Материалдар / Презентация "ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Презентация "ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттер иен оқушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2021
673
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ Дүйсетаева Аружан

1 слайд
ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ Дүйсетаева Аружан Беріктайқызы Жетекшісі: Екібасов Қ.Қ.

Сағынамыз жыл өткен сайын біздер, Толқын жуып, қаншама шайылды іздер. Бұл күндері Семейге келген адам Ең алдымен елеңдеп Қа

2 слайд
Сағынамыз жыл өткен сайын біздер, Толқын  жуып,  қаншама шайылды іздер. Бұл күндері Семейге келген адам Ең алдымен елеңдеп Қайымды іздер… Үңілгеннің өткенге көзі жетпек. Надан болсаң, кімдерге сөзің өтпек? Академия бір өзі Семейдегі, Өзі-музей, Өзі –архив , Өзі –мектеп

Қайым Мұхамедханов – әдебиеттің түрлі жанрларында қалам қайратын танытқан қаламгер. Оның азаматтық суреткерлік, өнерпаздық

3 слайд
Қайым Мұхамедханов – әдебиеттің түрлі жанрларында қалам қайратын танытқан қаламгер. Оның азаматтық суреткерлік, өнерпаздық мақсат- мұраттары қазақ әдебиетінің соңғы жарты ғасырдан астам тарихымен біртұтас. Қазақ әдебиеті тарихындағы ерекше орны бар жаңа ұғымға негізделген ғылыми тұжырымдаманың авторы атанған ғалым Қайым Мұхамедхановтың зерттеулері сан қырлы.

Бүгін де Қайым Мұхамедхановтың көзін көріп, дәрісін тыңдаған, қызметтес болған жандар ғалымның шынайы, таза, адал еңбе

4 слайд
Бүгін де Қайым Мұхамедхановтың көзін көріп, дәрісін тыңдаған, қызметтес болған жандар ғалымның шынайы, таза, адал еңбекті басты мақсат етіп қойғанын айтады. Адалдық пен тазалық адам жанының ең негізгі, әрі асқақтыққа бастайтын категориясы. Арнасын Абайдың толық адамы, Шәкәрімнің таза адамы мен Мұхтар Әуезовтің және барлық алаш қайраткерлерінің қазақтық ұлтжандылығынан алған Қайым Мұхамедханов еңбектері бүгінгі күні өзінің иесіне мәңгілік өмір сыйлап, болашаққа жол тартты.

Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғы

5 слайд
Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым.

Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400 ден астам. Мысалы, «Халық ақыны Сапарғали

6 слайд
Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400 ден астам. Мысалы, «Халық ақыны Сапарғали Әлімбетов шығармашылығы жайында», «Мақы Шыңғысұлы Уалиханов – алғашқы кәсіби қазақ суретшісі», «Қ.Еркебаев және С.Әлімбетов поэмаларындағы азамат соғысының батыр әйелдері Айқыз және Білісай бейнелері», «Тағы да Айқыз туралы», «Қаракерей Қабанбай», «Бұқар жырау», «Шешен Сабыржан», «Сабыржан Ғаббасов» және тағы басқа мақалаларындағы тарихи тұлғалар ғалымның көркем шығармаларынан өз орнын алып жатты.

«Қаракерей Қабанбай» батыр

7 слайд
«Қаракерей Қабанбай» батыр

1945 жылы М. Әуезовтің басшылығымен «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томын даярлау қолға алынып, 1948 жылы І томы жарық көрге

8 слайд
1945 жылы М. Әуезовтің басшылығымен «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томын даярлау қолға алынып, 1948 жылы І томы жарық көргені белгілі. Міне осы кітаптың «Тарихи жырлар» бөліміне кіретін Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға арналған халық жырлары туралы мақала жазу Қ. Мұхамедхановқа тапсырылды. Ғалым ұстазының ақыл – кеңесі, нұсқаған бағыты бойынша «Қаракерей Қабанбай батыр», «Қанжығалы Бөгенбай батыр» жырларының тарихи оқиғасына, көркемдік тіліне зерттеу жұмысын жүргізіп, әдеби талдау жасап академияға тапсырады. Бірақ бұл мақалалар түрлі идеологиялық кедергілермен жинаққа енбей қалады. Ғалымның айтуынша Қаракерей Қабанбай батыр туралы халық аузында сақталып, біздің заманымызға жеткен, ел аузынан жазылып,қағаз бетіне түскен жыр-әңгіме әзірше төртеу. Оның бір нұсқасы 1936 жылы «Әдебиет майданы» журналының 11-12 сандарында басылды, екіншісі Шығыс қазақстан облысы Күршім ауданының азаматы Омарұлы Қайырбек қарттың аузынан 1935 жылы жазылып алынған. Үшіншісін Қарқаралы елінің азаматы Әбжанұлы 1939жылы ел аузынан жазып алып жіберген , енді біреуін сол жылы ,қазіргі Көкшетау облысы , Еңбекшіл ауданының азаматы Мәули Сағынбайұлы ел аузынан жазып алып жіберген. Жырдың соңғы үшеуі де жарияланбаған.

Алайда сол заманның солақай саясаты қазақ батырларына арналған жырлардың халыққа қажеті жоқ деп тауып, жыр туралы зерттеу қолж

9 слайд
Алайда сол заманның солақай саясаты қазақ батырларына арналған жырлардың халыққа қажеті жоқ деп тауып, жыр туралы зерттеу қолжазба қорында қалған. Бұл туралы ғалым: «Содан үш жылдан кейін, 1948 жылы «Қазақ әдебиетінің тарихы » 1-том басылып шықты. «Қаракерей Қабанбай батыр», да «Қанжығалы Бөгенбай батыр» да әдебиет тарихы кітабына кіргізілмепті. Содан кейінгі қилы- қилы заманда «Байтал түгіл бас қайғы» болды. 1948 жылы шыққан, редакциясын М. Әуезов басқарған «Қазақ әдебиетінің тарихы»-ның өзі де «зиянды кітап» болып таңбаланды...» – дейді. Ғалымның бұл зерттеулері содан кейін 1991 жылы ғана өз қолына қайта тиеді. Қаракерей Қабанбай батырдың 300 жылдық мерейтойына байланысты ғалым зерттеуі баспадан шығады.

Енді ғылыми зерттеу мақаланың өзіне келсек, Қайым Мұхамедханов зерттеулеріне тән басты белгі деректілігі мен тарихи фактілердің

10 слайд
Енді ғылыми зерттеу мақаланың өзіне келсек, Қайым Мұхамедханов зерттеулеріне тән басты белгі деректілігі мен тарихи фактілердің барынша шынайы берілуі бұл мақалада да анық көрінеді. Ғалым жырдың бірнеше нұсқасын қатар алып бірінде айтылған деректің екіншісінде жоқ екеніне назар аудара отырып саралайды. «Бұл түскен жырлардың қай-қайсысы болсын, уақиғаға, мазмұн жағынан бір негіз, бір сарында. Қабанбай батырдың басына арналған халық жырының үш түрі бірін-бірі толықтыра отырып, түбі бір арнаға құяды.» - деп ғалым жырдың бірнеше нұсқасын салыстыра отырып бастапқы оқиғалары мен сюжет желісіне талдау жасайды.

11 слайд