Психологиялық тренинг ашық сабақ

#1 слайд
№44 “Жана дала” жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ТАҚЫРЫБЫ:
ДОС БОЛАЙЫҚ БӘРІМІЗ!
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ: СМАНОВА Г.С.
1 слайд
№44 “Жана дала” жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі ТАҚЫРЫБЫ: ДОС БОЛАЙЫҚ БӘРІМІЗ! ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ: СМАНОВА Г.С.
#2 слайд
МАҚСАТЫ
Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты анықтау.
Оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттерді
ашып, жағымсыз қасиеттерден арылуға жағдай жасау.
2 слайд
МАҚСАТЫ Оқушылар арасындағы қарым-қатынасты анықтау. Оқушылардың бойындағы жағымды қасиеттерді ашып, жағымсыз қасиеттерден арылуға жағдай жасау.
#3 слайд
Топта сенімділік орнату.
Өзінің ішкі әлеміне үңілуге және оған бағдар
жасауға арналады.
Жаттығу арқылы өз-өзіне және өзгеге деген
сенімін арттыру.
Жағымды көңіл-күй, топ ұйымшылдығын
арттыру, симпатия сезімін дамыту.
Қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгеру
Міндеттері
3 слайд
Топта сенімділік орнату. Өзінің ішкі әлеміне үңілуге және оған бағдар жасауға арналады. Жаттығу арқылы өз-өзіне және өзгеге деген сенімін арттыру. Жағымды көңіл-күй, топ ұйымшылдығын арттыру, симпатия сезімін дамыту. Қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгеру Міндеттері
#4 слайд
САБАҚТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
І. Ақпараттық бөлім.
ІІ. Сәлемдеме хат жаттығуы
ІІІ. Әрқашан күн сөнбесін!
жаттығуы
ІV. Карусель жаттығуы
V. Рахмет жаттығуы
4 слайд
САБАҚТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ І. Ақпараттық бөлім. ІІ. Сәлемдеме хат жаттығуы ІІІ. Әрқашан күн сөнбесін! жаттығуы ІV. Карусель жаттығуы V. Рахмет жаттығуы
#5 слайд
АҚПАРАТТЫҚ БӨЛІМ
Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы
обьектіге, адамға, рухани байлыққа,
әлеуметтік ортаға қатынасын
білдіретін экзопсихикалық
ұғым. Қарым- қатынаста адам өзін
еркін, сенімді, өзін тыңдатып, өзгені
де тыңдай білуі қажет.
5 слайд
АҚПАРАТТЫҚ БӨЛІМ Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы обьектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. Қарым- қатынаста адам өзін еркін, сенімді, өзін тыңдатып, өзгені де тыңдай білуі қажет.
#6 слайд
“СӘЛЕМДЕМЕ ХАТ” ЖАТТЫҒУЫ
Мақсаты: жағымды көңіл-күй, топ ұйымшылдығын
арттыру, симпатия сезімін дамыту. Жақсы қарым-қатынас
жасауға дағдыландыру.
Нұсқау: Мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді параққа
жазып, мына тақташаның үстіне қоюларыңызды сұраймын.
Ал енді бұларды араластырамын.Сіздер оны қайтадан алып,
өзіңізге келген сәлемдемені оқисыздар.
6 слайд
“СӘЛЕМДЕМЕ ХАТ” ЖАТТЫҒУЫ Мақсаты: жағымды көңіл-күй, топ ұйымшылдығын арттыру, симпатия сезімін дамыту. Жақсы қарым-қатынас жасауға дағдыландыру. Нұсқау: Мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді параққа жазып, мына тақташаның үстіне қоюларыңызды сұраймын. Ал енді бұларды араластырамын.Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге келген сәлемдемені оқисыздар.
#7 слайд
“ӘРҚАШАН КҮН
СӨНБЕСІН!” ЖАТТЫҒУЫ
Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді .
Әр бұлтта тапсырмалар берілген .
Соларды орындау барысында күннің көзі
ашылады .
7 слайд
“ӘРҚАШАН КҮН СӨНБЕСІН!” ЖАТТЫҒУЫ Тақтаға бұлт басқан күннің суреті ілінеді . Әр бұлтта тапсырмалар берілген . Соларды орындау барысында күннің көзі ашылады .
#8 слайд
Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады.
Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы
топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды.
Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі
бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар
тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы
тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші
белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3
минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы- сатып алушы ;
мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы ; полиция –шофер; әке –
бала; анасы –қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін,
көңіл күйін, қабілетін , өзгерте білу осы арқылы өзгелермен
еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
Карусель жаттығуы
8 слайд
Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады. Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы- сатып алушы ; мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы ; полиция –шофер; әке – бала; анасы –қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін , өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі. Карусель жаттығуы
#9 слайд
Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші
(психолог) ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл-
күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол
алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң
алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір
уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп
айқайлайды.
Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар?
Рахмет жаттығуы
9 слайд
Қатысушылар ортада шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші (психолог) ойша осы сабаққа келгенге дейінгі көңіл- күйлерін, ойларын, жағдайларын, себептерін сол алақанға, ал бүгінгі сабақтан алған әсерлерін оң алақанға салуын сұрайды. Мұнан кейін барлығы бір уақытта алақандарын қатты соғып «Рахмет» деп айқайлайды. Талқылау: Қандай сезімде болдыңыздар? Рахмет жаттығуы
#10 слайд
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!
10 слайд
Назар аударғандарыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген