда «Алтын медаль»
жүлдесін жеңіп алған С. Фазылов пен Б. Кәрімовтың жасаған
мұражай жобасы таңдап алынып, 60 жылдық мерейтойында
лентасы ілінді. Аудандық партия комитетінің Бірінші
хатшысы Б. Сабаншиев мұражай қадасын қақты. Аудан
әкімі Қаһарман Мұхтарұлы Күдер ол кезде құрылыс жұмысын
басқарып, бас маман ретінде адал тер төгіп, қызмет жасады.
Колхоз бастығы Тұрсын Шорманов пен селолық Совет
төрағасы Ж. Өтеевтер де өз үлесін қосты. Мұражай халыққа
қызмет етіп, елдің, жердің рухани демеушісі, жас ұрпақтың
жебеушісі болып келеді. Мұражай тарихы.
11 слайд
Мұқағали Мақатаевтың әдеби- ескерткіш мұражайы 1991 жылы қыркүйекте Қазақ КСР Министрлер кабинетінің 544 қаулысыменҰ. Қарамановтың қол қоюымен ашылды. Бүкілодақтық байқауда «Алтын медаль» жүлдесін жеңіп алған С. Фазылов пен Б. Кәрімовтың жасаған мұражай жобасы таңдап алынып, 60 жылдық мерейтойында лентасы ілінді. Аудандық партия комитетінің Бірінші хатшысы Б. Сабаншиев мұражай қадасын қақты. Аудан әкімі Қаһарман Мұхтарұлы Күдер ол кезде құрылыс жұмысын басқарып, бас маман ретінде адал тер төгіп, қызмет жасады. Колхоз бастығы Тұрсын Шорманов пен селолық Совет төрағасы Ж. Өтеевтер де өз үлесін қосты. Мұражай халыққа қызмет етіп, елдің, жердің рухани демеушісі, жас ұрпақтың жебеушісі болып келеді. Мұражай тарихы.
#12 слайд
Мұражайдың алдына 1991 жылы Какимов Қадыржан мен Алжар
Мүсірепованың көркемдеуімен, ақынның кеудесінен кескінделген тас
мүсіні бейнеленіп қойылды.
12 слайд
Мұражайдың алдына 1991 жылы Какимов Қадыржан мен Алжар Мүсірепованың көркемдеуімен, ақынның кеудесінен кескінделген тас мүсіні бейнеленіп қойылды.
#13 слайд
Мұқағали Мақатаев музейі
13 слайд
Мұқағали Мақатаев музейі
#14 слайд
Қарасаз ауылындағы М. Мақатаевтың әдеби- мемориалды
мұражайы 1991 жылы 4 шілдеде ашылған. Мұражайда 734 экспонат бар,
негізгі қоры 548, қосымша қоры -186. Негізгі қорда М. Мақатаевтың өзі
пайдаланған кітаптар, өлеңдерінің қолжазбалары, насыбай шақшасы,
шахмат тастары мен тақтасы, жеке гигиеналық заттары, өзі киген
киімдері, портфелі, папкасы, т.б. заттары сақтаулы.
2011 жылы ақынның әдеби-мемориалды мұражайына күрделі жөндеу
жұмыстары жүргізілді Барлығы 177 млн. теңге бөлініп, қосымша конференц
зал салынған. Музей кеңселік жиһаздар мен жаңа технологиялық аудио-
бейне, дыбыс-жарық құрал – жабдықтарымен қамтамасыз
етілген. Мүражай директоры – Өтеев Жұмаш, жоғарғы білімді,
журналист, мұқағалитанушы. Мұражайда 6 қызметкер жұмыс істейді.
14 слайд
Қарасаз ауылындағы М. Мақатаевтың әдеби- мемориалды мұражайы 1991 жылы 4 шілдеде ашылған. Мұражайда 734 экспонат бар, негізгі қоры 548, қосымша қоры -186. Негізгі қорда М. Мақатаевтың өзі пайдаланған кітаптар, өлеңдерінің қолжазбалары, насыбай шақшасы, шахмат тастары мен тақтасы, жеке гигиеналық заттары, өзі киген киімдері, портфелі, папкасы, т.б. заттары сақтаулы. 2011 жылы ақынның әдеби-мемориалды мұражайына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді Барлығы 177 млн. теңге бөлініп, қосымша конференц зал салынған. Музей кеңселік жиһаздар мен жаңа технологиялық аудио- бейне, дыбыс-жарық құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Мүражай директоры – Өтеев Жұмаш, жоғарғы білімді, журналист, мұқағалитанушы. Мұражайда 6 қызметкер жұмыс істейді.
#15 слайд
Алтын қалам.
Кезінде бұл қаламды Мұқағали ақынға Ғабит Мүсірепов сыйлапты. Күнделік
жазуды жанына серік еткен ақын 1973 жылдың 17 наурызындағы жазбасында:
«Өткен аптада Мүсіреповте (үйінде - Авт.) болдым. Бұл адаммен жақын келіп
сұхбаттасқаным осы. Үйінде өзі жалғыз екен. Жылы қарсы алды. Екі сағаттай
әңгімелестік. Мен Ғабеңді бойындағы дарынның барын беріп болған адам деп
айта алмаймын. Ал бойында жасырынып жатқан жанар тауы ба екендігіне
күмәнім жоқ. Уақыт –ай!.. Әдебиет жалпы искуство жөнінде болар – болмас
шолу жасап, пікірлестім. Қарт әріден ойлайды. Қазіргі қазақ поэзиясы қатты
толғандырып жүрген көрінеді. Бірдеме десем бе дейді.
«Аққулар ұйықтағандаға» тебіреніп пікір айтты, сүйсініп қалды, мен
ыңғайсыздандым, онымды түйе қойды да, қоя қойды. Өлеңдер оқыдым. Кетерде
маған қалам сыйлады (алтын қалам).
Қарт қартайған екен. Бүкіл үйде жалғыз отырғаны қатты әсер етті маған...
кабинеті жұпыны, жазу столы тітпті жұпыны, басы артық дүниелер, әлеміш
– жәлеміштер жоқ. Ұзынды – қысқалы, бір түстес, үшкір ұшталған қара
қарындаштар. Тілдей параққа арабша жазып тастапты, жаңадан жазылған,
сірә. Қорапқа салған екі мылтығы тұр. Кіре берісте саятшының сауыт –
саймандары.... Ретін тауып, өзімен ұзағырақ сөйлесер ме еді, біраз бірге болып,
достасар ма еді. Тәңірім – ай, бұлар деген аяғын үзеңгіге салып тұрған адамдар
ғой» деп естелік қалдырыпты. Музейде тұрған «Алтын қаламға» тіл бітсе,
осыны айтар еді. Бұл жәдігерлерді бүгінде ақынның күнделіктері сөйлетіп тұр.
15 слайд
Алтын қалам. Кезінде бұл қаламды Мұқағали ақынға Ғабит Мүсірепов сыйлапты. Күнделік жазуды жанына серік еткен ақын 1973 жылдың 17 наурызындағы жазбасында: «Өткен аптада Мүсіреповте (үйінде - Авт.) болдым. Бұл адаммен жақын келіп сұхбаттасқаным осы. Үйінде өзі жалғыз екен. Жылы қарсы алды. Екі сағаттай әңгімелестік. Мен Ғабеңді бойындағы дарынның барын беріп болған адам деп айта алмаймын. Ал бойында жасырынып жатқан жанар тауы ба екендігіне күмәнім жоқ. Уақыт –ай!.. Әдебиет жалпы искуство жөнінде болар – болмас шолу жасап, пікірлестім. Қарт әріден ойлайды. Қазіргі қазақ поэзиясы қатты толғандырып жүрген көрінеді. Бірдеме десем бе дейді. «Аққулар ұйықтағандаға» тебіреніп пікір айтты, сүйсініп қалды, мен ыңғайсыздандым, онымды түйе қойды да, қоя қойды. Өлеңдер оқыдым. Кетерде маған қалам сыйлады (алтын қалам). Қарт қартайған екен. Бүкіл үйде жалғыз отырғаны қатты әсер етті маған... кабинеті жұпыны, жазу столы тітпті жұпыны, басы артық дүниелер, әлеміш – жәлеміштер жоқ. Ұзынды – қысқалы, бір түстес, үшкір ұшталған қара қарындаштар. Тілдей параққа арабша жазып тастапты, жаңадан жазылған, сірә. Қорапқа салған екі мылтығы тұр. Кіре берісте саятшының сауыт – саймандары.... Ретін тауып, өзімен ұзағырақ сөйлесер ме еді, біраз бірге болып, достасар ма еді. Тәңірім – ай, бұлар деген аяғын үзеңгіге салып тұрған адамдар ғой» деп естелік қалдырыпты. Музейде тұрған «Алтын қаламға» тіл бітсе, осыны айтар еді. Бұл жәдігерлерді бүгінде ақынның күнделіктері сөйлетіп тұр.
#16 слайд
16 слайд
#17 слайд
Ақынның жазу машинкасы. Мұқағали ақынның өзі шашын бір сілкіп
тастап, ой теңізіне сүңгіген қалпында ақ қағазға өлең өрнектеген шабытты
кездерін еріксіз елестетеді.
