отырған Алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155 жылдығына орай «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҒЫЛЫМЫ» зерттеу-жобасы өткізілді

#1 слайд
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ
БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «Ж.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ
АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ МЕКТЕП
ЖАНЫНДАҒЫ ИНТЕРНАТЫМЕН»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК
МЕКЕМЕСІ
ТАҚЫРЫБЫ: «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН
ЖӘНЕ « АЛАШ МҰРАСЫ »
Жетекші :Акурпикова Гүлбақыт
Орындаған : Есболқызы Айым,Кулбаева
Амина
1 слайд
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «Ж.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ИНТЕРНАТЫМЕН» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ТАҚЫРЫБЫ: «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ « АЛАШ МҰРАСЫ » Жетекші :Акурпикова Гүлбақыт Орындаған : Есболқызы Айым,Кулбаева Амина
#2 слайд
Зерттеудің мақсаты: Әлихан
Бөкейханның « Алаш » партиясындағы
рөлі және қызметін талдау. « Алаш »
қозғалысына Әлихан Бөкейханның
қосқан үлесін,« Алаш » партия
бағдарламасын және оның құрылу
мақсатын зерттеу.
2 слайд
Зерттеудің мақсаты: Әлихан Бөкейханның « Алаш » партиясындағы рөлі және қызметін талдау. « Алаш » қозғалысына Әлихан Бөкейханның қосқан үлесін,« Алаш » партия бағдарламасын және оның құрылу мақсатын зерттеу.
#3 слайд
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ
« Қазақ » атауына балама саналатын « Алаш » сөзі тәуелсіз
қазақ мемлекетін құру туралы ел арманын білдірді.Бұл
қозғалыстың бас тауында оқыған қазақ зиялылары
тұрды.1905 жылы бой көрсеткен Алаш қозғалысы қайта
жанданды: Ақпан революциясынан кейін, 1917жылы Алаш
партиясы құрылды. Әлихан Бөкейханов Алаш»
қозғалысын ілгерлете жүріп, тарихи тұлға қазақ халқының
жазбаша тарихын тасқа басуға, оны жұртшылыққа танытуға
байланысты іргелі істермен айналысты. Ұлы Даланың
қанатын кеңге жайған мемлекеттік құрылымы –Алтын
Орданың заңды мұрагері болып табылатын Қазақ
хандығының бірліктен айырылуының тарихи себептерін
зерделеді
3 слайд
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ « Қазақ » атауына балама саналатын « Алаш » сөзі тәуелсіз қазақ мемлекетін құру туралы ел арманын білдірді.Бұл қозғалыстың бас тауында оқыған қазақ зиялылары тұрды.1905 жылы бой көрсеткен Алаш қозғалысы қайта жанданды: Ақпан революциясынан кейін, 1917жылы Алаш партиясы құрылды. Әлихан Бөкейханов Алаш» қозғалысын ілгерлете жүріп, тарихи тұлға қазақ халқының жазбаша тарихын тасқа басуға, оны жұртшылыққа танытуға байланысты іргелі істермен айналысты. Ұлы Даланың қанатын кеңге жайған мемлекеттік құрылымы –Алтын Орданың заңды мұрагері болып табылатын Қазақ хандығының бірліктен айырылуының тарихи себептерін зерделеді
#4 слайд
«Алаш» идеясын алға тартқан Әлихан Бөкейханов
халықты өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін,
ата-баба жерін қастерлеуге, Отанды сүюге, қорғауға және
қамқор болуға насихаттады. Қайраткер өзінің зиялы
серіктестерімен бірлесіп, 1917 жылдың желтоқсанында
Алаш ұлттық -территориялық автономиясын жариялап,
оның төрағасы болып сайланды. Әлихан Бөкейханов биік
өре иесі ретінде өзге ұлыстардың құқығына қол сұқпай,
бұдан былай қазақтың қайта құрылған елі көпұлтты,
көпдінді және сан мәдениетті, бірақ көп мәдениетімен
тұтас мемлекет болатынын болжады.
4 слайд
«Алаш» идеясын алға тартқан Әлихан Бөкейханов халықты өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін, ата-баба жерін қастерлеуге, Отанды сүюге, қорғауға және қамқор болуға насихаттады. Қайраткер өзінің зиялы серіктестерімен бірлесіп, 1917 жылдың желтоқсанында Алаш ұлттық -территориялық автономиясын жариялап, оның төрағасы болып сайланды. Әлихан Бөкейханов биік өре иесі ретінде өзге ұлыстардың құқығына қол сұқпай, бұдан былай қазақтың қайта құрылған елі көпұлтты, көпдінді және сан мәдениетті, бірақ көп мәдениетімен тұтас мемлекет болатынын болжады.
#5 слайд
Мақсаты : Қазақ халқының отарлық езгіден
азат ету.Автономиялық ұлттық мемлекет
құру.
Жетекшісі :Әлихан Бөкейханов ( 1869-
1937жж. ) .
Мүшелері : А.Байтұрсынов,М.Дулатов,Ш.Құ
дайбердиев,М.Тынышбаев.
5 слайд
Мақсаты : Қазақ халқының отарлық езгіден азат ету.Автономиялық ұлттық мемлекет құру. Жетекшісі :Әлихан Бөкейханов ( 1869- 1937жж. ) . Мүшелері : А.Байтұрсынов,М.Дулатов,Ш.Құ дайбердиев,М.Тынышбаев.
#6 слайд
6 слайд
#7 слайд
АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ
ҚҰРЫЛУЫ
XX ғасырдың басында Ә.Бөкейханов
қазақ халқының ұлттық санасын
оятушы,отаршылдыққа қарсы күреске
дем беруші,бұрын қадет партиясы
Орталық Комитетінің мүшесі
болған.1917 жылы Орынборда бірінші
Жалпықазақ сьезі өтті .
7 слайд
АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ XX ғасырдың басында Ә.Бөкейханов қазақ халқының ұлттық санасын оятушы,отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші,бұрын қадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болған.1917 жылы Орынборда бірінші Жалпықазақ сьезі өтті .
#8 слайд
Қарастырған мәселелері : қазақ облыстары
автономиясы,жер мәселесі,құрылтай жиналысына
дайындық,қазақтың « Алаш » саяси мәселесі, « Алаш »
басшылары мен бүкіл партия,негізінен,Қазан
революциясын қолдаған жоқ.Олар «Қазақ халқын отарлық
езгіден құтқару!» ұранымен бірікті.
« Алаш » партиясының мақсаты - XVIII ғасырда жойылған
қазақ халқының ұлттық мемлекетін қайта қалпына келтіру
болды. « Қазақ » газетінде 1917 жылы 2 1 қарашада «Алаш»
партиясы бағдарламасының жобасы жарық көрді.
8 слайд
Қарастырған мәселелері : қазақ облыстары автономиясы,жер мәселесі,құрылтай жиналысына дайындық,қазақтың « Алаш » саяси мәселесі, « Алаш » басшылары мен бүкіл партия,негізінен,Қазан революциясын қолдаған жоқ.Олар «Қазақ халқын отарлық езгіден құтқару!» ұранымен бірікті. « Алаш » партиясының мақсаты - XVIII ғасырда жойылған қазақ халқының ұлттық мемлекетін қайта қалпына келтіру болды. « Қазақ » газетінде 1917 жылы 2 1 қарашада «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы жарық көрді.
#9 слайд
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарыдан Орынбор келген
Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді.
Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.
Ол Ақпан төнкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті
ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып
жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге
қарсы болады.
Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе
алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз
өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің
құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір
республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ
болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы
тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі.
Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың
құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Әлихан
Бөкейхан сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының
тұңғыш төрағасы болып сайланады.
9 слайд
1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарыдан Орынбор келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Ол Ақпан төнкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейхан сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады.
#10 слайд
10 слайд
#11 слайд
Бүгінгі таңда батысшыл зиялылардың атқарып кеткен
қызметі «Алаш» ұранды ұлт-азаттық қозғалысы ретінде
танылса, Әлихан Бөкейхановты оның идеялық негізін
қалаушы, бас идеологы, саяси жетекшісі деп бірауыздан
мойындайды. «Алаш» қозғалысы мен оның көсемі
Әлихан Бөкейхановтың 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне
дейін, яғни отаршыл патшалық самодержавие тұсында
қандай қиян-кескі күрес жүргізгенін мынадай фактіден
байқауға болады. 1917 жылғы төңкеріске дейінгі және
одан кейінгі кезеңде бір Әлиханның өзі 7 рет
тұтқындалып, бірнеше тәуліктен 4 және 8 айға дейін
түрмеде отырып шығып, 2 рет саяси айдауда болды. Оның
ішінде Самарада 8 жылын өткізсе, Мәскеуде шым-
шытырық оқиғалар мен қиян-кескі күреске толы
ғұмырының ақырғы 15 жылын сарп етті.
11 слайд
Бүгінгі таңда батысшыл зиялылардың атқарып кеткен қызметі «Алаш» ұранды ұлт-азаттық қозғалысы ретінде танылса, Әлихан Бөкейхановты оның идеялық негізін қалаушы, бас идеологы, саяси жетекшісі деп бірауыздан мойындайды. «Алаш» қозғалысы мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін, яғни отаршыл патшалық самодержавие тұсында қандай қиян-кескі күрес жүргізгенін мынадай фактіден байқауға болады. 1917 жылғы төңкеріске дейінгі және одан кейінгі кезеңде бір Әлиханның өзі 7 рет тұтқындалып, бірнеше тәуліктен 4 және 8 айға дейін түрмеде отырып шығып, 2 рет саяси айдауда болды. Оның ішінде Самарада 8 жылын өткізсе, Мәскеуде шым- шытырық оқиғалар мен қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын сарп етті.
#12 слайд
«АЛАШ» ИДЕЯСЫНЫҢ
ЖЕҢІСІ
« Алаш» қозғалысы мен қайраткерлерінің
алдына қойған ауқымды стратегиялық
мақсаттарын жүзеге асыру үшін ұлт
жақсыларына ғана емес, қалың бұқараға да
түсінікті, сана-сезімі мен жүрегіне ұялайтын
идея қажет болды. Әлихан алты алашын
ру-руға не жүзге, бай не кедейге, білімді не
надан, текті не қарадан деп жік-жікке бөлген
емес. Ол қазақты бір ұлт деп көргісі келді,
соған жетеледі.
12 слайд
«АЛАШ» ИДЕЯСЫНЫҢ ЖЕҢІСІ « Алаш» қозғалысы мен қайраткерлерінің алдына қойған ауқымды стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін ұлт жақсыларына ғана емес, қалың бұқараға да түсінікті, сана-сезімі мен жүрегіне ұялайтын идея қажет болды. Әлихан алты алашын ру-руға не жүзге, бай не кедейге, білімді не надан, текті не қарадан деп жік-жікке бөлген емес. Ол қазақты бір ұлт деп көргісі келді, соған жетеледі.
#13 слайд
Қазақтың мәдени қайта өрлеуі мен ұлттық бірегейлігінің
идеологиясы, ұраны, туы ретінде Әлихан ұсынған «Алаш»
идеясы зор нәтижеге, жеңіске жеткізді. Бұл идея оның
ойында көптен бері жүрді. Мысалға, «Қазақтар» очеркінде
ол «Алаш - миф болса-дағы қазақтың ортақ атасы» деп
жазса, 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «Шыңғыс хан бүкіл
мемлекетін төрт баласына бөліп бергенде, Дешті
Қыпшақты, Сібірдің күнбатыс жағын, осы күнгі
Сарыарқаны, Еділ-Жайық өлкесін үл кен баласы Жошыға
беріп еді. Ол күнде Жошы ұлысына қараған алты рулы ел
бар еді. Сол алты рудың һәр қайсысына бөлек Шыңғыс
алты ұран береді: һәр руға өзіне бөлек таңба, ағаш, қос
береді. Сол күнде бүкіл Жошы ұлысының ұраны
«Алаш » болыпты. Жошы ұлысында алты ру болғандықтан
«алты алаш» болады. «Алаш» деген сөздің лұғат мағынасы:
«отан кісісі» деген сөз болады.
13 слайд
Қазақтың мәдени қайта өрлеуі мен ұлттық бірегейлігінің идеологиясы, ұраны, туы ретінде Әлихан ұсынған «Алаш» идеясы зор нәтижеге, жеңіске жеткізді. Бұл идея оның ойында көптен бері жүрді. Мысалға, «Қазақтар» очеркінде ол «Алаш - миф болса-дағы қазақтың ортақ атасы» деп жазса, 1913 жылы «Қазақ» газетінде: «Шыңғыс хан бүкіл мемлекетін төрт баласына бөліп бергенде, Дешті Қыпшақты, Сібірдің күнбатыс жағын, осы күнгі Сарыарқаны, Еділ-Жайық өлкесін үл кен баласы Жошыға беріп еді. Ол күнде Жошы ұлысына қараған алты рулы ел бар еді. Сол алты рудың һәр қайсысына бөлек Шыңғыс алты ұран береді: һәр руға өзіне бөлек таңба, ағаш, қос береді. Сол күнде бүкіл Жошы ұлысының ұраны «Алаш » болыпты. Жошы ұлысында алты ру болғандықтан «алты алаш» болады. «Алаш» деген сөздің лұғат мағынасы: «отан кісісі» деген сөз болады.
#14 слайд
Қорытынды
Елбасының Қазақстанды әлемдік қауымдастықта мәртебесі
биік «Мәңгілік Елге» айналдыру идеясы бағзыдан бастау
алып, Шығыс Түрік қағанатының қолбасшысы Күлтегінге
арналған бітіктаста қашап жазылғаны белгілі. Өткенге көз
жүгіртсек, бұл асыл мұраттың Алаш қайраткерлерінің де ой-
зердесінде орныққанын білуге болады. Әлихан
Бөкейхановтың «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 3 санында
жарияланған мақаласында «Қияметке шейін қазақ қазақ
болып жасамақ. Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін
ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай,
және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып «Қазақ
мәдениеті» (құрып, бір жағынан «Қазақ әдебиетін тұрғызып,
қазақшылығын сақтамақшы» деген сөздері дәлел болмақ .
14 слайд
Қорытынды Елбасының Қазақстанды әлемдік қауымдастықта мәртебесі биік «Мәңгілік Елге» айналдыру идеясы бағзыдан бастау алып, Шығыс Түрік қағанатының қолбасшысы Күлтегінге арналған бітіктаста қашап жазылғаны белгілі. Өткенге көз жүгіртсек, бұл асыл мұраттың Алаш қайраткерлерінің де ой- зердесінде орныққанын білуге болады. Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 3 санында жарияланған мақаласында «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ. Осы ғасырдағы әлем жарығына қазақ көзін ашып, бетін түзесе, өзінің қазақшылығын жоғалтпағандай, және өзіміздің шарқ әдетіне ыңғайлы қылып «Қазақ мәдениеті» (құрып, бір жағынан «Қазақ әдебиетін тұрғызып, қазақшылығын сақтамақшы» деген сөздері дәлел болмақ .
#15 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!
15 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
шағым қалдыра аласыз


