Материалдар / Презентация "Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Презентация "Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұзақбай Желдірбайұлы Құлымбетов" тақырыбындағы презентацияда: Ұзақбай Құлымбетовтың өмірбаяны, отбасы, еңбегі , оның лауазымдары берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қаңтар 2022
401
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Ұзақбай Желдірбайұл ы Құлымбетов (1891- 1938) Орында ған : Сагимбаева Жансая Бк-205 тобы

1 слайд
Ұзақбай Желдірбайұл ы Құлымбетов (1891- 1938) Орында ған : Сагимбаева Жансая Бк-205 тобы

Өмірбаяны Ұ.Құлымбетов 1891 жылдың 18 наурызында Ақтөбе губерниясына қарасты ,Ырғыз уезінің Аманкөл болысында, шаруа отбасында

2 слайд
Өмірбаяны Ұ.Құлымбетов 1891 жылдың 18 наурызында Ақтөбе губерниясына қарасты ,Ырғыз уезінің Аманкөл болысында, шаруа отбасында дүниеге келді. Қазан төңкерісіне дейін әкесі Желдірбай көшпелі өмір сүріп, қолындағы азын аулақ малымен отбасын бағып, қыс айларында Қазалы мен Ырғыз арасында, Орға түйесімен жүк тасумен айналысты. Қиын жағдайға қарамастан балаларының ішіндегі алғыр Ұзақбайды оқытуға бар күшін салып, әуелі ауыл молдасына ескіше оқуға берсе, кейін үш жылдық ауыл мектебіне түсіріп, орысша хат танытты. Ауыл мектебін аяқтаған Ұзақбай 1907 жылы Ырғыздағы екі классты орыс – қазақ училищесінде оқуын жалғастырып, оны 4жылда кей ін бітіріп, кейін талабы мен табандылығы арқасында 1912 жылы , Ақтөбенің екі жылдық педагогикалық курсында 2 жыл оқып, «ауыл мұғалімі» деген мамандық алып шығады. 1919-22 жылдары Ырғыз революциялық комитетінің төрағасы, сол жылы құрылған Ақтөбе губерниясының әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін, артынан губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерінде болды, губкомның бюро құрамына енгізілді. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында облыстық, губерниялық партия комитеттері мен атқару комитеттерінің төрағасы болған. 1923 жылы Ақмола губерниялық атқару комитетінің төрағасы болған. 1925-37 жылдары Қазақ АССР Халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы, Қазақ Өлкелік ішкі және сыртқы сауда халық комиссары, мемлекеттік Жоспарлау комиссиясының төрағасы, Қазақ Өлкелік Орталық Атқару Комитетінің (КазЦИК) Төрағасы қызметтерінде болған. Республикадағы өнеркәсіптің қалыптасуына, Түрксіб сияқты теміржол құрылысының салынуына, Қызылорда, Алматы қалаларының астана болып қалыптасуына тікелей басшылық жасаған. 1937-1938 жылдардың зобалаңы , қазақтың талай боздақтарының ғұмырын қиды. Ұзақбай Құлымбетов 1937 жылы қыркүйекте 19 наркоммен бірге қамауға алынып, 1938 жылдың 22 наурызында (47 жасында) «халық жауы» деген жалған жаламен атылды. Сүйегінің қайда қалғаны белгісіз. Ұзақбай Құлымбетов 1958 жылы ақталды. Ұрпақтары 20 жыл бойы «халық жауының» балалары болып , елімізден жырақта жүрген болатын. 2

Отбасы Әйелі - Айыш Құлымбетова (1898-1973 ж. аралығында өмір сүрді) 1938 жылы 3 қазанда Ұзақбай жаланың құрбаны болғаннан ке

3 слайд
Отбасы Әйелі - Айыш Құлымбетова (1898-1973 ж. аралығында өмір сүрді) 1938 жылы 3 қазанда Ұзақбай жаланың құрбаны болғаннан кейін «АЛЖИР»-де жұбайы Әйіш Құлымбетова сотталып , 8 жыл отырды. 1946 жылы 20 сәуірде Карлагтан босатылды. Ұзақбай Құлымбетовтың 5 баласы болды. Олар : Ақтөре, Кәбира, Бостан, Орынша , ж әне Болат . Бұл бес баласы тағдырдың тауқыметін тарта жүріп, әркімнің босағасында күн кешті. Десек те, текті тұқымнан тараған бейкүнә перзенттер ұл-қыз болып ержетіп, әрқайсысы өмірден өз орнын тапты. Ағасы – Жолмұрат ,ол Нұрым Желдербаевамен үйленіп , майданда қайтыс болған. Деректерге сүйенсек негізінде Болат пен Орынша осы Жолмұраттың балалары болып келген. 3

Әйелі Айыш Құлымбетова және Ұзақбай Құлымбетов 4

4 слайд
Әйелі Айыш Құлымбетова және Ұзақбай Құлымбетов 4

Кабира Қарабалина інісі Болатпен бірге , Айыш ананың қабірінің жанында. 5

5 слайд
Кабира Қарабалина інісі Болатпен бірге , Айыш ананың қабірінің жанында. 5

Еңбегі  1928 – 36 жылдарға дейінгі аралықта Ұ. Құлымбетов 7 ірі кітап жазған. Бұл Кітаптар Қазақстанның экономикасына , әлеу

6 слайд
Еңбегі  1928 – 36 жылдарға дейінгі аралықта Ұ. Құлымбетов 7 ірі кітап жазған. Бұл Кітаптар Қазақстанның экономикасына , әлеуметтік жағдайына , мәдени мәселелерді көтеруге арналған . Өкінішке орай , 1938 жылы 28 маусымдағы шешім бойынша Халық жауларының кітаптарын аластату , яғни қолданыстан алу мәселесі көтерілге кезде , осы Ұзақбай Құлымбетовтың 5 кітабы қолданыстан қалды.  Оқуын бітірген сон Ұ. Құлымбетов ауылда мешіттен басқа мектеп жоқ болғандықтан , ол сауаттандыру ісіне белсенді кірісіп, мектеп ашу ісін қолға алады. Ол қазақ балаларына арнап әрбір кірпішті бастырып мектеп ашады . Әрбір кіпішке кирилицамен әріп , цифр жазып оқытады . Бірақ кейіннен соң өкінішке орай бұл мектептің қабырғасын бұзады.  Ұстаздық ете отырып Ұзақбай қазақ ауыз әдебиетін жинақтаумен айналысты . Олар : « Айман – Шолпан» , « Қыз Жібек » н ұсқалары , Балқы базар , Төреңқаз сияқты жыраулардың жырларын жинақтаумен айналысады.  Ақмола облысында жұмыс істеп , үлкен өндірістерді дамытуға күш салды. Сонымен қатар , Петропавл мен Көкшетауға жүретін темір жолының тартылуына , Риддердегі кеніштерді игерілу ауқымының үлкеюіне , Ақтөбедегі тері өндірісінің дамуына , Ақмоладағы ағаш фабрикасын жолға қоюға , және т.б. көптеген ірі- ірі өндіріс ошақтарын ұйымдасуына тікелей басшылық жасап қатысқан.  1913 жылы салынған Романовтар үйін , Ұ. Құлымбетов шұғыл балалар үйіне айналдырып , ел- елде панасыз жүрген жастарды , осы советтік партия мектебіне 400 баланы оқуға тартады . Нәтижесінде мың адамның , 900-і сауатты болды.  Қазақстаның ең алғаш картасын жасауға қатысты. 6

Лауазымдары 7 Қазақ КСР Орталық Атқару Комитеті төрағасы . Қазақ АКСР Орталық Атқару Комите

7 слайд
Лауазымдары 7 Қазақ КСР Орталық Атқару Комитеті төрағасы . Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті төрағасы.

Бұл кітапта тарихшылырдың жазған мақалалары бар 8Ұзақбай Құлымбетовтың туындылары мен оның тағдырына арналған кұжаттық матери

8 слайд
Бұл кітапта тарихшылырдың жазған мақалалары бар 8Ұзақбай Құлымбетовтың туындылары мен оның тағдырына арналған кұжаттық материалдар топтастырылып отыр. Жинақ тұлғатану тарихын зерттеуші мамандар мен тарихшыларға, ЖОО оқытушыларына, студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, көпшілік оқырман қауымға арналған.

Орынша Қараба линаның , Ұзақбай Құлымбетовтың 125жылдығына орай екі бірдей кітаптың жарық көруіне өзі тікелей ат салысты.

9 слайд
Орынша Қараба линаның , Ұзақбай Құлымбетовтың 125жылдығына орай екі бірдей кітаптың жарық көруіне өзі тікелей ат салысты. Орынша Қарабалина

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Ұзақбай Құлымбетовтің қызын құттықтауында . 10

10 слайд
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев Ұзақбай Құлымбетовтің қызын құттықтауында . 10

Еске алу • Орталық алаңда. Аманкөл, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы, оның бюсті орнатылды. • Ақтөбе об

11 слайд
Еске алу • Орталық алаңда. Аманкөл, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы, оның бюсті орнатылды. • Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Ұзақбай Құлымбетов атындағы ауыл бар. • Алматы қаласында 2017 жылғы 8 қыркүйекте Өнер академиясының басты қасбетіне мемориалды тақта орнатылды. • А қтөбе қаласында Ұзақбай Құлымбетовтің бюсті , 2017 жылы 8- желтоқсанда № 64 орта мектебінің ауласында, Батыс-2 ықшамауданында орнатылды. Және сол мектепке Ұзақбай Құлымбетовтің есімі берілді. 11

Алматыда Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғимаратында Ұзақбай Құлымбетовтің есімі жазылған мемориалдық тақта

12 слайд
Алматыда Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ғимаратында Ұзақбай Құлымбетовтің есімі жазылған мемориалдық тақта орнатылды. Іс-шараға Алматы қаласы, Ақтөбе қаласы әкімдігінің, зиялы қауым өкілдері мен қоғам өкілдері қатысты. 12

Назарларыңызға Рахмет!!! 13

13 слайд
Назарларыңызға Рахмет!!! 13