Музей басшысы Ғалия Мүшірбекқызы: «Мұқаңның саусақтары осы
машинканың түймелерінде тынымсыз ойнағаны анық қой. Таңды таңға
ұрған жан кешті еңбектің куәсі осынау көне жәдігер. Ол сондықтан да
қымбатты, сондықтан да қасиетті. Мұқағали ағамыз өлеңдерін ең алдымен
қаламмен жазғаны белгілі. Қолтаңбасы да мөрдей. Алайда, баспаларға
ұсынар кезде осы машинкамен жұмыс істегені және рас. Қалай десек те
осы бір жазу машинкасы Мақатаевтар отбасының ең құнды мүлігі» дейді.
17 слайд
Ақынның жазу машинкасы. Мұқағали ақынның өзі шашын бір сілкіп тастап, ой теңізіне сүңгіген қалпында ақ қағазға өлең өрнектеген шабытты кездерін еріксіз елестетеді. Музей басшысы Ғалия Мүшірбекқызы: «Мұқаңның саусақтары осы машинканың түймелерінде тынымсыз ойнағаны анық қой. Таңды таңға ұрған жан кешті еңбектің куәсі осынау көне жәдігер. Ол сондықтан да қымбатты, сондықтан да қасиетті. Мұқағали ағамыз өлеңдерін ең алдымен қаламмен жазғаны белгілі. Қолтаңбасы да мөрдей. Алайда, баспаларға ұсынар кезде осы машинкамен жұмыс істегені және рас. Қалай десек те осы бір жазу машинкасы Мақатаевтар отбасының ең құнды мүлігі» дейді.
#18 слайд
Қоңыр портфель.
Қоңырқай тіршілік кешкен Мұқағали ақынның қоңыр портфелінен бірнеше бума
қағазға жазылған жырлары төгілетіндей әсер береді. Кезінде соншалық мән беріп
қарамайтын заттар қазір оны қайта көрген кезде адамға ерекше әсер туғызады.
Ақын даңқы асқақтаған сайын, ұлы қаламгердің саусағы тиген заттардың бәрі
қымбаттап, қасиеттеніп кететіне таң қаласың.
«Музей төрінде тұрған сары портфель келушілер көзіне оттай басылады.
Жастардың оған жақындап барып тебірене көз салғанын талай рет байқадық. Бәрі
– осы портфелді көтеріп жүріп баспаға, газет-журналдар редакцияларына,
жазушылар одағына келе жатқан мұзбалақ ақын кейпін көздеріне елестетеді. Бұл
портфель жаңа жазылған шығармаларды әрі-бері тасуға қызмет етті. Мұқағали
алақанының табы бар жәдігер сондықтан да қастерлі» дейді музей басшысы.
Ақынға шахмат та шабыт берген. Мұқағалидың өміріне, іс-әрекетіне үңіліп
қараған жан ақынның мәдениетке дең қойғанын аңғарады. Орыс тілін былай
қойып, неміс тілін үйренуі, еуропалық классик композиторларының
шығармаларын тыңдауы, әлем әдебиетіне қанығуы – осы сөздің дәлелдері.
Сонымен қатар, шахмат ойнағанды да өте жақсы көріпті. Шахматтың да ақынға
шабыт бергені анық қой.
18 слайд
Қоңыр портфель. Қоңырқай тіршілік кешкен Мұқағали ақынның қоңыр портфелінен бірнеше бума қағазға жазылған жырлары төгілетіндей әсер береді. Кезінде соншалық мән беріп қарамайтын заттар қазір оны қайта көрген кезде адамға ерекше әсер туғызады. Ақын даңқы асқақтаған сайын, ұлы қаламгердің саусағы тиген заттардың бәрі қымбаттап, қасиеттеніп кететіне таң қаласың. «Музей төрінде тұрған сары портфель келушілер көзіне оттай басылады. Жастардың оған жақындап барып тебірене көз салғанын талай рет байқадық. Бәрі – осы портфелді көтеріп жүріп баспаға, газет-журналдар редакцияларына, жазушылар одағына келе жатқан мұзбалақ ақын кейпін көздеріне елестетеді. Бұл портфель жаңа жазылған шығармаларды әрі-бері тасуға қызмет етті. Мұқағали алақанының табы бар жәдігер сондықтан да қастерлі» дейді музей басшысы. Ақынға шахмат та шабыт берген. Мұқағалидың өміріне, іс-әрекетіне үңіліп қараған жан ақынның мәдениетке дең қойғанын аңғарады. Орыс тілін былай қойып, неміс тілін үйренуі, еуропалық классик композиторларының шығармаларын тыңдауы, әлем әдебиетіне қанығуы – осы сөздің дәлелдері. Сонымен қатар, шахмат ойнағанды да өте жақсы көріпті. Шахматтың да ақынға шабыт бергені анық қой.
#19 слайд
19 слайд
#20 слайд
«Мен өскен лашық бір бөлме» өлеңі негізінде жасалған диорамма.
Ақынның әкесі Сүлеймен 1941 жылы 29 желтоқсанда майданға аттанады.
Арада үй өткенде хабар-ошар біржола тоқтайды. Бала Мұқағали өзі де қиын
кезеңдегі жетімдікті бастан кешіреді. Әжесі Тиын мен анасы Нағиманның
тәрбиесінде жетіліп жатқан оның алғашқы өлеңдерінің тууына да өз әкесіне
деген балалық сағынышы себеп болады. Қазір ескі Қарасазда орны ғана
қалған, музейде диораммасы тұрған шағын лашық үйде Мұқағалидың балалық
шағы өтеді.
Әкесі Сүлеймен өз қолымен салған сол там туралы:
Мен өскен лашық – бір бөлме,
Бір бөлме – маған мың бөлме.
Хан тағы қараң қалатын,
Босағаңды аттап кіргенде, –
деп, туған үйдің құдіретін жырға қосқан да болатын. Алғашқы өлеңдерінің
куәсі де сол бір өзен жиегіндегі «көзінің қарасындай қымбат» қоржын там да
қазақ поэзиясының тарихына еніп кеткенін сезер ме екен ақын жүрегі.
Осындай жәдігерлер орналасқан Мұқағали музейі – ең алдымен өнер үйі.
Мұқағалидың әлемдік деңгейдегі ұлы талантын уағыздайтын киелі орталық.
Мұқағали зердесін паналаған рухани игіліктерді жеткізу мүмкін емес.
Мұқағали жасап кеткен дүние – енді ұлттық мұра, мәдени кеніш. Оны игеру
болашақтың абыройлы міндеті. Өткен тарихын жадына мықты сақтаған ұрпақ
қана тәуелсіздігімізді баянды ете алады.
20 слайд
«Мен өскен лашық бір бөлме» өлеңі негізінде жасалған диорамма. Ақынның әкесі Сүлеймен 1941 жылы 29 желтоқсанда майданға аттанады. Арада үй өткенде хабар-ошар біржола тоқтайды. Бала Мұқағали өзі де қиын кезеңдегі жетімдікті бастан кешіреді. Әжесі Тиын мен анасы Нағиманның тәрбиесінде жетіліп жатқан оның алғашқы өлеңдерінің тууына да өз әкесіне деген балалық сағынышы себеп болады. Қазір ескі Қарасазда орны ғана қалған, музейде диораммасы тұрған шағын лашық үйде Мұқағалидың балалық шағы өтеді. Әкесі Сүлеймен өз қолымен салған сол там туралы: Мен өскен лашық – бір бөлме, Бір бөлме – маған мың бөлме. Хан тағы қараң қалатын, Босағаңды аттап кіргенде, – деп, туған үйдің құдіретін жырға қосқан да болатын. Алғашқы өлеңдерінің куәсі де сол бір өзен жиегіндегі «көзінің қарасындай қымбат» қоржын там да қазақ поэзиясының тарихына еніп кеткенін сезер ме екен ақын жүрегі. Осындай жәдігерлер орналасқан Мұқағали музейі – ең алдымен өнер үйі. Мұқағалидың әлемдік деңгейдегі ұлы талантын уағыздайтын киелі орталық. Мұқағали зердесін паналаған рухани игіліктерді жеткізу мүмкін емес. Мұқағали жасап кеткен дүние – енді ұлттық мұра, мәдени кеніш. Оны игеру болашақтың абыройлы міндеті. Өткен тарихын жадына мықты сақтаған ұрпақ қана тәуелсіздігімізді баянды ете алады.
#21 слайд
«Мен өскен лашық бір бөлме»
өлеңі негізінде жасалған диорамма.
21 слайд
«Мен өскен лашық бір бөлме» өлеңі негізінде жасалған диорамма.
#22 слайд
22 слайд
#23 слайд
23 слайд
#24 слайд
24 слайд
#25 слайд
25 слайд
#26 слайд
Н а з а р л а р ы ң ы з ғ а р а х м е т ! ! !
26 слайд
Н а з а р л а р ы ң ы з ғ а р а х м е т ! ! !

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген