презентация "Зәр шығару жүйесі"

#1 слайд
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ» ММ-Ң ШЖҚ
«ТАЛҒАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКК
ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ,
АУРУЛАРЫ
Пәні: Кәсіптік қазақ тілі
Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер»
Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні
оқытушысы Серикбаева А.А.
Талғар, 2018
1 слайд
«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ» ММ-Ң ШЖҚ «ТАЛҒАР МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКК ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ, АУРУЛАРЫ Пәні: Кәсіптік қазақ тілі Мамандығы: 0301000 «Емдеу ісі» Біліктілігі: 0301013 «Фельдшер» Құрастырған: қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Серикбаева А.А. Талғар, 2018
#2 слайд
Мәтінді оқып, түсінгеніңізді баяндап бер.
Зәр шығару жүйесі адам ағзасындағы артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды
сыртқа шығару қызметін атқарады. Сондай-ақ, ол ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын)
қадағалайтын жүйе. Зәр шығару мүшелеріне қос бүйрек пен қос несепағар, қуық, несеп жолы (несеп шығатын
жол) жатады.
Несептің (зәрдің) түзілуі – өте күрделі үрдіс. Ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мг зәр түзіледі. Несеп қаннан
түзіледі. Несептің құрамында 2-4% құрғақ зат бар, ал қалғаны су болады. Несеп түзу қызметін бүйрек атқарады.
Бүйректер құрсақ қуысында жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан, әр бүйректің салмағы, шамамен 120-
200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Оң
жақ бүйрек сол жақ бүйректен 1-2 см төмендеу жатады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы
түседі. Бүйрек үрме бұршақ пішінді келеді, оның сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағында бүйректің
күретамырлары, көк тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек
қақпасы деп аталады. Бүйректің сыртын қалың майқабаты қаптайды. Бүйрекке енген қан құрамынан зәр бөліну
үрдісі жүреді. Сондай-ақ, бүйрек ыдырау үрдісінде пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып, қанды
тұрақты жағдайға келтіріп тұрады. Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның
жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын –бүйрек.
Сонымен, бүйректің қызметі: қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіледі, сүзіліп
тазарған қан көк тамырларымен жүрекке қарай ағады. Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.
Бүйректе зәр(несеп) түзіледі. Ағзаның ішкі құрамының тұрақтылығын сақтайды. Сумен тұздың мөлшерін
реттейді. Несепағар қабырғасы қалың, бұлшық етті, түтікше пішінді жұп мүше. Несепағардың ұзындығы
шамамен 30 см, оның бас жағының диаметрі 2-4 мм, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып,
қуыққа келіп жалғасады. Несепағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер
зәрдің қуықтан кері қарай, несепағарға өтуіне жол бермейді.
Қуық – зәрді уақытша жинап тұратын мүше. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Қуықтың
пішіні жалпы оның созылуына, толуына қарай өзгеріп отырады. Қуықтың сыйымдылығы 700 см
3
-ге дейін жетеді.
Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады.
Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Қуық түбінен несеп шығаратын өзек басталады.
Несеп шығаратын өзек– қуықтың зәр шығаратын түтігі. Дені сау адам тәулігіне 4-6 рет дәрет сындырады
(шамамен 1,5 л-дей). Зәрдің түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (зәр шығару) деп аталады.
Зәр шығару жүйесі жыныс аппаратымен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланысты. Зәр
шығару жүйесінің қызметі ағзада пайда болған несепті шығару болса, жыныс мүшелері көбею қызметін атқарады.
Осының нәтижесінде зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе болып саналады.
2 слайд
Мәтінді оқып, түсінгеніңізді баяндап бер. Зәр шығару жүйесі адам ағзасындағы артық суды, тұздарды, зат алмасудан пайда болған қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметін атқарады. Сондай-ақ, ол ағзадағы су мен тұздың балансын (қалыпты жағдайда болуын) қадағалайтын жүйе. Зәр шығару мүшелеріне қос бүйрек пен қос несепағар, қуық, несеп жолы (несеп шығатын жол) жатады. Несептің (зәрдің) түзілуі – өте күрделі үрдіс. Ересек адамда тәулігіне 1000-1800 мг зәр түзіледі. Несеп қаннан түзіледі. Несептің құрамында 2-4% құрғақ зат бар, ал қалғаны су болады. Несеп түзу қызметін бүйрек атқарады. Бүйректер құрсақ қуысында жоғарғы бел омыртқалар тұсында орналасқан, әр бүйректің салмағы, шамамен 120- 200 г. Бүйректің негізгі морфофункциялық құрылымы – нефрон. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон бар. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен 1-2 см төмендеу жатады. Өйткені оң жақ бүйрекке үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйрек үрме бұршақ пішінді келеді, оның сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс жағында бүйректің күретамырлары, көк тамырлары, жүйке талшықтары мен несепағар жолдары болады. Бүйректің бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады. Бүйректің сыртын қалың майқабаты қаптайды. Бүйрекке енген қан құрамынан зәр бөліну үрдісі жүреді. Сондай-ақ, бүйрек ыдырау үрдісінде пайда болған керексіз заттарды ағзадан шығарып, қанды тұрақты жағдайға келтіріп тұрады. Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды тазартатын –бүйрек. Сонымен, бүйректің қызметі: қанмен келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп сүзіледі, сүзіліп тазарған қан көк тамырларымен жүрекке қарай ағады. Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді. Бүйректе зәр(несеп) түзіледі. Ағзаның ішкі құрамының тұрақтылығын сақтайды. Сумен тұздың мөлшерін реттейді. Несепағар қабырғасы қалың, бұлшық етті, түтікше пішінді жұп мүше. Несепағардың ұзындығы шамамен 30 см, оның бас жағының диаметрі 2-4 мм, ол бүйрек түбегінен басталып, төмен қарай жүріп отырып, қуыққа келіп жалғасады. Несепағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несепағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – зәрді уақытша жинап тұратын мүше. Ол жамбас қуысында шат сүйегінің артында орналасқан. Қуықтың пішіні жалпы оның созылуына, толуына қарай өзгеріп отырады. Қуықтың сыйымдылығы 700 см 3 -ге дейін жетеді. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Қуық түбінен несеп шығаратын өзек басталады. Несеп шығаратын өзек– қуықтың зәр шығаратын түтігі. Дені сау адам тәулігіне 4-6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей). Зәрдің түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (зәр шығару) деп аталады. Зәр шығару жүйесі жыныс аппаратымен морфологиялық және физиологиялық жағынан тығыз байланысты. Зәр шығару жүйесінің қызметі ағзада пайда болған несепті шығару болса, жыныс мүшелері көбею қызметін атқарады. Осының нәтижесінде зәр шығару және жыныс мүшелері бір жүйе болып саналады.
#3 слайд
Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер
мен сөз тіркестерінің аудармасымен
танысыңыз, жаттаңыз
несеп; зәр; кіші дәрет – моча
ыдырау – распад
несепағар – мочеточник
несеп шығаратын өзек –мочеиспускательный
канал
қуық – мочевой пузырь
шап – пах
бүйрек түбегі – почечная лоханка
дөңес – выпуклая поверхность
ойыс – вогнутый
үрме бұршақ– фасоль
жыныс мүшелері – половые органы
3 слайд
Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасымен танысыңыз, жаттаңыз несеп; зәр; кіші дәрет – моча ыдырау – распад несепағар – мочеточник несеп шығаратын өзек –мочеиспускательный канал қуық – мочевой пузырь шап – пах бүйрек түбегі – почечная лоханка дөңес – выпуклая поверхность ойыс – вогнутый үрме бұршақ– фасоль жыныс мүшелері – половые органы
#4 слайд
Төмендегі суретке қарап, бүйректің құрылысы
туралы әңгімелеңіз.
1 — адамның сол бүйрегінің
жалпы көрінісі
2 — бүйрек үсті безі
3 — бүйрек қақпашасы
4 — бүйрек күретамыры
5 — бүйрек көктамыры
6 — несепағар
7 — бүйректің бүйір кесіндісі
8 — бүйректің түбекшесі
9 — бүйректің қыртысты заты
10 — бүйректің милы қабаты
4 слайд
Төмендегі суретке қарап, бүйректің құрылысы туралы әңгімелеңіз. 1 — адамның сол бүйрегінің жалпы көрінісі 2 — бүйрек үсті безі 3 — бүйрек қақпашасы 4 — бүйрек күретамыры 5 — бүйрек көктамыры 6 — несепағар 7 — бүйректің бүйір кесіндісі 8 — бүйректің түбекшесі 9 — бүйректің қыртысты заты 10 — бүйректің милы қабаты
#5 слайд
Төменде пиелонифрит ауруы бойынша дәрігердің
сұрақтары берілген. Науқастың жауаптарын
дайындаңыз.
1. – Қай жеріңіз ауырады?
- ...
2. – Дене қызуыңыз бар ма?
- ...
3. – Ауру кенеттен басталды ма, әлде көптен бері ауырасыз ба?
- ...
4. – Беліңіз қалай ауырады, сыздап ауыра ма, әлде батып ауыра
ма?
- ...
5. – Зәріңіздің түсі өзгере ме?
- ...
6. – Басыңыз ауыра ма?
- ...
7. – Әлсіздік сезінесіз бе?
- ...
8. – Бетіңізде, денеңізде ісік пайда болған жоқ па?
5 слайд
Төменде пиелонифрит ауруы бойынша дәрігердің сұрақтары берілген. Науқастың жауаптарын дайындаңыз. 1. – Қай жеріңіз ауырады? - ... 2. – Дене қызуыңыз бар ма? - ... 3. – Ауру кенеттен басталды ма, әлде көптен бері ауырасыз ба? - ... 4. – Беліңіз қалай ауырады, сыздап ауыра ма, әлде батып ауыра ма? - ... 5. – Зәріңіздің түсі өзгере ме? - ... 6. – Басыңыз ауыра ма? - ... 7. – Әлсіздік сезінесіз бе? - ... 8. – Бетіңізде, денеңізде ісік пайда болған жоқ па?
#6 слайд
Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті септік
жалғауларын жалғап,
берілген сөйлемдерді жазып алыңыз.
1. Несеп ... лейкоциттер, бактериялар көбейеді. 2.
Науқас ... халі нашарлайды. 3. Несеп... зерттегенде
өзгеріс байқалады. 4. Жедел пиелонефрит ... диогнозын
ерте қоюдың маңызы бар. 5. Ауру ... белгілері: бел
ауруы, қызуы ... көтерілуі. 6. 10-14 күн ... кейін
препараттар... ауыстыру керек. 7. Пиелонефрит –
бүйрек... ең жиі кездесетін ауруы.
6 слайд
Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын жалғап, берілген сөйлемдерді жазып алыңыз. 1. Несеп ... лейкоциттер, бактериялар көбейеді. 2. Науқас ... халі нашарлайды. 3. Несеп... зерттегенде өзгеріс байқалады. 4. Жедел пиелонефрит ... диогнозын ерте қоюдың маңызы бар. 5. Ауру ... белгілері: бел ауруы, қызуы ... көтерілуі. 6. 10-14 күн ... кейін препараттар... ауыстыру керек. 7. Пиелонефрит – бүйрек... ең жиі кездесетін ауруы.
#7 слайд
Көп нүктенің орнына төмендегі берілген
сөздерді пайдаланып, толықтырып
жазыңыз.
1. Пиелонефрит - бүйрек ... қабынуы. 2. Бұған
несеп жолдарының ... мен бұзылуы, қысылуы
және несептің жүруін бұзатын басқа да ...
әсер етеді. 3. Бұл бүйректің ең жиі ... ауруы. 4.
Жедел пиелонефрит ... басталады. 5. Негізгі ...
– белдің сыздап ауруы. 6. Науқастың дене
қызуы ...
(Қажетті сөздер: шағымы, кездесетін,
көтеріледі, кенеттен, түбегінің, ұлпасының,
себептер, тарылуы).
7 слайд
Көп нүктенің орнына төмендегі берілген сөздерді пайдаланып, толықтырып жазыңыз. 1. Пиелонефрит - бүйрек ... қабынуы. 2. Бұған несеп жолдарының ... мен бұзылуы, қысылуы және несептің жүруін бұзатын басқа да ... әсер етеді. 3. Бұл бүйректің ең жиі ... ауруы. 4. Жедел пиелонефрит ... басталады. 5. Негізгі ... – белдің сыздап ауруы. 6. Науқастың дене қызуы ... (Қажетті сөздер: шағымы, кездесетін, көтеріледі, кенеттен, түбегінің, ұлпасының, себептер, тарылуы).
#8 слайд
Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне
аударыңыз.
1. Одно из заболевании мочевыделительной
системы – воспаление мочевого пузыря. 2.
Часто это заболевание развивается из-за
внедрения микробов в мочевой пузырь. 3.
Микробы попадают в мочевой пузырь после
заболевании мочеточника и половых
органов, гниения почек. 4. Повреждение
слизистой оболочки, при осмотре
медицинскими инструментами
(цитоскопия) мочевого пузыря, наличие
камней в мочевом пузыре, сильная простуда
и другие факторы могут привести к
заболеваниям мочевого пузыря.
8 слайд
Төмендегі сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. 1. Одно из заболевании мочевыделительной системы – воспаление мочевого пузыря. 2. Часто это заболевание развивается из-за внедрения микробов в мочевой пузырь. 3. Микробы попадают в мочевой пузырь после заболевании мочеточника и половых органов, гниения почек. 4. Повреждение слизистой оболочки, при осмотре медицинскими инструментами (цитоскопия) мочевого пузыря, наличие камней в мочевом пузыре, сильная простуда и другие факторы могут привести к заболеваниям мочевого пузыря.
#9 слайд
АУЫРЫП ЕМ
ІЗДЕГЕНШЕ,
АУЫРМАЙТЫН
ЖОЛ ІЗДЕЙІК!!!
ДЕНСАУЛЫҚ-
ЗОР БАЙЛЫҚ.
ТӘНІ САУДЫҢ-
ЖАНЫ САУ.
9 слайд
АУЫРЫП ЕМ ІЗДЕГЕНШЕ, АУЫРМАЙТЫН ЖОЛ ІЗДЕЙІК!!! ДЕНСАУЛЫҚ- ЗОР БАЙЛЫҚ. ТӘНІ САУДЫҢ- ЖАНЫ САУ.
#10 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!
10 слайд
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
шағым қалдыра аласыз













