Оңтүстік Америка
Оңтүстік Америка

#1 слайд
{
Оңтүстік Америка
1 слайд
{ Оңтүстік Америка
#2 слайд
Оңтүстік Америка – батыс жарты шардың
оңтүстігіндегі құрлық.[1] Жерінің аумағы (аралдарымен
қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам
(2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге,
батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған.
Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын
Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен
Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр.
Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы
Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең
биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең
төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік
Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка
(Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние
жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл –
Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель
(1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында
орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер,
Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б.
ұсақ аралдар кіреді
Оңтүстік Америка
2 слайд
Оңтүстік Америка – батыс жарты шардың оңтүстігіндегі құрлық.[1] Жерінің аумағы (аралдарымен қоса есептегенде) 18,28 млн. км². Халқы 340 млн. адам (2000). Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7150 км-ге, батыстан шығысқа қарай 5150 км-ге созылған. Құрлықтың солттүстіктен Кариб теңізімен, батысын Тынық мұхиты, шығысын Атлант мұхиты, оңтүстіктен Магеллан, Дрейк бұғаздарының суы шайып жатыр. Солтүстік-батысында жіңішке Панама мойнағы арқылы Орталық және Солтүстік Америкамен жалғасады. Ең биік жері – Аконкагуа (6960 м). Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Вальдес ойысы (–40 м). Оңтүстік Америкадағы ең ұзын өзен жүйесі – Амазонка (Мараньон саласымен қоса есептегенде – 6437 м). Дүние жүзіндегі теңіз деңгейінен ең биік орналасқан көл – Титикака (биіктігі 3812 м), ең биік су құламасы – Анхель (1054 м) және ең биік жанартау – Льюльяйльяко осында орналасқан. Оңтүстік Америка құрамына Отты Жер, Фолкленд, Галапагос аралдары, Чили топаралы, т.б. ұсақ аралдар кіреді Оңтүстік Америка
#3 слайд
Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең
ылғалды құрлық, әрі жерінің басым бөлігі
төменгі ендіктерде орналасқандықтан
күн сәулесін де мол алады. Оңтүстік
Америка 6 климаттық белдеу деңгейінде
орналасқан. Климаттағы өзгерістер
әсіресе жауын-шашынның
маусымдылығына тікелей тәуелді. Сол
себепті құрлық үстінде қысым жыл бойы
көршілес мұхит айдындарынан төмен
болады да, ауа массалары оның ішінде
экваторлық және муссонды-пассаттық
циркуляция басым түрде құрлыққа қарай
бағытталған.
3 слайд
Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең ылғалды құрлық, әрі жерінің басым бөлігі төменгі ендіктерде орналасқандықтан күн сәулесін де мол алады. Оңтүстік Америка 6 климаттық белдеу деңгейінде орналасқан. Климаттағы өзгерістер әсіресе жауын-шашынның маусымдылығына тікелей тәуелді. Сол себепті құрлық үстінде қысым жыл бойы көршілес мұхит айдындарынан төмен болады да, ауа массалары оның ішінде экваторлық және муссонды-пассаттық циркуляция басым түрде құрлыққа қарай бағытталған.
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол
құрлық, басқа құрлықтармен салыстырғанда онда
екі есе артық жауын-шашын түседі. Жер бетіндегі
құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағына
дүние жүзіндегі өзендер ағынының 27%-ы тиесілі.
Құрлық пішіні, оның климаттық жағдайы мен
орографиялық құрылымы, жер бедері ірі өзен
жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді..
5 слайд
Оңтүстік Америка дүние жүзіндегі ең суы мол құрлық, басқа құрлықтармен салыстырғанда онда екі есе артық жауын-шашын түседі. Жер бетіндегі құрлықтың 12%-ын құрайтын оның аумағына дүние жүзіндегі өзендер ағынының 27%-ы тиесілі. Құрлық пішіні, оның климаттық жағдайы мен орографиялық құрылымы, жер бедері ірі өзен жүйелерінің қалыптасуына мүмкіндік береді..
#6 слайд
1498 ж. Х.Колумб Оңтүстік Америка жағалауындағы Ориноко өзенінің
атырауы, Пария шығанағы мен түбегі маңына келіп тоқтаған. Америго
Веспуччи қатысқан португал экспедициясы 1501 – 1502 ж. құрлықтың солт.
жағалауымен жүзіп, оның құрлық екендігін дәлелдеген. 1507 ж. Лотарингия
географы М.Вальдземюллер Веспуччи құрметіне оңтүстік құрлықты Америка
деп атаған, кейіннен 1541 ж. бұл атау батыстағы екі құрлыққа да берілді. 1515
жылдың соңында испандық Х.Д. Солис Оңтүстік Американың шығыс
жағалауын жүзіп өтіп, 1516 ж. Ла-Платаны, кейіннен Уругвай мен Парана
өзендерінің төменгі ағысын ашты. 1520 ж. Ф.Магеллан басқарған испан
экспедициясы Ла-Платадан Патагонияға дейін жүзіп, Патагония (Магеллан)
бұғазы арқылы Тынық мұхитына өтті. Құрлықтың Тынық мұхит жағалауын 1522
– 1558 ж. испандықтар ашты. Оңтүстік Америка табиғатының ғылыми тұрғыдан
зерттелуі 1735 – 1743 жылдар аралығында жүргізілген француз және испан
Экваторлық экспедициясы көмегімен жүзеге асырылды. Ориноко өзені мен
Солтүстік-Батыс және Экваторлық Анд тауларында кешенді зерттеу жүргізген
неміс ғалымы А.Гумбольдт және француз Э.Бонплан болды. Көрнекті орыс
геоботанигі Н.И. Вавилов экспедициясы (1932 – 33) құрлықтың көптеген дәрілік
және мәдени өсімдіктерін, олардың таралу аймақтарын анықтады.
Саяси бөлінісі
Зерттелу тарихы
6 слайд
1498 ж. Х.Колумб Оңтүстік Америка жағалауындағы Ориноко өзенінің атырауы, Пария шығанағы мен түбегі маңына келіп тоқтаған. Америго Веспуччи қатысқан португал экспедициясы 1501 – 1502 ж. құрлықтың солт. жағалауымен жүзіп, оның құрлық екендігін дәлелдеген. 1507 ж. Лотарингия географы М.Вальдземюллер Веспуччи құрметіне оңтүстік құрлықты Америка деп атаған, кейіннен 1541 ж. бұл атау батыстағы екі құрлыққа да берілді. 1515 жылдың соңында испандық Х.Д. Солис Оңтүстік Американың шығыс жағалауын жүзіп өтіп, 1516 ж. Ла-Платаны, кейіннен Уругвай мен Парана өзендерінің төменгі ағысын ашты. 1520 ж. Ф.Магеллан басқарған испан экспедициясы Ла-Платадан Патагонияға дейін жүзіп, Патагония (Магеллан) бұғазы арқылы Тынық мұхитына өтті. Құрлықтың Тынық мұхит жағалауын 1522 – 1558 ж. испандықтар ашты. Оңтүстік Америка табиғатының ғылыми тұрғыдан зерттелуі 1735 – 1743 жылдар аралығында жүргізілген француз және испан Экваторлық экспедициясы көмегімен жүзеге асырылды. Ориноко өзені мен Солтүстік-Батыс және Экваторлық Анд тауларында кешенді зерттеу жүргізген неміс ғалымы А.Гумбольдт және француз Э.Бонплан болды. Көрнекті орыс геоботанигі Н.И. Вавилов экспедициясы (1932 – 33) құрлықтың көптеген дәрілік және мәдени өсімдіктерін, олардың таралу аймақтарын анықтады. Саяси бөлінісі Зерттелу тарихы
#7 слайд
Назарларыңызға рақмет!
7 слайд
Назарларыңызға рақмет!
шағым қалдыра аласыз













