Презентация "Дос болуды үйренеміз"

#1 слайд
Дос болуды үйренеміз.
1 слайд
Дос болуды үйренеміз.
#2 слайд
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: бауырмалдық;
достық; татулық
2 слайд
Құндылығы: Сүйіспеншілік Қасиеттері: бауырмалдық; достық; татулық
#3 слайд
Мақсаты: Оқушыларға дос болудың маңыздылығын
түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін
ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды бауырмалдыққа үйрету
2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық
қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.
3 слайд
Мақсаты: Оқушыларға дос болудың маңыздылығын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды бауырмалдыққа үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы достық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.
#4 слайд
4 слайд
#5 слайд
Үйге тапсырманы тексеру
1. №20 – сабақ. Кешірімділік туралы мақал – мәтелдер
жазып келу.
2. Келесі сабақ. №21, Ыбырай Алтынсариннің «Жаман
жолдас» әңгімесін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Аю неліктен әлсiз, ауру адамға тимеді?
2. Шындығында аю оған сондай ақыл айтты ма?
3. Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр?
4. Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер
едіңдер?
5 слайд
Үйге тапсырманы тексеру 1. №20 – сабақ. Кешірімділік туралы мақал – мәтелдер жазып келу. 2. Келесі сабақ. №21, Ыбырай Алтынсариннің «Жаман жолдас» әңгімесін оқып келу. Сұрақтар: 1. Аю неліктен әлсiз, ауру адамға тимеді? 2. Шындығында аю оған сондай ақыл айтты ма? 3. Ауру адамға ақылды сөзді не айтқызып тұр? 4. Осындай қиын жағдайларда өздерің қалай әрекет етер едіңдер?
#6 слайд
Сабақтың дәйексөзі.
(Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту)
Достықты достық шақырады.
Абай Құнанбаев
Сұрақтар:
1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер
2. Балалар достар қандай болу керек?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?
6 слайд
Сабақтың дәйексөзі. (Оқушыларға 1 рет айтқызып, дәптерге жаздырту) Достықты достық шақырады. Абай Құнанбаев Сұрақтар: 1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер 2. Балалар достар қандай болу керек? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?
#7 слайд
Мұғалім сыйы.
Достық.
7 слайд
Мұғалім сыйы. Достық.
#8 слайд
Сұрақтар:
1. Досы көп адамдар қандай қасиеттермен
сипатталады?
2. Қандай адаммен достасқыларың келеді?
3. Адал дос болу үшін өзіңді-өзің қалай
тәрбиелейсің?
4. Өздеріңнің достарың туралы айтып берсеңдер.
8 слайд
Сұрақтар: 1. Досы көп адамдар қандай қасиеттермен сипатталады? 2. Қандай адаммен достасқыларың келеді? 3. Адал дос болу үшін өзіңді-өзің қалай тәрбиелейсің? 4. Өздеріңнің достарың туралы айтып берсеңдер.
#9 слайд
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс .
Тапсырма:
1 – топ: Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз
тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер.
Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық,
сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау.
2 – топ: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар,
өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар.
Адам – адамға..., жолдас, ... .
Досы жақсының, ... де жақсы.
Көп ақшаң болғанша, көп... болсын.
Дос – досқа ... .
Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың
9 слайд
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс . Тапсырма: 1 – топ: Адал достық болу үшін не қажет деп ойлайсыңдар? Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін өзің үшін ең маңыздыларынан бастап орналастыр. Таңдауларыңды түсіндіріңдер. Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: адалдық, ортақ көзқараста болу, жауапкершілік, қамқорлық, сүйіспеншілік, есептесу, санасу, кешірімділік, қиянат жасамау, ақша, мақтау. 2 – топ: Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, дос туралы мақал-мәтелдерді оқыңдар, өздерің де мақал-мәтел құрастырыңдар. Адам – адамға..., жолдас, ... . Досы жақсының, ... де жақсы. Көп ақшаң болғанша, көп... болсын. Дос – досқа ... . Тиісті сөздер: дос, айна, бауыр, өзі, досың
#10 слайд
Топпен ән айту.
Ағайынбыз бәріміз
Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев
Әнін жазған: Малғаждар Әубәкіров
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Қайырмасы:
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су да ортақ,
Болсын бізге ту да ортақ.
10 слайд
Топпен ән айту. Ағайынбыз бәріміз Өлеңін жазған: Әнуарбек Дүйсенбиев Әнін жазған: Малғаждар Әубәкіров Жақсылыққа, бақытқа, Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос-бауыр, Болмасын еш тосқауыл. Қайырмасы: Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз. Ортақ болсын асқар тау, Жеміс толы бақша-бау. Болсын жер мен су да ортақ, Болсын бізге ту да ортақ.
#11 слайд
Үй тапсырмасы.
1. №21 – сабақ. Төменде берілген достық ережесін оқып, өздерің толықтырып
жазыңдар.
Достық ережесі
Жолдастарыңа көмектес. Қолыңнан келетін жақсы істі оларға да үйрет.
Жолдастарыңмен өзіңе ұнайтын заттарыңмен бӛліс.
Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс
еместігін достық ниетпен айтып, түсіндір.
Жанжалдасудан, сӛз таластырудан аулақ бол. Тату бол,мақтанып кетпе.
Жолдасыңның жетістігіне қуан.
2. Келесі сабақ. №22, «Құм мен тас» өсиет әңгімені оқып келу.
11 слайд
Үй тапсырмасы. 1. №21 – сабақ. Төменде берілген достық ережесін оқып, өздерің толықтырып жазыңдар. Достық ережесі Жолдастарыңа көмектес. Қолыңнан келетін жақсы істі оларға да үйрет. Жолдастарыңмен өзіңе ұнайтын заттарыңмен бӛліс. Егер жолдасың жаман қылық жасаса тоқтатып, дұрыс еместігін достық ниетпен айтып, түсіндір. Жанжалдасудан, сӛз таластырудан аулақ бол. Тату бол,мақтанып кетпе. Жолдасыңның жетістігіне қуан. 2. Келесі сабақ. №22, «Құм мен тас» өсиет әңгімені оқып келу.
#12 слайд
Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін.
Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің
ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш
қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа
шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз...,
қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [ 3 ] . Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
12 слайд
Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [ 3 ] . Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген